Сомпраз (лиофилизат для приготовления раствора)

МНН: Эзомепразол
Производитель: Сан Фармасьютикал Индастриз Лтд
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Esomeprazole
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№020239
Информация о регистрации в РК: 28.01.2025 - бессрочно
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)
Предельная цена закупа в РК: 1 356.87 KZT

Инструкция

Саудалық атауы

Сомпраз

Халықаралық патенттелмеген атауы

Эзомепразол

Дәрілік түрі

Көктамыр ішіне енгізу үшін ерітінді дайындауға арналған 40 мг лиофилизат еріткішімен – 0.9 % 5 мл натрий хлориді ерітіндісімен жиынтықта

Құрамы

Бір құты препараттың құрамында

белсенді зат42.6 мг натрий эзомепразолы

(40 мг эзомепразолға баламалы),

қосымша заттар: динатрий эдетаты, натрий гидроксиді.

Еріткіш: натрий хлориді, инъекцияға арналған су.

Сипаттамасы

Ақ немесе ақ дерлік түсті нығыздалған масса түріндегі лиофилизат.

Фармакотерапиялық тобы

Ойық жараға қарсы препараттар және гастроэзофагеальді рефлюксті (GORD) емдеуге арналған препараттар. Протонды сорғы тежегіштері. Эзомепразол.

АТХ коды А02ВС05

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Таралуы

Дені сау адамдарда тепе-тең концентрацияларда таралу көлемі дене салмағының әр кг-на шаққанда шамамен 0,22 л құрайды. Эзомепразол плазма ақуыздарымен 97%-ға байланысады.

Метаболизмі және шығарылуы

Эзомепразол Р450 (CYP) цитохромы жүйесінің қатысуымен толық метаболизмге ұшырайды. Негізгі бөлігі арнайы СYР2С19 полиморфты изотүрлердің қатысуымен метаболизденеді, мұндайда эзомепразолдың гидрокси- және десметилденген метаболиттері түзіледі. Қалған бөлігінің метаболизмі басқа арнайы CYP3A4 изотүрлерімен жүзеге асады; мұндайда плазмадан табылатын негізгі метаболит – эзомепразолдың сульфотуындысы түзіледі.

Төменде берілген параметрлер негізінен CYP2C19 белсенді ферменті бар емделушілердегі (метаболизм тез болатын емделушілер) фармакокинетика сипатын көрсетеді.

Жалпы плазмалық клиренсі препаратты бір рет қабылдағаннан кейін шамамен сағатына 17 л және қайталап қабылдағанда сағатына 9 л құрайды. Препаратты тәулігіне бір рет қайталап қабылдағанда жартылай шығарылу кезеңі 1,3 сағатты құрайды. Қайталап енгізген кезде «концентрация – уақыт» астындағы қисық ауданы (AUC) артады. Бұлай арту дозаға- және уақытқа тәуелді, бұл бауыр арқылы алғаш өткенде метаболизмінің төмендеу, сондай-ақ эзомепразолдың және/немесе оның сульфаты бар метаболитінің CYP2C19 ферментін тежелуінен жүйелік клиренсінің төмендеу салдары болып табылады.

Препаратты тәулігіне бір рет күн сайын енгізгенде эзомепразол енгізулер арасындағы үзілісте плазмадан толық шығарылады, препараттың жиналып қалуына тенденция байқалмайды.

Эзомепразолды 40 мг дозада көктамыр ішіне қайталап енгізгенде плазмадағы орташа ең жоғары концентрация шамамен 13,6 мкмоль/л құрайды. Осыған ұқсас дозаларды ішке қабылдағанда орташа плазмалық ең жоғары концентрация 4,6 мкмоль/л құрайды. Эзомепразолды көктамыр ішіне енгізгенде, оны пероральді түрде қабылдаумен салыстырғанда, жалпы экспозициясы біршама аз (шамамен 30%-ға) жоғарылайды.

AUC мәнінің дозаға байланысты емес артуы эзомепразолды 30 минуттық инфузия (40 мг, 80 мг және 120 мг) түрінде көктамыр ішіне енгізгеннен кейін, әрі қарай ұзаққа созылатын (сағатына 4 мг немесе 8 мг) 23,5 сағаттық инфузияда байқалады.

Эзомепразолдың негізгі метаболиттері асқазан қышқылының секрециясына ықпалын тигізбейді. Өзгермеген эзомепразолдың 1%-дан азы несептен табылады.

Емделушілердің кейбір топтарындағы фармакокинетикасының ерекшеліктері

Тұрғындардың шамамен 1-2%-да (метаболизмі баяу емделушілер) CYP2C19 ферментінің белсенділігі төмендеген. Мұндай емделушілерде эзомепразолдың метаболизмі, негізінен, CYP3A4 жәрдемімен жүзеге асады, 40 мг эзомепразолды тәулігіне бір рет қайталап қабылдағанда «концентрация – уақыт» қисығы астындағы орташа ауданы, CYP2C19 белсенді ферменті бар емделушілерге (метаболизмі жылдам емделушілер) қарағанда, 100%-ға жоғары болады. Метаболизмі баяу емделушілерде плазмадағы ең жоғары концентрациялардың орташа мәндері шамамен 60%-ға жоғарылаған. Білінген ерекшеліктер эзомепразолдың дозасына және қолдану тәсіліне ықпалын тигізбейді.

Егде жастағы (71-80 жас) емделушілерде эзомепразолдың метаболизмі елеулі өзгермейді.

Бауыр қызметінің бұзылуы жеңіл және орташа емдлушілерде эзомепразолдың метаболизі бұзылуы мүмкін. Бауыр қызметінің бұзылуы ауыр емделушілерде метаболизм жылдамдығы төмендеген, бұл эзомепразол үшін «концентрация – уақыт» қисығы астындағы ауданның екі еселенуіне әкеледі. Сондықтан бауыр қызметінің бұзылуы ауыр емделушілерде эзомепразолдың ең жоғары дозасы тәулігіне 20 мг құрайды және оны арттырмаған жөн. Препаратты тәулігіне бір рет енгізген кезде эзомепразолдың және оның негізгі метаболиттерінің жиналып қалуға тенденциясы білінбейді.

Бүйрек қызметі төмендеген емделушілерде фармакокинетикасына зерттеу жүргізілген жоқ. Бүйректер арқылы эзомепразолдың өзі емес, оның метаболиттері шығарылатындықтан, бүйрек қызметі бұзылған емделушілерде эзомепразолдың метаболизмі өзгермейді деп болжам жасауға болады.

Фармакодинамикасы

Эзомепразол омепразолдың S-изомері болып табылады және асқазанда париетальді жасушаларда қышқылдық сорғыны арнайы тежеу арқылы тұз қышқылының секрециясын төмендетеді. Омепразолдың S- және R-изомерлерінің фармакодинамикалық белсенділігі ұқсас болады.

Әсер ету механизмі

Эзомепразол әлсіз негіз болып табылады, асқазанның шырышты қабығының париетальді жасушаларындағы секреторлы өзекшелердің қышқыл ортасында шоғырланады және белсенді түрге көшеді және қышқыл сорғыны – Н+, К+- АТФаза ферментін тежейді, мұндайда базальді де, сондай-ақ қышқылмен стимуляцияланған секрециясы да тежеледі.

Асқазан қышқылы секрециясына ықпалы

Симптомдары бар гастро-эзофагеальді рефлюкс ауруына (ГЭРА) шалдыққан емделушілер эзомепразолдың 20 мг немесе 40 мг дозасын 5 күн бойы қабылдағаннан кейін 24 сағаттың орта есеппен 13 және 17 сағаты ішінде асқазанның рН мәні рН 4-тен жоғары болды.

Фармакокинетикалық деректер талдамасы ішке қабылдағаннан кейін қышқыл секрециясының тежелуі мен препараттың плазмадағы концентрациясы арасында өзара байланысты анықтауға мүмкіндік берді (концентрациясына баға беру үшін AUC – «концентрация-уақыт» қисығы астындағы аудан параметрі пайдаланылды).

Бұған дейінгі 23,5 сағат ішінде сағатына 8 мг көктамырішілік жасалған ұзақ инфузиядан кейін, 80 мг эзомепразолды болюстік инфузия түрінде 30 минут бойы көктамыр ішіне енгізгенде дені сау ерікті емделушілерде 24 сағаттың орта есеппен 21 сағаты және 11-13 сағаты ішінде асқазанның рН мәні, тиісінше, рН 4-тен және 6-дан жоғары болды.

Қышқыл секрециясының тежелуі нәтижесінде қол жеткізілетін емдік әсер

Эзомепразолдың 40 мг дозасымен емдегенде рефлюкс-эзофагиттің жазылуы 4 апта емдегеннен кейін емделшілердің шамамен 78%-да және 8 апта емдегеннен кейін емделушілердің 93%-да басталады.

Қолданылуы

Көктамыр ішіне енгізуге арналған Сомпраз мыналарды баламалы ретінде пероральді еммен емдеу мүмкін болмағанда қолданылады:

- эзофагиті және/немесе рефлюксті аурудың айқын симптомдары бар емделушілердегі гастро-эзофагеальді рефлюкс ауруында

- қабынуға қарсы стероидтық емес препараттарды (ҚҚСП) қабылдаумен байланысты пептикалық ойық жараларды емдеуге және алдын алуға

- асқазанның немесе он екі елі ішектің жедел қан кетуін эндоскопиялық емдеуден кейін, емделушілерде қайтадан қан кетудің пайда болуының алдын алуға

Қолдану тәсілі және дозалары

Ересектер

Пероральді ем жүргізу мүмкін болмағанда емделушілерге Сомпраз тәулігіне 1 рет 20 - 40 мг дозада парентеральді түрде ұсынылуы мүмкін.

Рефлюкс-эзофагиті бар емделушілерге эзомепразол тәулігіне 1 рет 40 мг дозада ұсынылады. ГЭРА симптомдарын емдеу үшін Сомпраз тәулігіне 1 рет 20 мг дозада қолданылады.

ҚҚСП қабылдаумен байланысты пептикалық ойық жараларды емдеу және алдын алу үшін Сомпраз тәулігіне 1 рет 20 мг дозада ұсынылады.

Әдеттегідей, көктамырішілік түрмен емдеу кезеңі ұзаққа созылмайды, емделушіні мүмкіндігінше препаратты пероральді түрде қабылдауға тезірек көшірген жөн.

Инъекциялар

40 мг доза

Сомпраздың дайындалған ерітіндісі көктамыр ішіне кем дегенде 3 минут енгізіледі.

20 мг доза

Эзомепразолдың дайындалған ерітіндісінің 1/2 бөлігі көктамыр ішіне кем дегенде 3 минут бойы енгізіледі. Ерітіндінің пайдаланылмаған қалдығы жойылуы тиіс.

Инфузиялар

40 мг доза

Эзомепразолдың дайындалған ерітіндісі 10 - 30 минут бойы көктамырішілік инфузия түрінде енгізіледі.

20 мг доза

Эзомепразолдың дайындалған ерітіндісінің 1/2 бөлігі көктамыр ішіне кем дегенде 10 - 30 минут бойы енгізіледі. Ерітіндінің пайдаланылмаған қалдығы жойылуы тиіс.

Асқазанның немесе он екі елі ішектің жедел қан кетуін эндоскопиялық емдеуден кейін, емделушілерде қайтадан қан кетудің пайда болуының алдын алу

Асқазанның немесе он екі елі ішектің жедел қан кетуін эндоскопиялық емдеуден кейін препарат дозасы 80 мг құрайды, ол болюстік инфузия түрінде 30 минут бойы енгізіледі, содан кейін 3 күн бойы (72 сағат) сағатына 8 мг дозада ұзақ көктамырішілік инфузия жүргізіледі.

80 мг-ға тең болютік дозалар

Эзомепразолдың дайындалған ерітіндісі 30 минут ішінде көктамырішілік инфузия түрінде енгізіледі.

Сағатына 8 мг дозалар

Эзомепразолдың дайындалған ерітіндісі 71,5 сағат бойы ұзақ көктамырішілік инфузия түрінде енгізіледі (инфузияның есептік жылдамдығы – сағатына 8 мг).

Бүйрек қызметінің бұзылуы

Бүйрек қызметі бұылған емделуілерде Сомпраз дозасын түзету қажет емес. Эзомепразолды бүйрек қызметінің ауыр жеткіліксіздігі бар емделушілерге қолдану тәжірибесінің шектеулі болуына байланысты, мұндай емделушілерді емдегенде сақ болған жөн.

Бауыр қызметінің бұзылуы

Бауыр қызметінің ауырлығы жеңіл және орташа бұзылулары бар емделушілерде Сомпраз дозасын түзету қажет емес. Бауыр қызметінің бұзылуы ауыр емделушілерде ең жоғары тәуліктік доза 20 мг құрайды.

Егде жастағы емделушілер

Егде жастағы емделушілерде Сомпраз дозасын түзетудің қажеті жоқ.

Ерітінді дайындау

Инъекциялар

Инъекцияға арналған ерітінді көктамыр ішіне енгізуге арналған 5 мл 0,9% натрий хлориді ерітіндісін ішінде Сомпраз бар құтыға құю арқылы әзірленеді. Дайындалған ерітінді мөлдір болуы тиіс, түрлі түсті гаммасы түссізден бозғылт-сарыға дейін өзгеріп отырады.

20 мг эзомепразолды тағайындағанда дайындалған ерітіндінің жартысы енгізіледі. Ерітіндінің дайындалмаған қалдығы жойылуы тиіс.

Инфузиялар

Инфузиялық ерітінді бір құтының ішіндегі Сомпразды көктамырішілік 100 мл 0,9% натрий хлориді ерітіндісінде еріту арқылы дайындалады.

20 мг эзомепразолды тағайындағанда дайындалған ерітіндінің жартысы енгізіледі. 80 мг инфузиялар. Инфузиялық ерітінді ішінде 40 мг-нан Сомпразы бар екі құтыдағыны көктамыр ішіне енгізуге арналған 100 мл 0,9% натрий хлориді ерітіндісінде еріту арқылы дайындалады. Ерітіндінің пайдаланылмаған қалдықтары жойылуы тиіс.

Эзомепразолдың сұйылтылған ерітіндісі мөлдір, түссізден бозғылт-сары түске дейін болуы керек.

Дайындалған ерітінді (инъекцияға және инфузияға арналған) басқа дәрілік заттармен араластырылмауы немесе енгізілмеуі тиіс. Ерітіндіні қолданар алдында, онда көзге көрінетін механикалық қоспалардың бар-жоқтығын және түсінің өзгерген-өзгермегендігін көзбен қарап, баға берген жөн. Тек мөлдір ерітінді ғана пайдаланылады. Ерітіндіні дайындап болу бойына енгізу керек (микробиологиялық көзқарас тұрғысынан).

Жағымсыз әсерлері

Жиі (>1/100, <1/10)

- бас ауыру

- жүректің айнуы, іштің ауыруы, диарея, метеоризм, құсу, іш қату

- инъекция жасалған жерде реакциялар, тромбофлебитті қоса есептегенде

Жиілігі аз (>1/1000, <1/100)

- дерматит, қышыну, есекжем, бөртпе

- бас айналу

- ауыз ішінің құрғауы

- ұйқысыздық, парестезия, ұйқышылдық

- “бауыр” ферменттері белсенділігінің жоғарылауы

- шеткергі ісінулер

- көрудің көмескіленуі

Сирек (>1/10000, <1/1000)

- лейкопения, тромбоцитопения

- аллергиялық реакциялар: қызба, ангионевротикалық ісіну,

анафилактикалық реакция/анафилактикалық шок

- қозу, депрессия, дімкәстік, абыржу

- дәмнің бұзылуы

- гипонатриемия

- бронхтың түйілуі

- стоматит және асқазан-ішектік кандидоз

- сарғаюмен (немесе онсыз) гепатит

- фотосенсибилизация, алопеция

- артралгиялар, миалгиялар

- тершеңдк

Өте сирек (<1/10000)

- агранулоцитоз, панцитопения

- елестеулер (көбіне емделушілерде), агрессивтік мінез таныту

- бауыр қызметінің жеткліксіздігі, бауыр ауруы бар емделушілерде энцефалопатия

- мультиформалы экссудативтік эритема

- Стивенс-Джонсон синдромы

- уытты эпидермальді некролиз

- бұлшықет әлсіздігі

- интерстициальді нефрит

- гинекомастия

- гипомагнезиемия

- микроскопиялық колит

Жекелеген жағдайларда, омепразолды жағдайы қиын емделушілерге, әсіресе жоғары дозаларды көктамыр ішіне енгізген кезде, көрудің қайтымсыз бұзылуына әкелгені мәлімделді, мұның препаратты қабылдаумен себептік байланысы анықталған жоқ.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- эзомепразолға, орын алмастыратын бензимидазолдарға немесе препараттың басқа да игредиенттеріне белгілі жоғары сезімталдық

- балалар және 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер (қауіпсіздігі және тиімділігі жөнінде деректердің жоқ болуымен байланысты)

- нелфинавирмен бірге қолдану

- лактация кезеңі

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Эзомепразолдың басқа дәрілік заттардың фармакокинетикасына ықпалы

Эзомепразолмен және басқа ПСТ-мен емдеу аясында асқазан сөлі қышқылдылығының төмендеуі ортаның қышқылдылығына байланысты сіңетін препараттардың сіңуінің өзгеруіне әкелуі мүмкін. Эзомепразол, асқазанда қышқыл секрециясын төмендететін басқа да препараттар сияқты, кетоконазолдың, итраконазолдың және эрлотинибтің сіңуінің төмендеуіне әкеледі. Сол уақытта эзомепразолды дигоксинмен бірге қабылдағанда, соңғысының концентрациясы артуы мүмкін. ПСТ мен метотрексатты бірге қабылдағанда кейбір емделушілерде, метотрексат концентрациясының артқаны білінеді. Метотрексатты жоғары дозаларда қолданғанда эзомепразолды қабылдауды тоқтату қажет.

Атазанавир мен нелфинавир омепразолмен бір мезгілде қабылданған жағдайда осы препараттардың сарысудағы концентрацияларының төмендегені білінді, сондықтан оларды бірге қолданбаған жөн. Омепразолдың 40 мг дозасын тәулігіне бір рет және 300 мг атазанавирді/100 мг ритонавирді бірге тағайындау атазанавирдің AUC мәнінің, сондай-ақ ең жоғары және ең төмен концентрацияларының елеулі төмендеуіне әкелді. Атазанавирдің дозасын 400 мг-ға дейін арттыру атазанавирдің концентрациясына омепразолдың ықпалының орнын толтырған жоқ. Сондықтан эзомепразолды атазанавирмен бірге тағайындамаған жөн, ал эзомепразол мен нелфинавирді бір мезгілде тағайындауға болмайды.

Эзомепразол оның метаболизміне қатысатын негізгі - CYP2C19 ферментін тежейді. Эзомепразолды метаболизміне CYP2C19 қатысатын басқа, мысалы, диазепам, циталопрам, имипрамин, кломипрамин, фенитоин және т.б. сияқты препараттармен бірге қолдану осы препараттардың плазмадағы концентрациясының жоғарылауына әкелуі және дозаны төмендетуді қажет етуі мүмкін. 30 мг Сомпразды және диазепамды пероральді түрде бірге қабылдағанда CYP2C19 субстраты болып табылатын диазепамның клиренсі 45%-ға төмендейді.

Сомпраздың пероральді 40 мг дозасын және фенитоинді бірге қабылдағанда эпилепсиясы бар науқастарда плазмадағы фенитоиннің қалған концентрациясы 13%-ға жоғарылады. Осыған байланысты эзомепразолмен емдеудің басында және оны тоқтатқанда фенитоин концентрациясын бақылау керек.

Сомпраздың пероральді 40 мг дозасын варфарин қабылдап жүрген емделушілерге тағайындағанда коагуляция уақыты рұқсат етілген мән шегінде қалды. Алайда варфарин мен эзомепразолды бірге қолданғанда ХҚҚ (халықаралық қалыптастырылған қатынас) индексінің клиикалық тұрғыдан маңызды жоғарылауының бірнеше жағдайлары мәлімделді. Осыған байланысты осы препараттарды бірге қолданудың басында және оны аяқтағанда мониторинг жүргізу керек.

Эзомепразолдың 40 мг дозасын және цизапридті пероральді түрде бірге қабылдау “концентрация – уақыт” қисығы астындағы аудан (AUC) шамасын 32%-ға жоғарылатты және цизапридтің жартылай шығарылу кезеңін (t1/2) 31%-ға арттырды; цизапридтің пламадағы ең жоғары шектегі концентрациясы мұндайда елеулі өзгеріске ұшыраған жоқ. Цизапридпен монотерапияда байқалған QT аралығының аздап ұзаруы, эзомепразолды қосқан кезде көбейген жоқ.

Эомепразолдың амоксициллин мен хинидиннің фармакокинетикасында клиникалық елеулі өзгерулерді тудырмайтыны дәлелденген.

Эзомепразолды көктамыр ішіне үлкен дозаларда (80 мг + сағатына 8 мг) енгізгенде дәрілік заттардың өзара әрекеттесуіне in vivo зерттеулер жүргізілген жоқ. Метаболизміне CYP2C19 қатысатын препараттарға эзомепразолдың әсері препаратты көктамыр ішіне енгізген кезде өте айқын болуы мүмкін, сондықтан жағымсыз әсерлерін дер кезінде анықтау мақсатында, көктамыр ішіне енгізілген сәттен бастап 3 күн бойы емделушіні жан-жақты бақылауға алған жөн.

Дәрілік препараттардың эзомепразолдың фармакокинетикасына ықпалы.

Эзомепразолдың метаболизміне CYP2C19 және CYP3A4 қатысады. Сомпразды және CYP3А4 тежегішін, кларитромицинді (тәулігіне 2 рет 500 мг) пероральді түрде бірге қолдану эзомепразолдың AUC мәнінің екі есе артуына әкеледі. Эзомепразолды және біріктірілген CYP3А4 және CYP2C19 тежегішін, мысалы, вориконазолды бірге қолдану, Сомпраздың AUC мәнінің 2 еседен астамға артуына әкелуі мүмкін. Мұндай жағдайларда Сомпраз дозасын түзетудің қажеті жоқ. Алайда, ұзақ ем тағайындаған жағдайда бауыр қыметінің бұзылуы ауыр емделушілерде дозаны түзету қажет болуы мүмкін.

Айрықша нұсқаулар

Үрей тудыратын кез келген симптомдар (мысалы, дене салмағының кездейсоқ едәуір жоғалуы, қайта-қайта құсу, дисфагия, қан аралас құсу немесе мелена), сондай-ақ асқазан ойық жарасы болғанда (немесе асқазанның ойық жарасына күдіктенгенде), қатерлі жаңа түзілімдердің бар-жоқтығын анықтаған жөн, өйткені Сомпразмен емдеу симптоматиканың бүркемеленуіне және аурудың анықталуының кейінге шегерілуіне әкеп соғуы мүмкін.

Сақтықпен: бүйрек қызметінің ауыр жеткіліксіздігі бар емделушілерге. Протонды помпа тежегіштерімен емдеу Salmonella және Campylobacter әсерінен асқазан-ішектік жұқпалардың пайда болу қаупінің аздап артуына әкеп соғуы мүмкін. Антисекреторлық препараттарды ұзақ уақыт аралығымен қабылдап жүрген емделушілердің асқазанында без кисталарының түзілгені жиі байқалады. Бұл құбылыстар қышқыл секрециясының айқын тежелуінің нәтижесінде болатын физиологиялық өзгерулерден туындайды. Кисталар қатерсіз және қайтымды сипатқа ие.

Жүктілік

Эзомепразолды жүктілік кезеңінде қолдану жөнінде деректер қазіргі таңда шектеулі. Препаратты жүктілік кезеңінде ана үшін күтілетін пайдасы ұрық үшін ықтимал қаупінен басым болған жағдайларда ғана тағайындау керек.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері

Дәрілік заттың жағымсыз әсерлерін ескеріп, көлік құралын немесе потенциальді қауіпті механизмдерді басқарған кезде сақ болған жөн.

Артық дозалануы

Симптомдары: жағымсыз әсерлерінің күшеюі.

Емі: симптоматикалық. Өзіне тән арнайы у қайтарғысы белгісіз. Эзомепразол плазма ақуыздарымен байланысады, сондықтан диализдің тиімділігі аз.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Сұр түсті, «flip-off» типті алюминий қақпақпен бұрап жабылған, сұр резеңке тығынмен тығындалған түссіз шыныдан жасалған 5 мл-лік құтыда препарат 40 мг-нан.

5 мл еріткіш тығыздығы жоғары полиэтилен ампулада.

1 құты және 1 ампула медицинада қолданылуы жөнінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапқа салынған.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханадан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндруші ұйымның атауы және елі

Sun Pharmaceutical Industries Ltd, Үндістан

Заңды мекенжайы:

Acme Plaza, Andheri - Kurla Road,

Andheri (E), Mumbai 400 059, Үндістан

Өндірістің орналасқан мекенжайы:

Halol-Baroda Highway, Halol-389 350,

Gujarat, Үндістан

Тіркеу куәлігі иесінің атауы және елі

Sun Pharmaceutical Industries Ltd, Үндістан

Қаптаушы ұйымның атауы және елі

Sun Pharmaceutical Industries Ltd, Үндістан

Тұтынушылардан өнім (тауар) сапасы жөнінде шағымдарды Қазақстан Республикасы аумағында қабылдайтын ұйымның мекенжайы

050004, Алматы қ-сы, Төлебаев к-сі, 38, 5-қабат

Тел. (727) 250-92-35, факс (727) 250-33-64

sunreports@intelsoft.kz, sunalmaty@intelsoft.kz

 

Прикрепленные файлы

729981511477976776_ru.doc 81.5 кб
743029001477977932_kz.doc 111 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники