Стрепсилс® с витамином С

МНН: Амилметакрезол, Аскорбиновая кислота, Дихлорбензиловый спирт
Производитель: Рекитт Бенкизер Хелскэр Интернешнл Лтд
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Прочие препараты
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№010675
Информация о регистрации в РК: 15.10.2019 - бессрочно

Инструкция

Саудалық атауы

С витамині қосылған Стрепсилс®

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Соруға арналған апельсинді таблеткалар

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді заттар: амилметакрезол 0.60 мг,

2,4-дихлорбензил спирті 1.20 мг,

аскорбин қышқылы 33.5000 мг және натрий аскорбаты – 74.9000 мг (қосындысы 100.0000 мг аскорбин қышқылына баламалы),

қосымша заттар: апельсин хош иістендіргіші 78300-34, левоментол, пропиленгликоль, сары сансет (Е 110), Понсо 4R (Е 124), шарап қышқылы, сұйық глюкоза, сұйық сахароза.

Сипаттамасы

Екі жағында «S» әріптері таңбаланған немесе таңбаланбаған қызғылт сары дөңгелек таблеткалар. Карамельдік массаның ішінде аздаған ауа көпіршіктерінің болуына және таблетканың шеттері тегіс болмауына жол беріледі.

Фармакотерапиялық тобы

Тамақ ауруларын емдеуге арналған препараттар.

Антисептиктер

Басқа да препараттар

АТХ коды R02AA20

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Соруға арналған таблетка түріндегі белсендi ингредиенттер ауыз және жұтқыншақ шектерiнде жергiлiктi әсер етедi.

Фармакодинамикасы

Ауыз қуысы мен жұтқыншақта жергілікті қолдануға арналған біріктірілген микробқа қарсы препарат. Антисептикалық әсері бар. Грамоң және грамтеріс микроорганизмдерге қатысты белсенді.

Қолданылуы

  • ауыз қуысы мен жұтқыншақтың жұқпалы-қабыну ауруларын симптоматикалық емдеуде

Қолдану тәсілі және дозалары

Ересектер: әр 2-3 сағат сайын бір таблеткадан баяу сору керек. 3 күннен артық қолдану ұсынылмайды.

Жағымсыз әсерлері

- аллергиялық реакциялар (тері бөртпелері, қышыну ж.б.)

Сирек

- аса жоғары сезімталдық реакциялары (тері бөртпесі, көмейдің ісінуі (фарингеальді ісіну),

- ауыз-жұтқыншақ аймағының күйдіруі

- ауыз қуысы парастезиялары

- тілдің ауыруы

- жүрек айну, диспепсия

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық

- 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер

- жүктілік және лактация кезеңі

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Басқа препараттармен клиникалық мәнді өзара әрекеттесуі анықталмаған.

Айрықша нұсқаулар

Көрсетілген дозадан асыруға болмайды.

Қант диабетімен ауыратын науқастар таблетканың құрамында 2.6 г жуық қант бар екенін ескерулері керек.

Жүктілік және лактация кезеңі

Препараттың жүктілік және лактация кезеңінде әсері туралы мәліметтер жоқ, сондықтан препаратты қолдану ұсынылмайды.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Әсер етпейді

Артық дозалануы

Симптомдары: асқазан-ішек жолдары тарапынан болатын жайсыздық.

Емі: симптоматикалық.

Шығарылу түрі және қаптамасы

12 таблеткадан ПВХ/ПВДХ үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салынған.

2 немесе 3 пішінді ұяшықты қаптамадан дәрілік заттың медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салынған.

Сақтау шарттары

Құрғақ жерде, 250С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші-ұйымның атауы мен елі

Рекитт Бенкизер Хелскэр Интернешнл Лтд,

Тейн Роуд, Ноттингем, NG90 2DB, Ұлыбритания

Тіркеу куәлігі иесінің атауы мен елі

Рекитт Бенкизер Хелскэр Интернешнл Лтд,

Тейн Роуд, Ноттингем, NG90 2DB, Ұлыбритания

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

Қазақстан Республикасы, 050057, Алматы қ-сы, Көктем-1, 15 «А», 302 кеңсе.

Тел.: +7 (727) 356 07 52; факс: +7 (727) 356 07 50

Электронды поштас: contact_ru@reckittbenckiser.com

 

Прикрепленные файлы

601157181477976683_ru.doc 49 кб
209551151477977837_kz.doc 56 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники