Сироп парацетамола 2,4%

МНН: Парацетамол
Производитель: Алтайвитамины ЗАО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Paracetamol
Номер регистрации в РК: РК-ЛС-5№003285
Информация о регистрации в РК: 19.09.2006 - 21.05.2009

Инструкция

Саудалық атауы

Парацетамолдың 2,4% шәрбәті

Халықаралық патенттелмеген атауы

Парацетамол

Дәрілік түрі

2,4% 50мл шәрбәт

Құрамы

5мл сироп құрамында

белсенді зат – 120 мг парацетамол бар,

қосымша заттар: натрий бензоаты, шақпақ қант, тағамдық сорбит, 1-сулы лимон қышқылы, 3-орын басқан лимон қышқылды натрий 5,5-сулы, 1,2-пропиленгликоль, 90% этил спирті, рибофлавин, дәм хош иісті қосындылар, тазартылған су.

Сипаттамасы

Мөлдір, қою, сары түсті, ащылау тәтті дәмі бар, өзіне тән жеміс исі бар сұйықтық.

Фармакотерапиялық тобы

Анальгетиктер-антипиретиктер. Анилидтер.

АТЖ коды N02BE01

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Парацетамол асқазан-ішек жолынан, негізінен белсенділігі жоқ тасымалдану арқылы аш ішекте тез сіңеді. Майлы тіндерді және жұлын сұйықтығын қоспағанда басқа тіндерде және негізінен организмнің сұйық орталарында кеңінен таралады. Қабылдағананнан кейін қандағы концентрациясының барынша жоғары деңгейіне 0,5-2 сағаттан соң жетеді, әсері 3-4 сағат бойы сақталады.

Парацетамол глюкуронидомидтермен, сульфатпен конъюгациялануы арқылы және бауырдың аралас оксидазалары және 450 цитохромының қатысуымен тотығу арқылы негізінен бауырда метаболизденеді.

Бауыр мен бүйректе аралас оксидазалардың әсері арқылы аздаған мөлшерде түзілетін теріс әсері бар гидросилирленген метаболит – N-ацетил-р-бензохинонимин глютатионмен байланысу арқылы залалсызданады және тіндірдің зақымдануын туындататын парацетамолды артық дозалағанда жинақталуы мүмкін.

Жартылай шығарылуы (Т1/2) 1-3 сағатты құрайды. Парацетамолдың бүйректік клиренсі 5 %-ды құрайды. Негізінен глюкуронидті және сульфатты конъюгат түрінде несеппен шығарылады. 5 %-дан аз мөлшері өзгермеген түрде шығарылады.

Фармакодинамикасы

Парацетамолдың ауыруды, қызуды басатын әсері бар. Циклооксигеназа ферментін тежейді және гиперальгезия мен дене қызуы көтерілуінің пайда болу механизміне қатысушы простагландиндердің туындауына жол бермейді. Парацетамол простагландиндердің церебральді синтезін, шеткергіге қарағанда қарқынды түрде басады.

Қолданылуы

  • қызба беретін, суық тию және жұқпалы ауруларда

  • әлсіз және орта қарқынды ауыру жағдайларында (артралгия, миалгия, невралгия, бас сақинасы, тіс және бас ауыру т.б.)

  • буынның қабыну ауруларында (ревматоидты артрит, реактивтік артрит, спондилоартропатия).

Қолдану тәсiлi мен дозалары

Парацетамол шәрбәтін күніне 2-3 рет бір реттік дозаларда:

  • 3 айдан 12 айға дейінгі балаларға ½ -1 шай қасықтан (60-120 мг)

  • 1 жастан 6 жасқа дейін 1-2 шай қасықтан (120-240 мг)

  • 6 жастан 14 жасқа дейін 2-3 шай қасықтан (240-360 мг)

  • ересектерге 3-4 шай қасықтан (500 мг-ға дейін) береді.

Емдеу курсы 1-5 күн.

Жағымсыз әсерлерi

  • диспепсиялық құбылыстар

  • тромбоцитопения, лейкопения, нейтропения, агранулоцитоз, панцитопения

  • терінің бөртуі, қышуы, есекжем.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • дербес көтере алмаушылық

  • созылмалы белсенді маскүнемдік

  • бауыр және бүйрек қызметінің айқын бұзылулары

  • қант диабеті

  • анемия

  • жүктілік (1 триместрі).

Айрықша нұсқаулар

Бауыр және бүйрек қызметі бұзылғанда абайлап қолдану керек.

Парацетамолды ұзақ қолданғанда шеткергі қан көрінісіне және бауырдың функционалдық күйіне тексеру жүргізеді.

Дәрiлермен өзара әрекеттестігi

Атропин, педитин және басқа спазмолитиктер препарат әсерінің басталуын кідіртеді.

Холестерин мен белсендірілген көмір препараттың сіңуін азайтады. Метоклопрамид препараттың қайта сіңуін жылдамдатады.

Барбитураттар, қояншыққа қарсы дәрілер, рифампицин және этил спирті препараттың гепатоуытты метаболиттерге дейін ыдырауын жоғарылатады.

Артық дозалау

Симптомдары: терінің бозаруы, лоқсу, құсу, тершеңдік, бауыр аумағындағы ауырсыну.

Емдеу: асқазанды шаю, ацетилцистеин енгізу, симптоматикалық ем.

Шығарылу түрi және қапталуы

Құтыдағы 2,4%-ды 50 мл шәрбәт.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 180С-ден төмен емес температурада сақтау қажет.

Қатыруға болмайды!

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Жарамдылық мерзiмi

2 жыл

Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзiмi өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт бойынша

Өндіруші

ЖАҚ «Алтайвитаминдер», Ресей, 659325, Алтай өлкесі, Бийск қаласы, Заводская көшесі, 69.

Тел.(3854)326-946, факс (3554)327-640.

Прикрепленные файлы

Сироп_парацетамола_2,4%_рус.doc 0.05 кб
Сироп_парацетамола_2,4%_каз.doc 0.04 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту