Спирт медицинский

МНН: Этанол
Производитель: ТК Фарм Актобе ТОО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Ethanol
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№025046
Информация о регистрации в РК: 07.06.2021 - 07.06.2031

Инструкция

Саудалық атауы

Медициналық спирт

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі, дозалануы

Сыртқа қолдануға арналған ерітінді,70% және 90%

Фармакотерапиялық тобы

Дерматология. Антисептиктер және дезинфекциялық препараттар. Антисептиктер және дезинфекциялық басқа да препараттар. Этанол.

АТХ коды D08AX08

Қолданылуы

- терінің шығу тегі инфекциялық қабыну ауруларын (фурункулдың, панарицийдің бастапқы сатылары) сыртқы емдеу

- тітіркендіргіш дәрі ретінде (ысқылау, компресс)

Антисептикалық өңдеу:

- дәрілік заттармен инъекция жасалған жердегі теріні;

- терінің беткейлік зақымдануын, сызаттарды, тыртықтарды, жәндіктердің шағуын

- медицина қызметкерлерінің қол терісін, операциялық алаңды, медициналық құрал-аспаптарды.

Қолдануды бастағанға дейін қажетті мәліметтер тізбесі

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- этанолға аса жоғары сезімталдық

- тері жабыны тұтастығының бұзылуымен жедел қабыну үдерістері

Қолдану кезіндегі қажетті сақтандыру шаралары

Этанол сыртқа қолданғанда тері және шырышты қабық арқылы ішінара сіңіріледі, мұны балаларға, жүкті әйелдерге және лактация кезеңінде пайдаланғанда ескеру керек.

Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі

Құрамында органикалық қосылыстар бар сыртқа қолдануға арналған препараттармен бір уақытта қолдану ақуыздарды денатурациялауы мүмкін.

Арнайы сақтандырулар

Компресс үшін (күйіп қалмау үшін) медициналық спиртті 1:2 арақатынаста сумен сұйылту керек (70%, 90%).

Педиатрияда қолдану

Этанол сыртқа қолданғанда тері және шырышты қабық арқылы ішінара сіңіріледі, мұны балаларға пайдаланғанда ескеру керек. Балаларға компресс үшін сұйылтуды 1:4 (спирт және су) - 90% ерітінді үшін, 1:3 (спирт және су) - 70% ерітінді үшін қолдануға болады.

Жүктілік және лактация кезеңі

Сақтықпен қолдану керек. Жүктілік және лактация кезеңінде қолдануға анасына келетін пайда шарана мен балаға төнетін потенциалды қауіптен басым жағдайда ғана жол беріледі.

Препараттың көлік құралын және қауіптілігізор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Әсер етпейді

Қолдану жөніндегі нұсқаулар

Дозалану режимі

Теріні сыртқы емдеу кезінде – 1мл дәріні 1 см2теріге: теріге мақта тампон, сүрткі көмегімен жағады.

Қол терісін антисептикалық өңдеу кезінде - 10 мл ерітіндіні қолға жағады және 30 сек бойы ысқылайды.

Инъекциялық алаңды өңдеу: инъекциялық алаңның терісін ерітіндіге молынан шыланған стерильді дәке тампондармен сүртеді; өңдеу аяқталғаннан кейінгі экспозиция - 2 мин.

Хирургтің қолын операция алдында дезинфекциялау үшін70 % ерітінді пайдаланады, компресс және ысқылауға (күйдіріп алмау үшін) 40 % ерітінді пайдалану ұсынылады. Қажет болғанда, 70 % ерітінді талап етілетін концентрацияларға дейін сұйылтылуы және көрсетілімдері бойынша пайдаланылуы тиіс.

Енгізу тәсілі және жолы

Тек сыртқа, сулап басу арқылы!

Ішке қолдануға болмайды!

Артық дозалану жағдайында қабылдау қажет болатын шаралар

Жергілікті қолданғанда артық дозалану ықтималдығы аз.

Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкерге кеңес алуға жүгіну бойынша ұсынымдар

Дәрігердің кеңесінсіз ұзақ уақыт бойы препаратты қолдануға болмайды.

ДП стандартты қолдану кезінде көрініс беретінжағымсыз реакциялар сипаттамасы және осы жағдайда қабылдау керек шаралар

- аллергиялық реакциялар

- терінің, шырышты қабықтың және тыныс алу жолдарының тітіркенуі, құрғауы және күйіп қалуы

- компресс қойған жердің ауырсынуы

- резорбтивті жалпы уытты әсер етуі мүмкін

- ОЖЖ бәсеңдеуі

Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек:

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РММ

http://www.ndda.kz

Қосымша мәліметтер

Дәрілік препаратқұрамы

1000 мл препараттың құрамында 70 % 90 %

белсенді зат – 95 % этанол 736.7 мл 947.3 мл

қосымша зат –тазартылған су 1000 мл-ге дейін

Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы

Түссіз, мөлдір, ұшқыр, тез тұтанатын сұйықтық, өзіне тән спиртті иісі бар. Көгілдір түтінсіз жалынмен жанады. Гигроскопиялы.

Шығарылу түрі және қаптамасы

50 мл, 90 мл-ден полиэтилен тығынмен және бұрандалы полиэтилен қақпақпен немесе полиэтиленді немесе әмбебап (алюминий) қақпақпен немесе пластмассадан жасалған механикалық сорғысы және бүріккіші бар қақпақпен тығындалған, мойны бұралатын шынымассадан жасалған құтыда.

Құтыға заттаңбалық немесе жазу қағазынан жасалған өздігінен желімденетін заттаңба жапсырылады.

Құтылар медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тіліндегі нұсқаулықтардың сәйкес санымен орама қағаздан жасалған бумаларға немесе қораптық картоннан жасалған қорапқа немесе жылу ұстағыш полиэтилен үлбірге немесе гофрланған картоннан жасалған жәшікке салынады.

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Сақтау шарттары

Жақсы тығындалған ыдыста, 25°С-ден аспайтын температурада, жарықтан қорғалған, оттан алыс жерде сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші туралы мәліметтер

«ТК Фарм Ақтөбе» ЖШС, ҚР, Ақтөбе обл., Ақтөбе қ-сы, Астана ауд., Шестихатка а., Шестихатка т.а., №467 ғимарат, тел.: 8 (7132) 21 72 15, 21 58 72, е-mail: dir-tkpharm@mail.ru

Тіркеу куәлігінің ұстаушысы

«ТК Фарм Ақтөбе» ЖШС, ҚР, Ақтөбе обл., Ақтөбе қ-сы, Астана ауд., Шестихатка а., Шестихатка т.а., №467 ғимарат, тел.: 8 (7132) 21 72 15, 21 58 72, е-mail: dir-tkpharm@mail.ru

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттар сапасына қатысты шағымдар (ұсыныстар) қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электронды пошта)

«ТК Фарм Ақтөбе» ЖШС, ҚР, Ақтөбе обл., Ақтөбе қ-сы, Астана ауд., Шестихатка а., Шестихатка т.а., №467 ғимарат, тел.: 8 (7132) 21 72 15, 21 58 72, е-mail: dir-tkpharm@mail.ru

Прикрепленные файлы

ИМП_на_русс.docx 0.03 кб
ИМП_на_каз_спирт_мед._.docx 0.03 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту