Спирт этиловый (90%, 50 мл, Химфарм АО)

МНН: Этанол
Производитель: Химфарм АО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Ethanol
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№013233
Информация о регистрации в РК: 16.09.2013 - 16.09.2018

Инструкция

Саудалық атауы

Этил спирті

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

90%, 70% ерітінді, 50 мл

Құрамы

1 л препараттың құрамында 90% 70%

белсенді зат – 96,2% этил спирті 935.6 мл 727.7 мл

қосымша зат - тазартылған су 74.7 мл 299.1 мл

Сипаттамасы

Спиртке тән иісі, күйдіргіш дәмі бар түссіз мөлдір сұйықтық

Фармакотерапиялық тобы

Басқа да антисептиктер және зарарсыздандырғыш препараттар

ATХ коды D08AX08

Фармакологиялық қасиеттері

Этанолдың жергілікті, рефлекторлық әсері тітіркендіргіштік, тұтқырлық және антисептикалық қасиетіне байланысты. Концентрацияланған этил спирті (70% және 90%) ерітіндісінің тері жабындыларына әсерінен кейін тіндер ақуыздары денатурациясына байланысты тұтқырлайтын әсері туындайды. Спирттің теріні иіткіш әсері оның сезімталдығы мен тер бөлінуін азайтып, ауыруын басуға және қышынуын тоқтатуға ықпал етеді.

Антисептикалық әсері микробтық жасушалардың цитоплазмалық және жарғақшалық ақуыздары денатурациясына байланысты. Бактериялық флораның этанолға сезімталдығы басымырақ болып келеді. Препараттың бактерицидтік әсері үшін 70% концентрация тиімдірек болып табылады. Концентрациясы жоғары болған сайын спирттің тін құрылымдарына иіткіш (тұтқырлық) әсері оның диффузиясын қиындатады, және антисептикалық әсердің тереңдеуі төмендейді.

Қолданылуы

- қолды, хирургиялық құралдарды, операция жасалатын аумақты тазалап-өңдеуде

- төсек тартып жатқан науқастарда ойылулардың алдын алуда, сүртінуде, компрестерде

Қолдану тәсілі және дозалары

Сыртқы сүртінулер үшін : мақта тампондар, сүрткілердің көмегімен теріге жағады.

Компресс жасайды.

Жағымсыз әсерлері

  • аллергиялық реакциялар
  • теріні, шырышты қабықтар мен тыныс алу жолдарының тітіркенуі және күйіктері

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • этанолға жоғары сезімталдық

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Ішке қабылдағанда орталық жүйке жүйесін бәсеңдететін препараттар әсерін арттырады.

Айрықша нұсқаулар

Компресс жасау үшін (күйдіріп алмас үшін) этанолды 1 : 1 (70 %, 90 %) арақатынасында сумен сұйылту керек.

Хирургиялық құралдарды стерилизациялау үшін сұйылтылмаған 95% спирт пайдаланылады.

Жүктілік және лактация кезеңі

Сақтықпен қолдану керек.

Педиатрияда қолдану

Компресс жасау үшін балаларға сұйылтып қолданылуы мүмкін - 1:4 (спирт және су) - 90 % ерітінді үшін, 1:3 (спирт және су) - 70 % ерітінді үшін.

Дәрілік заттың көлік құралдарын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Әсер етпейді.

Артық дозалануы

Жергілікті қолданғанда артық дозалану ықтималдығы аз. Ішке қабылдағанда жедел уыттанудың дамуы мүмкін. Симптомдары: тахикардия, метаболизмдік ацидоз, өкпенің ісінуі, гипокальциемия, гипогликемия, құрысулар, орталық жүйке жүйесі қызметінің бәсеңдеуі. Өлім тыныс алу орталығының салдануы нәтижесінде болуы мүмкін.

Емі: аналептиктер енгізген дұрыс емес, оттегіні қоса отырып, өкпені жасанды желдету жүргізіледі, жүрек гликозидтері, АӨФ тежегіштері тағайындалады. Егер бүйрек қызметі сақталып, жүрек жеткіліксіздігі және өкпенің ісіну белгілері орын алмаса, қарқынды диурез қолданылуы мүмкін. Гипогликемия мен кетозды түзету глюкоза енгізу арқылы жүргізіледі.

Шығарылу түрі және қаптамасы50 мл препараттан бақылау сақинасы бар бұрандалы металл қалпақшамен тығындалған бұрандалы мойны бар шынымассадан жасалған құтыда. Әр құтыға заттаңбалық немесе жазу қағазынан жасалған заттаңба жапсырылады. Құтылар медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі бекітілген нұсқаулықпен бірге қораптық немесе гофрланған картоннан жасалған қорапқа салынады.

Сақтау шарттары

8 °С-ден 18 °С-ге дейінгі температурада, оттан алыс, жақсы тығындалған ыдыста сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

5 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін препаратты қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

«Химфарм» АҚ, Қазақстан Республикасы,

Шымкент қ., Рашидов к-сі, н/ж, т/ф: 560882

Тіркеу куәлігінің иесі

«Химфарм» АҚ, Қазақстан Республикасы

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«Химфарм» АҚ, Шымкент қ., ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ,

Рашидов к-сі, н/ж, т/ф: 560882

Телефон нөмірі 7252 (561342)

Факс нөмірі 7252 (561342)

Электронды поштасы standart@santo.kz

 

 

 

Прикрепленные файлы

006515551477976864_ru.doc 67 кб
563742381477978028_kz.doc 87.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники