Солковагин

МНН: Азотная кислота, Уксусная кислота, Цинка нитрата гексагидрат , Щавелевая кислота
Производитель: Легаси Фармасьютикалс Швейцария ГмбХ
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Другие препараты для применения в гинекологии
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№011838
Информация о регистрации в РК: 26.11.2018 - бессрочно

Инструкция

Саудалық атауы

Солковагин

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Жергілікті қолдануға арналған ерітінді, 0,5 мл

Құрамы

1 мл ерітіндінің құрамында

белсенді заттар: 70% азот қышқылы 537,0 мг, мұзды сірке қышқылы 20,4 мг, қымыздық қышқылының дигидраты 58,6 мг, мырыш нитратының гексагидраты 6,0 мг

қосымша зат – тазартылған су.

Сипаттамасы

Мөлдір түссіз ерітінді

Фармакотерапиялық тобы

Гинекологиялық ауруларды емдеуге арналған басқа да препараттар

АТХ коды G02CX

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Жергілікті қолданылатын препарат. Препарат құрамына кіретін қышқыл иондары мен нитраттар тіндердің жылдам девитализациясы мен бекуін қамтамасыз етеді. Жағу үдерісінде препараттың елеусіз сіңуі жүреді, ол ағзаға жүйелі әсер етпейді.

Дұрыс қолданылғанда препаратты қолдану үшін қауіпсіз деп есептеуге болады.

Фармакодинамикасы

Жергілікті әсері бар препарат. Солковагин препаратының құрамы жатыр мойнының беткі тіндерінің қатерсіз зақымдануларын емдеу үшін арнайы әзірленген, препараттың жатыр мойны эпителийінің түрлі типтеріне бірдей әсер етпеуіне түрткі болады. Аппликациялаған кезде эктопияланған цилиндрлік эпителийді және субэпителиальді эрозия қабығын некроздайды. Соның салдарынан некроздалған тін көпқабатты жалпақ эпителиймен алмасады.

Қолданылуы

Жатыр мойнының беткі тіндерінің қатерсіз зақымдануларында:

- цервикальді эктопияда

- трансформациялау аймағында

- набот кисталарында (кескеннен кейін)

- цервикальді өзектің полиптерінде (эндометрий патологиясы болмаған жағдайда)

- операциядан кейінгі гранулемаларда

Қолдану тәсілі мен дозалары

Препарат тек жатыр мойнының беткі тіндері аймағында жергілікті қолдануға арналған. Емшараны тек гинеколог маман жүргізуі тиіс (кольпоскопты қолданып). Емшара кезінде ерітіндінің сыртқы жыныс мүшелерінің терісі мен қынап эпителийіне тиіп кетуін болдырмай, тек зақымдалған аймақты ғана өңдеу керек.

  • Қынап шырышын мақта тампонымен сүртіп тастау керек. Зақымдалған аймақты 3% сірке қышқылының ерітіндісімен сүрту зақымдалу шектерін дәлірек көріп анықтауға мүмкіндік береді.

  • Ағаш таяқшаға оралған кішігірім мақта тампонына Солковагин ерітіндісін сіңдіріңіз. Зақымдалған аймақты сүртіңіз.

  • 1-2 минуттан соң Солковагин ерітіндісі сіңірілген жаңа мақта тампонының көмегімен сүртуді қайталаңыз. Тәжірибе барысы көрсеткендей, бұлай екі қайтара сүрту емдік әсерін күшейтеді.

  • Солковагинмен емдеу амбулаторлық жағдайда жүргізіледі және суға түсу түрлерінде және жыныстық қатынаста болуда қандай-да бір шектеулер қарастырылмайды.

  • Бақылау тексерулері мына сызба бойынша жүргізіледі: 1 тексеру – емшара жүргізілгеннен кейін 10 күннен соң; 2 тексеру – 1 тексеру жүргізілгеннен кейін 14 күннен соң; 3 тексеру – 2 тексеру жүргізілгеннен кейін 14 күннен соң. Тексеру нәтижесі қанағаттанарлықсыз болған жағдайда, екінші қайтара емдеу курсын жүргізу (2 емшара) және жоғарыда көрсетілген сызба бойынша кезекті бақылау тексерулерін жүргізу қажет.

Жағымсыз әсерлері

сирек

- жергілікті реакция (тітіркену, ауыру, күйдіру, қышыну)

Жағымсыз құбылыстар Солковагинді дұрыс пайдаланбағанда немесе тым жоғары дозаларын қолданғанда туындайды.

Сыртқы жыныс мүшелері терісіне немесе қынап эпителийіне байқаусызда тиіп кеткен жағдайда, күйдіру, қышыну және ауыру сезімдері пайда болуы мүмкін.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

– препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық

– жатыр мойнының қатерлі өзгерістері

– жасушалық дисплазия

– жүктілік

– 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерге

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Анықталмаған

Айрықша нұсқаулар

Солковагин құрамында концентрацияланған қышқылдар бар препарат болып табылады. Препараттың киімге, теріге және әсіресе – көзге тиюін болдырмау керек. Солковагин ерітіндісі сыртқы жыныс мүшелерінің терісіне немесе қынап эпителийіне тиіп кеткен жағдайда, препарат тиген жерді дереу сумен жуып-шаю керек. Солковагин ерітіндісі тері жабындары мен көзге тиіп кеткен жағдайда, препарат тиген аймақты мол сумен, егер мүмкін болса, 1% натрий гидрокарбонатының ерітіндісі сияқты бейтараптандырғыш ерітіндімен жуып тастау керек.

Педиатрияда қолданылуы

Препарат педиатрияда қолдануға арналмаған.

Пайдалану және қаптамасын жою тәртібі.

  • Құтының қақпағын ашыңыз.

  • Құтыға ағаш стерженьге оралған мақта тампонын батырыңыз. Бір құтының ішіндегісі екі емшара жүргізуге есептелген.

  • Емшара жүргізілгеннен кейін, пайдаланылған мақта тампонын құтыға шамамен 1 см-ге салыңыз және стерженьін сындырыңыз.

  • Ерітінді қалдықтарының айналадағы заттарға тиіп кетуін болдырмас үшін, құтыны қаптамасында қоса берілген каучук тығынмен жабыңыз, сосын қалдықтарға арналған контейнерге тастаңыз.

    Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

    Әсер етпейді.

Артық дозалануы

Симптомдары: препаратты шамадан тыс пайдаланғанда күйіктер туындауы мүмкін, бұл жатыр мойны эпителийінің патологиялық өзгерістеріне алып келуі мүмкін.

Емі – препаратты тоқтату, симптоматикалық.

Шығарылу түрі және қаптамасы

0.5 мл препараттан сыйымдылығы 2 мл, тефлонмен қапталған резеңке тығындармен тығындалған және алюминий қалпақшалармен қаусырылған түссіз шыныдан жасалған құтыларға құяды.

2 құтыдан екі қосымша резеңке тығындармен жиынтықта ішінде тығындалған құтыларға арналған ұяшықтары және ашылған құтыға арналған ұяшығы бар пенопласттан жасалған контейнерге салады. Құтыға заттаңбалық қағаздан жасалған заттаңба жапсырылады.

1 контейнерден медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картоннан жасалған пәшкеге салады.

Сақтау шарттары

25 оС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Назар аударыңыз! Ерітіндінің күшті күйдіргіш әсері бар.

Сақтықпен қолдану керек!

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Кристалл тұнба түзілуі мүмкін, бұл препаратты төменірек температураларда, мысалы, тасымалдау кезінде сақтаудың салдары болып табылады. Препаратты қысқа мерзімге (1-2 мин) 40 оС-де қыздыру тұнбаның еруіне алып келеді.

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

Легаси Фармасьютикалс Швейцария ГмбХ

Рюрбергштрассе 21, 4127 Бирсфельден, Швейцария

Тіркеу куәлігінің иесі

МЕДА Фармасьютикалс Швейцария ГмбХ

Хегнауштрассе 60, 8602 Ванген-Брюттизеллен, Швейцария

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

Қазақстан Республикасындағы МЕДА Фармасьютикалз Швейцария ГмбХ өкілдігі: Алматы қ., Әл-Фараби д-лы 7, «Нұрлы Тау» ПФО, 4 А ғимараты, 31 кеңсе, тел. 311-04-30, 311-52-49, тел./факс 277-77-32

Электронды поштасы: info.safety@meda-cis.com

Прикрепленные файлы

649356701477976788_ru.doc 50.5 кб
176785161477977941_kz.doc 57.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники