Таблетки от кашля (Татхимфармпрепараты ОАО)

МНН: Натрия гидрокарбонат, Термопсиса ланцетного трава
Производитель: Татхимфармпрепараты ОАО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Комбинированные препараты
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№016924
Период регистрации: 25.10.2016 - 25.10.2021

Инструкция

Саудалық атауы

Жөтелге қарсы таблеткалар

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Таблеткалар

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді заттар: қандауыр тентекмия шөбі - 6,7 мг,

натрий гидрокарбонаты - 250,0 мг

қосымша заттар: картоп крахмалы, тальк.

Сипаттамасы

Жалпақ цилиндрлі, ойығы бар жасыл-сұр түсті таблеткалар.

Күңгірт теңбілдері болуына жол беріледі.

Фармакотерапиялық тобы

Қақырық түсіретін препараттар. Қақырық түсіретін біріктірілген препараттар.

АТХ коды R05CА10.

Фармакологиялық қасиеттері

Тентекмия шөбінің қақырық түсіретін әсері бар, асқазанның шырышты қабығының рецепторларына орташа тітіркендіруші әсер ете отырып, рефлекторлы түрде бронх бездерінің секрециясын арттырады.

Тентекмия шөбінің құрамындағы алкалоидтар (цитизин, метилцитизин, пахикарпин, анагирин, термопсин, терпопсидин) тыныс алу орталығына және үлкен дозаларда құсу орталықтарына қоздырушы әсер етеді.

Натрий гидрокарбонаты бронх бездерінің секрециясын күшейтіп, қақырық тұтқырлығының төмендеуіне ықпал етеді.

Қолданылуы

Тыныс алу жолдарының аурулары:

- трахеитте, бронхитте кешенді ем құрамында.

Қолдану тәсілі және дозалары

Ересектерге 1 таблеткадан ішке күніне 3 рет 3-5 күн бойы тағайындайды.

12 жастан асқан балаларға –½ - 1 таблеткадан 3 рет 3-5 күн бойы.

Жағымсыз әсерлері

- аллергиялық реакциялар, жоғары дозада қабылдағанда – құсу.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық

- асқазанның және он екі елі ішектің өршу сатысындағы ойық жара ауруы

- жүктілік, лактация

- 12 жасқа дейінгі балалар

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Адсорбенттер, тұтқыр және бүркеуіш дәрілер асқазан-ішек жолдарында тентекмия шөбінің құрамына кіретін алкалоидтардың сіңуін азайта алады.

Жөтелге қарсы таблеткаларды құрамында кодеин және басқа да жөтелге қарсы дәрілік заттары бар препараттармен бір мезгілде қабылдамаған жөн, өйткені бұл қақырықтың жөтелмен шығуын қиындатады.

Айрықша нұсқаулар

Қақырықты сұйылтуды және бөлінуін жақсарту үшін көп жылы су ішуді тағайындау ұсынылады.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Препарат автокөлік жүргізуге және жоғары зейін қоюды талап ететін жұмыстарды орындауға әсер етпейді.

Артық дозалануы

Симптомдары: жүрек айнуы және құсуы мүмкін.

Емі: препаратты қабылдауды тоқтату, асқазанды шаю және симптоматикалық ем. Арнайы антидоты жоқ.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Таблеткалар. 10 таблеткадан біріктірілген материалдан жасалған пішінді ұяшықсыз қаптамада. 10 таблеткадан поливинилхлоридті үлбір және баспалы лакталған алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада.

2 пішінді ұяшықсыз қаптама немесе 2, 3, 5 пішінді ұяшықты қаптама қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі жазылған нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған. Қорапшалар топтық қаптамаға салынады.

Пішінді ұяшықсыз және пішінді ұяшықты қаптамалар қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаулықтың тең санымен тікелей топтық қаптамаға салынуына жол беріледі.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25оС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

4 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

"Татхимфармпрепараты" ААҚ,

Ресей, 420091, Қазан қ., Беломорская к-сі, 260

Тел.: (843) 571-85-58; факс: (843) 571-85-38

E-mai1: marketing@tatpharm.ru

Тіркеу куәлігінің иесі

"Татхимфармпрепараты" ААҚ, Ресей

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«МегаФармПлюс» ЖШС

Қазақстан Республикасы, ОҚО, 160019, Шымкент қ., Абай ауданы, Қызыл жар ықшамауданы, Қарасу к-сі, № 30

Тел.: 8 (7252) 45-31-23; факс: 8 (7252) 45-31-56

Е-mail: megafarmplus@yandex.kz

Дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның мекенжайы

«МегаФармПлюс» ЖШС

Қазақстан Республикасы, ОҚО, 160019, Шымкент қ., Абай ауданы, Қызыл жар ықшамауданы, Қарасу к-сі, № 30

Тел.: 8 (7252) 45-31-23; факс: 8 (7252) 45-31-56

Е-mail: megafarmplus@yandex.kz

Прикрепленные файлы

таблетки_от_кашля_ru.doc 0.04 кб
таблетки_от_кашля_kz.doc 0.05 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники