Таблетки от кашля - ОЗ

МНН: Алтея лекарственного травы экстракт
Производитель: Опытный завод ГНЦЛС ООО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Althea root
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№018551
Информация о регистрации в РК: 26.12.2011 - 26.12.2016

Инструкция

Саудалық атауы

Жөтелге қарсы таблеткалар- ТЗ

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

50 мг таблеткалар

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді зат: мукалтин (құрамында 14,7% бейтарап моносахаридтері бар құрғақ затқа шаққанда) – 50 мг;

қосымша заттар: натрий гидрокарбонаты, лимон қышқылы моногидраты, кальций стеараты, рафинад-қант немесе құмшекер.

Сипаттамасы

Екі беті дөңес, теңбілдері бар, сұр немесе қоңырқай реңді сұр түсті таблеткалар.

Фармакотерапиялық тобы

Суық тию мен жөтел симптомдарын жоюға арналған препараттар. Қақырық түсіретін препараттар.

АТЖ коды R05C A05

Фармакологиялық қасиеттері

Мукалтин бронх тармағының шырышты қабығын көмкереді және қабынуға қарсы әсер береді; қақырықтың тыныс жолдарының төменгі бөліктерінен жоғарыға қарай жылжуын және оның асқазан рецепторларын тітіркендіру мен бронхиолалардың перистальтикалық қозғалысы мен жыпылықтағыш эпителий белсенділігін рефлекторлық күшейту арқылы жеңілдетеді. Ішке қабылдағаннан кейін сіңе отырып, Мукалтин бронх бездерінің сөлінісін күшейтеді және құсу мен тыныс алу орталықтарының нейрондарын көтермелейді және қақырықтың тұтқырлығын азайтады.

Қолданылуы

- жоғарғы тыныс жолдарының жедел және созылмалы ауруларын (бронхиттер, пневмониялар, бронхоэктатикалық ауруда, бронх демікпесінде, спецификалық емес бронхит белгілерімен өкпе туберкулезінде) кешенді емдеуде қақырық түсіретін дәрі.

Қолдану тәсілі мен дозалары

Мукалтинді тамаққа дейін ішке қабылдайды. Мукалтин таблеткаларын ересектер мен 6 жастан бастап балаларға 1 - 2 таблеткадан күніне 3 - 4 рет тағайындайды. Балаларға таблетканы 1/3 стакан жылы суға, тәтті шәрбат қосып ерітуге болады.

Емдеу ұзақтығын емдеуші дәрігер анықтайды.

Жағымсыз әсерлері

- есекжем, тері қышымасы түріндегі аллергиялық реакциялар.

Егер жағымсыз құбылыстар туындаса, препаратты қабылдауды тоқтату қажет.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препараттың белсенді заты мен құрамдас бөліктеріне асқын сезімталдықта

- 6 жасқа дейінгі балаларға

- асқазан мен 12 елі ішектің ойық жаралы ауруында

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Анықталмаған

Айрықша нұсқаулар

Кейде өкпенің созылмалы ауруларымен науқастарды емдеуде, Мукалтинмен емдеудің бастапқы күндері ішінде қақырықтың тұтқырлығы жоғарылайды, бұл бронх тармағында жинақталған, құрамында детрит, ақуыздар мен қабыну элементтерінің көп мөлшері бар қақырықтың әсерінен болады. Бронхтардың диффузиялық зақымдалуында, қақырықтың физика-химиялық қасиеттерінің едәуір өзгерістерінде және мукоцилиарлық тасымал төмендегенде, Мукалтин мен муколитикалық препараттардың үйлестірілуі қажет (бромгексиннің, ацетилцистеиннің және/немесе протеолитикалық ферменттердің). Мукалтинді құрамында кодеин мен басқа қабынуға қарсы дәрілер бар препараттармен бір мезгілде қолданбаған жөн, өйткені бұл сұйылған қақырықтың түсуін қиындатады.

Артық дозаланғанда

Белгілері: жүрек айнуы, құсу.

Емі: белгілеріне қарай емдеу.

Шығарылу түрі мен қаптамасы

30 таблеткадан дәрілік заттарды қаптауға арналған, бірінші ашылуы бақыланатын қақпақтармен тығындалған полимер банкілерде. 1 банкіден мемлекеттік және орыс тілдеріндегі медицинада қолдану жөніндегі нұсқаулықпен бірге картоннан жасалған пәшкеге салады. 10 таблеткадан полиэтиленмен ламинацияланған қағазы бар пішінді ұяшықсыз қаптамаға салады.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 8 °С-ден 15 °С-ге дейінгі температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

«ДЗМҒО» ЖШҚ Тәжірибе зауыты», Украина, Харьков қ-сы, Воробьев к-сі, 8.

Тіркеу куәлігінің иесі

«ДЗМҒО» ЖШҚ Тәжірибе зауыты», Украина

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы:

Мекенжайы: «ДЗМҒО» ЖШҚ Тәжірибе зауыты»,

Украина, Харьков қ-сы, Воробьев к-сі, 8

Телефон: (057) 752-30-17

Факс: (057) 752-30-17

Электронды поштасы: office@gncls.com.ua

Прикрепленные файлы

565984511477977190_ru.doc 41.5 кб
515672131477978355_kz.doc 54 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники