Стрепсилс® Плюс

МНН: Амилметакрезол, Дихлорбензиловый спирт, Лидокаин
Производитель: Рекитт Бенкизер Хелскэр Интернешнл Лтд
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Прочие препараты
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№010689
Информация о регистрации в РК: 18.01.2019 - бессрочно

Инструкция

Саудалық атауы

СТРЕПСИЛС® ПЛЮС

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Соруға арналған таблеткалар

Құрамы

Соруға арналған бір таблетканың құрамында

белсенді заттар: 2,4-дихлорбензил спирті – 1.20 мг, амилметакрезол-0.60 мг, лидокаин гидрохлориді моногидраты – 10.00 мг;

қосымша заттар: шарап қышқылы, натрий сахаринаты, левоментол, бұрыш жалбызы жапырақтарының майы, анис тұқымы майы, хинолинді сары бояғышы Е 104, индигокармин Е 132, сұйық глюкоза, сұйық сахароза.

Сипаттамасы

Таблетканың екі жағында S әрпі бейнеленген, ментол иісі бар, жалпақ цилиндр пішінді көгілдір-жасыл түсті таблеткалар.

Ақ өңездің, карамель массасы ішінде елеусіз ауа көпіршіктердің болуына және шеттерінің тегіс болмауына жол беріледі.

Фармакотерапиялық тобы

Тамақ ауруларын емдеуге арналған препарат. Антисептиктер. Басқа да препараттар

АТХ коды R02AA20

Фармакологиялық қасиеттері

ЛОР-тәжірибесінде және стоматологияда жергілікті қолдануға арналған біріктірілген антисептикалық препарат.

2,4-дихлорбензил спирті бензол туындысы, амилметакрезол – фенол туындысы болып табылады. Лидокаин-гидрохлориді – амид типті жергілікті антисептик.

Препараттың белсенді компоненттері жергілікті антисептикалық және жергілікті жансыздандырушы әсер береді. Стрепсилс Плюс жоғарғы тыныс алу жолдары шырышты қабығының тітіркену симптомдарын басады, шырышты қабыққа деконгестивті әсер береді, мұрынның бітелуін азайтады, тамақтың тітіркенуі мен ауыруын жеңілдетеді.

Стрепсилс® Плюс әсер ету механизмі микробтық жасушалары ақуыздарының коагуляциясымен, сондай-ақ жасуша жарғақшаларының липидтерімен өзара әрекеттесуімен байланысты, бұл қоздырғыштарға қарсы тиімділігін анықтайды. Граммоң және граммтеріс микроорганизмдердің кең ауқымына қатысты белсенді, сондай-ақ антимикотикалық әсері бар.

Қолданылуы

Ауыз қуысы мен жұтқыншақтың жұқпалы-қабыну ауруларын симптоматикалық емдеу үшін

Қолдану тәсілі мен дозалары

Жергілікті. Ересектерге – әрбір 2-3 сағатта 1 таблеткадан сору керек. 24 сағат ішінде 8 таблеткадан артық қолдануға болмайды. Қолдану ұзақтығы – 5 күннен аспайды.

Жағымсыз әсерлері

- аллергиялық реакциялар

- тіл сезімталдығын жоғалту

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық

- 18 жасқа дейінгі балалар.

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Басқа препараттармен клиникалық маңызды өзара әрекеттесулері тіркелмеген.

Айрықша нұсқаулар

Тіл сезімталдығын жоғалту ықтималдығы кезінде ыстық тамақ пен суды қабылдағанда сақтық таныту ұсынылады. Препараттың құрамына кіретін кез келген компонентке жеке жоғары сезімталдық болған кезде препаратты пайдаланбаған жөн. Қант диабетімен науқастарға тағайындаған кезде 1 таблетканың құрамында 2,6 мг қант бар екенін ескеру қажет.

Жүктілік және лактация кезеңі

Препаратты жүктілік және лактация кезінде тек дәрігердің бақылауымен қолдануға болады.

Дәрілік заттың көлік құралдарын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері

Әсер етпейді

Артық дозалануы

Ықтималдығы аз, ықтимал артық дозалануы асқорыту жолының жоғарғы бөліктерінің жансыздануына әкелуі мүмкін. Емі симптоматикалық.

Шығарылу түрі мен қаптамасы

8 таблеткадан ПВХ/ПВДХ үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салынған.

3 пішінді қаптамадан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салынады.

Сақтау шарттары

Құрғақ жерде, 30С-ден аспайтын температурада.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Препаратты жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші ұйымның атауы мен елі

Рекитт Бенкизер Хелскэр Интернешнл Лтд,

Тейн Роуд, Ноттингем, NG90 2DB, Ұлыбритания

Тіркеу куәлігі иесінің атауы мен елі

Рекитт Бенкизер Хелскэр Интернешнл Лтд,

Тейн Роуд, Ноттингем, NG90 2DB, Ұлыбритания

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

Қазақстан Республикасы, 050010, Алматы қ., Достық к-сі, 85 «А», 116 кеңсе.

Тел.: +7 (727) 272 88 04; факс: +7 (727) 266 27 96

Жедел байланыс желісі: 8-800-505-1-500 (қоңырау шалу тегін) Электронды поштасы: contact_ru@reckittbenckiser.com

Прикрепленные файлы

197944291477976813_ru.doc 50.5 кб
786831691477977969_kz.doc 70.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники