Синтомицин (250 мг)
Инструкция
- русский
- қазақша
Саудалық атауы
Синтомицин
Халықаралық патенттелмеген атауы
Хлорамфеникол
Дәрілік түрі
250 мг қынаптық суппозиторийлер
Құрамы
1 суппозиторийдің құрамында:
белсенді зат - D,L-хлорамфеникол (синтомицин) – 250 мг,
қосымша заттар - қатты май (витепсол) – салмағы 1,8 г суппозиторий алғанға дейінгі жеткілікті мөлшері.
Сипаттамасы
Пішіні торпеда тәріздес, ақ немесе сарғыш немесе крем реңді ақ түсті суппозиторийлер
Фармакотерапиялық тобы
Гинекологиялық ауруларды емдеуге арналған антисептикалық және микробтарға қарсы препараттар. Бактерияларға қарсы препараттар.
АТЖ коды G01AA05
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Интравагинальді енгізу кезінде сіңбейді және жүйелі әсер етпейді.
Фармакодинамикасы
Синтомицин – кең ауқымды әсер ететін бактериостатикалық антибиотик, микроб жасушасында т-РНК аминоқышқылдарының рибосомаларға көшуі кезеңінде ақуыз синтезін бұзады. Іріңді, ішекті жұқпалар, менингококкты жұқпаларды қоздыратын көптеген грамоң және грамтеріс бактериялар: Escherichia coli, Shigella dysenteria, Shigella flexneri spp., Shigella boydii spp., Shigella sonnei, Salmonella spp. (оның ішінде Salmonella typhi, Salmonella paratyphi), Staphylococcus spp., Streptococcus spp. (оның ішінде Streptococcus pneumoniae), Neisseria meningitidis, Neisseria gonorrhoeae, бір қатар штаммдар Proteus spp., Burkholderia pseudomallei, Rickettsia spp., Treponema spp., Leptospira spp., Chlamydia spp. (оның ішінде Chlamydia trachomatis), Coxiella burnetti, Ehrilichia canis, Bacteroides fragilis, Klebsiella pneumoniae, Heamophilus influenzae-ге қатысты белсенді.
Қышқылға төзімді бактерияларға (оның ішінде Mycobacterium tuberculosis), анаэробтарға, метициллинге төзімді стафилококк штаммдарына, Acinetobacter, Enterobacter, Serratia marcescens, индол оңды Proteus spp., Pseudomonas aeruginosa spp. штаммдарға, қарапайымдарға және зеңдерге әсер етпейді.
Микроорганизмдердің хлорамфеникол әсеріне төзімділігі баяу дамиды.
Қолданылуы
- кіші жамбас ағзаларының сезімтал микроорганизмдер (вагиниттер, цервициттер) туғызған бактериялық жұқпаларында
- гинекологияда ірінді-қабыну ауруларының алдын алуда (инвазивті ем-шаралардың алдында: аборттар, гинекологиялық операциялар (жатыр мойны диатермокоагуляциясы, гистерография), жатын ішіне спираль салу алдында және одан кейін).
Қолдану тәсілі және дозалары
Қынап ішіне енгізеді. Суппозиторий пішінді ұяшықтан босатып алынады да, шалқадан жатқан күйде, қынаптың ішіне тереңдете 1 суппозиторийден күніне 2-3 рет енгізіледі.
Ең жоғары тәуліктік дозасы – 4 суппозиторий.
Емдеудің орташа ұзақтығы 8-10 күн.
Жағымсыз әсерлері
-
аллергиялық реакциялар
-
қан түзілудің бәсеңдеуі (сирек)
-
несеп шығаруда шымылдатып-ашытуды сезіну
-
сыртқы жыныс ағзаларының шырышты қабығы гиперемиясы
-
қынап дисбактериозы.
Қолдануға болмайтын жағдайлар
-
препарат компоненттеріне жоғары сезімталдықта
-
сүйек кемігі қан түзілімінің бәсеңдеуінде
-
жедел интермиттирлеуші порфирияда
-
глюкозо-6-фосфатдегидрогеназа тапшылығында
-
бауыр және/немесе бүйрек жеткіліксіздігінде
-
зеңді вагинитте
-
16 жасқа дейінгі қыз балаларға
-
жүктілік, лактация кезеңінде
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Пенициллиндер мен цефалоспориндердің бактерияға қарсы әсерін төмендетеді. Эритромицинмен, клиндамицинмен, линкомицинмен бір мезгілде қолданғанда өзара әсерін әлсірету байқалады.
Айрықша нұсқаулар
Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді.
Артық дозаланғанда
Қазіргі уақытқа дейін препараттың артық дозалану жағдайлары анықталмаған.
Шығарылу түрі және қаптамасы
5 суппозиторийден поливинилхлоридті үлбірден немесе поливинилхлоридті, полиэтиленмен ламинадталған үлбірден жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салынған.
2 пішінді қаптамадан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салады.
Сақтау шарттары
25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
3 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецептісіз
Өндіруші
«Нижфарм» ААҚ, Ресей
603950, Нижний Новгород қ.,
ҚҚП-459, Салганская к-сі, 7
тел.: (831) 278-80-88
факс: (831) 430-72-28
веб сайты: http://www.nizhpharm.ru
Тіркеу куәлігі иесінің атауы мен елі
«Нижфарм» ААҚ, Ресей Федерациясы
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы:
«Нижфарм» ААҚ Өкілдігі
050043, Қазақстан Республикасы,
Алматы қ., Хан–Тәңірі ықш-ы, 55б
тел.: (727) 271-99-68
факс: (727) 255-33-78
e–mail: almaty@stada.kz