Страйк от боли

МНН: Кофеин, Парацетамол
Производитель: Санека Фармасьютикалс а.с.
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Парацетамол в комбинации с психолептиками
Номер регистрации в РК: РК-ЛС-5№023934
Информация о регистрации в РК: 19.11.2018 - 20.11.2023

Инструкция

Саудалық атауы

Страйк от боли

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі, дозалануы

Таблеткалар, 500 мг/65 мг

Фармакотерапиялық тобы

Жүйке жүйесі. Анальгетиктер. Басқа анальгетиктер және антиперетиктер. Анилидтер. Психолептиктермен біріктірілген парацетомол.

АТХ коды N02BE71

Қолданылуы

- ауырлығы жеңіл және орташа дәрежелі ауыру синдромы: бас ауыруында, бас сақинасында, тіс ауырғанда, тіс жұлғаннан немесе басқа стоматологиялық араласымдардан кейінгі ауыруда, остеоартриттер кезіндегі ауыруда, бұлшықеттер мен буындардың ауыруында, тамақ ауырғанда, ауырсынумен жүретін етеккірлерде.

- қызба синдромы: температура жоғарылауында және суық тию аурулары мен тұмау кезіндегі ауыруда.

Қолданудың басталуына дейінгі қажетті мәліметтер тізбесі

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- әрекет етуші заттарға немесе 6.1-бөлімде аталған қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық

- бауыр немесе бүйрек функциясының ауыр бұзылулары

- генетикалық тұрғыдан глюкозо-6-фосфат дегидрогеназаның болмауы

- қан аурулары

- артериялық гипертензия, айқын атеросклероз құбылыстары

- жүктілік және бала емізу кезеңі

- Жильбер синдромы (конституционалдық гипербилирубинемия) кезінде сақтықпен қолдану керек

- глаукома

- ұйқы бұзылулары

- 12 жасқа дейінгі балаларға

Қолдану кезіндегі қажетті сақтандыру шаралары

Құрамында парацетамол бар. Құрамында парацетамол- және кофеин бар препараттармен бір мезгілде қолдануға болмайды. Құрамында парацетамол бар препараттармен бір мезгілде қабылдау артық дозалануына алып келуі мүмкін.

Парацетамолдың артық дозалануы бауырдың қайтымсыз зақымдануын туғызуы мүмкін, ол бауырдың трансплантациясына немесе өлімге әкеп соқтыруы мүмкін.

Ұсынылған дозасынан арттырылған жағдайда, парацетамол бауырды зақымдайтын әсер беруі мүмкін.

Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі

Метоклопрамид пен домперидон парацетамолдың сіңу жылдамдығын арттырады, ал колестирамин төмендетеді. Парацетамол ұзақ уақыт бойы қабылданғанда тікелей емес антикоагулянттардың (варфарин және басқа кумариндердің) әсерін күшейтеді, ол қан кетулер қаупін арттырады. Препаратты жүйесіз қабылдау ондай әсер бермейді.

Арнайы ескертулер

Бүйрек немесе бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерге парацетамолды сақтықпен тағайындау ұсынылады. Бауырдың цирроздық емес алкогольдік ауруы бар адамдарда артық дозалану қаупі жоғарырақ.

Препаратты қолданған кезде құрамында кофеин бар сусындарды (мысалы, кофе, шай) пайдалану ұсынылмайды.

Препаратты қабылдар алдында дәрігермен кеңесу қажет:

- варфаринді немесе қан ұюын төмендетуге арналған басқа препараттарды қабылдап жүрген пациенттерге;

- бауырдың немесе бүйректің созылмалы аурулары бар пациенттерге;

- егер бас ауыруы тұрақты болса.

Құрамында парацетамол және/немесе кофеин бар басқа препараттармен бір мезгілде қабылдамау керек.

Парацетамолды глутатион деңгейін төмендететін жағдайлар кезінде (мысалы, сепсис кезінде) қолдану метаболизмдік ацидоздың туындау қаупін арттырады.

Келесі симптомдардың бірігуі:

- терең, жиі, қиын тыныс алу

- өзін нашар сезіну (жүрек айнуы, құсу)

- тәбеттің болмауы пайда болған жағдайда

дәрігерге жүгіну керек.

Көрсетілген дозасын арттырмау керек. Артық дозаланған жағдайда, егер тіпті еш нәрсе мазаламаса да, бауырдың уытты зақымдануы қаупіне байланысты дереу дәрігерге жүгіну керек.

Педиатрияда қолдану

12 жасқа дейінгі балаларға қолдану ұсынылмайды

Жүктілік немесе лактация кезінде

Кофеинді қолданумен байланысты жаңа туған нәрестелердің дене салмағының төмен болуы мүмкіндігі мен жүктіліктің өздігінен үзілуі қаупіне байланысты, препаратты жүктілік кезінде қолдану ұсынылмайды.

Препаратты бала емізу кезінде қабылдамаған дұрыс, өйткені кофеин емшек сүтімен бөлініп шығады және балада қозуды туғызуы мүмкін.

Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор мехнаизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Автомобиль жүргізу және механизмдермен жұмыс істеуге қатысты шектеулер жоқ.

Қолдану жөніндегі нұсқаулар

Дозалану режимі

Ересектер (егде жастағыларды қоса) мен 16 жасқа толған және одан үлкен балалар:

Әр 4-6 сағат сайын екі таблеткадан күніне төрт ретке дейін. Ең жоғарғы бір реттік дозасы – 2 таблетка. 24 сағат ішінде 8 таблеткадан артық қабылдауға болмайды.

Балалар

12-15 жас шамасындағы балаларға: қажеттілігіне қарай әр 4-6 сағат сайын 1 таблеткадан ішке қабылдау керек. Ең жоғарғы бір реттік дозасы – 1 таблетка. 24 сағат ішінде 4 таблеткадан артық қабылдауға болмайды.

Қабылдау уақыты көрсетілген қолдану жиілігі

4 сағат сайыннан жиі қабылдамау керек.

Емдеу ұзақтығы

Препаратты дәрігердің тағайындауынсыз және қадағалауынсыз 3 күннен артық қабылдау ұсынылмайды. Егер симптомдары сақталып қалса, дәрігерге жүгініңіз.

Артық дозалану жағдайында қабылдау қажет болатын шаралар

Артық дозаланған жағдайда, тіпті егер Сіз өзіңізді жақсы сезінсеңіз де, дереу дәрігерге жүгіну қажет.

ДП стандартты қолдану кезінде көрініс беретін жағымсыз реакциялардың сипаттамасы және осы жағдайда қабылдау керек шаралар

Өте сирек

- тромбоцитопения

- агранулоцитоз

- анафилаксиялық реакциялар

- тері бөртпесі мен ангионевроздық ісінуді, Стивенс-Джонсон синдромын /уытты эпидермалық некролизді қоса, терінің аса жоғары сезімталдық реакциялары

- ацетилсалицил қышқылы мен басқа ҚҚСП-ға сезімталдығы жоғары пациенттерде бронх түйілуі

- бауыр функциясының бұзылулары

- күйгелектік

- бас айналуы

Препаратты құрамында кофеин бар өнімдермен (мысалы, кофе, шай, құрамында кофеин бар сусындар) бір мезгілде қабылдау ұйқының бұзылуына, мазасыздыққа, ашушаңдыққа, бас ауыруына, асқазан-ішек бұзылыстарына және жүрек соғуының жиілеуіне алып келуі мүмкін.

Жоғарыда атап келтірілген реакциялар туындаған, сондай-ақ, қабыршықтану, ауыз қуысының ойық жаралары, тыныстың тарылуы, гематомалар, қан кетулер немесе препаратқа кез келген басқа жағымсыз реакция пайда болған жағдайда, препаратты қабылдауды тотату және дереу дәрігерге жүгіну керек.

Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК

http://www.ndda.kz

Қосымша мәліметтер

Дәрілік препараттың құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді заттар 500 мг парацетамол,

65 мг кофеин.

қосымша заттар: желатинделген жүгері крахмалы, повидон К25, натрий кроскармеллозасы, микрокристалды целлюлоза, кремнийдің коллоидты қостотығы, магний стеараты.

Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы

Ұзынша пішінді, ақ немесе сарғыштау-ақ түсті, ұзындығы 16 мм таблеткалар.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Поливинилхлорид/поливинилдихлорид үлбір мен алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада 10 таблеткадан.

1 немесе 2 пішінді қаптама медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картоннан жасалған қорапшаға салынған.

Сақтау мерзімі

5 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Сақтау шарттары

25 С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші туралы мәліметтер

Saneca Pharmaceuticals a.s.,

Нитрианска 100, 92027, Глоговец, Словакия Республикасы

Телефон, факс: +421 33 736 1111

Е-mail: info@saneca.com

Тіркеу куәлігінің ұстаушысы

Ксантис Фарма Лтд,

Lemesou, 5, EUROSURE TOWER, 1st floor, Flat/Office 101, 2112, Никосия, Кипр.

Телефон, факс: +35722205976

info@xantispharma.net

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттардың сапасына қатысты шағымдарды (ұсыныстарды) қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электронды пошта)

"Фармакоқадағалау" ҰҒО" АКЕҰ Қазақстан Республикасындағы өкілдігі:"Интер-Фармасьютикал" ЖШС

483110 Қазақстан Республикасы, Қаскелең қ., Бокин к-сі, 58

Тел.: 8-800-777-86-04, сайт www.drugsafety.ru,

E-mail: adversereaction@drugsafety.ru

Прикрепленные файлы

ИМП_Страйк_от_боли.docx 0.05 кб
Страйк_от_боли_ЛВ_28.04_.2021_каз_.doc 0.1 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту