Ситком (крем)

МНН: Молочая стелящегося травы экстракта сухого
Производитель: Панацея Биотек Лтд
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Прочие препараты и их комбинации
Номер регистрации в РК: РК-ЛС-5№023371
Информация о регистрации в РК: 16.09.2022 - 16.09.2032

Инструкция

Саудалық атауы

Ситком

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Крем, 1%, 30 г

Құрамы

1 г кремнің құрамында

белсенді зат - Жатаған сүттіген шөбі құрғақ экстрактісі [(35-70:1)] 10.0 мг,

қосымша заттар – пропиленгликоль, метилпарабен, пропилпарабен, титанның қостотығы, эмульгациялайтын балауыз, сорбит стеараты (2 типі) Span 60-РА, жүгері майы, бутилгидроксианизол, пропилгаллат, глицерол, сұйық сорбитол (кристалданбаған) (Neosorb 70/70В), вигум HV түйіршіктері, натрий кармеллозасы (2000 mPа.s.), полисорбат 80, тазартылған су.

Сипаттамасы

Ламинацияланған сықпаға толтырылған жасылдау-қоңырдан ақшыл-қоңыр түске дейінгі крем. Сулы және майлы фазалардың бөліну белгілері жоқ крем.

Фармакотерапиялық тобы

Геморрой және анальді сызаттарды емдеу үшін жергілікті қолдануға арналған басқа да дәрілер. Басқа да препараттар және олардың біріктірілімдері.

АТХ коды С05АХ03

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакинетикасы

Жатаған сүттіген шөбі құрғақ экстрактісінің (Euphorbia prostrata) құрамы биологиялық белсенді заттар кешінінен тұрады, оның ішінде мыналар бар: полифенольді заттар (лютеолин, 6-метоксикверцетингликозид, кверцетин ижәне лютеолин және апигенин гликозидтері), биофлавоноидтар, әрі препараттың әсері оның барлық компоненттерінің жиынтық әсеріне негізделген, кинетикалық зерттеулер жүргізу мүмкін емес.

Фармакодинамикасы

Euphorbia prostrata өсімдігі (Euphorbiaceae тұқымдас) геморройды қоса, аноректальді және ернеулі ауруларды емдегенде орынды деп сәйкестендірілген. Ситком (жатаған сүттіген шөбі құрғақ экстрактісі (Euphorbia prostrata)) геморройдың әртүрлі белгілері мен симптомдарында көмектесетін қауіпсіз және тиімді өсімдік тектес препарат болып табылады, қышыну мен ауыруда (проктит және парапроктит) және бірінші және екінші дәрежедегі геморройда қабынуды бәсеңдету, қан кетуді және капиллярлар әлсіздігін болдырмау қасиеттері бар.

Ситком қабынуды азайтады. Препаратпен емдегенде геморрой кезінде ауырудың шегін төмендету жүреді. Сонымен қоса, емдеу физикалық және/немесе физиологиялық жағымсыз емес.

Препараттың фармакологиялық әсері биологиялық белсенді заттарының құрамына кіретін қабынуға қарсы қасиеттері бар жатаған сүттіген шөбі құрғақ экстрактісі (Euphorbia prostrata) кешеніне негізделген.

Биофлавоноидтер - лютеолин, 6-метоксикверцетингликозид, кверцетин және лютеолин мен апигенин гликозидтері қабынуға қарсы әсері әсері бар антиоксидант болып табылады.

Лютеолин және апигенин көмірсулар метаболизміне ықпал етеді, қабынуға қарсы ФНО-α цитокиндері және ИЛ-1β, ИЛ-6, ИЛ-4, ИЛ-13 интерлейкиндерінің өндірілуі мен секрециясына кедергі жасайды.

Апигенин несеп қышқылының қалыптасуын бөгейді.

Кверцетин гистаминнің синтезі мен секрециясын баяулатады, липоксигеназа ферменті мен CYP3A4 цитохромын тежейді.

Қолданылуы

  • геморройда

Қолдану тәсілі және дозалары

Жатаған сүттіген шөбі құрғақ экстрактісі кремін күніне екі рет және әрбір дефекация актісінен кейін 14 күн бойы жағу керек.

Жағымсыз әсерлері

  • жанаспалы дерматит, аллергиялық реакциялар, жоғары сезімталдық

  • бас айналу, бас ауыру

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық

- жүктілік және лактация

- қан аурулары

- 18 жасқа дейінгі балаларға

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Ситком кремнің қанның коагуляциялық бейінін өзгерту қасиеті бар, сондықтан оларды антикоагулянттармен және тромбоцитарлық-антиагрегантты дәрілермен бірге сақтықпен қолдану керек.

Ситком кремнің басқа дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі анықталмаған.

Айрықша нұсқаулар

Жатаған сүттіген шөбі құрғақ экстрактісінің кремі бауыр және / немее бүйрек дисфункциясы бар пациенттерге арналмаған. Сондықтан қолданғанда сақ болған жөн. Бауыр және бүйрек функциясына мұқият мониторинг қажет.

Көзбен, мұрынмен немесе ауызбен жанасуын болдырмаған жөн.

Крем жаққаннан кейін қолды мұқият жуу қажет.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Әсер етпейді

Артық дозалануы

Симптомдары: Осы уақытқа дейін креммен артық дозалану жағдайлары айқындалмаған. Ықтимал артық дозалану жағдайында жағымсыз әсерлері күшейеді.

Емі: Симптоматикалық ем.

Шығарылу түрі және қаптамасы

30 г препараттан ламинацияланған пластик сықпада.

1 сықпа медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 30°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы Өндіруші ұйымның атауы және елі

Панацея Биотек Лтд.

Малпур, Бадди, Техсил Налагарх

Солан ауданы (Х.П.) – 173205, Үндістан

Тіркеу куәлігі ұстаушысының атауы және елі

Панацея Биотек Лтд, Үндістан

Қаптаушы ұйымның атауы және елі

Панацея Биотек Лтд, Үндістан

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«Корал-Мед Казахстан» ЖШС

Алматы қ., Әуезов к-сі, 3

Тел./факс + 7 727 266 95 50, E-mail: coralmedkz@mail.ru

Тіркеуден кейін дәрілік заттың қауіпсіздігін бақылауға жауапты ұйымның мекенжайы

Төлеубаев Орнар Аязбайұлы

«ALIMOR Corporation» ЖШС директоры

Алматы қ., Райымбек даңғылы 212а

тел. +7 727 3 853589, тел./факс + 7 727 3 853589

ұялы тел.: +7 777 222 75 96

e-mail: dr.ornar@alimor.kz

Прикрепленные файлы

Ситком_каз.doc 0.06 кб
Ситком_рус.docx 0.04 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники