Сульфацил (капли глазные, 300 мг/мл)

МНН: Сульфацетамид
Производитель: Фармак ПАО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Sulfacetamide
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№013901
Информация о регистрации в РК: 14.08.2014 - 14.08.2019

Инструкция

Саудалық атауы

Сульфацил

Халықаралық патенттелмеген атауы

Сульфацетамид

Дәрілік түрі

200 мг/мл және 300 мг/мл көз тамшы дәрісі

Құрамы

1 мл препараттың құрамында

белсенді зат - 100% затқа шаққанда сульфацил натрийі 200 мг немесе 300 мг,

қосымша заттар: натрий тиосульфаты, рН 8.0 дейінгі хлорсутек қышқылының 1 М ерітіндісі, инъекцияға арналған су.

Сипаттамасы

Мөлдір, түссіз немесе сәл сарғыштау сұйықтық.

Фармакотерапиялық тобы

Көз ауруларын емдеуге арналған препараттар. Микробқа қарсы препараттар. Сульфонамидтер. Сульфацетамид.

АТХ коды S01A B04

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Конъюнктиваға тамызғаннан кейін сульфацил көз тіндеріне өтеді. Негізінен жергілікті әсер етеді, бірақ препараттың бір бөлігі қабынған конъюнктива арқылы сіңеді де, жүйелі қан ағымына түседі.

Фармакодинамикасы

Сульфацилдің грамоң және грамтеріс бактериялар – стрептококктар, пневмококктар, гонококктар, ішек таяқшалары, хламидиялар, актиномицеттерге қатысты бактериостатикалық әсері бар. Препараттың әсер ету механизмі парааминобензой қышқылының (ПАБҚ) бәсекелес антагонизмімен және дигидроптероатсинтетазаның бәсекелес бәсеңдеуімен байланысты, бұл пуринді және пиримидинді негіздер синтезі үшін қажет тетрагидрофолий қышқылы синтезінің бұзылуына әкеп соқтырады. Соның салдарынан бактериялық жасушалар нуклеин қышқылдарының (ДНҚ және РНҚ) синтезі бұзылады және олардың көбеюі тежеледі.

Қолданылуы

  • препараттың әсеріне сезімтал бактериялар туындатқан көздің жұқпалы-қабыну ауруларында: конъюнктивит, блефарит, мөлдір қабықтың іріңді ойық жаралары

  • ересектер мен балаларда көздің соз ауруларында

  • жаңа туған нәрестелерде бленнореяның алдын алуда.

Қолдану тәсілі және дозалары

Ересектерге Сульфацил 300 мг/мл ерітіндісін зақымданған көзге 2-3 тамшыдан тәулігіне 5-6 рет (әр 4-5 сағат сайын) қолданады.

Балаларға Сульфацил 200 мг/мл ерітіндісін зақымданған көзге 1-2 тамшыдан тәулігіне 4-5 рет қолданады.

Емдеу курсын аурудың сипаты мен ауырлығына байланысты дәрігер белгілейді. Орташа алғанда курстың ұзақтығы – 5-7 күн.

Жаңа туған нәрестелерде бленнореяның алдын алу үшін туғаннан кейін тікелей Сульфацил 300 мг/мл ерітіндісін 2 тамшыдан, содан кейін 2 сағаттан соң 2 тамшыдан тамызады.

Жағымсыз әсерлері

Сирек:

- көз тіндерінің тітіркенуі (қызаруы, қышынуы, қабақтың ісінуі, ашытуы, жас ағуы)

- аллергиялық реакциялар.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • сыртартқысында препарат компоненттеріне және сульфаниламидтерге аса жоғары сезімталдық

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Новокаинмен, дикаинмен, анестезинмен бірге қолданғанда бактериостатикалық әсері азаяды; дифенин, ПАСҚ, салицилаттар Сульфацилдің уыттылығын күшейтеді; тікелей әсер етпейтін антикоагулянттармен қолданғанда соңғыларының спецификалық белсенділігі артады.

Сульфацил жергілікті қолданғанда күміс тұздарымен үйлесімсіз.

Айрықша нұсқаулар

Фуросемидке, тиазидті диуретиктерге (гидрохлоротиазид), сульфонилмочевина туындыларына (глибенкламид), карбоангидраза тежегіштеріне (диакарб) сезімталдығы жоғары емделушілерде Сульфацилге жоғары сезімталдық болуы мүмкін.

Жүктілік және лактация.

Сульфацил жүкті және бала емізетін аналарды емдеуге, егер анасы үшін болжамды пайдасы ұрық пен балаға төнетін ықтимал қауіптен асып түсетін болса, емдеуші дәрігердің тағайындауы бойынша қолданылуы мүмкін.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері.

Анықталмаған.

Артық дозалануы

Сульфацил препаратының артық дозалануы жөнінде деректер жоқ.

Шығарылу түрі және қаптамасы

200 мг/мл немесе 300 мг/мл көз тамшы дәрісі. 5 мл немесе 10 мл қалпақшамен тығындалған полиэтилен құтыда. Құтыға өздігінен желімделетін заттаңба жапсырылады. Құты медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салынады.

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 8С-ден 15С-ге дейінгі температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл.

Құты ашылғаннан кейін препарат 28 тәулік бойы жарамды.

Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін препаратты пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

«Фармак» ЖАҚ, Украина, 04080, Киев қ., Фрунзе к-сі, 63.

Тіркеу куәлігінің иесі

«Фармак» ЖАҚ, Украина

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

Қазақстан Республикасы, 050009 Алматы қ., Абай к-сі 157, 5 кеңсе

Тел/факс: +7 (727) 250 66 23, электронды поштасы: Djatlova88@mail.ru

 

4

 

Прикрепленные файлы

617060231477976707_ru.doc 50 кб
331061061477977851_kz.doc 60.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники