Стрептоцид (линимент, 5 %)
Инструкция
- русский
- қазақша
Саудалық атауы
Стрептоцид
Халықаралық патенттелмеген атауы
Сульфаниламид
Дәрілік түрі
5% линимент
Құрамы
1 г линименттің құрамында
белсенді зат - 50 мг сульфаниламид (стрептоцид),
қосмымша заттар: сыртқа қолдануға арналған тазартылған балық майы, бутилгидроксианизол (Е 320), эмульгатор № 1, полисорбат-80 немесе тазартылған натрий карбоксиметилцеллюлозасы, тазартылған су.
Сипаттамасы
Өзіне тән иісі бар ақшыл сары немесе сарғыш-қошқыл реңді түстес линимент.
Фармакотерапиялық тобы
Микробтарға қарсы жергілікті қолдануға арналған препараттар. Сульфаниламидтер.
АТХ коды D06B A05
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Сульфаниламидті жергілікті қолданған кезде белсенді компоненттердің жоғарғы жергілікті концентрациясы пайда болады. Сульфаниламид терінің зақымданған (жаралы, күйген) беткейі арқылы жүйелі абсорбциясы 10 % жетуі мүмкін.
Фармакодинамикасы
Стрептоцид – кең ауқымды әсер ететін бактерияларға қарсы дәрі. Сульфаниламид сульфаниламидтер тобындағы химиятерапиялық дәрінің алғашқы өкілінің бірі. Стрептоцид басқа сульфаниламидтер сияқты, микроорганизмдердегі өсу факторлары деп аталатын - фолий, дегидрофолий қышқылдарының, молекуласында парааминобензой қышқылы бар басқа қосылыстардың түзілуін бұзады. Парааминобензой қышқылының құрылымы стрептоцид құрылымына химиялық жағынан ұқсас болғандықтан, соңғысы қышқылдың бәсекелес антагонисі ретінде микроорганизмдер метаболизміне қатысады және оны бұзады. Стрептоцид - әсер етуі қысқа сульфаниламидтік препарат, стрептококктарға, протейлерге және басқа микроорганизмдерге бактериостатикалық әсер етеді.
Қолданылуы
- трофикалық ойық жарада
- жұқпаланған күйікте
- іріңді жарада
- терінің тілмелі қабынуында
- пиодермияда, тұрпайы безеулерде және терінің басқа да іріңді-қабыну үдерісінде.
Қолдану тәсілі және дозалары
Линимент жергілікті қолданылады.
Зақымданған жерге жұқа қабат етіп жағып, оның үстін дәке таңғышпен таңу қажет. Қолдану жилігі мен ұзақтығы аурудың ауырлығына, жеткен емдік әсеріне байланысты және дәрігер жеке анықтайды.
Жағымсыз әсерлері
- дерматиттер
- есекжем түрінде аллергиялық реакциялар
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- сульфаниламидке асқын сезімталдық
- бүйрек, бауыр жеткіліксіздігі
- тиреотоксикоз
- жүктілік, лактация кезеңі
- туа біткен глюкозо-6-фосфатдегидрогеназа тапшылығы
- 12 жасқа дейінгі балалар.
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Егер препараттар бірінен соң бірі немесе бір мезгілде қолданылған болса, құрамында пара-аминобензой қышқылы бар Новокаин препараттың тиімділігін төмендетеді.
Жақпамайды қолданып жүрген кезде дигитоксин, изопреналин, хлорлы сутек қышқылы, кофеин, фенилэфрин, фенобарбитал, адреналин гидрохлориді сияқты препараттарды қолданбаған жөн.
Айрықша нұсқаулар
Дәрігердің тағайындауы бойынша қолдану керек.
Препаратпен емдеуді мерзімінен бұрын тоқтату сульфаниламидке төзімділікті туғызуы мүмкін.
Линимент жағылған учаскеде аллергиялық реакциялар пайда болса препаратты қолдануды тоқтату керек.
Дәрілік заттардың көлік құралдарын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Препараттың көлік құралдарына немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер етуі жөнінде деректер жоқ.
Артық дозалануы
Анықталмаған
Шығарылу түрі және қаптамасы
Алюминий сықпада 30 г-ден. Сықпа медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картоннан жасалған пәшкеге салынған.
Сақтау шарттары
Жарықтан қорғалған жерде, 80С-ден 150С-ге дейінгі температурада сақтау керек.
Мұздатып қатыруға болмайды.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
2 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецептісіз
Өндіруші
«Лубныфарм» ААҚ.
37500, Украина, Лубны қ-сы, Полтава обл., Петровский к-сі, 16.
Тіркеу куәлігі иесінің атауы мен елі
«Лубныфарм» ААҚ, Украина.
Тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды Қазақстан Республикасы аумағында қабылдайтын ұйымның мекенжайы:
Фарм-Евро ЖШС
050039, Алматы қ-сы, Майлин к-сі, 72 үй, 34 пәтер
Факс: +7(272) 71-84-97
E-mail: farmevro@mail.ru