Спирт медицинский (90%, Фармация 2010)
Инструкция
-
русский
-
қазақша
Саудалық атауы
Медициналық спирт
Халықаралық патенттелмеген атауы
Жоқ
Дәрілік түрі, дозалануы
90% және 70% сыртқа қолдануға арналған ерітінді, 50 мл, 90 мл
Фармакотерапиялық тобы
Дерматология. Антисептиктер және дезинфекциялайтын дәрілер. Басқа антисептиктер және дезинфекциялайтын препараттар. Этанол.
ATХ коды D08AX08
Қолданылуы
- этиологиясы инфекциялық терінің қабыну ауруларын (фурункулдың, панарицийдің бастапқы сатысы) сыртқа арналған емдеу кезінде
- тітіркендіргіш дәрі ретінде (ысқылау, компресс)
Антисептикалық өңдеу:
- дәрілік заттармен инъекция жасалған жердегі теріні;
- терінің беткейлік зақымдануын, сызаттарды, тыртықтарды, жәндіктердің шағуын
- медицина қызметкерлерінің қол терісін, операциялық алаңды, медициналық құрал-аспаптарды.
Қолданудың басталуына дейінгі қажетті мәліметтер тізбесі
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- этанолға аса жоғары сезімталдық
- тері жабыны тұтастығының бұзылуымен жедел қабыну үдерістері
Қолдану кезіндегі қажетті сақтандыру шаралары
Этанол сыртқа қолданғанда тері және шырышты қабық арқылы ішінара сіңеді, мұны балаларға, жүкті әйелдерге және лактация кезеңінде пайдаланғанда ескеру керек.
Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі
Құрамында органикалық қосылыстар бар сыртқа қолдануға арналған препараттармен бір уақытта қолдану ақуыздарды денатурациялауы мүмкін.
Арнайы сақтандырулар
Компресс жасау үшін (күйдіріп алмас үшін) этанолды 1 : 1 (70 %, 90 %) арақатынасында сумен сұйылту керек.
Хирургиялық құралдарды стерилизациялау үшін сұйылтылмаған 95% спирт пайдаланылады.
Педиатрияда қолдану
Компресс жасау үшін балаларға сұйылтып қолданылуы мүмкін - 1:4 (спирт және су) - 90 % ерітінді үшін, 1:3 (спирт және су) - 70 % ерітінді үшін.
Этанол сыртқа қолданғанда тері және шырышты қабық арқылы ішінара сіңеді, осыны балаларда пайдаланғанда ескеру керек.
Жүктілік немесе лактация кезінде
Сақтықпен қолдану керек.
Препаратты көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Әсер етпейді
Қолдану жөніндегі нұсқаулар
Дозалану режимі
Сыртқа сүртуге арналған : мақта тампондар, сүрткілердің көмегімен теріге жағады.
Компресс жасайды.
1.Артық дозалану жағдайында қолдану қажет шаралар 2.Жергілікті қолданғанда артық дозалану ықтималдығы аз. 3.Ішке қабылдағанда жедел уыттанудың дамуы мүмкін. 4.Симптомдары: тахикардия, метаболизмдік ацидоз, өкпенің ісінуі, гипокальциемия, гипогликемия, құрысулар, орталық жүйке жүйесі функциясының бәсеңдеуі. Тыныс алу орталығының салдану нәтижесінде өлімге әкелуі мүмкін.Емі: аналептиктерді енгізу мақсатқа сай емес, оттегіні қоса отырып, өкпеге жасанды желдету жүргізіледі, жүрек гликозидтері, АӨФ тежегіштері тағайындалады. Егер бүйрек функциясы сақталып, жүрек жеткіліксіздігі және өкпенің ісіну белгілері болмаса, қарқынды диурез қолданылуы мүмкін. Гипогликемия мен кетозды түзету глюкоза енгізу арқылы жүргізіледі.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкерге кеңес алу үшін жүгіну бойынша ұсынымдар
Дәрігердің кеңесінсіз ұзақ уақыт бойы препаратты қолдануға болмайды.
ДП стандартты қолдану кезінде көрініс табатын жағымсыз реакциялардың сипаттамасы және осы жағдайда қабылдануы керек шаралар
- аллергиялық реакциялар
теріні, шырышты қабықтар мен тыныс алу жолдарының тітіркенуі және күйіп қалуы
резорбтивті жалпы уытты әсер етуі мүмкін (ОЖЖ бәсеңдетуі).
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаса медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласыңыз
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Қосымша мәліметтер
Дәрілік препараттың құрамы
1 л препараттың құрамында 70 % 90 %
белсенді зат – 95 % этанол 737 мл 947 мл
қосымша зат – тазартылған су 1 л дейін
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Спиртке тән иісі, күйдіргіш дәмі бар түссіз, мөлдір, ұшпа, оңай тұтанатын сұйықтық. Көк түсті түтінсіз жалынмен жанады. Гигроскопиялық.
Шығарылу түрі және қаптамасы
50 мл, 90 мл-ден полиэтилен тығынмен және бұрандалы полиэтилен қақпақпен немесе полиэтиленді немесе әмбебап (алюминий) қақпақпен тығындалған, мойны бұралатын шыныдан жасалған II класс құтыда немесе полимерлі қақпақ-тамшылатқышпен немесе пластмассадан жасалған механикалық сорғысы және бүріккіші бар қақпақпен тығындалған полимерлі құтыда.
Құтыға заттаңбалық немесе жазу қағазынан жасалған өздігінен желімденетін заттаңба жапсырылады.
Құтылар медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тіліндегі нұсқаулықтардың сәйкес санымен орама қағаздан жасалған бумаларға немесе қораптық картоннан жасалған қорапқа немесе жылу ұстағыш полиэтилен үлбірге немесе гофрланған картоннан жасалған жәшікке салынады.
Сақтау мерзімі
3 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Сақтау шарттары
Жақсы тығындалған ыдыста, 25°С-ден аспайтын температурада, жарықтан қорғалған, оттан алыс жерде сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецептісіз
Өндіруші туралы мәлімет
«Фармация 2010» ЖШС, Қазақстан Республикасы, Қарағанды қ., Чкалов к-сі, 7, тел. 8 (7212) 42-67-34, е-mail: farmaciyakrg@mail.ruТіркеу куәлігінің ұстаушысы
«Фармация 2010» ЖШС, Қазақстан Республикасы, Қарағанды қ., Чкалов к-сі, 7, тел. 8 (7212) 42-67-34, е-mail: farmaciyakrg@mail.ruҚазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттың сапасына қатысты шағымдарды (ұсыныстарды) қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электронды пошта)
«Фармация 2010» ЖШС, Қазақстан Республикасы, Қарағанды қ., Чкалов к-сі, 7, тел. 8 (7212) 42-67-34, е-mail: farmaciyakrg@mail.ru