Спирт этиловый (70%)

МНН: Этанол
Производитель: Фармация 2010 ТОО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Ethanol
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№003159
Период регистрации: 05.11.2015 - 05.11.2020
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)
Предельная цена закупа в РК: 51.3 KZT

Инструкция

Саудалық атауы

Этил спирті

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

90%, 70% сыртқа қолдануға арналған ерітінді, 50 мл, 90 мл, 100 мл

Құрамы

1 л препараттың құрамында 70 % 90 %

белсенді зат – 96 % этанол 727 мл 937 мл

қосымша зат –тазартылған су 1 л-ге дейін

Сипаттамасы

Спиртке тән иісі, күйдіргіш дәмі бар түссіз, мөлдір, ұшпа, оңай тұтанғыш сұйықтық. Көгілдір қауіпсіз алаулап жанады. Гигроскопиялық.

Фармакотерапиялық тобы

Басқа да антисептиктер және зарарсыздандырғыш препараттар

ATХ коды D08AX08

Фармакологиялық қасиеттері

Этанолдың жергілікті және рефлекторлық әсері тітіркендіргіштік, тұтқырлық және антисептикалық қасиетіне байланысты. Концентрацияланған этил спирті (70% және 90%) ерітіндісінің тері жабындыларына ықпалынан кейін тіндер ақуыздары денатурациясына байланысты тұтқырлайтын әсері туындайды. Спирттің теріге иіткіш әсері оның сезімталдығы мен тер бөлінуін азайтып, ауыруын басуға және қышынуын тоқтатуға ықпал етеді.

Антисептикалық әсері микробтық жасушалардың цитоплазмалық және жарғақшалық ақуыздары денатурациясына байланысты. Бактериялық флораның этанолға сезімталдығы басымырақ болып келеді. Препараттың бактерицидтік әсері үшін 70% концентрация тиімдірек болып табылады. Концентрациясы жоғары болған сайын спирттің тін құрылымдарына иіткіш (тұтқырлық) әсері оның диффузиясын қиындатады, және антисептикалық әсердің тереңдеуі төмендейді.

Қолданылуы

- қолды, хирургиялық құралдарды, операция жасалатын аумақты тазалап-өңдеуде

- төсек тартып жатқан науқастарда ойылулардың алдын алуда, сүртінуде, компрестерде

Қолдану тәсілі және дозалары

Сыртқы сүртінулер үшін : мақта тампондар, сүрткілердің көмегімен теріге жағады.

Компресс жасайды.

Жағымсыз әсерлері

  • аллергиялық реакциялар
  • теріні, шырышты қабықтар мен тыныс алу жолдарының тітіркенуі және күйіктері

Сыртқа қолданғанда тері және шырышты қабық арқылы ішінара сіңеді және резорбциялық жалпы уытты әсер беруі мүмкін (ОЖЖ бәсеңдеуі).

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • этанолға аса жоғары сезімталдық

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Ішке қабылдағанда орталық жүйке жүйесін бәсеңдететін препараттар әсерін арттырады.

Айрықша нұсқаулар

Компресс жасау үшін (күйдіріп алмас үшін) этанолды 1 : 1 (70 %, 90 %) арақатынасында сумен сұйылту керек.

Хирургиялық құралдарды стерилизациялау үшін сұйылтылмаған 95% спирт пайдаланылады.

Жүктілік және лактация кезеңі

Сақтықпен қолдану керек.

Педиатрияда қолдану

Компресс жасау үшін балаларға сұйылтып қолданылуы мүмкін - 1:4 (спирт және су) - 90 % ерітінді үшін, 1:3 (спирт және су) - 70 % ерітінді үшін.

Этанол сыртқа қолданғанда тері және шырышты қабық арқылы ішінара сіңеді, осыны балаларда пайдаланғанда ескеру керек.

Дәрілік заттың көлік құралдарын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Әсер етпейді.

Артық дозалануы

Жергілікті қолданғанда артық дозалану ықтималдығы аз. Ішке қабылдағанда жедел уыттанудың дамуы мүмкін. Симптомдары: тахикардия, метаболизмдік ацидоз, өкпенің ісінуі, гипокальциемия, гипогликемия, құрысулар, орталық жүйке жүйесі функциясының бәсеңдеуі. Өлім тыныс алу орталығының салдануы нәтижесінде болуы мүмкін.

Емі: аналептиктер енгізген дұрыс емес, оттегіні қоса отырып, өкпеге жасанды желдету жүргізіледі, жүрек гликозидтері, АӨФ тежегіштері тағайындалады. Егер бүйрек функциясы сақталып, жүрек жеткіліксіздігі және өкпенің ісіну белгілері орын алмаса, қарқынды диурез қолданылуы мүмкін. Гипогликемия мен кетозды түзету глюкоза енгізу арқылы жүргізіледі.

Шығарылу түрі және қаптамасы

50 мл, 90 мл, 100 мл препараттан полиэтилен тығынмен және бұрандалы қақпақпен немесе полиэтиленді немесе әмбебап (алюминий) немесе пластмассалы қақпақпен тығындалған, мойны бұралатын шынымассадан жасалған құтыда.

Құтылар медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге орама қағазынан жасалған бумаға немесе қораптық картоннан жасалған қорапқа немесе полиэтиленді жылу ұстағыш үлбірге немесе гофрланған картоннан жасалған жәшікке санына сай салынады.

Сақтау шарттары

Жақсы тығындалған ыдыста, 25°С-ден аспайтын температурада, жарықтан қорғалған, оттан алыс жерде сақтау керек.

Балалардан қорғау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін препаратты қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

50 мл, 90 мл – рецептісіз

100 мл – рецепт арқылы

Өндіруші

«ФАРМАЦИЯ 2010» ЖШС, Қазақстан Республикасы, Қарағанды қ., Чкалов к-сі, 7, тел. 8 (7212) 42-67-34

Тіркеу куәлігінің иесі

«ФАРМАЦИЯ 2010» ЖШС, Қазақстан Республикасы, Қарағанды қ., Чкалов к-сі, 7, тел. 8 (7212) 42-67-34

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«ФАРМАЦИЯ 2010» ЖШС, Қазақстан Республикасы, 100019, Қарағанды қ., Чкалов к-сі, 7, тел. 8 (7212) 42-67-34, е-mail: farmaciyakrg@mail.ru

 

 

 

Прикрепленные файлы

585855201477976357_ru.doc 47.5 кб
404931671477977557_kz.doc 51.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники