Спирт этиловый (70%, Шаншаров-Фарм )

МНН: Этанол
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Ethanol
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№001467
Период регистрации: 17.10.2016 - 17.10.2021
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)
Предельная цена закупа в РК: 44.19 KZT

Инструкция

Саудалық атауы

Этил спирті

Халықаралық патенттелмеген атауы

Этанол

Дәрілік түрі

70 % ерітінді

Құрамы

100 мл ерітінді құрамында

белсенді зат

96 % этил спирті

66.5 мл

қосымша заттазартылған су 33.5 мл

Сипаттамасы

Спиртке тән иісі, күйдіретін дәмі бар, түссіз, мөлдір сұйықтық.

Фармакотерапиялық тобы

Антисептиктер және дезинфекциялайтын басқа да препараттар.

АТХ коды D08AX08

Фармакологиялық қасиеттері

Этанолдың жергілікті, рефлекторлық әсері тітіркендіргіштік, тұтқырлық және антисептикалық қасиетіне байланысты. Концентрацияланған этил спирті (70% және 90%) ертіндісінің тері жабынынан әсерінен кейін тін ақуыздары денатурациясына байланысты тұтқырлық әрекеті туындайды. Спирттің теріге иіткіш әсері ауырғанын басып, қышынуда тоқтатуға ықпал ете отырып, оның сезімталдығы мен тер бөлінуін төмендетеді. Антисептикалық әсері микробтық жасушалардың цитоплазмалық және жарғақшалық ақуыздары денатурациясына байланысты. Бактериялық флораның этанолға сезімталдығы басымырақ болып келеді. Препараттың бактерицидтік әсері үшін 70% концентрация тиімдірек болып табылады. Концентрациясы жоғары болған сайын спирттің тін құрылымдарына иіткіш (тұтқырлық) әсері оның диффузиясын қиындатады, және антисептикалық әсердің тереңдеуі төмендейді.

Қолданылуы

- хирургтың қолын, операция жасалатын аумақты, медициналық құралдарды өңдеу үшін

- төсек тартып жатқан науқастарда тесілулерді профилактикалау

Қолдану тәсілі және дозалары

Сыртқа сүрту үшін - мақта тампонының, сүрткінің көмегімен теріге жағылады. Компресстер жасайды.

Жағымсыз әсерлері

- аллергиялық реакциялар

- теріні, шырышты қабықты және тыныс алу жолдарын тітіркендіру және күйдіру

- резорбтивті жалпы уытты әсер етуі мүмкін

- ОЖЖ бәсеңсіту

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • препаратқа жоғары сезімталдық

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Ішке қабылдағанда ОЖЖ бәсеңсітетін препараттар әсерін арттырады.

Айрықша нұсқаулар

Компресс жасау үшін (күйдіруін болдырмау үшін) этанолды 1 : 1 (70 %, 90 %) қатынаста сумен сұйылту керек.

Жүктілік және лактация кезеңі

Сақтықпен қолданады

Балалар

Балалар жасындағыларда компресс жасау үшін - 70 % ерітінді үшін 1 : 3 (спирт пен суды) сұйылтып қолданылуы мүмкін.

Хирургиялық құралдарды стерилизациялауға сұйылтылмаған 95 % спирт пайдаланылады.

Артық дозалануы

Жергілікті қолданғанда артық дозалану ықтималдығы аз.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Бұралып жабылатын қақпағы және полиэтиленнен жасалған тығынмен тығындалған бұрандалы мойны бар шыны құтыда немесе қақпағы және тығынмен тығындалған бұрандалы мойны бар полимерлі құтыда препарат 30 мл, 50 мл, 60 мл, 90 мл-ден. Құтыларды картоннан жасалған қорапқа немесе бумамен қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге қаптайды.

Сақтау шарттары

Жақсы жабылған ыдыста, жарықтан қорғалған жерде, оттан қашықта, 25 оС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

Шаншаров-Фарм” ЖШС, Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Б.Бұлқышев к-сі, 4Е

Тіркеу куәлігінің иесі

Шаншаров-Фарм” ЖШС, Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Б.Бұлқышев к-сі, 4Е

ҚР аумағында тұтынушылардан өнім сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

Шаншаров-Фарм” ЖШС, Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Б.Бұлқышев к-сі, 4Е

Тел./факс +7 727 233-27-58

Электронды пошта: farm-4@mail.ru

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттың сапасына қатысты шағымдарды (ұсыныстарды) қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның мекенжайы

«Шаншаров-Фарм» ЖШС, Қазақстан Республикасы, Алматы қ.

Б. Бұлқышев к-сі, 4е

Тел./факс +7 727 233-27-58

Электронды поштасы: farm-4@mail.ru

Прикрепленные файлы

804557701477975698_ru.doc 46.5 кб
010690271477977410_kz.doc 49.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники