Стокрин

МНН: Эфавиренз
Производитель: Жеджианг Хуахай Фармасьютикал Ко., Лтд.
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Efavirenz
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№018110
Период регистрации: 30.06.2016 - 30.06.2021
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)
Включено в Список бесплатного амбулаторного лекарственного обеспечения
АЛО (Включено в Список бесплатного амбулаторного лекарственного обеспечения)
Предельная цена закупа в РК: 556.75 KZT

Инструкция

Саудалық атауы

Стокрин

Халықаралық патенттелмеген атауы

Эфавиренз

Дәрілік түрі

Қабықпен қапталған 600 мг таблеткалар

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді зат - 600 мг эфавиренз,

қосымша заттар: лактоза моногидраты, микрокристалды целлюлоза, натрий кроскармеллозасы, гидроксипропилцеллюлоза, натрий лаурилсульфаты, магний стеараты,

қабықтың құрамы: сары опадрай®, карнауб балауызы.

Сипаттамасы

Сары түсті қабықпен қапталған, бір жақ бетінде «225» таңбасы бар және екінші жағы тегіс, капсула пішінді таблеткалар.

Фармакотерапиялық тобы

Вирусқа қарсы тікелей әсер ететін препараттар.

Нуклеозидтер емес – кері транскриптазаның тежегіштері. Эфавиренз

АТХ коды J05AG03

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Сіңуі. Инфекция жұқтырмаған еріктілерде эфавиренз қан плазмасында ең жоғары 1.6–9.1 мкМ концентрациясына препаратты 100 мг-нан 1600 мг-ға дейінгі дозаларда бір рет пероральді түрде қабылдағаннан кейін 5 сағаттан соң жетеді. 1600 мг-ға дейінгі дозаны қабылдаған кезде ең жоғары концентрацияның (Cmax) дозаға байланысты жоғарылауы және «концентрация-уақыт» қисығы астындағы ауданның (AUC) артуы байқалды. Препарат жоғары дозаларда толық сіңбейтіндіктен, дозаны арттырғанда бұл көрсеткіштердің жоғарылауы пропорционалды болмады. Препаратты көп рет қабылдағаннан кейін қан плазмасында ең жоғары концентрацияға жету уақыты (3–5 сағат) өзгерген жоқ, ал қан плазмасында тепе-тең концентрацияға 6–7 күннен кейін жетті.

АИВ жұқтырған, тұрақты жағдайдағы пациенттерде тәуліктік 200 мг, 400 мг және 600 мг дозалардағы орташа ең жоғары (Cmax) және ең төменгі (Cmin) концентрацияларының және AUC мәндері дозаға байланысты болды. Эфавирензді тәулігіне 1 рет 600 мг дозада қабылдаған 35 пациентде, тұрақты жағдайдағы Cmax мәні 12.9 µM құрады, тұрақты жағдайдағы Cmin 5.6 µM, AUC 184 µM құрады.

Тамақтанудың әсері. Инфекция жұқтырмаған еріктілерде эфавиренздің бір реттік 600 мг дозасының биожетімділігі құрамында май мөлшері жоғары тамақпен бірге қабылдаған кезде ашқарынға қабылданған 600 мг дозаның биожетімділігімен салыстырғанда 28 %-ға және 79 %-ға артты.

Таралуы. Эфавиренз қан плазмасы ақуыздарымен (шамамен 99.5–99.75 %-ға), көбіне альбуминдермен мықты байланысады. АИВ‑1 (n=9) жұқтырған, эфавирензді 200 мг-нан 600 мг-ға дейінгі дозаларда тәулігіне 1 рет, кем дегенде, бір ай қабылдаған пациенттерде жұлын сұйықтығының концентрациясы оның қан плазмасындағы тиісті концентрациясының 0.26 %-дан 1.19 %-ға дейінін (орта есеппен – 0.69 %) құраған. Бұл пайыздық көрсеткіш эфавиренздің қан плазмасындағы фракциясының ақуыздармен (еркін) байланысы жоқ көрсеткішіне қарағанда шамамен 3 есе жоғары.

Биотрансформациясы. Клиникалық зерттеулер және адам бауыры микросомасының in vitro зерттеулері эфавиренздің ең алдымен P450 цитохромы жүйесімен гидроксилденген метаболиттер түзе отырып, кейін осы гидроксилденген метаболиттердің глюкуронидациясына ұласумен метаболизденетінін көрсетті, негізінен бұл метаболиттер АИВ-1 қатысты белсенді емес. Іn vitro зерттеулер CYP3A4 және CYP2B6 эфавиренздің метаболизміне жауап беретін негізгі изоферменттер болып табылатынын, және эфавиренз Р450 цитохромы жүйесінің 2C9, 2C19, және 3A4 изоферменттерін тежейтінін көрсетеді. Іn vitro зерттеулерде эфавиренз CYP2E1-ді тежеген жоқ және клиникалық тәжірибеде қолданылатын шамадан едәуір асып кететін концентрацияларда ғана CYP2D6 мен CYP1A2-ні тежеді.

Эфавиренздің қан плазмасындағы экспозициясы CYP2B6 изоферментінің гомозиготалы G516T генетикалық нұсқасы бар пациенттерде жоғарылауы мүмкін. Мұндай өзара байланыстың клиникалық маңызы белгісіз; алайда эфавиренз-астасқан жағымсыз реакциялар жиілігінің және ауырлығының жоғарылауы мүмкін екендігін жоққа шығаруға болмайды.

Эфавиренз P450 цитохромы жүйесінің ферменттерін индукциялайды, бұл өзінің меншікті метаболизмінің индукциясына әкеп соғады. Инфекция жұқтырмаған еріктілерде 10 күн бойына тәулігіне 200‑400 мг дозадан көп рет қабылдау болжамға қарағанда (22-42 %-ға төмен) төмендеу жинақталуына және бір реттік дозаны қабылдаумен салыстырғанда ақырғы жартылай шығарылу кезеңінің қысқалау болуына әкелді.

Шығарылуы. Эфавиренз бір реттік дозаны қабылдағаннан кейін 52 сағатқа дейінді және көп реттік дозадан кейін 40–55 сағатты құрайтын салыстырмалы түрде ұзақ жартылай шығарылу кезеңіне ие. Несеппен бірге эфавиренздің радиоактивті-таңбаланған дозасының шамамен 14–34 %-ы шығарылады және эфавиренз дозасының 1 %-дан азы несеппен бірге өзгермеген күйінде шығарылады.

Пациенттердің жекелеген топтары

Бауыр функциясының бұзылуы. Стокринді бір реттік тағайындаудан кейін бауыр функциясының ауыр дәрежедегі жеткіліксіздігі (Чайлд-Пью бойынша С класы) бар бір пациентде эфавирездің жартылай шығарылу кезеңінің 2 рет жоғарылағаны жөнінде деректер бар, бұл мұндай пациенттерде эфавиренздің жиналуы өте жоғары дәрежеде болатындығын айғақтайды. Бірнеше реттік дозаны қолданумен жүргізілген зерттеу де бақылау тобымен салыстырғанда бауыр функциясының ауырлығы жеңіл (Чайлд-Пью бойынша А класы) дәрежедегі бұзылуы бар пациенттерде эфавиренз фармакокинетикасына елеулі әсері жоқтығын көрсетті. Бауыр функциясының орташа және ауыр түрде (Чайлд-Пью бойынша В немесе С класы) бұзылуының эфавиренз фармакокинетикасына әсерін анықтау үшін деректер жеткіліксіз.

Жынысы, нәсілі, жасы. Азиялық нәсіл өкіліне жататын әйелдер және Тынық мұқиты аралдарының тұрғындары эфавиренздің әсеріне, осы топтарда препараттың жағымдылығының аздығы жөнінде деректер жоқ болғанмен, көбірек ұшырайды. Егде жастағы пациенттерде фармакокинетикасы зерттелген жоқ.

Балалар. Эфавиренздің фармакокинетикалық параметрлеріне тұрақты жағдайда балаларда популяциялық фармакокинетикалық үлгілер негізінде болжам жасалды және 1-кестеде беріліп отыр.

1-кесте. АИТВ жұқтырған балаларда эфавиренздің болжамды тұрақты фармакокинетикасы*.

Дене салмағы

Дозасы

ОрташаAUC(0-24), µM·сағ.

Орташа Cmax,

µг/мл

Орташа Cmin, µг/мл

3.5-5 кг

100 мг

220.52

5.81

2.43

5-7.5 кг

150 мг

262.62

7.07

2.71

7.5-10 кг

200 мг

284.28

7.75

2.87

10-15 кг

200 мг

238.14

6.54

2.32

15-20 кг

250 мг

233.98

6.47

2.3

20-25 кг

300 мг

257.56

7.04

2.55

25-32,5 кг

350 мг

262.37

7.12

2.68

32.5-40 кг

400 мг

259.79

6.96

2.69

>40 кг

600 мг

254.78

6.57

2.82

* Салмағы 40 кг-нан төмен пациенттер үшін дозалау тек ақпарат үшін ғана көрсетілген.

Зерттеулер дене салмағына сәйкес 600 мг баламалы дозада эфавиренз қабылдаған 49 педиатриялық пациентде Cmax 14.1 μM, Cmin 5.6 μM, AUC 216 μM/ сағ. құрағанын анықтады. Педиатриялық және ересек пациенттерде эфавиренздің фармакокинетикасы бірдей.

Фармакодинамикасы

Әсер ету механизмі. Эфавиренз – бұл 1 типті адам иммунитеті тапшылығы (АИВ-1) вирусының кері транскриптазасының нуклеозидтік емес тежегіші (КТНЕТ). Эфавиренздің белсенділігі адам иммунитеті тапшылығы вирусының (АИВ-1) кері транскриптаза (КТ) ферментін тікелей бөгеуімен жүзеге асады. Эфавиренз 2 типті адам иммунитеті тапшылығы вирусының (АИВ-2) КТ-ға және адам ДНҚ-полимеразасына (α, β, γ немесе δ) елеулі тежегіш әсер бермейді.

Вирусқа қарсы белсенділігі. Жабайы штаммдарды немесе зидовудин-резистентті зертханалық және in vitro клиникалық штаммдарды 90-95 % бәсеңдету үшін қажетті эфавиренздің бос концентрациясы лимфобласты жасушалық желілерде, шеткергі қанның мононуклеарлық жасушаларында (ШҚМЖ) және макрофагальдік/моноцитарлық өсірінділерде 0.46-дан 6.8 нМ дейінгі диапазонда ауытқиды.

Резистенттілігі. Эфавиренздің жасушалық өсіріндідегі КТ 48, 108, 179, 181 немесе 236 позицияларында амин қышқылдарын алмастырумен немесе АИТВ-1 протеазада амин қышқылдарын алмастырумен АИТВ-1 штаммдарына қарсы тиімділігі вирустың жабайы штаммдарында байқалғанға ұқсас болды. Эфавиренздің жасушалық өсіріндідегі ең жоғары резистенттілігіне әкелген бір реттік алмастыру лейцинді 100 позицияда (L100I, резистенттілігінің жоғарылауы 17-22 есе) изолейцинге және лизинді 103 қалыпта (K103N, резистенттілігінің жоғарылауы 18-33 есе) аспарагинге алмастыруға сәйкес келді. K103N экспрессиялайтын АИТВ мутацияларында КТ басқа амин қышқылдарын алмастыруға қосымша ретінде сезімталдықтың 100 еседен астамға азайғаны байқалды.

K103N мутациясы эфавирензді индинавирмен немесе зидовудинмен+ламивудинмен үйлестіріп жүргізілген клиникалық зерттеулер барысында қайталанулар байқалған пациенттердің вирустық штаммдарында жиірек кездеседі. Бұл мутация эфавиренз қабылдаған, вирусологиялық тиімділігі жоқ пациенттердің 90 %-да байқалды. Сондай-ақ КТ 98, 100, 101, 108, 138, 188, 190 немесе 225 позицияларында алмасулар, бірақ төмендеу жиілікпен байқалды, көбіне олар тек K103N-мен үйлескенде ғана аңғарылды. Эфавирензге резистенттілікпен байланысты КТ-да аминқышқылдық орын алмасу мутациясы кешенде эфавирензбен бірге пайдаланылатын басқа антиретровирустық препараттарға (АРВП) байланысты болған жоқ.

Айқаспалы резистенттілігі. Жасушалық өсірінділердегі эфавиренз, невирапин және делавирдин үшін айқаспалы резистенттіліктің бейіндері АИТВ K103N мутациясының барлық үш КТНЕТ-ге сезімталдығының жоғалуымен қатар жүретіндігін көрсетті. Делавирдинге резистентті сыналған клиникалық үш штаммның екеуі эфавирензге айқаспалы резистентті болды және K103N мутациясы бар болып шықты. КТ 236 позициясында орын алмасқан үшінші штаммның эфавирензге айқаспалы резистенттілігі болған жоқ.

Емнің сәтсіз нәтижесін (вирустық жүктеменің жоғарылауымен) көрсеткен эфавиренздің клиникалық сынақтарына қатысқан ШҚМЖ пациенттерден бөлініп алынған вирустық штаммдар КТНЕТ-ке сезімталдығына қарай бағаланды. Бұрын эфавирензге резистентті деп сипатталған он үш штамм невирапин мен делавирдинге де резистентті болды. Осы КТНЕТ-резистентті штаммдардың бесеуінде КТ-дегі K103N немесе 108 (V108I) позицияда валин–изолейцинді орын алмасулары болды. Зерттелген штаммдардың эфавирензбен емдеу нәтижесінің сәтсіз болуына әкелген үшеуі жасуша өсіріндісінде эфавирензге сезімтал болып қалды және сондай-ақ невирапин мен делавирдинге де сезімтал болды.

Әртүрлі нысана-ферменттердің болуы салдарынан, эфавиренз бен протеаза тежегіштерінің (ПТ) арасындағы айқаспалы резистенттілік мүмкіндігі төмен болып табылады. Эфавиренздің және КТ-ның нуклеозидтік тежегіштерінің арасындағы айқаспалы резистенттіліктің болуы, нысанамен байланысатын аймақтардың әртүрлі болуы салдарынан, екіталай.

Қолданылуы

  • ересектердегі, жасөспірімдердегі және 6 жастан асқан балалардағы АИВ-1 инфекциясында вирусқа қарсы біріктірілген ем құрамында

Қазіргі таңда АИТВ инфекцияның кең жайылған сатысындағы пациенттерде, CD4 саны <50 жасуша/мм3 болғанда немесе протеаза тежегіштерімен (ПТ) емдеу тиімді болмағанда Стокринді қолдану жөнінде деректер жоқ. Стокрин мен ПТ арасында айқаспалы резистенттіліктің ықтималдылығы айғақталған жоқ, сондықтан Стокринмен емдеу тиімсіз болғаннан кейін ПТ біріктіріп емдеудің тиімділігі белгісіз.

Қолдану тәсілі және дозалары

Емді АИТВ инфекцияларын емдеу тәжірибесі бар дәрігер жүргізуі тиіс.

Біріктірілген антиретровирустық ем (БАРЕ). Стокринді басқа АРВП-пен біріктіріп тағайындаған жөн. Стокринді ашқарынға қабылдау ұсынылады. Стокринді тамақтану кезінде қолданғаннан кейін байқалған эфавиренз концентрациясының жоғарылауы жағымсыз реакциялардың пайда болу жиілігінің жоғарылауына әкеп соғуы мүмкін. Жүйке жүйесі тарапынан болатын жағымсыз әсерлерге қатысты жағымдылығын жақсарту үшін препаратты ұйықтар алдында қабылдауға кеңес беріледі.

Ересектер. Протеаза тежегішімен (ПТ)/протеаза тежегішісісіз кері транскриптазаның нуклеозидтік тежегіштерімен (КТНТ) біріктірілген Стокриннің ұсынылатын дозасы ішке тәулігіне 1 рет 600 мг құрайды.

Дозаларды түзету. Стокринді вориконазолмен бірге қолданған жағдайда, вориконазолдың дозасы 400 мг-ға дейін (әрбір 12 сағ. сайын) арттырылуы тиіс, ал Стокриннің дозасы тәулігіне 300 мг-ға дейін екі есе азайтылуы керек. Вориконазолмен емдеуді тоқтатқанда Стокрин дозасы бастапқы дозасына дейін қалпына келуі мүмкін. Дене салмағы ≥50 кг пациенттерде Стокринді рифампицинмен бірге тағайындағанда Стокриннің дозасы тәулігіне 800 мг-ға дейін арттырылуы мүмкін.

Балалар мен жасөспірімдер (дене салмағы ≥40 кг, 6-дан 17 жасқа дейінгі). Стокриннің ПТ және/немесе КТНТ біріктіріп ұсынылатын тәуліктік дозасы тәулігіне 600 мг құрайды. Стокрин таблеткаларын оны оңай жұта алатын балалар мен жасөспірімдерге ғана тағайындаған жөн.

Балалар мен жасөспірімдер (дене салмағы <40 кг, 6-дан 17 жасқа дейінгі). 6-дан 17 жасқа дейінгі дене салмағы 40 кг-нан төмен болатын балалар мен жасөспірімдер 200 мг және 50 мг Стокрин таблеткаларын қабылдай алады. Стокрин таблеткаларын оны жұта алатын балаларға тағайындаған жөн.

Дене салмағы ≥13 кг, 3-тен 6 жасқа дейінгі балалар. Дене салмағы ≥13 кг, 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларға Стокрин ерітінді түріндегі дәрілік түрде тағайындалады.

Стокрин таблеткасын қолданудың қауіпсіздігі және тиімділігі 3 жасқа дейінгі және дене салмағы 13 кг-ден төмен болатын балаларда анықталған жоқ.

Жағымсыз әсерлері

Туындау жиілігі бойынша және анатомиялық-емдік тобына сәйкес жіктелген жағымсыз реакциялар. Жиілігі төмендегіше белгіленді: өте жиі (≥1/10); жиі (≥1/100, <1/10); жиі емес (≥1/1000, <1/100); сирек (≥1/10000, <1/1000).

Өте жиі

  • бөртпе

Жиі

  • қышыну

  • іштің ауыруы, жүректің айнуы, құсу, диарея

  • шаршау, депрессия

  • бас айналу, ұйқысыздық, ұйқышылдық, зейінді жұмылдырудың нашарлауы және әдеттегіден тыс түс көру, зейіннің бұзылуы, бас ауыру, мишықтық үйлесімнің және тепе-теңдіктің бұзылуы

  • гипертриглицеридемия

Жиі емес

  • аса жоғары сезімталдық реакциясы, экссудативті полиморфты эритеманы, Стивенс-Джонсон синдромын қоса

  • жедел гепатит, панкреатит

  • аффективті құбылмалылық, сананың шатасуы, эйфориялық көңіл-күй, елестеулер, психоз, суицидтік идеялар, озбыр мінез-құлық, параноидальді реакциялар, маниакальді реакциялар

  • ажитация, амнезия, атаксия, үйлесімнің бұзылуы, құрысулар, патологиялық ойлар, тремор

  • көрудің көмескіленуі

  • құлақтың шыңылдауы, вертиго

  • тері жабынына қан құйылулар

  • гинекомастия (еркектерде және әйелдерде)

  • гиперхолестеринемия

Сирек

  • бауыр функциясының жеткіліксіздігі

  • сандырақтау, невроз, аяқталған суицид

  • фотоаллергиялық дерматит

  • біріктірілген антиретровирустық терапия АИТВ жұқтырған пациенттерде шеткергі және бет терісі астылық шелмайдың жоғалуын, құрсақішілік және висцеральді май қабаттарының ұлғаюын, сүт безінің гипертрофиясын және мойынның артқы бөлігінде май қабаттарының жиналуын (бизон өркеші) қоса, май қабаттарының қайта таралуымен (липодистрофия) астасады

  • инсулинге резистенттілік, гипергликемия және гиперлактацемия

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық

  • бауыр функциясының ауыр бұзылулары (Чайлд-Пью бойынша С класы)

  • эфавирензді терфенадинмен, астемизолмен, цизапридпен, мидазоламмен, триазоламмен, пимозидпен, бепридилмен немесе қастауыш алкалоидтарымен (мысалы, эрготамин, дигидроэрготамин, эргоновин, метилэргоновин) бір мезгілде қабылдау, эфавиренздің CYP3A4-пен бәсекелес байланысуы және метаболизмінің тежелуі салдарынан, жүрек аритмиясын, ұзаққа созылатын седативтік әсерін немесе тыныстың тарылуын қоса, өмірге қауіп төндіретін жағдайларға әкеп соғуы мүмкін

  • құрамында шілтерлі шайқурай (Hypericum perforatum) бар препараттармен бір мезгілде қабылдау (эфавиренздің қан плазмасындағы концентрациясының ықтимал төмендеуіне және клиникалық тиімділігінің азаюына байланысты)

  • жүктілік және лактация кезеңі

  • дене салмағы 40 кг-нан төмен, 6 жасқа дейінгі балалар

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

CYP3A4 тежегіштері мен индукторлары. Стокриннің плазмалық концентрациялары CYP3A4 субстраттарының, тежегіштерінің немесе индукторларының әсерімен өзгеруі мүмкін. Стокрин өз кезегінде осы изоферменттердің индукциясы салдарынан CYP3A4 немесе CYP2B6 изоферменттері үшін субстраттар болып табылатын препараттардың плазмалық концентрациясын өзгертуге қабілетті. Стокринді CYP3A4 субстраттарымен бірге қабылдағанда емнің алғашқы күндері препараттар концентрациясы деңгейлерінің жоғарылау қаупі салдарынан және ауыр әрі өмірге қауіп төндіретін жағдайлардың (жүрек аритмиясы, ұзақ седативтік әсер, тыныстың тарылуы) дамуы салдарынан сақтық шараларын қолдану керек. Эфавирензді қастауыш туындылары сияқты (дигидроэрготамин, эргоновин, эрготамин, метилэргоновин) препараттармен, мидазоламмен, триазоламмен, бепридилмен, цизапридпен және пимозидпен бірге қолданғанда сақтық таныту керек.

Ретровирустарға қарсы дәрілермен бір мезгілде қабылдау

Кальций фосампренавирі/ритонавир. Кальций фосампренавирінің медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулығын білу керек.

Атазанавир. Стокрин атазанавирдің әсерін азайтады. Стокринмен бірге тағайындауды реттеу үшін атазанавирдің медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулығын білу керек.

Индинавир/ритонавир. Эфавирензбен біріктіріп тағайындағанда индинавирдің оңтайлы дозасы белгісіз. Индинавирдің дозасын әрбір 8 сағат сайын 1000 мг-ге дейін арттыру, эфавирензді қабылдау себебінен, индинавирдің жоғары метаболизмін компенсацияламайды. Индинавирдің жоғары дозасын (әрбір 8 сағат сайын 1000 мг) эфавирензбен (тәулігіне 1 рет 600 мг) бірге қабылдағанда, бір ғана индинавирді (әрбір 8 сағат сайын 800 мг) қолданумен салыстырғанда, индинавирдің AUC және Cmax орта есеппен 33-46 %-ға және 39-57 %-ға төмендеген. АИТВ-1 (n=6) вирусы бар пациенттерде тәулігіне бір рет 600 мг Стокринді тәулігіне 2 рет 800/1000 мг индинавир/ритонавирмен бірге қабылдағанда индинавир мен эфавиренздің фармакокинетикасы негізінен жұқпа жұқтырмаған еріктілерден алынған деректерге ұқсас болды. Эфавирензді индинавирмен немесе индинавир/ритонавирмен бірге тағайындағанда эфавиренз дозасын түзету қажет емес.

Лопинавир/ритонавир. Лопинавир/ритонавир біріктірілімін Стокринмен бірге қабылдағанда, лопинавир/ритонавир біріктірілімін ғана қабылдаумен салыстырғанда, лопинавирдің Cmin едәуір төмендегені байқалады. Сондықтан Стокринмен біріктіргенде 500/125 мг-ға дейінгі таблетка түріндегі лопинавир/ритонавир біріктірілімінің немесе тәулігіне 2 рет пероральді түрде қолдануға арналған 533/133 мг-ға дейінгі (4 капсула немесе 6.5 мл) ерітінді түрінде тамақпен бірге тағайындалатын дозасын арттыру қажет. Бұл біріктірілімнің Стокринмен бірге тағайындалуын түзету үшін лопинавир/ритонавирдің медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулығын білу керек.

Дарунавир/ритонавир. Стокринді (тәулігіне 1 рет 600 мг) дарунавир/ритонавирмен (тәулігіне 1 рет 800/100 мг) біріктіріп қабылдағанда қан плазмасындағы дарунавирдің оңтайлы Cmin ұқсастығы анықталды. Сондықтан дарунавир/ритонавирді Стокринмен біріктіріп қолданғанда дарунавир/ритонавирді тәулігіне 2 рет 600/100 мг дозада тағайындаған жөн. Стокринмен бір мезгілде тағайындалуын реттеу үшін дарунавир/ритонавирдің медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулығын білу керек.

Маравирок. Маравирокті (тәулігіне 2 рет 100 мг) Стокринмен (тәулігіне 1 рет 600 мг) бірге тағайындағанда AUC12 және Cmax мәндері, сәйкесінше, 45 %-ға және 51 %-ға төмендеді. Стокринмен бір мезгілде қолдануды реттеу үшін маравироктің медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулығын білу керек.

Ралтегравир. Эфавирензді (тәулігіне 1 рет 600 мг) ралтегравирмен (бір реттік доза 400 мг) біріктіріп қолданғанда «концентрация-уақыт» қисығы астындағы ауданның (AUC), ралтегравирдің қан плазмасындағы ең жоғары және ең төменгі концентрацияларының (Cmax, және Cmin) мәндері, сәйкесінше, 36 %-ға, 36 %-ға және 21 %-ға төмендегені байқалды. Өзара әрекеттесу механизмі бауырдың UGT1A1 изоферменттерінің эфавирензбен индукциялануына негізделген. Ралтегравир үшін дозаны түзету қажет емес.

Ритонавир. Жұқпа жұқтырмаған еріктілерге 600 мг Стокринді (ұйықтар алдында тәулігіне 1 рет) және 500 мг ритонавирді (әрбір 12 сағат сайын) бір мезгілде қолдануды зерттеу бұл біріктірілімнің жағымдылығы нашар болғанын және клиникалық жағымсыз әсерлер жиілігінің артуына (оның ішінде бас айналу, жүректің айнуы, парестезиялар) және зертханалық көрсеткіштердің ауытқуына (бауыр ферменттерінің жоғарылауы) әкелгенін көрсетті. Стокринді ритонавирмен бірге қолданғанда бауыр ферменттері деңгейіне тұрақты бақылау жүргізу ұсынылады.

Саквинавир. Саквинавирді (жұмсақ желатин капсула түрінде тәулігіне 3 рет 1200 мг) Стокринмен бірге қабылдағанда саквинавирдің AUC және Cmax мәндері, сәйкесінше, 62 %-ға және 45-50 %-ға төмендеді. Стокринді саквинавирмен біріктіргенде жалғыз ПТ ретінде қолдану ұсынылмайды.

Эфавиренз. Стокринді құрамында эфавиренз бар басқа препараттармен (мысалы, Атрипла) бір мезгілде қолданғанда дозаны түзету, қажеттілік (мысалы, рифампицинмен бірге қолданғанда) жағдайлардан басқасында, ұсынылмайды.

С гепатиті вирусы протеазасының тежегіштері

Боцепревир. Эфавирензді (тәулігіне 1 рет 600 мг) боцепревирмен (тәулігіне 3 рет 800 мг) қабылдағанда боцепревирдің плазмадағы қалдық концентрациясы (Cmin ↓44 %) төмендейді. Осы төмендеудің клиникалық маңызы белгісіз.

Телапревир. Телапревир және эфавирензді бір мезгілде қолдану телапревир және эфавиренз экспозициясының төмендеуіне әкеледі. Әрбір 8 сағат сайын 1125 мг телапревирді және тәулігіне 1 рет 600 мг эфавирензді бірге қолданғанда, әрбір 8 сағат сайын 750 мг телапревирді ғана қолданумен салыстырғанда, телапревирдің AUC, Cmax және Cmin мәндері, сәйкесінше, 18 %-ға, 14 %-ға және 25 %-ға, эфавиренздің AUC, Cmax және Cmin мәндері, сәйкесінше, 18 %-ға, 14 %-ға және 10 %-ға азайды. Телапривир мен эфавирензді бірге қолдану жөнінде қосымша ақпарат алу үшін телапривирдің медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулығын білу қажет.

Симепревир. Симепревирді эфавирензбен бірге тағайындау, P3A цитохромының эфавирензбен индукциясына байланысты, қан плазмасында симепревир концентрациясының едәуір төмендеуіне әкеледі, ол симепревирдің емдік әсерінің жоғалуына әкеп соғуы мүмкін. Симепревирді Стокринмен бірге енгізу ұсынылмайды. Нақтырақ ақпаратты симепревирдің медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулықтан қараңыз.

Микробтарға қарсы препараттар

Рифампициндер. Рифампицин жұқпа жұқтырмаған 12 еріктіде эфавиренздің AUC 26 %-ға және Cmax 20 %-ға төмендетті. Рифампицинмен бірге қолданғанда дене салмағы 50 кг және одан астам пациенттерде Стокрин дозасын тәулігіне 800 мг дейін арттыру қажет. Рифампицинді Стокринмен бірге қабылдағанда дозаны түзету қажет емес.

Жұқпа жұқтырмаған еріктілерде эфавиренз рифабутиннің Cmax және AUC мәндерін сәйкесінше 32 %-ға және 38 %-ға төмендетті, және рифабутин клиренсін жоғарылатты. Рифабутин эфавиренздің фармакокинетикасына айтарлықтай ықпалын тигізбейді. Рифабутиннің тәуліктік дозасы оны эфавирензбен бірге қолданғанда 50 %-ға арттырылуы тиіс. Рифабутинді (аптасына 2-3 рет) Стокринмен бірге тағайындағанда рифабутин дозасы 50 %-ға арттырылуы мүмкін.

Кларитромицин. Тәулігіне 1 рет 400 мг Стокринді жеті күн бойына 500 мг кларитромицин дозасымен (әрбір 12 сағат сайын) бір мезгілде қолдану кларитромициннің фармакокинетикасына елеулі әсерін тигізеді. Кларитромициннің AUC және Cmax мәндері, сәйкесінше, 39 % және 26 % азайды, алайда кларитромицин гидроксиметаболитінің AUC және Cmax мәндері Стокринмен бір кешенде қолданғанда, сәйкесінше, 34 %-ға және 49 %-ға артты. Бұл өзгерістердің клиникалық маңызы белгісіз. Жұқпа жұқтырмаған еріктілердің 46 %-да Стокрин мен кларитромицинді қабылғанда бөртпе пайда болды. Стокринді кларитромицинмен бірге қолданғанда Стокриннің дозасын түзетудің қажеті жоқ. Кларитромицин басқа препаратқа алмастырылуы мүмкін.

Зеңге қарсы препараттар

Вориконазол. Жұқпа жұқтырмаған еріктілерде Стокринді (тәулігіне 1 рет ішке 400 мг) вориконазолмен (әрбір 12 сағат сайын пероральді түрде 200 мг) бірге қолдану екі жақты өзара әрекеттесуге әкелді. Тұрақты жағдайда вориконазолдың AUC мен Cmax мәндері, сәйкесінше, 77 %-ға және 61 %-ға төмендеді, ал тұрақты жағдайда эфавиренздің AUC мен Cmax мәндері, сәйкесінше, 44 %-ға және 38 %-ға жоғарылады. Эфавиренз мен вориконазолдың стандартты дозаларын бірге қолдануға болмайды.

Инфекция жұқтырмаған еріктілерде эфавирензді (тәулігіне 1 рет ішке 300 мг) вориконазолмен (тәулігіне 2 рет 300 мг) бірге енгізуден кейін, тәулігіне 2 рет 200 мг дозада вориконазолды ғана қабылдаумен салыстырғанда, вориконазолдың AUC және Cmax мәндері, сәйкесінше, 55 %-ға және 36 %-ға төмендеді; тәулігіне 1 рет 600 мг эфавирензді ғана қабылдаумен салыстырғанда, эфавиренздің AUC мәні баламалы болды, бірақ Cmax мәні 14 %-ға төмендеді.

Инфекция жұқтырмаған еріктілерде эфавирензді (тәулігіне 1 рет ішке 300 мг) вориконазолмен (тәулігіне 2 рет 400 мг) бірге енгізгеннен кейін, тәулігіне 2 рет 200 мг доза вориконазолды ғана қабылдаумен салыстырғанда, вориконазолдың AUC мәні 7 %-ға төмендеді және Cmax мәні 36 %-ға артты. Мұндай айырмашылық клиникалық тұрғыдан маңызды деп қарастырылмады. Тәулігіне 1 рет 600 мг доза эфавирензді қабылдаумен салыстырғанда, эфавиренздің AUC мәні 17 %-ға артты, ал Cmax мәні баламалы болды.

Стокринді вориконазолмен бірге қолданғанда вориконазолдың демеуші дозасын тәулігіне 2 рет 400 мг дейін арттыру керек, ал Стокриннің дозасын 50 %-ға, яғни тәулігіне 1 рет 300 мг дейін азайту керек. Вориконазолмен емді тоқтатқанда Стокриннің бастапқы дозасын қалпына келтіру керек.

Итраконазол. Инфекция жұқтырмаған еріктілерде эфавирензді (тәулігіне 1 рет ішке 600 мг) итраконазолмен (әрбір 12 сағат сайын ішке 200 мг) бірге енгізу, итраконазолды ғана енгізумен салыстырғанда, итраконазолдың AUC, Cmax, және Cmin тұрақты деңгейін, сәйкесінше, 39 %-ға, 37 %-ға және 44 %-ға төмендетті, ал гидроксиитраконазолдың сондай көрсеткіштерін, сәйкесінше, 37 %-ға, 35 %-ға және 43 %-ға төмендетті. Эфавиренздің фармакокинетикасына әсерін тигізген жоқ. Итраконазол дозалануы бойынша ұсыныстар жасауға болмайтындықтан, зеңге қарсы басқа препараттардың баламалы нұсқаларын қарастыру керек.

Позаконазол. Стокринді (тәулігіне 1 рет ішке 400 мг) позаконазолмен (тәулігіне 2 рет ішке 400 мг) бірге қолдану, позаконазолды ғана қабылдаумен салыстырғанда, позаконазолдың AUC және Cmax мәндерін, сәйкесінше, 50 %-ға және 45 %-ға төмендетті. Позаконазол мен Стокринді, егер тек пациент үшін пайдасы қаупінен жоғары болмаса, бір мезгілде қабылдауға жол бермеген жөн.

Безгекке қарсы заттар

Атоваквон және прогуанил гидрохлориді. Стокринді (тәулігіне 1 рет ішке 600 мг) атоваквонмен және прогуанилмен (тәулігіне 1 рет 250/100 мг) бірге қолдану, глюкуронидацияны индукциялау арқылы, атоваквон үшін AUC мен Cmax мәндерін, сәйкесінше, 75 %-ға және 44 %-ға және прогуанил үшін AUC мәнін 43 %-ға төмендетті. Кез келген мүмкін жағдайда атоваквон/прогуанилді Стокринмен бір мезгілде қабылдауға жол бермеген жөн.

Артеметер-люмефантрин. Эфавирензді (тәулігіне 1 рет 600 мг) 20 мг артеметер/120 мг люмефантрин таблеткаларымен (3 күн бойына 6 рет 4 таблеткадан) бір мезгілде қолдану артеметер, дигидроартемизинин (артеметердің белсенді метаболиті) және люмефантрин экспозицияларының, сәйкесінше, шамамен 51 %-ға, 46 %-ға, және 21 %-ға төмендеуіне әкелді. Эфавиренздің экспозициясы айтарлықтай өзгерген жоқ. Стокринмен бірге қолданғанда артеметер, дигидроартемизинин және люмефантрин концентрацияларының төмендеуі салдарынан безгекке қарсы әсері төмендеуі мүмкін екендігін ескеру қажет.

Гиполипидемиялық заттар

Эфавирензді A-редуктазаның гидроксиметилглутарил-кофермент тежегіштерімен бірге қолдану: аторвастатинмен, правастатинмен немесе симвастатинмен бірге қолдану жұқпа жұқтырмаған еріктілердің қан плазмасында статин концентрациясының төмендегенін көрсетті. Холестерин деңгейіне мезгіл-мезгіл мониторинг жүргізу қажет. Статиннің дозасын түзету қажет болуы мүмкін.

Аторвастатин. Жұқпа жұқтырмаған еріктілерде Стокринді (тәулігіне 1 рет ішке 600 мг) аторвастатинмен (тәулігіне 1 рет ішке 10 мг) бірге қолдану, аторвастатинді ғана қолданумен салыстырғанда, тұрақты жағдайда AUC мен Cmax мәндерін аторвастатинде, сәйкесінше, 43 %-ға және 12 %-ға, 2-гидрокси–аторвастатинде, сәйкесінше, 35 %-ға және 13 %-ға, 4-гидрокси-аторвастатинде, сәйкесінше, 4 %-ға және 47 %-ға, және A-редуктазаның гидроксиметилглутарил-коферментінің жалпы тежегіштерінде, сәйкесінше, 34 %-ға және 20 %-ға төмендетті.

Правастатин. Жұқпа жұқтырмаған еріктілерде Стокринді (тәулігіне 1 рет ішке 600 мг) правастатинмен (тәулігіне 1 рет ішке 40 мг) бірге қолдану, правастатинді ғана енгізу режимімен салыстырғанда, тұрақты жағдайда правастатиннің AUC мен Cmax мәндерін, сәйкесінше, 40 %-ға және 18 %-ға төмендетті.

Симвастатин. Жұқпа жұқтырмаған еріктілерде Стокринді (тәулігіне 1 рет ішке 600 мг) симвастатинмен (тәулігіне 1 рет ішке 40 мг) бірге қолдану, симвастатинді ғана қолдану режимімен салыстырғанда, тұрақты жағдайда AUC мен Cmax мәндерін симвастатинде, сәйкесінше, 69 %-ға және 76 %-ға төмендетті, симвастатин қышқылы сияқты белсенді метаболиттерде, сәйкесінше, 58 %-ға және 51 %-ға, A-редуктазаның гидроксиметилглутарил-коферментінің (ГМГ-КоА редуктаза) жалпы белсенді тежегіштерінде, сәйкесінше, 60 %-ға және 62 %-ға, ГМГ-КоА редуктазаның жалпы тежегіштерін, сәйкесінше, 60 %-ға және 70 %-ға төмендетті.

Эфавирензді аторвастатинмен, правастатинмен немесе симвастатинмен бірге қабылдау эфавиренздің AUC немесе Cmax мәндеріне әсерін тигізген жоқ. Эфавиренздің дозасын түзетудің қажет емес.

Антикоагулянттар

Варфарин/аценокумарол. Варварин мен аценокумаролдың плазмадағы концентрациясы мен тиімділігінің потенциалды артуы мен азаюы мүмкін болса да, варфарин/аценокумарол және Стокриннің өзара әрекеттесуі зерттелген жоқ. Сондықтан варфарин мен аценокумаролдың дозасын түзету қажет болуы мүмкін.

Құрысуға қарсы препараттар

Карбамазепин. Жұқпа жұқтырмаған еріктілерде Стокринді (тәулігіне 1 рет ішке 600 мг) карбамазепинмен (тәулігіне 1 рет 400 мг) бірге қолдану екі тараптың өзара әрекеттесуіне әкелді. Тұрақты жағдайда Стокриннің AUC, Cmax және Cmin мәндері, сәйкесінше, 36 %-ға, 21 %-ға, және 47 %-ға төмендегенде, тұрақты жағдайда карбамазепиннің AUC, Cmax және Cmin мәндері, сәйкесінше, 27 %-ға, 20 %-ға және 35 %-ға төмендеді. Тұрақты жағдайда карбамазепин-эпоксидтің белсенді метаболитінің AUC, Cmax және Cmin мәндері өзгермей қалды. Карбамазепиннің плазмадағы деңгейін мезгіл-мезгіл бақылау керек. Эфавиренздің немесе карбамазепиннің жоғарырақ дозаларын бірге қолдану туралы деректер жоқ; сондықтан дозалауға қатысты ұсыныстар жасауға болмайды, сондай-ақ құрысуға қарсы баламалы емді қарастыру қажет.

Құрысуға қарсы басқа да препараттар. Стокриннің фенитоинмен, фенобарбиталмен және CYP450 изоферменттері субстраттары болып табылатын басқа да құрысуға қарсы препараттармен потенциалды өзара әрекеттесулері туралы деректер жоқ. Стокринді бұндай препараттармен бір мезгілде қолданғанда плазмадағы әрбір заттың концентрациясының төмендеу немесе ұлғаю мүмкіндігі бар; демек, олардың плазмадағы деңгейіне мезгіл-мезгіл мониторинг жүргізу керек. Стокриннің вигабатринмен немесе габапентинмен өзара әрекеттесулеріне арнайы зерттеулер жүргізілген жоқ. Вигабатрин және габапентин өзгермеген күйінде несеппен ғана шығарылатындықтан, клиникалық тұрғыдан маңызды өзара әрекеттесулер күтілген жоқ, және Стокриннің метаболизмдік ферменттері мен шығарылу жолдары сияқты олардың метаболизмдік ферменттер және шығарылу жолдары үшін бәсекелесуі екіталай.

Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі

Гормональді контрацептивтер

Оральді. Ішу арқылы қабылданатын контрацептивтерді (тәулігіне 1 рет 0.035 мг этинилэстрадиол /0.25 мг норгестимат) және Стокринді (тәулігіне 1 рет 600 мг) 14 күн бойына бірге қолданғанда, Стокрин этинилэстрадиолдың концентрациясына әсерін тигізген жоқ. Эфавиренз қатысқан жағдайда норгестиматтың белсенді метаболиттерінің норэлгестроминнің және левоногестрелдің плазмадағы концентрациялары айтарлықтай төмендеді. Норэлгестроминнің AUC, Cmax және Cmin мәндері, сәйкесінше, 64 %-ға, 46 %-ға және 82 %-ға төмендеді, және левоногестрелдің AUC, Cmax және Cmin мәндері, сәйкесінше, 83 %-ға, 80 %-ға және 86 %-ға төмендеді. Бұл әсерлердің клиникалық маңыздылығы белгісіз. Этинилэстрадиол/норгестиматтың плазмадағы Стокрин концентрациясына әсері байқалған жоқ.

Инъекциялар. Стокринге және инъекциялық гормональді контрацепцияға қатысты ақпарат шектеулі. Депо-медроксипрогестерон ацетаты (ДМПА) мен Стокриннің дәрілік өзара әрекеттесуіне жүргізілген үш айлық зерттеуде барлық субъектілер үшін плазмадағы прогестерон деңгейі, овуляция бәсеңдетілуін ескергенде, 5 нг/мл-ден төмен күйінде қалды.

Имплантаттар. Этоногестрел және Стокрин арасындағы өзара әрекеттесу зерттелген жоқ. Стокрин қабылдаған пациенттерде этоногестрелмен контрацепция әдісінің тиімсіздігі жөнінде жекелеген постмаркетингтік мәлімдемелер бар. CYP3A4 изоферментінің индукциясы есебінен этоногестрелдің әсері төмендеуі мүмкін.

Иммунодепрессанттар. CYP3A4 арқылы метаболизденетін иммунодепрессанттарды (мысалы, циклоспорин, такролимус немесе сиролимус) эфавирензбен бірге қолданғанда, CYP3A4 индукциялануы салдарынан, иммунодепрессанттар әсерінің төмендеуін күтуге болады. Иммунодепрессанттардың дозасын түзету қажет болуы мүмкін. Стокринмен емдеудің басында немесе емдеуді тоқтатқанда ең кемінде 2 апта бойы (тұрақты концентрацияға жеткенше) иммунодепрессанттардың концентрациясына мұқият мониторинг жүргізу ұсынылады.

Метадон. Инъекциялық есірткілерді тұтынатын, АИТВ жұқтырғандардың қатысуымен жүргізілген зерттеулерде эфавирензді метадонмен бірге қолдану метадонның плазмадағы концентрациясының төмендеуіне және абстиненция симптомдарының дамуына әкелді. Абстиненция симптомдарын жеңілдету үшін метадонның дозасын орта есеппен 22 %-ға жоғарылату қажет болды. Пациенттерде мониторинг жүргізу керек және абстиненция симптомдары болған жағдайда метадон дозасын арттыру қажет.

Антидепрессанттар. Пароксетин мен Стокринді бірге қолданғанда фармакокинетикалық параметрлеріне клиникалық тұрғыдан маңызды әсерлер болған жоқ. Стокрин және пароксетинді бірге қолданғанда препараттардың дозасын түзету қажет емес. Сертралин эфавиренздің фармакокинетикасын айтарлықтай өзгертпейді. Эфавирензбен бірге қолданғанда сертралиннің Cmax, Cmin және AUC мәндері, сәйкесінше, 28.6 %-46.3 %-ға төмендеді. Сондықтан эфавирензбен бірге қолданғанда сертралин метаболизмінің индукциясын эфавирензбен компенсациялау үшін сертралин дозасын арттыру қажет. Сертралин дозасын арттыру клиникалық жауабымен анықталады. Стокринмен (тәулігіне 1 рет 600 мг) бірге қолданғанда баяу босап шығатын бупропионның (тәулігіне 1 рет 150 мг) AUC және Cmax мәндері, сәйкесінше, 55 %-ға және 34 %-ға төмендегені байқалды, гидроксибупропионның AUC мәні өзгерген жоқ, ал Смах мәні CYP2B6 индукциялануы салдарынан 50 %-ға жоғарылады. Бупропионның дозасын арттыру клиникалық жауабымен анықталады және ең жоғары ұсынылатын дозадан аспауы тиіс. Стокриннің дозасын түзету қажет емес.

Цетиризин. Цетиризиннің эфавиренздің фармакокинетикалық параметрлеріне клиникалық тұрғыдан маңызды әсері жоқ. Стокрин цетиризиннің Cmax мәнін 24 %-ға азайтты, бірақ цетиризин AUC мәніні өзгерткен жоқ. Бұндай өзгерістер клиникалық тұрғыдан маңызды деп қарастырылмайды. Стокрин және цетиризинді бірге қолданғанда препараттардың дозасын түзету қажет емес.

Лоразепам. Стокрин лоразепамның Cmax және AUC мәндерін, сәйкесінше, 16.3 %-ға және 7.3 %-ға жоғарылатты. Стокриннің лоразепаммен фармакокинетикалық өзара әрекеттесуінің клиникалық тұрғыдан маңызды болуы екіталай. Стокрин және лоразепамды бірге қолданғанда препараттардың дозасын түзету қажет емес.

Кальций антагонистері. Жұқпа жұқтырмаған еріктілерде дилтиаземмен (тәулігіне 1 рет ішке 240 мг) бірге қабылдағанда Стокриннің (тәулігіне 1 рет 600 мг) дозасын түзету, дилтиаземді ғана енгізумен салыстырғанда, AUC, Cmax, Cmin мәндерінің дилтиаземде, сәйкесінше, 69 %-ға, 60 %-ға және 63 %-ға; дилтиазем дезацетилінде, сәйкесінше, 75 %-ға, 64 %-ға және 62 %-ға; дилтиаземнің N-монодезметилінде, сәйкесінше, 37 %-ға, 28 %-ға және 37 %-ға төмендеуіне әкелді. Эфавиренздің фармакокинетикалық параметрлері аздап (11 %-16 %) жоғарыласа да, мұндай өзгерулер клиникалық тұрғыдан маңызды деп қарастырылмайды, сондықтан дилтиаземмен бірге енгізген кезде эфавиренздің дозасын түзету қажет емес. Стокриннің кальцийдің басқа антагонистерімен, CYP3A4 ферменті субстраттарынан (мысалы, верапамил, фелодипин, нифедипин, никардипин) басқа, болжамды өзара әрекеттесуі бойынша деректер жоқ. Бұл препараттардың біреуімен Стокринді бір мезгілде қолданғанда қан плазмасында кальций антагонисі концентрациясының төмендеу ықтималдығы бар. Кальций антагонистерінің дозасын түзету клиникалық жауабымен анықталады.

Каннабиоидтармен өзара әрекеттесуін зерттеу. Стокрин каннабиоидты рецепторлармен байланыспайды. Стокрин қабылдаған, инфекция жұқтырмаған еріктілерде каннабиоидтарға қатысты несеп талдауынан жалғаноң нәтиже байқалды. Оң нәтижелерді айғақтау үшін газды хроматография/масс-спектрометрияның көбірек спецификалық әдісін пайдаланған жөн.

Айрықша нұсқаулар

АИТВ инфекциясын емдеу үшін Стокрин жалғыз ғана препарат ретінде пайдаланылмауы тиіс, өйткені бұл емнің тиімсіздігіне әкеп соғады.

Стокринмен бірге тағайындалатын дәрілік препараттардың нұсқаулығын білу қажет.

Егер біріктірілген ем құрамына кіретін қандай да бір АРВП қабылдау жақпаушылығына күдіктенуге байланысты тоқтатылған болса, АРВП барлығын бір мезгілде тоқтату жөніндегі мәселені мұқият қарастыру қажет.

АРВП қабылдауды көтере алмаушылық симптомдары жоғалысымен бір мезгілде бастау керек. Жағымдылық симптомдары жоғалғаннан кейін АРВП қолдануды қайта жаңғыртуды бір мезгілде бастаған жөн. Үзіліспен жұргізілген монотерапия және АРВП әрі қарай қайта тағайындау бұл препараттарға төзімді мутантты штаммдардың түзілу ықтималдығының жоғарылауымен байланысты ұсынылмайды.

Дозаны түзету қажет болатын жағдайларды қоспағанда, мысалы, рифампинмен, Стокринді құрамында эфавиренз бар препараттармен үйлестіріп бірге енгізу ұсынылмайды.

Тері бөртпесі. Стокринді клиникалық зерттеулерде әдетте емделуді жалғастырғанда қайтатын жеңіл немесе орташа бөртпелердің пайда болу жағдайлары жөнінде мәлімделді. Антигистаминдік препараттарды және/немесе кортикостероидтарды тағайындау ем жағымдылығын жақсартуы және бөртпенің жоғалуын тездетуі мүмкін. Стокрин қабылдап жүрген науқастарда күлдіреуіктердің, ылғалды десквамациялардың немесе ойық жаралардың пайда болуының 1 %-дан аз болғаны жөнінде мәлімделді. Полиморфты эритеманың немесе Стивенс-Джонсон синдромының туындау жағдайы 0.14 %-ды құраған. Күлдіреуіктердің, десквамацияның түзілуімен, шырышты қабықтардың қамтылуымен немесе қызбамен қатар жүретін ауыр дәрежедегі бөртпесі бар науқастарда Стокрин қолдануды тоқтату керек. Эфавиренз өмірге қауіп төндіретін (мысалы, Стивенс-Джонсон синдромы) тері реакциялары бар пациенттерге ұсынылмайды. Стокринмен емді тоқтатуда резистентті вирустардың пайда болуына жол бермеу үшін басқа АРВП-мен де емдеуді тоқтату мүмкіндігін қарастырған жөн.

Стокринді қабылдағаннан кейін балаларда бөртпелердің даму жиілігін анықтауға орташа ұзақтығы 123-күндік клиникалық зерттеулерде терідегі бөртпелердің зерттеуге қатысқан 182 баланың 58-інде (32 %) бар болғаны анықталды. 6 балада ауыр дәрежедегі бөртпе байқалды. Пациенттерді 3-1507 күн бойына бақылағанда емнің 27 күні бөртпе элементтері толық қайтты. Балаларға Стокринмен емді бастағанға дейін алдын алу тұрғысынан антигистаминдік препараттар тағайындау ұсынылады.

Психикалық симптомдар. Сыртартқысында психиканың бұзылулары бар пациенттер психоэмоциональді сферасы тарапынан ауыр жағымсыз реакциялардың дамуында үлкен қауіпке ұшыраған. Сондай-ақ осыған ұқсас симптомдардың дамуы мен эфавирензді қолданудың арасында тікелей байланыс болмаса да, ауыр депрессиялар, суицид салдарынан өлім, сандырақтау және психозға ұқсас мінез-құлық туралы постмаркетингтік мәлімдемелер бар. Эфавирензді қолданумен симптомдардың пайда болуының ықтимал өзара байланысына баға беру үшін, осыған ұқсас симптомдар туындағанда олар өздерінің дәрігерлеріне дереу қаралуы тиіс екенін пациенттерге айту керек, және де, өзара байланыс айғақталған жағдайда одан әрі емдеудің пайдасы мен қаупінің арақатынасын анықтаған жөн.

Жүйке жүйесі тарапынан бұзылыстар. Клиникалық зерттеулерде эфавирензді тәулігіне 600 мг дозада қабылдаған пациенттерде бас айналу, ұйқысыздық, ұйқышылдық, зейін жұмылдырудың бұзылуы және патологиялық түс көрулер сияқты жағымсыз әсерлер жөнінде жиі мәлімделді. Жүйке жүйесі тарапынан бұзылу симптомдары, әдеттегідей, емнің бірінші немесе екінші күні ішінде біліне бастайды және әдетте алғашқы 2-4 аптадан соң қайтады. Осындай жалпы симптомдар пайда болғанда пациенттерге емді жалғастырғанда олардың қайтатыны туралы және кез келген басқа, психоэмоционалдық сфера тарапынан сирек кездесетін басқа да бұзылулардың әрі қарай дамуының алғышарты еместігінен ақпарат беру керек.

Эпилепсиялық ұстамалар. Стокрин қабылдаған пациенттерде құрысулар, негізінен, сыртартқысында эпилепсиялық ұстамалар болғанда сирек байқалды. Бауыр арқылы алғаш метаболизденетін, құрысуға қарсы препараттарды, мысалы, фенитоин, карбамазепин және фенобарбиталды бір мезгілде қабылдап жүрген пациенттерге қан плазмасындағы осы препараттардың деңгейін тұрақты бақылап отыру керек. Карбамазепинді Стокринмен бірге қолданғанда карбамазепиннің қан плазмасындағы карбамазепиннің концентрациясы азайған, сондықтан эфавирензді сыртартқысында эпилепсиялық ұстамалары бар пациенттерге тағайындағанда сақ болу қажет.

Тамақтың әсері. Стокринді тамақпен бірге қабылдау эфавиренздің әсерін күшейтуі және жағымсыз әсерлердің туындау жиілігінің жоғарылауына әкеп соғуы мүмкін. Стокринді ашқарынға, дұрысы, ұйықтар алдында қабылдауға кеңес беруге болады.

Иммунитетті қайта белсенділендіру синдромы. Иммунитетті қайта белсенділендіру синдромы Стокринді қоса, біріктірілген антиретровирустық ем (БАРЕ) қабылдаған пациенттерде байқалды. Иммундық жүйесі БАРЕ-ге сезімтал болатын пациенттерде емнің бастапқы кезеңінде латентті немесе қалдық оппортунистік инфекциялардың қабыну реакциялары дамуы мүмкін. Осыған ұқсас реакцияларды дер кезінде анықтаған және тиісті ем тағайындаған жөн.

Аутоиммундық аурулардың (Грейвс ауруы сияқты) дамуы иммунитетті қайта белсендіру синдромының салдары болды, алайда бұл аурулар емнің әртүрлі кезеңінде, тіпті ем басталғаннан кейін бірнеше айдан соң да білінген.

Арнайы топтар

Бауыр функциясының бұзылуы. Эфавиренздің метаболизмі Р450 цитохромы жүйесі арқылы жүзеге асады. Эфавирензді бауырдың созылмалы ауруы бар науқастарда қолдану бойынша клиникалық тәжірибе шектеулі, сондықтан Стокринді бауыр функциясының орташа немесе ауыр дәрежедегі жеткіліксіздігі бар пациенттерге қабылдау ұсынылмайды.

БАРЕ қабылдап жүрген, созылмалы В немесе С гепатитін қоса, бауыр аурулары бар пациенттерде ауыр және потенциальді фатальді асқынулардың туындау қаупі жоғары. Постмаркетингтік шолуларда бұрын бауыр аурулары диагностикаланбаған пациенттерде бауыр функциясы жеткіліксіздігінің туындағаны туралы деректер бар.

Бүйрек функциясының бұзылуы. Бүйрек функциясының ауыр дәрежедегі жеткіліксіздігі бар пациенттерде эфавиренздің фармакокинетикасы зерттелмеген. Несеппен эфавиренздің 1 %-ы ғана шығарылады, сондықтан бүйрек функциясының төмендеуі эфавиренздің шығарылуында үлкен рөл атқармайды. Бүйрек функциясының ауыр дәрежедегі ауырлықтағы жеткіліксіздігі бар пациенттерде бүйрек функциясын бақылау ұсынылады.

Педиатрияда қолданылуы. 3 айлыққа толмаған немесе дене салмағы 3.5 кг-нан төмен балаларға Стокриннің әсері зерттелген жоқ. Ерітінді түріндегі Стокринді 3 жасқа толмаған балаларға тағайындамаған жөн, өйткені эфавиренздің фармакокинетикасы осы жас тобында өзгеруі мүмкін. Дене салмағы ≥13 кг, 3-тен 6 жасқа дейінгі балалар препаратты ерітінді түрінде қабылдай алады. 6-дан 17 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер дене салмағы 40 кг-нан төмен болғанда Стокриннің 200 мг және 50 мг таблеткаларын қабылдай алады.

Егде жастағыларға қолданылуы. Эфавирензді клиникалық зерттеу деректері егде жастағы пациенттерде эфавирензді қолдануға жастың ықпалын анықтау үшін жеткіліксіз.

Бауыр ферменттері. В немесе С гепатиті диагностикаланған, сыртартқысында осы инфекциялар бар екендігіне күдікті пациенттерде, және гепатоуытты әсер ететін дәрілік препараттарды қабылдап жүрген науқастарда бауыр ферменттері функциясын бақылау қажет. Сарысулық трансаминазалар деңгейі қалыптың жоғарғы шегінен 5 еседен астамға тұрақты жоғарылағанда осы пациенттерде бауыр функциясы жеткіліксіздігінің даму қаупімен емдеуді жалғастырудың пайдасын салыстыру қажет.

Жүктілік және лактация кезеңі

Эфавиренз тағайындалған жануарларда ақаулардың дамуы жөнінде мәлімдемелер бар, сондықтан Стокрин қабылдап жүрген пациенттер жүктілікке жол бермегені жөн. Әрдайым контрацепцияның басқа әдістеріне қосымша бөгегіш контрацепция әдістерін, мысалы, пероральді немесе басқа да гормональді контрацептивтермен үйлестіріп пайдалану қажет.

Стокринді жүктілік кезінде қолдануға болмайды. Эфавиренз бала емізуші әйелдерде емшек сүтіне бөлінеді. АИТВ балаға жұқтырмас үшін, АИТВ жұқтырған аналарға бала емізуге болмайтынын ескеру керек.

Көлік құралын немесе қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне дәрілік заттың ықпал ету ерекшеліктері

Стокринді қолдану бас айналуды, зейінді жұмылдырудың нашарлауын және/немесе ұйқышылдықты тудыруы мүмкін. Осындай симптомдар туындаған кезде автокөлікті немесе қозғалыстағы механизмдерді басқару сияқты потенциальді қауіпті жұмыстардан аулақ болу керек екендігін пациенттерге айту қажет.

Артық дозалануы

Симптомдары: жүйке жүйесі тарапынан симптомдардың күшеюі байқалады: бас айналу, ұйқысыздық, ұйқышылдық, зейінді жұмылдырудың бұзылуы және түс көру патологиясы, бас ауыру.

Емі: демеуші ем, организмнің өмірлік маңызды көрсеткіштеріне мониторинг және пациенттің клиникалық жағдайын бақылау. Сіңбеген препаратты шығару үшін белсендірілген көмірді пайдалануға болады. Стокриннің артық дозалануын емдеуге арналған арнайы у қайтарғысы жоқ. Стокрин қан плазмасы ақуыздармен белсенді түрде байланысатындықтан, диализдің көмегімен препараттың қаннан едәуір көлемде шығарылу ықтималдығы аз.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Қорғаныш жарғақшамен дәнекерленген және құтыны балалардың ашып тастауынан қорғайтын құрылғысымен бұралатын қақпағы бар, тығыздығы жоғары ақ түсті полиэтиленнен жасалған пластмасса құтыға 30 таблеткадан салынған. Құтыға өзі желімденетін қағаз заттаңба жапсырылады және медициналық қолдану жөнінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.

Сақтау шарттары

30 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

 

Сақтау мерзімі

3 жыл

Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

Жеджианг Хуахай Фармасьютикал Ко., Лтд., Қытай

Тіркеу куәлігінің иесі

Шеринг-Плау Сентрал Ист АГ, Швейцария

Қаптаушы

Мерк Шарп және Доум Б.В., Нидерланды

Тұтынушылардан өнім (тауар) сапасы жөніндегі шағымдарды Қазақстан Республикасы аумағында қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«Шеринг-Плау Сентрал Ист АГ» компаниясының Қазақстандағы өкілдігі

Алматы қ., Достық д-лы, 38, «Кең Дала» бизнес орталығы, 5 қабат

Тел. +7 (727) 330-42-66, +7 (727) 259-80-84

Факс +7 (727) 259-80-90

эл. поштасы: dpoccis2@merck.com, pharmacovigilance.ukraine&cis@merck.com

S-LRD-PC-MK0831-MF-072014

Прикрепленные файлы

717654781477976217_ru.doc 185 кб
915948471477977480_kz.doc 236 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники