Спирт этиловый (90%, Ромат ФК)

Инструкция
-
русский
-
қазақша
Саудалық атауы
Этил спирті
Халықаралық патенттелмеген атауы
Жоқ
Дәрілік түрі
Cыртқа қолдануға арналған 70 % және 90 % ерітінді
Құрамы
1 л препараттың құрамында 70 % 90 %
белсенді зат – 96 % этанол 729 мл 937 мл
қосымша зат - 1 л-ге дейін тазартылған су
Сипаттамасы
Спиртке тән иісі мен күйдіргіш дәмі бар түссіз мөлдір, ұшпа, оңай тұтанғыш сұйықтық, көкшілдеу әлсіз жарқырап, түтінсіз алаулана жанады.
Фармакотерапиялық тобы
Басқа да антисептиктер және зарарсыздандырғыш препараттар. Этанол.
ATХ коды D08AX08
Фармакологиялық қасиеттері
Этанолдың жергілікті, рефлекторлық әсері тітіркендіргіштік, тұтқырлық және антисептикалық қасиетіне байланысты. Концентрацияланған этил спирті (70% және 90%) ерітіндісінің тері жабындыларына әсерінен кейін тіндер ақуыздары денатурациясына байланысты тұтқырлайтын әсері туындайды. Спирттің теріні иіткіш әсері оның сезімталдығы мен тер бөлінуін азайтып, ауыруын басуға және қышынуын тоқтатуға ықпал етеді.
Антисептикалық әсері микробтық жасушалардың цитоплазмалық және жарғақшалық ақуыздары денатурациясына байланысты. Бактериялық флораның этанолға сезімталдығы басымырақ болып келеді. Препараттың бактерицидтік әсері үшін 70% концентрация тиімдірек болып табылады. Концентрациясы жоғары болған сайын спирттің тін құрылымдарына иіткіш (тұтқырлық) әсері оның диффузиясын қиындатады, және антисептикалық әсердің тереңдігін төмендетеді.
Қолданылуы
- медициналық тәжірибеде этил спиртін негізінен сүртіну және компрестерге арналған сыртқы антисептикалық және тітіркендіргіш зат ретінде қолданады - хирургтар қолын өңдегенде, операция жасалатын аумақты, медициналық құрал-аспаптарын өңдеуде
Қолдану тәсілі және дозалары
Сыртқа, дымқылдап басу түрінде. Операция жасалатын аумақты өңдегенде және операция алдында хирург қолын зарарсыздандыруы үшін 70% ерітіндіні, компрестер және сүртінулер үшін 40% ерітіндіні пайдалану ұсынылады.
Жағымсыз әсерлері
- аллергиялық реакциялар
-
терінің, шырышты қабықтар мен тыныс алу жолдарының тітіркенуі және күюі
-
резорбциялы жалпы уыттылық әсер беруі мүмкін
-
ОЖЖ бәсеңдеуі
Қолдануға болмайтын жағдайлар
-
препаратқа аса жоғары сезімталдық
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Ішке қабылдағанда ОЖЖ бәсеңдететін препараттардың әсерін арттырады.
Айрықша нұсқаулар
Компресс жасау үшін (күйдіріп алмас үшін) этанолды 1 : 2 (70 %, 90 %) арақатынасында сумен сұйылту керек.
Хирургиялық құралдарды стерилизациялау үшін сұйылтылмаған 95% спирт пайдаланылады.
Жүктілік және лактация кезеңі
Сақтықпен қолдану керек.
Педиатрияда қолдану
Этанол сыртқа қолданғанда тері және шырышты қабықтар арқылы ішінара сіңеді, оны балаларға пайдаланғанда осыны ескерген жөн.
Компресс жасау үшін балаларға сұйылтып - 1:4 (спирт және су) - 90 % ерітінді үшін, 1:3 (спирт және су) - 70 % ерітінді үшін қолданылуы мүмкін.
Дәрілік заттың көлік құралдарын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Әсер етпейді.
Артық дозалануы
Жергілікті қолданғанда артық дозалану ықтималдығы аз. Шығарылу түрі және қаптамасы100 мл препараттан бұрандалы пластмасса қақпағы бар полимер тығынмен тығындалған немесе алюминий қақпақпен тығындалған бұрама мойны бар шыны массадан жасалған құтыда. Медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықтардың сәйкес санымен құтылар және құтылар саны көрсетілген қаптама парағы гофрланған картоннан жасалған тұғырға салынып, жылумен бекітілетін үлбірмен тартылады.
Сақтау шарттары
Жақсы тығындалған ыдыста, жарықтан қорғалған жерде, 25 °С-ден аспайтын температурада, оттан алыс жерде сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
5 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.
Босатылу шарттары
Рецепт арқылы
Өндіруші
«Ромат» Фармацевтикалық компаниясы ЖШС, Медициналық препараттар зауыты, Қазақстан, Семей қ., тел (7222) 340867, факс (7222)347559, e-mail: zmp@romat.kz
Тіркеу куәлігінің иесі
«Ромат» Фармацевтикалық компаниясы ЖШС, Медициналық препараттар зауыты, Қазақстан
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы «Ромат» Фармацевтикалық компаниясы ЖШС, Медициналық препараттар
зауыты, Қазақстан, Семей қ., тел (7222) 340867, факс (7222)347559, e-mail: zmp@romat.kz