Спаскупрель
Инструкция
-
русский
-
қазақша
Саудалық атауы
Спаскупрель
Халықаралық патенттелмеген атауы
Жоқ
Дәрілік түрі
Инъекцияға арналған ерітінді, 1.1 г
Құрамы
1 ампуланың (1.1 г) ішінде
белсенді заттар:
Aconitum napellus D6 |
2.20 мг |
Amanita muscaria D4 |
0.55 мг |
Ammonium bromatum D4 |
1.10 мг |
Atropinum sulfuricum D6 |
1.10 мг |
Chamomilla recutita D3 |
0.55 мг |
Citrullus colocynthis D4 |
1.10 мг |
Cuprum sulfuricum D6 |
0.55 мг |
Gelsemium sempervirens D6 |
1.10 мг |
Magnesium phosphoricum D6 |
1.10 мг |
Passiflora incarnata D2 |
0.55 мг |
Veratrum album D6 |
1.10 мг |
қосымша заттар: натрий хлориді, инъекцияға арналған су.
Сипаттамасы
Мөлдір түссіз, иіссіз ерітінді
Фармакотерапиялық тобы
Ішектің функционалдық бұзылыстарын емдеуге арналған басқа препараттар.
АТХ коды А03АХ
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Гомеопатиялық препараттардың фармакокинетикалық қасиеттерін зерттеу мүмкіндігі болмайды.
Фармакодинамикасы
Әсері, құрамына кіретін компоненттермен шартталған, көп компонентті гомеопатиялық препарат.
Спаскупрель кешенді гомеопатиялық препарат болып табылады.
Спаскупрель тегіс бұлшықет жасушаларының тонусын реттей отырып, АІЖ ағзаларының және несеп шығару жүйесінің түйілу ауыруларын жояды.
Қолданылуы
Кешенді емде:
- асқазан-ішек жолының және несеп шығару жүйесінің тегіс бұлшықеттерінің түйілуінде
Қолдану тәсілі мен дозалары
Стандартты доза:
Ересектерге (және 12 жастан асқан балаларға): 1 ампуладан аптасына 1-ден 3 ретке дейін.
2-5 жастағы балаларға: ½ ампуладан (0,5 мл) аптасына 1-ден 3 ретке дейін.
6-11 жастағы балаларға: ⅔ ампуладан (0,7 мл) аптасына 1-ден 3 ретке дейін.
Жедел жағдайда бастапқы доза
Ересектерге (және 12 жастан асқан балаларға): 1 ампуладан күнделікті, содан кейін стандартты дозада жалғастыру.
2-5 жастағы балаларға: ½ ампуладан (0,5 мл) күнделікті, содан кейін стандартты дозада жалғастыру.
6-11 жастағы балаларға: ⅔ ампуладан (0,7 мл) күнделікті, содан кейін стандартты дозада жалғастыру.
Емдеудің ұзақтығы
Жедел жағдайда бастапқы доза бірнеше күн қолданылуы мүмкін, әдетте 2 күннен 3 күнге дейін (күнделікті инъекциялар). Стандартты емдеу әдетте шамамен 2 апта жалғасады.
Енгізу тәсілі:
Спаскупрель инъекцияға арналған ерітіндісі тері астына, бұлшықет ішіне, артерия ішіне немесе вена ішіне енгізілуі мүмкін.
Шыны ампуланы ашу жөніндегі нұсқаулық:
Ампуланы ашу үшін оны кесудің қажеті жоқ.
Ампуланы нүкте түрінде таңбалауы бар бұрышымен жоғары ұстаңыз, сұйықтық түбінде болмайынша сілкіңіз немесе оны ұрыңыз. Ампуланың басын таңбалауға қарама-қарсы жаққа басу арқылы сындырыңыз.
Жағымсыз әсерлері
Жекелеген жағдайларда қысқа мерзімді тері аллергиялық реакциясы туралы хабарланған.
Кез-келген ерекше реакция пайда болған жағдайда дәрігермен кеңескен жөн.
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- препараттың бір немесе бірнеше компонентіне аллергия (аса жоғары сезімталдық).
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуінің бірде-бір жағдайы тіркелмеген және гомеопатиялық сұйылтуға байланысты күтілмейді.
Айрықша нұсқаулар
Егер симптомдар сақталса немесе нашарласа, Сіз дәрігермен немесе кәсіби медицина қызметкерімен кеңесуіңіз қажет.
Жүктілік және лактация кезеңі
Препарат құрамына кіретін гомеопатиялық сұйылтылған заттардың жүктілік және емшек емізу кезіндегі уыттылығы зерттелмеген. Жүктілік және емшек емізу кезінде қолданар алдында дәрігермен кеңесу керек.
Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшелігі
Көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді.
Артық дозалануы
Бірде-бір артық дозалану жағдайы тіркелмеген және гомеопатиялық сұйылтуға байланысты күтілмейді.
Шығарылу түрі мен қаптамасы
г-дан түссіз шыны ампулада, ампуланың жоғарғы жағында – қызыл нүкте.
5 ампуладан ПВХ жасалған пішінді ұяшықты қаптамада. Пішінді ұяшықты қаптама медициналық қолдану жөнінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.
Сақтау шарттары
Түпнұсқалық қаптамада, 9°С-ден 290С-ге дейінгі температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
5 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецепт арқылы
Өндіруші
Биологише Хайльмиттель Хеель ГмбХ
Д-р Рекевег-штрассе 2-4, 76532 Баден-Баден, Германия
Тіркеу куәлігінің иесі
Биологише Хайльмиттель Хеель ГмбХ
Д-р Рекевег-штрассе 2-4, 76532 Баден-Баден, Германия
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттың сапасына қатысты шағымдарды (ұсыныстарды) қабылдайтын; дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның мекенжайы
«AEM Services» ЖШС
050040, ҚР, Алматы қ-сы, әл-Фараби даңғылы, 75А үй, 102-103 кеңсе
aemservices@mail.ru
+7 707 798 83 83