Спеман форте

Производитель: Хималайя Драг Компании
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Комбинированные препараты, применяемые при нарушении эрекции
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№020375
Информация о регистрации в РК: 21.02.2014 - 21.02.2019

Инструкция

Саудалық атауы

Спеман форте

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Таблеткалар

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді заттар:

ұнтақтар:

Ұйықтататын витанияның тамырлары 39 мг

Жабайы сүтжапырақ тұқымдары 10 мг

Ұзын жапырақты астеркант тұқымдары 19 мг

Барқытты қышыма бұршақтың тұқымдары 10 мг

Қалайы дисульфиді 10 мг

Құрғақ сығындылары:

Інжу пармелиясының қатпарлары 10 мг

Сұлу аргиреяның сабақтары 19 мг

Жатаған теміртікеннің жемістері 19 мг

Торлы лептаденияның сабақтары 19 мг

Жылан раувольфиясының тамырлары 18.75 мг

қосымша заттар: микрокристалды целлюлоза, натрий карбоксиметилцеллюлозасы, коллоидты кремнийдің қостотығы, кросповидон, магний стеараты, натрий карбоксиметилцеллюлозасы

Сипаттамасы

Теңбілдері бар ақшыл-қоңырдан күңгірт-қоңыр түске дейінгі екі жағы дөңес таблеткалар

Фармакотерапиялық тобы

Урологиялық ауруларды емдеуге арналған препараттар.

Спазмолитиктерді қоса, урологиялық ауруларды емдеуге арналған басқа да препараттар. Эрекция бұзылуын емдеуге арналған препараттар.

Эрекция бұзылуында қолданылатын біріктірілген препараттар.

АТХ коды G04BE30

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Спеман форте белсенділігіне оның ингредиенттерінің синергиялық әсері арқылы қол жеткізіледі. Препараттың әсеріне жеке әрқайсысы арқылы емес, оның барлық компоненттері арқылы қол жеткізілетіндіктен, фармакокинетикалық қасиеттерін зерттеу мүмкін емес.

Фармакодинамикасы Фармакологиялық әсері препарат құрамына кіретін дәрілік шөптердің қасиеттерімен шартталған өсімдіктер кешенінен жасалған препарат. Эрекцияға жауапты жоғары жүйке орталығына әсер етеді. Жұлындағы сексуалдық белсенділік орталығының қозғыштығын төмендетеді. Препарат күту синдромынан туындаған өте жоғары қозуды азайтады, потенцияны төмендетпей тыныштандыратын әсер етеді. Нейроэндокриндік жүйе арқылы әсер ете отырып, Спеман форте шәуһеттің жылдам шығарылуын болдырмайды. Ұйықтататын витанияның тамырлары бүркемелегіш, сергіткіш, құрысуға қарсы және қан түзетін әсерге ие. Жүйке әлсіреуінде, жыныстық әлсіреуде, ауыр қажытатын аурулардан кейінгі әлсіреулерде тиімді түрде жалпы нығайтатын және сергіткіш дәрі ретінде қолданады. Жабайы сүтжапырақ тұқымдары (құрамында лактуцерин көк шөбі, лактуцин, лактуциктин, алкалоидтар, шайырлар бар) және ұзын жапырақты астеркант тыныштандыратын, седативті әсерге ие. Жатаған теміртікеннің (құрамында протодиосцин және протограциллин бар) және Барқытты қышыма бұршақтың негізгі әсері астено-невротикалық реакциялардың айқындығын төмендету, жыныстық құмарлықты қалпына келтіру және күшейту, жиілігін, эрекцияның қарқындылығын және ұзақтығын арттыру, сексуальдік эмоциялардың өткірлігін және анықтығын арттыру, эякуляцияның уақытынан бұрын болуын тойтару, ағзаның гормоналдық балансын бұзбай, лютеиндеуші гормонды және тестостеронды физиологиялық деңгейге дейін ұлғайту болып табылады.

Жатаған теміртікеннің фитостероидтары репродукцияны қалпына келтіреді және ұстап тұрады, сперматогенезді стимуляциялайды. Сперма көлемі артуына және тұтқырлығы төмендеуіне ықпал етеді. Сперматозоидтардың концентрациясын және қозғалғыштығын арттырады, олардың морфологиясын жақсартады, патологиялық түрлерінің мөлшерін азайтады. Сондай-ақ қоректік заттардың жыныс жасушаларына түсуін ұлғайтады және олардың қызметін демейді. Қалайы дисульфидін (сусаль алтынының имитаторы - пигмент) ерлердегі жыныс энергиясын тепе теңдікте ұстау үшін және импотенцияны болдырмау үшін, түнгі поллюцияны және ерте ұрық бөліп қоюды болдырмау үшін пайдаланды. Жыныс актісінің ұзаруына ықпал етеді. Иммунитет стимуляциялайтын қасиеті бар. Інжу пармелиясы және Сұлу аргирея астениялық жай-күйлерде, дене және ақыл-ойдың қатты қажуында, созылмалы ауруларда адаптогендік, жалпы сергітетін, стресске қарсы, иммуномодульдегіш, антиоксидантты әсерге ие.

Торлы лептадения либидоны және сперматогенезді күшейтеді, метаболизм және ас қорыту үдерістерін қалыпқа келтіреді, ағзаның физикалық және интеллектуалдық инволюциясын баяулатады.

Жылан раувольфиясы алкалоидтары (әсіресе резерпин және аз мөлшерде ресцинамин) седативті және гипотензивті әсер етеді.

Аймалин, раувольфин, серпагин, йохимбин алкалоидтары адренолитикалық және антиаритмикалық әсер етеді.

Қолданылуы

  • жеделдетілген эякуляция, либидоның төмендеуінде

  • кенеттен болатын сперматореяда

  • олигоспермияда

  • абактериялық простатитті емдеуде (кешенді ем құрамында)

Қолдану тәсілі және дозалары

Таблеткаларды тамаққа дейін қабылдайды. 1 күні бастапқы доза – түнге 1 таблетка, 2 күні – тәулігіне екі рет 1 таблеткадан, 3 күні –1 таблеткадан күніне үш рет, содан кейін дозаны 1-2 таблеткаға дейін біртіндеп ұлғайта отырып күніне 3 рет, 2-4 апта бойына. Емдеу ұзақтығын дәрігер анықтайды.

Сперматорея

Демеуші доза 1-2 таблеткадан күніне 3 рет 4 апта бойына, қажет болғанда соңынан емдеу курсын азайтылған дозада келесі 4 апта бойына жалғастырумен (күніне 1 таб.).

Абактериялық простатит: асқыну кезеңінде күніне 2 рет 2 таблеткадан 6 апта бойына, содан соң 1 таблеткадан 4 апта бойына күніне 2 рет.

Жағымсыз әсерлері

Болуы мүмкін

  • жүрек айнуы, құсу, диарея, ұйқышылдық, тері бөртпелері, қышыну,

жалпы әлсіздік,тершеңдік.

Раувольфий қабылдауға байланысты жағымсыз әсерлер

- депрессия, ұйқышылдық

- шырышты қабықтардың құрғақтығы, мұрын шырышты қабығының ісінуі

- жүрек аймағының ауыруы күшеюі (стенокардиямен ауыратындарда) стенокардия ұстамаларының жиілеуі

- бауыр қызметінің бұзылуы

- паркинсонизм симптомдары.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық.

- раувольфий алкалоидтарына жоғары жеке сезімталдық, артериялық гипотензия, жүрек жеткіліксіздігі, брадикардия, депрессия, эпилепсия, жүрек ақауы, айқын церебральді атеросклероз, нефросклероз, паркинсонизм, асқазанның және он екі елі ішектің асқыну сатысындағы ойық жара ауруы, бронх демікпесі

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Басқа антигипертензиялық препараттармен біріктіргенде гипотензиялық әсерінің, алкогольдің, барбитураттардың, антидепрессанттардың бәсеңсітетін әсері күшеюі мүмкін.

Айрықша нұсқаулар

Препаратпен емдеу дәрігер бақылауымен жүргізілуі тиіс.

Стенокардиямен ауыратын науқастарда жүрек аумағында ауыру күшеюі мүмкін.

Жоспарлы операциялық араласулар алдында препарат қабылдауды операцияға дейін бірнеше күн бұрын тоқтату керек.

Препаратты электроимпульстық терапия сеансы алдында қолдануға болмайды.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Болуы мүмкін жағымсыз әсерлерді ескере отырып, көлік құралдарын басқаруда және қозғалыстағы механизмдермен жұмыс істегенде сақтық жасау керек.

Артық дозалануы

Симптомдары: тершеңдік, жалпы әлсіздік және айқын гипотензия.

Емі: асқазанды шаю, белсенділендірілген көмір қабылдау, симптоматикалық ем.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Бұралатын қақпағы бар ақ түсті тығыздығы жоғары полиэтиленнен жасалған пластик құтыларда 100 таблеткадан. 1 құтыдан медицинада қолданылуы жөнінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапқа салынған.

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 250С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін препаратты қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

«Хималайя Драг Компани», Үндістан

Макали, Бангалор 562123,

www.himalayahealthcare.com

Тіркеу куәлігінің иесі

«Хималайя Драг Компани», Үндістан

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«Трансатлантик Алматы» ЖШС

Алматы қ. Жангелдин к-сі 31

200 кеңсе «Жар-Су» бизнес орталығы

тел/факс 278-59-99/94

e-mail reg@transatlantic.kz

 

Прикрепленные файлы

345931161477976827_ru.doc 58.5 кб
345646301477977998_kz.doc 59 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники