Стопдиар (100 мг)
Инструкция
- русский
- қазақша
Саудалық атауы
СТОПДИАР
Халықаралық патенттелмеген атауы
Нифуроксазид
Дәрілік түрі
Үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар, 100 мг
Құрамы
Бір таблетканың құрамында
белсенді зат - 100 мг нифуроксазид;
қосымша заттар: магний стеараты, коллоидты сусыз кремнийдің қостотығы, тальк, желатин, картоп крахмалы;
үлбірлі қабықтың құрамы: гипромеллоза, полиэтиленгликоль 20 000, титанның қостотығы (Е 171), тальк, хинолинді сары (Е104).
Сипаттамасы
Дөңгелек пішінді, екі беті дөңес, диаметрі 9.0 мм жуық, сары түсті үлбірлі қабықпен қапталған тaблеткалар.
Фармакотерапиялық тобы
Диареяға қарсы препараттар. Басқа да ішектік микробқа қарсы препараттар.
АТЖ коды А07АХ03
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Препаратты ішке қабылдағаннан кейін АІЖ-нан мүлде сіңірілмей, ішекте әсер етуші заттың жоғары концентрациясының түзілуімен, өзінің бактерияға қарсы әсерін ішек саңылауында ғана көрсетеді. Толықтай нәжіспен шығарылады.
Фармакодинамикасы
Нифуроксазид 5-нитрофуран туындысы болып табылады. Ол Staphylococcus тектес грамоң бактерияларға және Enterobacteriaceae тұқымдастарынан Yersinia sp., Escherichia spр., Citobacter spр., Enterobacter spр., Klebsiella spр., Salmonella spр. тектес грамтеріс бактерияларға қатысты ішек саңылауында бактерияға қарсы жергілікті әсер етеді.
Нифуроксазид Proteus vulgaris, Proteus mirabilis және Pseudomonas aeruginosa түріндегі бактерияларға қатысты бактерияға қарсы әсерін танытпайды.
Нифуроксазид ас қорыту жолының сапрофитикалық микрофлорасын жоймайды, қалыпты ішек флорасының тепе-теңдігін бұзбайды. Төзімді штаммдардың пайда болуын туындатпайды. Тұрақты штаммдардың түзілуін туғызбайды. Нифуроксазид дегидрогеназалар белсенділігіне және бактериялық жасушалардағы ақуыздар синтезіне тежегіш әсерін тигізеді.
Препарат тиімділігі ішек саңылауындағы рН-қа тәуелді емес.
Қолданылуы
- бактериялық тектегі жедел және созылмалы диареяда
- жедел тағамдық уытты жұқпалар
Қолдану тәсілі және дозалары
СТОПДИАР таблеткаларын ішке қабылдау ұсынылады.
Препаратты 200 мг-ден (2 таблетка) тәулігіне 4 рет тағайындайды. Препаратты уақыттың тең аралықтары сайын (әр 6 сағатта) ас ішуге байланыссыз қабылдайды (әр 6 сағатта). Емдеу курсы осы тағайындалған дозаларда 7 күннен аспайды.
Препаратпен жедел диареяны емдеу кезінде, емделушінің жалпы ахуалына қарай, ағзадағы сұйықтық тапшылығын ішу арқылы немесе көктамырішілік міндетті түрде тұрақты толықтырып отыру керек.
Жағымсыз әсерлері
Жиі
- іштің ауыруы, жүрек айну, диарея
- тері бөртпесі
Сирек
- гранулоцитопения
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- препараттың құрамдас бөліктеріне, соның ішінде басқа 5-нитрофуран туындыларына жекеше жоғары сезімталдық
- фруктозаны көтере алмау, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы синдромы, сахараза-изомальтаза тапшылығы
- 18 жасқа дейінгі балаларға
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
СТОПДИАР препаратымен емделу кезінде алкогольді тұтыну дисульфирам тәрізді реакциялар туғызуы мүмкін.
Препаратпен емделу барысында, препараттың күшті сіңірілу қасиеттеріне орай, басқа ішуге арналған дәрілерді бір мезгілде қабылдауға болмайды. СТОПДИАР препараты мүлде сіңбейтіндіктен және жүйелі қан ағымына түспейтіндіктен, оның жүйелі қолдануға арналған препараттармен дәрілік өзара әрекеттесу ықтималдығы аз және қазіргі уақытқа дейін белгісіз.
Айрықша нұсқаулар
СТОПДИАР препараты 7 күннен ұзақ қабылдау ұсынылмайды. 3 күн емделгеннен кейін де жалғасатын диарея жағдайында белгілердің себептерін анықтауды және антибиотиктермен емдеу жөніндегі мәселені талқылауды мақсат ететін тереңдетілген диагностика қажет.
Ауыр инвазиялық диарея жағдайында антибиотик енгізген жөн, өйткені СТОПДИАР препараты асқазан-ішек жолынан сіңбейді.
Асқын сезімталдық реакциялары пайда болған жағдайда (ентігу, тері бөртпесі, қышыма) препаратты қабылдауды тоқтату керек.
Препараттың айқын сіңіру қасиеттеріне байланысты, басқа дәрілік заттарды бір мезгілде ішу арқылы қабылдаудан аулақ болу керек.
СТОПДИАР препаратымен емделу кезеңінде алкогольдік сусындарды тұтыну қарсы көрсетілімді, өйткені алкоголь ағзаның препаратқа сезімталдығын арттырады және диареяның асқынуы, құсу, іштің ауыруы, тері гиперемиясы, беттің және дененің жоғарғы бөлігінің ысынуын сезіну, бас ішінің шуылдауы, тыныс алудың қиындауы, тахикардия, қорқынышты түйсіну түрінде көрініс беретін дисульфирам тәрізді реакцияға түрткі болады.
Егер препаратпен емделу кезеңінде сусыздану белгілері пайда болса, емделушінің клиникалық жай-күйіне сәйкес регидратациялық ем (тәулігіне 2 л-ге жуық сұйықтық) жүргізген жөн.
Аллергиялық реакциялар пайда болған жағдайда препаратты қолдануды тоқтату керек.
СТОПДИАР препаратын қолданумен бір мезгілде диареяны емдеген кезде шырындар, шикі көкөністер мен жемістер, ащы және қорытылуы қиын тағамдар қамтылмайтын қатаң емдәм ұстану керек.
Жүктілік және лактация кезеңі
Сақтандыру шарасы ретінде, жүктілік кезінде СТОПДИАР қолданылмағаны дұрыс, өйткені оны жүктілік кезеңінде қолданған кезде нифуроксазидтің тератогенді немесе фетоуытты әсерлерін бағалау үшін жеткілікті клиникалық деректер жоқ. Препаратты қысқа мерзімде қолданғанда бала емізуге болады.
Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Әсер етпейді.
Артық дозаланғанда
Белгілері: жағымсыз әсерлердің күшеюі.
Емдеу: асқазанды шаю, белгісіне қарай емдеу.
Шығарылу түрі және қаптамасы
24 таблеткадан алюминий фольгадан және поливинилхлоридті үлбірден жасалған пішінді ұяшықты қаптамада.
1 пішінді қаптамадан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салады.
Сақтау шарттары
15 0C-ден 25 0C-ге дейінгі температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
4 жыл
Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецептісіз
Өндіруші
«Гедеон Рихтер Польша» ЖШҚ, Польша
Тіркеу куәлігінің иесі
«Гедеон Рихтер» ААҚ, Венгрия
1103 Будапешт, Дъемреи к-сі, 19-21, Венгрия
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім сапасына қатысты шағымдар қабылдайтын ұйымның мекенжайы:
ҚР-дағы «Гедеон Рихтер» ААҚ өкілдігі
E-mail: info@richter.kz
Телефон: 8-(7272)-58-26-22, 8-(7272)-58-26-23