Таблетки от кашля (Химфарм)
Инструкция
-
русский
-
қазақша
Саудалық атауы
Жөтел таблеткалары
Халықаралық патенттелмеген атауы
Жоқ
Дәрілік түрі, дозалануы
Таблеткалар
Фармакотерапиялық тобы
Респираторлық жүйе. Жөтел және суық тию аурулары кезінде қолданылатын препараттар. Экспекторанттар, жөтелді бәсеңдететін біріктірілімдерін қоспағанда. Қақырық түсіретін препараттар.
АТХ коды R05CА
Қолданылуы
қақырық бөлінуі қиын (трахеит, бронхит) жөтелмен қатарласып жүретін тыныс алу жолдарының ауруларында кешенді ем құрамында
Қолданудың басталуына дейінгі қажетті мәліметтер тізбесі
Қолдануға болмайтын жағдайлар
әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
асқазан мен он екі елі ішектің ойық жаралы ауруы
жүктілік және бала емізу кезеңі
12 жасқа дейінгі балалар
қан түкіруге бейімділігі бар өкпе ауруларында (өкпенің қан кетулері болатын обыры мен туберкулезі).
Қолдану кезінде қажетті сақтандыру шаралары
Қақырықтың сұйылуын және бөлінуін жақсарту үшін молынан жылы сұйықтық ішуді тағайындау керек.
Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі
Адсорбенттер, тұтқыр және бүркемелейтін дәрілер тентек мия шөбінің құрамына кіретін алкалоидтардың асқазан-ішек жолына сіңірілуін азайтуы мүмкін.
Жөтел таблеткалары құрамында кодеин және басқа жөтелге қарсы дәрілік заттар бар препараттармен бір мезгілде қолдануға болмайды, себебі ол қақырықтың жөтелмен шығуын қиындатады.
Арнайы сақтандырулар
Бұл препарат бір таблетканың құрамында 1 ммольден (23 мг) аз натрий бар, яғни құрамында натрий жоқ дерлік.
Педиатрияда қолдану
Препаратты 12 жасқа дейінгі балаларға қолдануға болмайды
Жүктілік немесе лактация кезінде
Препаратты жүктілік кезінде және бала емізу кезінде қолдануға болмайды.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Әсер етпейді
Қолдану жөніндегі нұсқаулар
Дозалау режимі
Ересектерге 3 – 5 күн бойы күніне 3 рет 1 таблеткадан тағайындайды.
Пациенттердің ерекше топтары
Балалар
12 жастан асқан балаларға – ½ - 1 таблеткадан күніне 3 рет 3 – 5 күн бойы.
Енгізу әдісі және жолы
Препаратты ішке қабылдау керек.
Емдеу ұзақтығы
Курсты қайта тағайындау қажеттігін дәрігер анықтайды.
Артық дозалану жағдайында қабылдау қажет болатын шаралар
Симптомдары: жүрек айнуы, құсу.
Емі: препаратты тоқтату, асқазанды шаю және симптоматикалық ем. Арнайы антидоты жоқ.
Дәрілік препараттың бір немесе бірнеше дозасын өткізіп алғанда қажет болатын шаралар
Қабылданбай қалған дозаның орнын толтыру үшін екі есе дозаны қолданбаңыз.
Тоқтату симптомдарының қаупі бар екенін көрсету
Қатысты емес
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкер кеңесіне жүгіну жөніндегі ұсыныстар
Дәрілік препаратты қабылдамас бұрын кеңес алу үшін дәрігерге немесе фармацевтке жүгініңіз.
ДП стандартты қолдану кезінде көрініс беретін жағымсыз реакциялар сипаттамасы және осы жағдайда қабылдау керек шаралар
Белгісіз (қолда бар деректер негізінде бағалау мүмкін емес)
- жүрек айнуы, құсу
- тері қышынуы, бөртпе түріндегі аллергиялық реакциялар
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Қосымша мәліметтер
Дәрілік препарат құрамы
Бір таблетканың құрамында
белсенді зат – 15.00 мг тентекмия құрғақ экстрактісі (улы тентекмия шөбі
экстрактісі)
қосымша заттар: Effer-Soda® 12, микрокристалды целлюлоза, натрий кроскармеллозасы, кальций стеараты
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Крем түсті сұрдан жасыл-сұр түске дейінгі, ойығы мен сызығы бар таблеткалар. Теңбілдердің болуына рұқсат етіледі.
Шығарылу түрі және қаптамасы
Поливинилденхлоридті (ПВХ/ПВДХ) үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға 10 таблеткадан салынады
1, 5 немесе 10 пішінді ұяшықты қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі бекітілген нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады. Дәрілік препараты бар қорапшалар картон қораптарға салынады.
Қорапшаға салмай қаптауға рұқсат етіледі: пішінді ұяшықты қаптамалар медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі бекітілген нұсқаулықтармен бірге картон қораптарға салынады, медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулықтар саны қаптаманың санына қарай қоса салынады.
Сақтау мерзімі
4 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
Түпнұсқалық қаптамасында, 25 °С-ден аспайтын температурада
сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецептісіз
Өндіруші туралы мәліметтер
«Химфарм» АҚ, Қазақстан Республикасы, Шымкент қ., Рашидов көш., 81
Телефон нөмірі +7 7252 (610151)
Автоматты жауап беру нөмірі +7 7252 (561342)
Электрондық пошта complaints@santo.kz
Тіркеу куәлігінің ұстаушысы
«Химфарм» АҚ, Қазақстан Республикасы, Шымкент қ., Рашидов көш., 81
Телефон нөмірі +7 7252 (610151)
Автоматты жауап беру нөмірі +7 7252 (561342)
Электрондық пошта complaints@santo.kz
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттар сапасына қатысты шағымдар (ұсыныстар) қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, электронды пошта)
«Химфарм» АҚ, Қазақстан Республикасы, Шымкент қ., Рашидов көш., 81
Телефон нөмірі +7 7252 (610150)
Электрондық пошта phv@santo.kz