Сумилос

МНН: Стронция ранелат
Производитель: МЕРКЕЗ Лаборатору Фармасеутикал анд Траде Ко.
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Strontium ranelate
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№022227
Период регистрации: 28.06.2016 - 28.06.2021

Инструкция

Саудалық атауы

Сумилос

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Ішке қабылдау үшін суспензия дайындауға арналған түйіршіктер, 2 г

Құрамы

Бір сашенің құрамында

белсенді зат - стронций ранелаты 2 г,

қосымша заттар: аспартам (Е951), мальтодекстрин, маннитол (Е421).

Сипаттамасы

Ақ дерліктен крем түске дейінгі түйіршік ұнтағы.

Дайындалған суспензия ақ дерлік түстегі бұлыңғырлау суспензия түрінде келеді.

Фармакотерапиялық тобы

Сүйек ауруларын емдеуге арналған препараттар. Сүйектің құрылымына және минерализациясына ықпал ететін басқа да препараттар. Стронциум ранелаты.

АТХ коды M05BX03

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Стронций ранелаты дәрілік формуласының құрамында тұрақты стронцийдің 2 атомы және ранел қышқылының 1 молекуласы, сондай-ақ органикалық бөлігі бар, оның арқасында жағымды фармакокинетикалық қасиеттері және дәрілік заттың жақсы жағымдылығын қамтамасыз ететін молекулалық массаның талап етілетін мәндеріне қол жетеді. Ранел қышқылының сіңірілуі, бөлінуі және плазма ақуыздарымен байланысы жеткілікті түрде төмен болады, бұл молекуланың жоғары полярлығына негізделген. Ранел қышқылы жинақталмайды және метаболизмдік белсенділік танытпайды.

Сіңірілуі

Препараттың бір реттік 2 г дозасын ішке қабылдағаннан кейін қан плазмасындағы Cmax 3-5 сағаттан кейін жетеді. Стронцийдің абсолютті биожетімділігі 25% (диапазоны 19-27%) құрайды. Стронций ранелатын кальциймен және тағаммен бірге қабылдау стронцийдің биожетімділігін астан кейін 3 сағаттан соң препарат қабылдау кезінде биожетімділік көрсеткіштерімен салыстырғанда шамамен 60-70% төмендетеді. Стронцийдің салыстырмалы баяу сіңірілуін ескере отырып, тағамды және кальций препараттарын Сумилос препаратын қолданғанға дейін, сондай-ақ одан кейін қабылдамаған жөн. D витаминін қосымша пероральді қабылдау стронцийдің әсеріне ықпал етпейді.

Сіңірілуі

Тепе-тең жағдайға емнің 2 аптасынан соң жетеді.

Vd шамамен 1 л/кг құрайды. Стронцийдің адам плазмасының ақуыздарымен байланысы төмен және 25% құрайды, бұл ретте стронций сүйек тініне ұқсастықпен сипатталады. Стронций концентрацияларын ұзақ уақыт бойы (60 айға дейін) тәулігіне 2 г дозада стронций ранелатын қабылдаған науқастарда сүйек кемігінің биопсиясын жасау кезіндегі өлшеу стронцийдің сүйек тініндегі концентрациялары платоға шамамен 3 жылдан соң жетуі мүмкін екенін көрсетті. Емді тоқтатқаннан кейін стронцийдің сүйек тінінен шығарылуы бойынша қандай да бір деректер жоқ.

Метаболизмі

Стронций адам организмінде метаболизденбейді. Стронций ранелаты Р450 цитохромы жүйесінің изоферменттерін бәсеңдетпейді.

Шығарылуы

Стронцийдің шығарылуы уақыт пен дозаға байланысты. Стронцийдің тиімді T1/2 шамамен 60 сағ. құрайды. Стронций бүйрек және ішек арқылы шығарылады. Стронцийдің плазмалық клиренсі шамамен 12 мл/мин (CV 22%), бүйрек клиренсі – шамамен 7 мл/мин (CV 28%) құрайды.

Сіңірілген ранел қышқылы жылдам және өзгермеген күйде бүйрек арқылы шығарылады.

Айрықша клиникалық жағдайлардағы фармакокинетикасы

Егде жастағы пациенттер

Популяциядағы фармакокинетика бойынша деректері жас мөлшері мен мақсатты популяциядағы стронцийдің көрінетін клиренсі арасындағы байланысты анықтамады.

Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер

Ауырлық дәрежесі жеңіл және орташа (КК 30-70 мл/мин) бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде стронцийдің клиренсі КК (30-дан 70 мл/мин дейін диапазондағы КК мәндерде шамамен 30% төмендеуі) төмендегендей шамада азаяды, бұл стронцийдің қан плазмасындағы концентрацияларының өсуіне әкеледі. III фазадағы зерттеулерде шамамен 85% науқаста КК 30-70 мл/мин құрады және шамамен 6% науқаста – зерттеуге қосу сәтінде 30 мл/мин төмен болды, бұл ретте орташа КК шамамен 50 мл/мин құрады. Ауырлық дәрежесі жеңіл және орташа бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде дозаны түзету талап етілмейді. Ауыр дәрежедегі (КК 30 мл/мин төмен) бүйрек жеткіліксіздігі бар науқастардағы препараттың фармакокинетикасы бойынша деректер жоқ.

Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер

Бауыр жеткіліксіздігі бар науқастарда препараттың фармакокинетикасы бойынша деректер жоқ. Стронцийдің фармакокинетикалық қасиеттерін ескере отырып аталған пациенттер санатында дозаны түзету талап етілмейді.

Фармакодинамикасы

Сүйек тінінің метаболизміне ықпал ететін препарат.

in vitro зерттеулер стронций ранелаты сүйек тіні құрылымындағы сүйектің қалыптасуын көтермелейтінін, сондай-ақ остеобласт ізашарларының репликациясын және сүйек тінінің өсіріндісіндегі коллаген синтезін көтермелейтінін көрсетті; остеокласттардың жіктелуін басады, сондай-ақ олардың резорбтивтік белсенділігін бәсеңдету жолымен сүйек тінінің резорбциясын азайтады.

Нәтижесінде сүйек алмасуы сүйектің қалыптасу жағына ауысады.

Стронцийдің сүйек тініне түсуі негізінен, сүйек кристалы беткейінде сіңірілуі есебінен жүреді, стронций тек аздаған дәрежеде қайта қалыптасқан сүйекте апатит кристалындағы кальцийді алмастырады. Стронций ранелаты сүйек тінінің сипаттарын өзгертпейді. Стронцийдің сүйек тінінде таралуының және кальциймен салыстырғанда стронцийдің жоғарғы радиациялық сіңірілуінің біріктірілген әсері сүйек тінінің минералды тығыздығы (СТМТ) өлшемдерінің өсіміне әкеледі, ол екі фотонды рентген абсорбциометриясы арқылы өлшенеді. Қолда бар деректер Сумилос препаратымен 2 г/тәул.дозада 3 жыл емдегенде СТМТ өлшенген өзгерісі 50%-ға тура осы факторлардан туындағанын көрсетеді. Бұл ерекшелікті препаратпен емдеу барысында СТМТ өзгерістерін интерпретациялау кезінде назарда ұстау керек. III фазаның зерттеулерінде, оның барысында препаратпен емдеу сынудың алдын алуда тиімділігі көрсетілді, Сумилос препаратымен емдегенде СТМТ өлшенген орташа мәні бастапқы көрсеткіштермен салыстырғанда шамамен омыртқаның бел бөлігінде жылына шамамен 4%-ға және жамбас мойны аумағында жылына 2% -ға ұлғайды. Осылайша, 3 жылда СТМТ тиісінше 13-15% және 5-6% ұлғайды (түрлі зерттеу деректері бойынша).

III фазаның зерттеулерінде, плацебомен салыстырғанда, үшінші айдан бастап 3 жыл бойы сүйек тіні қалыптасуының биохимиялық маркерлері (спецификалық сүйек СФ және I типті проколлагенінің карбокситерминальді пропептиді) деңгейлерінің жоғарылауы, сондай-ақ сүйек тіні резорбциясының биохимиялық маркерлері (сарысудағы С-телопептидтер және несептегі N-телопептидтер) деңгейлерінің төмендеуі байқалды.

Стронций ранелаты үшін негізгі фармакологиялық қасиеттерге қатысты салдарлы әсер кальцийдің сарысулық концентрацияларының және паратиреоидтық гормонның аздап төмендеуі, сондай-ақ қандағы фосфор концентрациясының және клиникалық салдарсыз СФ жалпы белсенділігінің жоғарылауы болып табылады.

Қолданылуы

- жақпаушылық немесе остеопорозды емдеуге арналған басқа дәрілік препараттарды қолдануға қарсы көрсетілімдер болған жағдайда омыртқа мен жамбас сүйегінің (оның ішінде жамбас мойнының сынуы) сыну қаупін төмендету мақсатында жоғарғы сыну қаупімен байланысты менопаузадан кейінгі кезеңде әйелдерде ауыр остеопорозды емдеу

- жақпаушылық немесе остеопорозды емдеуге арналған басқа дәрілік препараттарды қолдануға қарсы көрсетілімдер болған жағдайда сыну қаупін төмендету мақсатында оның жоғарғы қаупі бар еркектерде ауыр остеопорозды емдеу

Қолдану тәсілі және дозалары

Емді остеопорозды емдеу тәжірибесіне бар дәрігер тағайындайды.

Препаратты ішке қабылдайды.

Ұсынылған доза тәулігіне 1 рет 2 г (1 саше) құрайды. Аурудың созылмалы сипатына байланысты Сумилос препаратын ұзақ уақыт бойы қабылдайды.

Баяу сіңірілуін ескере отырып препаратты тамақтан кейін 2 сағ. өтуінен асықтырмай, ұйықтар алдында қабылдау ұсынылады. Препаратты қабылдағаннан кейін бірден жату ұсынылады.

Сашедегі ұнтақты 1/3-1 стақан суда тең бөлгенге дейін араластыру және алынған суспензияны қабылдау қажет. Зерттеулер препараттың 24 сағ ішінде суспензиядағы тұрақтылығын растағанына қарамастан суспензияны дайындағаннан кейін дереу қабылдау керек.

Ас, дәрі-дәрмек, тағамдық қоспалар, сүт және құрамында кальций бар сүт өнімдері стронций ранелатының сіңірілуін төмендететіндіктен препаратты ас қабылдау арасындағы аралықтарда қабылдау керек. Дұрысы тамақтан соң кемінде 2 сағат өткен соң барып, ұйықтар алдында қабылдау керек.

Сумилос қабылдайтын пациенттерге бұл заттардың тағамдағы мөлшері қабылданған нормаға сай келмеген жағдайда қосымша тағамдық қоспа түріндегі кальций және D витаминін тағайындау қажет.

Бауыр функциясы бұзылған кезде қолдану

Стронций ранелаты организмде метаболизденбейтіндіктен бауыр жеткіліксіздігі бар науқастарда препарат дозасының қандай да бір өзгерісі талап етілмейді.

Бүйрек функциясы бұзылған кезде қолдану

Ауырлық дәрежесі жеңіл немесе орташа (КК 30-70 мл/мин) жеткіліксіздігі бар пациенттерде препараттың дозасын түзету керек емес.

Ауыр дәрежелі бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде препаратты қолдану қауіпсіздігі туралы деректердің жоқтығына байланысты Сумилосты креатинин клиренсі 30 мл/мин төмен пациенттерге тағайындау ұсынылмайды.

Жағымсыз әсерлер

Өте жиі (>1/10)

- тері бөртпесі, қышыну, есекжем, ангиоэдеманы қоса тері тарапынан болатын аса жоғары сезімталдық реакциялары

- бұлшықет түйілуін, миалгияны, сүйектегі ауырулар, артралгияны және қол-аяқтың ауыруын қоса сүйек-бұлшықет ауыруы

Жиі (>1/100 және <1/10)

- бас ауыруы, бас айналуы, сананың бұзылуы, естен айрылу

- парестезия

- миокард инфаркті

- жүрек айнуы, диарея, сұйық нәжіс, құсу, іш аумағының ауыруы, гастроэзофагеальді рефлюкс, ас қорытудың бұзылуы (диспепсия), іш қату, гастроинтестинальді ауыру, метеоризм

- экзема

- көктамырлық тромбоэмболия (КТЭ)

- гиперхолестеринемия

- ұйқысыздық

- вертиго

- бронхтың аса жоғары сезімталдығы

- гепатит

- шеткергі ісіну

- креатинфосфокиназа (КФК)а белсенділігінің жоғарылауы

Жиі емес (>1/1000 және <1/100)

- құрысулар

- лимфаденопатия (терідегі аса жоғары сезімталдық реакцияларының пайда болуымен бір уақытта)

- сананың шатасуы

- ауыз шырышты қабығының тітіркенуі, оған қоса стоматит және/немесе ауыз қуысы шырышты қабығының ойықжаралануы

- ауыздың құрғауы

- қан сарысуындағы трансаминазалар деңгейінің жоғарылауы (терідегі аса жоғары сезімталдық реакцияларының пайда болуымен бір уақытта)

- дерматит, алопеция

- дене температурасының көтерілуі (терідегі аса жоғары сезімталдық реакцияларының пайда болуымен бір уақытта)

- дімкәстік

Сирек (>1/10 000 және <1/1000)

- сүйек кемігінің жеткіліксіздігі б

- эозинофилия (терідегі аса жоғары сезімталдық реакцияларының пайда болуымен бір уақытта)

- дәрі-дәрмектен болған бөртпе, эозинофилиямен және жүйелі симптомдарымен (DRESS-синдром) с

Өте сирек (<1/10 000)

- ауыр тері реакция жағдайлары, оған қоса Стивенс-Джонсон синдромы, уытты эпидермальді некролиз с

Жеке жағымсыз реакциялардың хабарламасы

- көктамырлық тромбоэмболия

- миокард инфаркті

а Сүйек-бұлшықет фракциясы норманың үстіңгі шекарасынан 3 есе жоғары. Көптеген жағдайларда бұл көрсеткіштер емдеу сызбасын өзгертусіз аяқ астынан қалыпқа түскен.

б Постмаркетингтік зерттеулер

с Азия елдерінде сирек жағдайлар белгіленді

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- стронций ранелатына немесе препараттың қандай да бір басқа компонентіне жекелеген жоғары сезімталдық

- көктамырлық тромбоэмболия (КТЭ) немесе сыртартқысында КТЭ бар пациенттер (оған қоса терең көктамырлар тромбозы және өкпе артериясының тромбоэмболиясы)

- ЖИА, оның ішінде сыртартқысында ЖИА бар науқастар

- бақыланбайтын артериялық гипертензия

- шеткергі артериялардың облитерациялық аурулары және/немесе цереброваскулярлы аурулар, оның ішінде осы аурулардың сыртартқыда болуы

- тұрақты немесе уақытша иммобилизация (мысалы, операциядан кейінгі кезеңде қатаң төсек режимін сақтау кезінде немесе басқа себеппен)

- балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Тағам өнімдері, атап айтқанда сүт және сүт өнімдері, сондай-ақ құрамында кальций бар дәрілік заттар стронций ранелатының биожетімділігін шамамен 60-70% төмендетуі мүмкін (Сумилос препараты мен аталған заттарды қабылдау арасында кемінде 2 сағ аралық сақтау керек).

Алюминий гидроксидін және магнийді Сумилосты қабылдағанға дейін 2 сағ бұрын, сондай-ақ Сумилос препаратын қабылдаумен бір уақытта қолдану стронций ранелатының сіңірілуін аздап төмендетеді (AUC 20-25% төмендейді), ал Сумилос препаратын қабылдағаннан кейін 2 сағ соң антацидті препаратты қабылдау кезінде сіңірілу деңгейі іс жүзінде өзгермейді. Осылайша, антацидті препараттар Сумилос препаратын қабылдаудан 2 сағат өткеннен кейін бірақ қабылдаған жөн. Алайда практикада дәрілерді қабылдаудың аталған сызбасы ыңғайлы емес, өйткені Сумилос препаратын ұйықтар алдында қабылдау ұсынылады. Осыған байланысты антацидті препараттар мен Сумилос препаратын бір уақытта қабылдауға жол беріледі.

Екі валентті катиондардан тұратын молекулалық кешендер АІЖ деңгейінде тетрациклинді және хинолонды қатардағы антибиотиктермен өзара әрекеттесетіндіктен Сумилос препараты мен аталған препараттарды бір уақытта қолдану стронций ранелатының сіңірілуінің төмендеуіне әкеледі (бір уақытта қабылдау ұсынылмайды). Тетрациклиндер немесе хинолондар тобының антибиотиктерін тағайындағанда осындай әрекеттесулердің алдын алу мақсатында Сумилос препаратымен емдеуді тоқтата тұру керек.

Ішуге арналған D витамині препараттарымен біріктіріп тағайындағанда әрекеттесулер белгіленбеген.

Сумилос препаратын ең жиі тағайындалатын дәрілік заттармен біріктіргенде клиникалық тұрғыдан маңызды әрекеттесулердің немесе қандағы стронций деңгейінің қатарлас өсу белгілері анықталмаған. Осы препараттардың арасында мыналар зерттелген: ҚҚСП (ацетилсалицил қышқылын қоса), анилидтер (парацетамол сияқты), гистаминді Н2-рецепторлардың блокаторлары, протондық сорғы тежегіштері, диуретиктер, дигоксин және жүрек гликозидтері, органикалық нитраттар және жүрек ауруларында қолданылатын басқа да вазодилататорлар, кальций өзекшелерінің блокаторлары, бета-адреноблокаторлар, АӨФ тежегіштері, ангиотензин II рецепторларының антагонистері, селективті бета2-адреномиметиктер, пероральді антикоагулянттар, тромбоциттер агрегациясының тежегіштері, статиндер, фибраттар және бензодиазепин туындылары.

Айрықша нұсқаулар

Ауыр дәрежедегі бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде препаратты қолдану қауіпсіздігі туралы деректердің жоқтығына байланысты Сумилос препаратын КК<30 мл/мин пациенттерге тағайындау ұсынылмайды.

Сумилос препаратымен емдеу өкпе эмболиясын қоса, көктамырлық тромбоэмболияның (КТЭ) жыл сайынғы аурушаңдықтың өсуімен қатар жүреді. Бұл құбылыстың себебі қазіргі сәтте анықталмаған. КТЭ қауіп тобының науқастарын немесе КТЭ ықтимал жоғарғы қаупі бар науқастарды емдегенде спецификалық белгілерге және КТЭ симптомдарына, сондай-ақ осы асқынудың баламалы профилактикасын жүргізуге ерекше назар аудару керек.

Стронций кальцийдің қандағы және несептегі мөлшерін бағалаудың колориметрлік тәсілдері нәтижесіне ықпал етеді. Осыған байланысты кальцийдің қандағы және несептегі концентрацияларын дәл бағалау үшін индукциялық-байланысқан плазмалы атомдық эмиссиялық спектрометрия немесе атомдық абсорбциялық спектрометрия сияқты тәсілдерді пайдалану керек.

Препарат құрамына аспартам кіреді, ол фенилкетонуриямен ауыратындарға зиянды болуы мүмкін фенилаланиннің көзі болып табылады. Сондықтан препаратты фенилкетонуриямен ауыратындарға қолданбаған жөн.

Тері реакциялары

Препаратты қолдану кезінде эозинофилиямен және жүйелі симптомдары (DRESS-синдром) қатар жүретін Стивенс-Джонсон синдромы, уытты эпидермальді некролиз, тері бөртпесі кіретін ауыр дәрежедегі аса жоғары сезімталдық реакцияларының даму жағдайлары туралы хабарламалар алынған. Пациенттер осы белгілер мен симптомдар туралы хабардар болуы тиіс. Тері реакциялардың пайда болуын мұқият қадағалау керек. Стивенс-Джонсон синдромының немесе уытты эпидермальді некролиздің даму қаупі емнің алғашқы апталарында, DRESS-синдромы қаупі - шамамен 3-6 апта ішінде аса жоғары.

Стивенс-Джонсон синдромының, уытты эпидермальді некролиздің (мысалы, өршіген тері бөртпесі, жиірек көбіршіктермен немесе шырыш зақымдануымен) DRESS-синдромының (бөртпе, қызба, эозинофилия және жүйелі зақымдану (аденопатия, гепатит, бүйректің интерстициальді зақымдануы, өкпенің интерстициальді зақымдануы)) симптомдары немесе белгілері пайда болғанда препаратпен емдеуді дереу тоқтату керек.

Стивенс-Джонсон синдромын, уытты эпидермальді некролизді және DRESS-синдромын емдеу ерте диагностикалағанда және кез келген күдікті препаратты қабылдауды дереу тоқтатқанда сәттірек болады. Қабылдауды ерте тоқтату ең жақсы болжаммен үйлеседі. DRESS синдромының соңы көптеген жағдайларда препарат қабылдауды тоқтатқаннан кейін және қажет жағдайда, глюкокортикостероидтармен (ГКС) ем жүргізгенде жағымды. Сауығу біртіндеп болуы мүмкін. ГКС-емді тоқтатқаннан кейін симптоматиканың жаңғыруы болуы мүмкін.

Егер Стивенс-Джонсон синдромы, уытты эпидермальді некролиз немесе DRESS-синдромы пациентте Сумилос препаратын емдеу аясында дамыса, онда пациент препаратты ешқашан қабылдамауы тиіс.

Тері бөртпесін, Стивенс-Джонсон синдромын, уытты эпидермальді некролизді қоса, аса жоғары сезімталдық реакцияларының жоғары дәрежесі туралы азиялық нәсілдегі пациенттерде сирек болса да хабарланды.

Азия ұлттарының адамдарында аса жоғары сезімталдық реакцияларының және тері бөртпесінің туындау қаупі есеп беру деректері бойынша жоғары.

Жүктілік және лактация кезеңі

Сумилос әйелдердің тек менопаузадан кейінгі кезеңінде емдеуге арналған.

Стронций ранелатының жүктілік кезінде ықпалы бойынша қандай да бір клиникалық деректер жоқ. Препарат жүктілік және лактация кезінде ұсынылмайды. Егер препарат жүктілік кезінде қателікпен тағайындалған болса дереу емді тоқтату керек.

Стронций емшек сүтімен бөлінеді.

Педиатрияда қолдану

Сумилос препаратын балалар мен жасөспірімдерде қолданудың тиімділігі мен қауіпсіздігі зерттелмеді. Препаратты осы санаттағы пациенттерге қолдану ұсынылмайды.

Дәрілік заттың көлік құралдарын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері

Ықпал етпейді

Артық дозалануы

Симптомдары: клиникалық зерттеулер барысында (ең жоғарғы ұзақтығы 147 тәулікте тәулігіне 4 г дейін) клиникалық тұрғыдан қандай да бір маңызды жағымсыз реакциялар байқалмады.

Емі: белсенді заттың АІЖ-нан сіңірілуін төмендету мақсатында сүт немесе антацидтік препараттар қабылдау ұсынылады. Айқын артық дозалану жағдайында (ұсынылған дозадан асыру) сіңірілмеген белсенді затты шығарып тастау үшін құстыру қажет.

Шығарылу түрі және қаптамасы

4 г түйіршік ұнтағынан полиэтилентерафталат/алюминий/полиэтилен (ПЭТ/Ал/ПЭ) үлбірден жасалған сашеге салынады. 28 сашеден медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Сақтау шарттары

Құрғақ жерде, 25 ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Суда сұйылтқаннан кейін суспензия 24 сағат бойы тұрақты болып қалады.

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

MERKEZ Laboratory Pharmaceutical and Trade Co.,

Sirri Chelik Bulvari Aycha Sokak №6 Tashdelen, Chekmekoy, Стамбул, Түркия

Тіркеу куәлігінің иесі

HELBA Pharmaceuticals Inc. Co.

Yenibosna Merkez Mah.29 Ekim Street, Istanbul Vizyon Park A1 Plaza No:17/1

Bahcelievler - Стамбул, Түркия

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын және дәрілік заттың қауіпсіздігін тіркеуден кейінгі қадағалауға жауапты ұйымның атауы

«WELFAR-KAZAKHSTAN» ЖШС

050026, Қазақстан Республикасы, Алматы қ-сы, Әйтеке би к-сі, 187

Телефон/Факс: +7 727 352 71 36

E-mail: helba@helba.com.tr

 

 

Прикрепленные файлы

118157871477976225_ru.doc 100 кб
750818071477977493_kz.doc 48.94 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники