Суппозитории ректальные с парацетамолом 0,1г для детей
Инструкция
-
русский
-
қазақша
Саудалық атауы
Балаларға арналған парацетамол қосылған ректальдік суппозиторийлер 0,1 г
Халықаралық патенттелмеген атауы
Парацетамол
Дәрілік түрі
0,1 г ректальді суппозиторийлер
Құрамы
Бір суппозиторийдің құрамында
белсенді зат - парацетамол - 0,10 г,
қосымша зат: витепсол - салмағы 1,25 г суппозиторий алынғанға дейін
Сипаттамасы
Ақтан крем түстес аққа дейінгі немесе ақтан сарғыш реңді түске дейінгі торпеда түріндегі суппозиторийлер.
Фармакотерапиялық тобы
Басқадай аналгетиктер-антипиретиктер. Парацетамол.
АТЖ коды N02 BE 01
Фармакологиялық қасиеттері
Фрамакокинетиксы
Парацетамол негізінен бәсең өту жолымен ішектің ректальді бөлігінде жылдам сіңеді. Май тіндері мен жұлын сұйықтығын қоспағанда тіндерде және негізінде организмнің сұйық ортасында кеңінен тарайды. Қандағы ең жоғарғы концентрациясына қолданудан кейін 0,5-2,0 сағат өткенде жетеді және әсері 3-4 сағат сақталады. Парацетамол негізінен глюкуронидпен конъюгациялану, сульфатпен конъюгациялану және бауырдың аралас оксидазалары мен Р 450 цитохромының қатысуымен тотықтану жолымен бауырда метаболизденеді. Аралас оксидазалардың әсерімен бауыр мен бүйректе тым аздаған мөлшерде түзілетін және әдетте глютатионмен байланысу жолымен уытсызданатын теріс әсері бар гидроксилирленген метаболит - N-ацетил-р-бензохинонимин парацетамол артық дозаланғанда жинақталуы және тіндерді зақымдауы мүмкін. Т ½ 1-4 сағатты құрайды. Парацетамолдың бүйрек клиренсі 5 құрайды. Негізінен глюкуронидтік және сульфаттық конъюгаттар түрінде несеппен шығарылады. 5 азырағы өзгермеген парацетамол түрінде шығарылады.
Фармакодинамикасы
Анальгетик-антипиретик. Ауыруды басатын, ыстықты түсіретін әсері бар. Парацетамолдың әсер ету механизмі гипоталамустағы термореттеу орталығына басымдау әсер ете отырып, простагландиндер синтезін тежеуге байланысты.
Қолданылуы
ыстықты түсіретін дәрі ретінде:
суық тию ауруларында, тұмауда
балалардың жұқпалық ауруларында (желшешекте, қызылшада, көкжөтелде, қызамықта, скарлатинада және эпидемиялық паротитте (свинкада)
вакциянациялаудан кейін
әлсіз және орташа қырқындылықтағы ауыруларда ауыруды басатын дәрі ретінде
тістің жарып шығуында, тіс ауыруында
отит кезіндегі құлақтың ауыруында
жарақаттар мен күю кезіндегі ауыруларда
Қолдану тәсілі және дозалары
Ректальді
Қолды жуу, қаптамасын қайшымен кесіп, суппозиторийді шығару керек, суппозиторийді дұрысы ішекті босатқаннан кейін баланың артқы өтіс жолына енгізеді.
Парацетамолы бар, балаларға арналған суппозиторий 6 айдан 2,5-3 жасқа (дене салмағы 8-ден 12,5 кг) дейін қолданылады. Суппозиторийдің орташа бір реттік дозасы баланың дене салмағына байланысты және дене салмағының әр келісіне шаққанда 10-15 мг құрайды, балаларға 6 айдан бастап 1 жасқа дейін - 1 суппозиторийден тәулігіне 2-3 рет, 1-2 жастағыларға - 1 суппозиторийден тәулігіне 3 рет, 2-4 жастағыларға - 1 суппозиторийден тәулігіне 2-3 рет. Емдеу курсының ұзақтығы - ыстықты түсіретін дәрі ретінде 3 күн, ауыруды басатын дәрі ретінде 5 күн. Ұсынылған дозаны арттырмайды, тиімділігі болмаған кезде емдеуді тоқтату керек.
Жағымсыз әсерлері
- жүрек айнуы, құсу
- аллергиялық реакциялар (тері бөртпесі, қышу, есекжем, Квинке ісінуі)
- тік ішек шырышты қабығының тітіркенуі, тенезмдер
Сирек
-анемия, тромбоцитопения, лейкопения.
Үлкен дозаларда ұзақ қолданған кезде гепатоуытты және нефроуытты әсер етуі мүмкін.
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- парацетамолға жоғары сезімталдықта
- бауыр мен бүйрек қызметінің бұзылуында
- глюкозо-6-фосфатдегидрогеназа ферментінің тапшылығында
- қан ауруында
- 6 айға дейінгі балаларға
-тік ішетің жуырдағы қабынуы немесе қан кетуі болғанда (енгізу жолының қабынуына байланысты қарсы көрсетілімде)
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Барбитураттарды, құрысуға қарсы дәрілерді, рифампицинді бір мезгілде тағайындағанда гепатоуытты әсер ету қаупі жоғарылайды. Атропин, педитин мен басқа да спазмолитиктер - препараттың әсер етуін баяулатады. Холестерин мен белсенділендірілген көмір препараттың сіңуін азайтады. Метоклопрамид қайта сіңуін жылдамдатады. Микросомальді тотықтану тежегіштері (соның ішінде циметидин) гепатоуытты әсерінің қаупін төмендетеді.
Айрықша нұсқаулар
Парацетамолды қолдану аясында ұзақ уақыттық қызба синдромы 3 күннен астам және ауыру синдромында 5 күннен астам болғанда, дәрігердің кеңесі қажет.
Артық дозалануы
Белгілері: бастапқы 24 сағатта бозару, жүрек айнуы, құсу мен абдоминальді аймақтағы ауыруы; 12-48 сағат өткенде - бүйрек жеткіліксіздігі өрши отырып, бүйрек пен бауырдың зақымдануы (энцефалопатия, кома, өлім-жітіммен аяқталу), жүректің аритмиялары мен панкреатит.
Емдеу: метионинді ішуге тағайындау және/немесе N-ацетилцистеинді көктамыр ішіне енгізу. Белгісіне қарай.
Шығарылу түрі мен қаптамасы
Пішінді ұяшықты қаптамаға 5 суппозиторийден салады. Мемлекеттік және орыс тілдеріндегі медицинада қолданылуы жөніндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапта 2 пішінді ұяшықтан болады.
Сақтау шарттары
Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 12-ден 150С-ге дейінгі температурада сақтау керек!
Сақтау мерзімі
2 жыл
Қаптамасында көрсетілген мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды
Босатылу шарттары
Рецепт арқылы
Өндіруші
«Алтайвитамины» ЖАҚ, Ресей Федерациясы
659325, Алтай өлкесі, Бийск қаласы, Заводская көшесі, 69
Телефон: (3854) 326-943, факс: (3854) 327-640
Тіркеу куәлігінің иесі
«Алтайвитамины» ЖАҚ, Ресей Федерациясы
Тұтынушылардан өнімнің (тауардың) сапасы жөніндегі шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы, телефон нөмірі, факс нөмірі, электронды поштасы.
«Алтайвитамины» ЖАҚ,
Мекенжайы: 659325, Ресей Федерациясы, Алтай өлкесі, Бийск қаласы, Заводская көшесі, 69
Телефоны: (3854) 326-943, факс: (3854) 326-640