Синупрет® форте

Производитель: Бионорика СЕ
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Комбинированные препараты
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№020868
Период регистрации: 13.10.2014 - 13.10.2019

Инструкция

Саудалық атауы

Cинупрет® форте

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Қабықпен қапталған таблеткалар

Құрамы

Қабықпен қапталған бір таблетканың құрамында

белсенді заттар:

шерменгүл тамыры 12 мг

тостағаншасы бар наурызгүл гүлі 36 мг

қымыздық шөбі 36 мг

аюбадам гүлі 36 мг

нарқайсар шөбі 36 мг

қосымша заттар:

таблетканың ядросы мыналардан тұрады:

желатин, лактоза моногидраты, картоп крахмалы, кремнийдің коллоидты сусыз қостотығы, сорбит, стеарин қышқылы, тазартылған су;

таблетканың қабығы мыналардан тұрады:

акрилат сополимері, кальций карбонаты, майсана майы, хлорофиллин қосылысы, декстрин, глюкоза шәрбаты, индигокармин (алюминий) (Е132), магнийдің жеңіл тотығы, жүгері крахмалы, монтанды гликоль балауызы, рибофлавин (Е101), шеллак, сахароза, тальк, титанның қостотығы (Е171)

Сипаттамасы

Дөңгелек пішінді, екі жақ беті дөңес және тегіс, жасыл түсті, қабықпен қапталған таблеткалар.

Фармакотерапиялық тобы

Қақырық түсіретін дәрілер. Қақырық түсіретін препараттар біріктірілімі.

АТХ коды R05CA10

Фармакологиялық қасиеттері

Біріктірілген препарат, сондықтан кинетикалық зерттеулер жүргізу мүмкін емес.

Өсімдік текті біріктірілген препарат.

Фармакологиялық қасиеттері препараттың құрамына кіретін биологиялық тұрғыдан белсенді заттарға байланысты болады. Синупрет® секретолитикалық, секремоторлық және қабынуға қарсы әсер береді, мұрынның қосалқы қуыстарынан және жоғарғы тыныс алу жолдарынан шырыштың ағып шығуына мүмкіндік береді. Препарат вирусқа қарсы және бактерияға қарсы белсенділігінің арқасында жұқпалар кезінде көмектеседі.

Қолданылуы

  • тұтқыр сөліністің түзілуімен қоса жүретін жедел және созылмалы синуситтерде (этмоидиттер, фронтиттер, гаймориттер)

Қолдану тәсілі және дозалары

Ересектерге: күніне 3 рет 1 таблеткадан.

Емдеу курсы 7-14 күнді құрайды.

Егер симптомдар 7-14 күннен артық сақталса немесе әлсі-әлсін қайталанған жағдайда дәрігерден кеңес алу қажет.

Таблетканы шайнамай, судың аздаған мөлшерімен ішіп, бүтіндей жұтқан жөн.

Жағымсыз әсерлері

Келесі жағымсыз әсерлер болуы ықтимал:

- асқазан-ішектік бұзылулар (іштің жоғарғы бөлігінің ауыруы)

- аллергиялық реакциялар (Квинке ісінуі, ентігу)

- терінің аса жоғары сезімталдық реакциялары (қызару, бөртпе, қышу)

Жағымсыз әсерлер пайда болған кезде (әсіресе асқын сезімталдық реакциялары) препарат қабылдауды тоқтатқан және дәрігерге қаралған жөн.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препарат компоненттерінің кез келгеніне қатысты жоғары сезімталдық

- балалар және 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Этиопатогенетикалық ем жүргізу мақсатында бактерияларға қарсы дәрілік заттармен біріктірілуі мүмкін. Басқа дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі қазіргі таңға дейін белгісіз.

Айрықша нұсқаулар

Егер Сіз қанттың белгілі бір түрлерінің жақпауынан зардап шегіп жүрген болсаңыз, препаратты қабылдар алдында дәрігерден кеңес алыңыз.

Диабетиктерге арналған ақпарат:

1 таблетка құрамында орташа есеппен 0,03 «нан бірлігі» бар

Сирек туа біткен фруктоза, галактоза, глюкоза және сахароза жақпайтын емделушілерге препаратты қолданбаған жөн.

Жүктілік және лактация кезеңі

Кез келген дәрілік заттар сияқты Cинупрет® фортені жүктілік және лактация кезеңінде қолдану емдеуші дәрігердің қауіп пен пайда арақатынасын қатаң бағалағаннан кейін ғана мүмкін болады.

Дәрілік заттың көлік құралдарын немесе қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері

Егер ұсынылған дозаларда қабылдаса, препарат көлікті басқару және қауіпті механизмдермен жұмыс жасау қабілетіне ықпалын тигізбейді.

Артық дозалануы

Артық дозалану жағдайлары белгісіз.

Шығарылу түрі және қаптамасы

20 қабықпен қапталған таблеткадан алюминий фольгадан және ПВХ, ПВДХ үлбірден жасалған пішінді ұяшықты қаптамада.

1 пішінді ұяшықты қаптамадан медицинада қолданылуы жөнінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 30ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханадан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

Бионорика СЕ, D-92308 Ноймаркт/Германия

Тіркеу куәлігінің иесі

Бионорика СЕ, D-92308 Ноймаркт/Германия

Тұтынушылардан өнім (тауар) сапасы жөнінде шағымдарды Қазақстан Республикасы аумағында қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«Bionorica SЕ/Бионорика СЕ/» өкілдігі

Алматы қ-сы, «Главпочтамт», а/ж № 200, тел: 250-93-99

e-mail: info@bionorica.kz

Прикрепленные файлы

500073681477976687_ru.doc 50 кб
240372501477977842_kz.doc 47.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники