Синжарди® (12,5 мг/1000 мг)

МНН: Метформин, Эмпаглифлозин
Производитель: Берингер Ингельхайм Фарма ГмбХ и Ко. КГ
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Эмпаглифлозин и метформин
Номер регистрации в РК: РК-ЛС-5№022595
Информация о регистрации в РК: 26.12.2016 - 26.12.2021

Инструкция

Саудалық атауы

СИНЖАРДИ®

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Үлбірлі қабықпен қапталған 5 мг/850 мг, 5 мг/1000 мг, 12,5 мг/850 мг,

12,5 мг/1000 мг таблеткалар

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді заттар: 5 мг немесе 12,5 мг эмпаглифлозин,

850 мг немесе 1000 мг метформин гидрохлориді,

қосымша заттар: жүгері крахмалы, коповидон, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы, магний стеараты;

үлбірлі қабық құрамы:

Опадрай® сары 02В220010 (5 мг/850 мг доза үшін): гипромеллоза 2910, макрогол 400, титанның қостотығы (Е171), темірдің сары тотығы (Е172), тальк.

Опадрай® сары 02В220012 (5 мг/1000 мг доза үшін): гипромеллоза 2910, макрогол 400, титанның қостотығы (Е171), темірдің сары тотығы (Е172), тальк.

Опадрай® қызғылт 02В240006 (12,5 мг/850 мг доза үшін): гипромеллоза 2910, макрогол 400, титанның қостотығы (Е171), темірдің қара тотығы (Е172), темірдің қызыл тотығы (Е172), тальк.

Опадрай® күрең қызыл 02В200006 (12,5 мг/1000 мг доза үшін): гипромеллоза 2910, макрогол 400, титанның қостотығы (Е171), темірдің қара тотығы (Е172), темірдің қызыл тотығы (Е172), тальк.

Сипаттамасы

Сопақша пішінді, екі беті дөңес, таблетканың бір жағында компания символы мен «S5» белгісі және екінші жағында «850» саны ойып түсірілген, сарғыш-ақ түсті үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар

(5 мг/850 мг доза үшін).

Сопақша пішінді, екі беті дөңес, таблетканың бір жағында компания символы мен «S5» белгісі және екінші жағында «1000» саны ойып түсірілген, қоңыр-сары түсті үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар

(5 мг/1000 мг доза үшін).

Сопақша пішінді, екі беті дөңес, таблетканың бір жағында компания символы мен «S12» белгісі және екінші жағында «850» саны ойып түсірілген, қызғылт-ақ түсті үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар

(12.5 мг/850 мг доза үшін).

Сопақша пішінді, екі беті дөңес, таблетканың бір жағында компания символы мен «S12» белгісі және екінші жағында «1000» саны ойып түсірілген, күңгірт-қоңыр-күрең қызыл түсті үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар (12.5 мг/1000 мг доза үшін).

Фармакотерапиялық тобы

Қант диабетін емдеуге арналған препараттар. Ішу арқылы қабылданатын қант төмендететін препараттар біріктірілімі.

Эмпаглифлозин және метформин.

АТХ коды А10ВD20

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

СИНЖАРДИ

СИНЖАРДИ препараты (эмпаглифлозин + метформин гидрохлориді) 5 мг/850 мг, 5 мг/1000 мг, 12,5 мг/850 мг және 12,5 мг/1000 мг үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалары бөлек компоненттер түріндегі эмпаглифлозин мен метформин гидрохлоридінің сәйкесті дозаларын біріктіріп қабылдауға биобаламалы.

Ас ішумен 12,5 мг/1000 мг эмпаглифлозин/метформин гидрохлоридін қабылдау, препаратты аш қарынға қабылдаумен салыстырғанда, эмпаглифлозин AUC («концентрация-уақыт» қисығы астындағы аудан) мәнінің 9% азаюына және Сmax (қан плазмасындағы ең жоғары концентрациясы) мәнінің 28% төмендеуіне әкеледі. Метформинге тән AUC және Сmax мәні, препаратты аш қарынға қабылдаумен салыстырғанда, төмен. Ас ішудің эмпаглифлозин мен метформинге әсері клиникалық мәнді болып саналмайды. Бірақ СИНЖАРДИ препаратын құрамында метформин бар болғандықтан ас ішумен қабылдауға ұсынылады.

СИНЖАРДИ белсенді заттарының фармакокинетикалық қасиеттері.

Эмпаглифлозин

Сіңуі: Эмпаглифлозин фармакокинетикасы дені сау еріктілерде және 2-ші типті қант диабеті бар пациенттерде жақсы зерттелген. Ішке қабылдаудан кейін эмпаглифлозин тез сіңеді, Тmax мәніне 1,5 сағаттан соң жетеді. Плазмада препарат концентрациясының төмендеуі жылдам таралу фазасындағы және салыстырмалы баяу терминалдық фазадағы екі фазалы сипатта болады. AUC және плазмадағы орташа концентрация Cmax динамикалық тепе-теңдік сатысында тәулігіне бір рет 10 мг дозада эмпаглифлозин қабылдау кезінде 1870 нмоль/сағ. және 259 нмоль/л және 25 мг дозада эмпаглифлозин қабылдау кезінде 4740 нмоль/сағ. және 687 нмоль/л құрайды.

Эмпаглифлозин жүйелі әсерінің дозаның арттырылуына пропорционалды артуы. Эмпаглифлозин фармакокинетикасы уақытқа қатысты дозаға байланысты болады. Дені сау еріктілерде және 2-ші типті қант диабеті (ҚД 2) бар пациенттерде эмпаглифлозин фармакокинетикасында клиникалық мәнді айырмашылықтар жоқ.

Фармакокинетикалық параметрлері күніне екі рет 5 мг эмпаглифлозин және күніне бір рет 10 мг эмпаглифлозин қабылдау кезінде дені сау тұлғаларда салыстырылды. Күніне екі рет 5 мг эмпаглифлозин қабылдағанда 24 сағат ішіндегі эмпаглифлозин AUCss жалпы әсері күніне бір рет 10 мг эмпаглифлозин қабылдау кезіндегі әсеріне ұқсас болды, плазмада эмпаглифлозин Cmax төмендеуіне және Сmin ең төмен концентрациясының жоғарылауына алып келді.

Майлы және калориясы жоғары тағам қабылдаудан кейін 25 мг дозада эмпаглифлозин қабылдау, препаратты аш қарынға қабылдаумен салыстырғанда, AUC шамамен 16%, Cmax шамамен 37% төмендеуін туындатады.

Ас ішу эмпаглифлозин фармакокинетикасына, сондай-ақ СИНЖАРДИ препаратын қабылдау кезіндегі фармакокинетикаға клиникалық мәнді ықпалын тигізбейді.

Таралуы: қан плазмасында тепе-тең күйдегі таралу көлемі 73,8 л құрайды. Дені сау еріктілерде таңбалы эмпаглифлозиннің [14C] эритроциттермен байланысуы шамамен 37%, ал плазма ақуыздарымен 86%.

Метаболизмі: эмпаглифлозин метаболизмінің негізгі жолы – UGT2B7, UGT1A3, UGT1A8 және UGT1A9 уридин-5’-дифосфо-глюкуронозилтрансферазалардың қатысуымен глюкурондану. Адам плазмасындағы эмпаглифлозиннің негізгі метаболиттері анықталмаған, эмпаглифлозиннің ең көп таралған метаболиттері үш глюкуронды конъюгат (2-О, 3-О және 6-О глюкуронид) болып табылады. Әр метаболиттің жүйелі ықпалы препаратпен байланысқан заттардың жалпы әсерінің 10%-нан аз.

Шығарылуы: терминалдық жартылай шығарылу кезеңі 12,4 сағатқа жуық, толық клиренсі - 10,6 л/сағат. Эмпаглифлозинді ішу арқылы қабылдағанда пациенттер арасындағы ауытқу мен клиренсінің қалдық ауытқушылығы, тиісінше, 39,1% және 35,8% құрайды. Эмпаглифлозин бір рет қабылданғанда қан плазмасындағы тұрақты концентрациясына бесінші дозаны қабылдаудан кейін жетеді. Динамикалық тепе-теңдік сатысында, жартылай шығарылу кезеңіне сәйкес, жинақталуы 22% дейін (плазмадағы AUC бойынша) құрайды. Эмпаглифлозин шығарылуы 96% жуық: нәжіспен – 41% және несеппен – 54% құрайды. Таңбалы препараттың көп бөлігі өзгеріссіз күйде нәжіспен шығарылады. Таңбалы препараттың шамамен жартысы өзгеріссіз күйде бүйрекпен шығарылады.

Пациенттердің ерекше топтарындағы фармакокинетикасы

Бүйрек функциясының бұзылулары: ауырлығы жеңіл, орташа және ауыр дәрежедегі (креатинин клиренсі < 30 – < 90 мл/мин) бүйрек функциясының бұзылуы бар пациенттерде және созылмалы бүйрек ауруының (СБА) терминалдық сатысындағы пациенттерде эмпаглифлозин AUC мәндері, бүйрек функциясы қалыпты пациенттермен салыстырғанда, тиісінше, 18%, 20%, 66% және 48% артады. Ауырлығы орташа дәрежедегі бүйрек функциясының бұзылуы бар пациенттерде және СБА терминалдық сатысындағы пациенттерде плазмадағы эмпаглифлозиннің ең жоғары концентрациясы, бүйрек функциясы қалыпты пациенттердегі сәйкесті мәндерімен ұқсас болды. Ауырлығы жеңіл және орташа дәрежедегі бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде плазмадағы эмпаглифлозиннің ең жоғары концентрациясы бүйрек функциясы қалыпты пациенттердегіден шамамен 20% жоғары болды. Фармакокинетикалық талдау деректері эмпаглифлозин клиренсінің шумақтық сүзіліс жылдамдығының (ШСЖ) азаюына қарай төмендейтінін, бұл препарат әсерінің күшеюіне әкелетінін көрсетеді.

Бауыр функциясының бұзылулары: бауыр функциясының жеңіл, орташа және ауыр бұзылулары (Чайлд-Пью жіктеуіне сай) бар пациенттерде, бауыр функциясы қалыпты пациенттермен салыстырғанда, эмпаглифлозин AUC мәндері шамамен 23%, 47% және 75%, ал Cmax мәндері шамамен 4%, 23% және 48% артады.

Дене салмағы индексі (ДСИ) фармакокинетикалық талдауға сай, эмпаглифлозин фармакокинетикалық қасиеттеріне клиникалық мәнді әсерін көрсетпейді. ДСИ 30, 35 және 45 кг/м2 пациенттерде, тиісінше, ДСИ 25 кг/м2 тұлғалармен салыстырғанда, AUC мәндері шамамен 5,82%, 10,4% және 17,3% төмен.

Жыныс ерекшелігі және жас егделігі эмпаглифлозин фармакокинетикасына клиникалық мәнді ықпалын тигізбейді.

Нәсілі: ДСИ 25 кг/м2 азиялық нәсіл өкілдерінде, ДСИ 25 кг/м2 басқа нәсіл өкілдерімен салыстырғанда, AUC мәні 13.5% жоғары.

Балалар жасындағы пациенттер. Деректер жоқ.

Метформин

Сіңуі: метформинді ішке қабылдаудан кейін Тmax мәніне 2,5 сағаттан соң жетеді. Метформин гидрохлоридінің абсолютті биожетімділігі 500 мг немесе 850 мг дозада ішке қабылдаудан кейін шамамен 50-60% құрайды. Препаратты ішке қабылдаудан кейін препараттың 20-30% жуығы сіңбейді және өзгеріссіз күйде нәжіспен шығарылады.

Метморфин гидрохлоридінің сіңуі қаныққан және толық емес, сіңу фармакокинетикасы дозаға байланыссыз. Ұсынылатын дозаларын қабылдағанда метформин гидрохлориді плазмадағы тұрақты концентрацияларына 24-48 сағат ішінде жетеді, әдетте, 1 мкг/мл аз құрайды. Бақыланатын клиникалық зерттеулерінде плазмадағы метформиннің ең жоғары деңгейлері (Cмакс) тіпті ең жоғары дозаларында 5 мкг/мл асып кетті.

Ас ішу метформин гидрохлоридінің сіңірілу дәрежесін төмендетіп, оны біршама баяулатады. Метформин гидрохлоридін 850 мг дозада қабылдаудан кейін плазмадағы жоғары шекті концентрациясының 40% төмендеуі, AUC 25% азаюы және плазмадағы жоғары шекті концентрациясына жетуге дейінгі уақыттың 35-минуттық ұзаруы байқалды. Осы өзгерістердің клиникалық мәні белгісіз.

Таралуы: метформиннің плазма ақуыздарымен байланысуы болымсыз. Метформин эритроциттерде таралады. Қанда препараттың ең жоғары концентрациясы плазмадағыдан төмен және шамамен бір мезгілде жетеді. Эритроциттердің препарат таралуының қосымша компартменті екені жорамалданады. Орташа таралу көлемі (Vd) 63-тен 276 л дейін ауытқиды.

Метаболизмі және шығарылуы: метформин гидрохлориді бүйрекпен өзгеріссіз күйде шығарылады. Адамда препараттың метаболиттері идентификацияланбаған. Метформин гидрохлоридінің бүйректік клиренсі 400 мл/минуттан асып кетеді, бұл препараттың шумақтық сүзіліс және өзекшелік секреция арқылы шығарылуын көрсетеді. Препаратты ішке қабылдаудан кейін терминалдық жартылай шығарылу кезеңі шамамен 6,5 сағат құрайды.

Бүйрек функциясы бұзылған жағдайда препараттың бүйректік клиренсі креатинин клиренсіне пропорционал төмендейді, сондықтан жартылай шығарылу кезеңі ұзарып, плазмадағы метформин гидрохлориді деңгейінің жоғарылауына алып келеді.

Балалар. Деректер жеткіліксіз.

Фармакодинамикасы

СИНЖАРДИ 2-ші типті қант диабетімен науқастарда гликемиялық бақылауды жақсартатын өзара толықтырушы әсер ету механизмі бар екі гипогликемиялық дәрілік заттың: натрий мен глюкоза 2 (SGLT2) бірлескен тасымалдағышының тежегіші - эмпаглифлозин және бигуанидтер класының препараты - метформин гидрохлоридінің біріктірілімі болып табылады.

Эмпаглифлозин 2 типті натрий-тәуелді глюкоза тасымалдағышының (SGLT2) қайтымды, белсенділігі жоғары, іріктелген және бәсекелес тежегіші болып табылады. Эмпаглифлозин глюкозаның басқа да маңызды шеткері тіндерге тасымалдаушыларын тежейді, ішекте глюкозаның сіңірілуіне жауап беретін SGLT1 негізгі тасымалдағышына қарағанда, SGLT2 қатысты 5000 есе іріктелген.

Басқа тіндерде оның белсенділігі болмайтын немесе аз дәрежеде көрініс беретін уақытта бүйректегі SGLT2 белсенділігі жоғары. SGLT2 – глюкозаның шумақтық сүзілістен қан ағымына кері қайта сіңірілуіне жауап беретін негізгі тасымалдағыш.

Эмпаглифлозин 2 типті ҚД бар пациенттерде глюкозаның бүйректе қайта сіңірілуін төмендету арқылы гликемиялық бақылауды жақсартады. Глюкуретиктік механизм арқылы бүйрекпен бөлінетін глюкоза мөлшері ШСЖ және қандағы глюкоза концентрациясына байланысты. Гипергликемиясы және 2 типті ҚД бар пациенттерде SGLT2 тежелісі глюкозаның бүйрекпен шығарылуының артуына алып келеді.

Клиникалық зерттеулерде 2 типті ҚД бар пациенттерде эмпаглифлозиннің бірінші дозасын қолданудан кейін бірден глюкозаның бүйрекпен шығаруылуының артуы және 24 сағаттан аса сақталуы анықталды. Глюкозаның бүйрекпен шығарылуының артуы 25 мг эмпаглифлозин қабылдағанда, орта есеппен, 78 г/күнге жуық құрап, 4 апталық емделу кезеңінің соңына дейін сақталды. Глюкозаның бүйрекпен шығарылу деңгейінің артуы 2 типті ҚД бар пациенттерде қан плазмасында глюкоза концентрациясының дереу төмендеуіне әкеледі.

Эмпаглифлозин әрі аш қарында, әрі постпрандиальді түрде қан плазмасында глюкоза концентрациясын азайтады. Эмпаглифлозиннің әсер ету механизмі ұйқы безінің бета-жасушаларының функционалдық жағдайына және инсулин метаболизміне байланысты емес және гипогликемияның төмен даму қаупіне ықпал етеді. HOMA-β индексін (гомеостаз-B бағалау үлгісі) қоса, бета-жасушалар функциясының суррогатты маркерлеріне эмпаглифлозиннің оң ықпалы білінеді. Бұдан бөлек, глюкозаның бүйрекпен шығарылуы калория жоғалтуға алып келеді, бұл май тіні көлемінің азаюымен және дене салмағының кемуімен қатар жүреді. Эмпаглифлозин қолдану кезінде байқалатын глюкозурия артериялық қысымның ұзаққа созылатын және орташа төмендеуіне ықпал ететін диурездің аздап артуымен қатар жүреді.

Метформин – гипогликемиялық әсері бар бигуанид. Плазмада глюкозаның әрі базальді, әрі постпрандиальді деңгейін төмендетеді. Инсулин секрециясын көтермелемейді, сондықтан да гипогликемияға әкелмейді. Метформин гидрохлоридіне 3  әсер ету механизмі тән:

  • глюконеогенез және гликогенолиз тежелісі арқылы бауырда глюкоза өндірілуінің төмендеуі;

  • қаңқа бұлшықеттеріне глюкозаның енгізілуін және инсулинге сезімталдықтың артуы салдарынан оның жойылуын жақсарту;

  • ішекте глюкозаның сіңуін баяулату;

    Метформин гидрохлориді, гликогенсинтетазаға әсер етіп, жасуша ішіндегі гликоген синтезін көтермелейді.

    Метформин гидрохлориді глюкозаның жарғақша тасымалдаушыларының (GLUT) қазіргі уақытта белгілі барлық типтерінің тасымалдану қабілетін арттырады. Метформин гидрохлориді, гликемияға әсер етуіне байланыссыз, липидтер метаболизміне жайлы әсер етеді. Бұл әсері препараттың емдік дозаларын пайдаланғанда бақыланатын орташа мерзімді немесе ұзақ мерзімді клиникалық зерттеудерде анықталған - метформин гидрохлориді жалпы холестеринді, тығыздығы төмен липопротеиндер (ТТЛП) құрамындағы холестерин мен триглицеридтер деңгейлерін төмендетеді.

    Клиникалық тиімділігі және қауіпсіздігі

    2-ші типті қант диабеті бар пациенттер салыстырмалы жасырын 7 плацебо-бақыланатын немесе әсер етуші зат бойынша бақыланатын клиникалық зерттеулерде 24 апта бойы ем қабылдаған. Пациенттер метформинмен ем кезінде, метформинмен және инсулинмен ем кезінде қосымша дәрі ретінде 10 мг эмпаглифлозин мен 25 мг эмпаглифлозин қабылдаған.

    Метформинмен және диабетке қарсы басқа дәрілік заттармен (пиоглитазон, сульфонилмочевина туындылары, ДПП-4 тежегіштері және инсулин) біріктірілімде немесе оларсыз эмпаглифлозин қолданылатын ем гликирленген гемоглобин HbA1 деңгейінің клиникалық мәнді жақсаруын, аш қарындағы плазмада глюкоза (АПГ) концентрациясының азаюын, дене салмағының кемуін, систолалық және диастолалық артериялық қысымның төмендеуін көрсетті. 25 мг эмпаглифлозин енгізу, 10 мг эмпаглифлозинмен және плацебомен салыстырғанда, 7%-дан аз HbA1c мақсатты деңгейіне жеткен пациенттер үлесінің артуына және глюкоза деңгейін шұғыл түзету қажет болатын пациенттер санының азаюына алып келді.

    Эмпаглифлозинмен емделу кезінде 75 жастағы және одан асқан пациенттерде HbA1c деңгейінің саны жағынан аз төмендеуі байқалды.

    Эмпаглифлозин метформинмен, сульфонилмочевина туындыларымен, пиоглитазонмен емге толықтыру ретінде

    Эмпаглифлозин метформинмен, метформинмен және сульфонилмочевина туындыларымен немесе пиоглитазонмен және метформинмен ем кезінде қосымша дәрі ретінде HbA1c деңгейінің және дене салмағының, плацебомен салыстырғанда, статистикалық мәнді төмендеуіне әкелді. Бұдан бөлек, плацебомен салыстырғанда, бұл АПГ концентрациясының, систолалық және диастолалық артериялық қысымның клиникалық мәнді төмендеуіне әкелді. Салыстырмалы жасырын плацебо-бақыланатын кеңейтілген зерттеуде HbA1c деңгейінің, дене салмағының және артериялық қысымның төмендеуі 76 аптаға дейін сақталды.

    Эмпаглифлозинді глимепиридпен салыстырмалы метформинге қосымша ем ретінде 24 ай қолдану деректері

    Метформинмен монотерапия есебінен глюкоза деңгейінің бақылануы жеткіліксіз пациенттерде глимепиридпен (күніне 4 мг дейін) салыстырылатын 25 мг эмпаглифлозиннің тиімділігі мен қауіпсіздігінің салыстырмалы зерттеуінде эмпаглифлозинді күнделікті қабылдау, глимепиридпен салыстырғанда, HbA1c деңгейінің басымдылықпен төмендеуіне және АПГ концентрациясының клиникалық мәнді төмендеуіне әкелді. Эмпаглифлозинді күнделікті қабылдау, глимепиридпен салыстырғанда, дене салмағының, систолалық және диастолалық артериялық қысымның статистикалық мәнді төмендеуіне және гипогликемиялық оқиғалары бар пациенттер үлесінің статистикалық мәнді төмендеуіне әкелді.

    Эмпаглифлозин күніне бірнеше рет инсулин қолданылатын ем кезінде қосымша ем ретінде

    Метформин емімен қатар жүргізіліп, инсулинді көп реттік күнделікті қабылдауға қосымша ем ретіндегі эмпаглифлозиннің тиімділігі мен қауіпсіздігі 52 аптаға созылатын салыстырмалы жасырын плацебо-бақыланатын зерттеуде бағаланды. Алғашқы 18 аптада және соңғы 12 аптада инсулин дозасы тұрақты болды, дегенмен, 19 және 40 апта арасында ол аш қарындағы глюкозаны < 100 мг/дл [5,5 ммоль/л] деңгейіне, тамақтанудан кейінгі глюкозаны < 140 мг/дл [7,8 ммоль/л] деңгейіне жеткізу мақсатында түзетілді. Эмпаглифлозин 18-ші аптада, плацебомен салыстырғанда, HbA1c статистикалық мәнді жақсаруын қамтамасыз етті. Эмпаглифлозинмен емдеу 52-ші аптада, плацебомен салыстырғанда, HbA1c деңгейінің статистикалық мәнді төмендеуіне және инсулиннің үнемделуіне, сондай-ақ дене салмағының кемуіне әкелді.

    Эмпаглифлозин базальді инсулин қолданылатын емге қосымша дәрі ретінде

    Метформин емімен қатар жүргізілетін базальді инсулинге қосымша ем ретіндегі эмпаглифлозиннің тиімділігі мен қауіпсіздігі 78 аптаға созылатын салыстырмалы жасырын плацебо-бақыланатын зерттеуде бағаланды. Алғашқы 18 аптада инсулин дозасы тұрақты күйде қалды, дегенмен, келесі 60 апта бойы ол < 110 мг/дл АПГ концентрациясына жеткізу үшін түзетілді. 18-ші аптада эмпаглифлозин HbA1c статистикалық мәнді жақсаруын қамтамасыз етті. Эмпаглифлозинмен емделгенде бастапқы HbA1c > 7,0% пациенттердің көп саны, плацебомен салыстырғанда, HbA1c < 7% мақсатты деңгейіне жетті. 78-ші аптада HbA1c деңгейі төмендеуінің және эмпаглифлозин есебінен инсулиннің үнемделу әсерінің бақылануы жалғасты. Бұдан бөлек, эмпаглифлозин аш қарындағы плазмада глюкоза концентрациясының, дене салмағының және артериялық қысымның төмендеуіне әкелді.

    Эмпаглифлозин және линаглиптин метформинмен емдеу кезінде қосымша ем ретінде

    Гликемиялық бақылануы жеткіліксіз пациенттерде жүргізілген салыстырмалы жасырын зерттеуде метформинмен ем кезінде қосымша дәрілер ретінде линаглиптинмен біріктірілімде (5 мг) эмпаглифлозиннің екі дозасы да (10 мг және 25 мг) қолданылатын 24-апталық емдеу HbA1c статистикалық мәнді төмендеуін (р < 0,0001) қамтамасыз етті. Эмпаглифлозиннің 5 мг линаглиптинмен біріктірілген екі дозасы да, 5 мг линаглиптин қабылдаумен салыстырғанда, аш қарындағы плазма глюкозасы концентрациясының және артериялық қысымның статистикалық мәнді төмендеуін қамтамасыз етті. Екі доза да кг-мен өрнектелген және пайыздық өзгертілген дене салмағының осыған ұқсас статистикалық мәнді төмендеуін қамтамасыз етті. Эмпаглифлозинді линаглиптинмен біріктірілімде қабылдағанда HbA1c > 7,0 % пациенттердің басым саны, 5 мг линаглиптин қабылдаумен салыстырғанда, HbA1c < 7 % мақсатты деңгейіне жетті. HbA1c клиникалық мәнді төмендеуі 52 апта бойы сақталды.

    Эмпаглифлозинді күніне екі рет қабылдау, метформинмен ем кезінде қосымша ем ретінде күніне бір рет қабылдаумен салыстырғанда

    Метформинмен монотерапия есебінен гликемиясы жеткіліксіз бақыланатын пациенттердегі салыстырмалы жасырын 16 аптаға созылатын плацебо-бақыланатын зерттеуде метформинмен ем кезіндегі қосымша дәрі ретінде (тәуліктік доза: 10 мг және 25 мг) күніне бір рет қабылдаумен салыстырғанда, күніне екі рет эмпаглифлозин қабылдаудың тиімділігі мен қауіпсіздігі бағаланды. Эмпаглифлозинмен емделудің барлық нұсқалары плацебомен салыстырылған емнің 16 аптасы өткен соң бастапқы деңгеймен (жалпы орташа 7,8%) салыстырғанда HbA1c деңгейінің елеулі төмендеуіне әкелді. Метформин аясында күніне екі рет эмпаглифлозин қабылдау сызбасы, күніне бір рет қабылдау сызбасымен салыстырғанда, HbA1c деңгейінің салыстырмалы төмендеуіне әкелді, бұл орайда HbA1c төмендетудегі емдеу нұсқалары арасындағы айырмашылық бастапқы деңгеймен салыстырғанда 16-шы аптада күніне бір рет 10 мг қабылдаумен салыстырғанда күніне екі рет 5 мг эмпаглифлозин қабылдау үшін 0,02% (95% СА – 0,16, 0,13) және күніне бір рет 25 мг қабылдаумен салыстырғанда күніне екі рет 12,5 мг эмпаглифлозин қабылдау үшін 0,11% (95% СА – 0,26, 0,03) құрады.

    Жүрек-қантамыр қауіпсіздігі

    Эмпаглифлозин 2-ші типті қант диабеті бар пациенттердегі 12 клиникалық зерттеудің 2 және 3 зерттеу фазасында анықталған жүрек-қантамыр құбылыстарына қарамастан проспективті метаталдауда жүрек-қантамырлық қауіпті арттырмаған.

    Ас ішуден кейін 2 сағаттан соң глюкоза деңгейі

    Метформинмен немесе сульфонилмочевина туындыларымен біріктірілімдегі метформинмен ем кезінде қосымша дәрі ретінде эмпаглифлозин қолданылатын емдеу 24-ші аптада ас ішуден соң 2 сағат өткенде глюкоза деңгейінің клиникалық мәнді жақсаруына алып келді (ас ішуге төзімділік тестісі).

    Гликирленген гемоглобиннің бастапқы деңгейі HbA1c > 9% пациенттер

    Метформинмен ем кезінде қосымша дәрі ретінде 10 мг немесе 25 мг эмпаглифлозин қолданылатын емдеу гликирленген гемоглобиннің бастапқы деңгейі HbA1c > 9,0% болатын тұлғаларда плацебо-бақыланатын 4 зерттеудің біріккен талдауында 24-ші аптада HbA1c деңгейінің статистикалық мәнді төмендеуіне әкелді.

    Дене салмағы

    Плацебо-бақыланатын 4 зерттеудің біріккен талдауында эмпаглифлозин қолданылатын емдеу (метформинмен емделу аясындағы барлық пациенттердің 68% бөлігі) 24-ші аптада, плацебомен салыстырғанда, 52-ші аптаға дейін сақталатын дене салмағының кемуіне әкелді.

    Артериялық қысым

    Диабетке қарсы әртүрлі дәрілерді және 2 гипотензиялық препаратқа дейін қабылдаған 2-ші типті ҚД және жоғары артериялық қысымы бар пациенттердегі эмпаглифлозин тиімділігі мен қауіпсіздігі 12 аптаға созылатын салыстырмалы жасырын плацебо-бақыланатын зерттеуде бағаланды. Күніне бір рет эмпаглифлозин қолданылатын емдеу HbA1c гликирленген гемоглобин деңгейінің және, артериялық қысымның амбулаторлық мониторингіне сай орташа тәуліктік систолалық және диастолалық артериялық қысымның статистикалық мәнді жақсаруына әкелді. Эмпаглифлозинмен емделу отыру қалпындағы САҚ және ДАҚ төмендеуін қамтамасыз етті.

    Метформин

    Проспективті, рандомизацияланған (UKPDS) зерттеуде 2-ші типті ҚД кезінде препараттың қандағы глюкоза деңгейін қарқынды бақылауға қатысты тиімділігінің ұзаққа созылатыны анықталды.

    Тиімсіз диетадан соң метформин қабылдаған дене салмағы шамадан тыс пациенттерде зерттеулер талдауы мыналарды көрсетті:

    • метформин қабылдау тобында, тек диетамен салыстырғанда және сульфонилмочевина туындыларын біріктірілімде қолдану және инсулинмен монотерапия топтарымен салыстырғанда, диабеттің кез келген асқынуының абсолютті даму қаупінің елеулі төмендеуі;

    • ҚД-мен байланысты кез келген себептен өлімге ұшыраудың абсолютті қаупінің елеулі төмендеуі;

    • метформин қабылдау тобында, бөлек диетамен салыстырғанда және сульфонилмочевина туындыларын біріктірілімде қолдану және инсулинмен монотерапия топтарымен салыстырғанда, жалпы өлімге ұшыраудың абсолютті қаупінің елеулі төмендеуі;

    • бөлек диета ұстану кезінде метформин қабылдау тобында миокард инфарктісінің абсолютті даму қаупінің елеулі төмендеуі;

    Балалар. Деректер жеткіліксіз.

  • Қолданылуы

    СИНЖАРДИ препараты гликемиялық бақылауды жақсартуға арналған диетаға және дене жаттығуларына толықтыру ретінде 2-ші типті қант диабеті бар 18 жастағы және одан асқан ересектерге көрсетілген:

    • монотерапия түріндегі метформиннің ең жоғары жағымды дозасымен жеткіліксіз гликемиялық бақылауда

    • инсулинді қоса, басқа қант төмендететін дәрілік заттармен біріктірілімде метформинмен жеткіліксіз гликемиялық бақылауда

    • жекелеген препараттар түрінде эмпаглифлозин мен метформин біріктірілімі қолданылатын ем қабылдап жүрген пациенттерге

    Қолдану тәсілі және дозалары

    Дозалануы

    Ұсынылатын доза – күніне екі рет СИНЖАРДИ препаратының бір таблеткасы. Ұсынылатын тәуліктік 10 мг немесе 25 мг эмпаглифлозин дозасын пайдаланып және метформиннің ең жоғары ұсынылатын тәуліктік дозасынан асырмай, пациентті емдеудің ағымдағы сызбасы, тиімділігі мен жағымдылығы негізінде дозаны таңдау керек.

    Метформинмен монотерапия немесе инсулинді қоса, басқа да қант төмендететін дәрілік заттармен метформинді біріктіру есебінен жеткіліксіз бақыланатын пациенттер үшін: метформинмен монотерапия есебінен немесе, инсулинді қоса, басқа қант төмендететін дәрілік заттармен біріктірілімде жеткіліксіз бақыланатын пациенттерде ұсынылатын СИНЖАРДИ препаратының бастапқы дозасы күніне екі рет 5 мг эмпаглифлозинді (тәуліктік дозасы 10 мг) және бұрын қабылданған дозаға ұқсас метформин дозасын қамтамасыз етуі тиіс. Жалпы 10 мг эмпаглифлозин тәуліктік дозасы жағымды болатын және күшейтілген гликемиялық бақылауды қажет ететін пациенттерде дозаны жалпы 25 мг эмпаглифлозиннің тәуліктік дозасына дейін арттыруға болады.

    СИНЖАРДИ препаратын сульфонилмочевина туындыларымен және/немесе инсулинмен біріктірілімде қолданғанда гипогликемия қаупін төмендету үшін сульфонилмочевина туындыларының және/немесе инсулин дозасын азайтуды қарастыруға болады.

    Эмпаглифлозин мен метформиннің әрқайсысы бөлек препараттарын қабылдаудан ауысатын пациенттер үшін: эмпаглифлозин (жалпы 10 мг немесе 25 мг тәуліктік дозасында) және метформиннің әрқайсысы бөлек препараттарын қабылдаудан СИНЖАРДИ препаратына ауысатын пациенттер эмпаглифлозин мен метформиннің қабылданғанына ұқсас тәуліктік дозаларын немесе метформиннің емдік тұрғыда ең жуық тиісті дозасын қабылдауы тиіс.

    Метформиннің әртүрлі дозаларын қабылдауды қамтамасыз ету үшін СИНЖАРДИ препараты келесі дозаларында қолжетімді:

    • 5 мг эмпаглифлозин + 850 мг метформин гидрохлориді;

    • 5 мг эмпаглифлозин + 1000 мг метформин гидрохлориді;

    • 12,5 мг эмпаглифлозин + 850 мг метформин гидрохлориді;

    • 12,5 мг эмпаглифлозин + 1000 мг метформин гидрохлориді;

    Пациенттердің ерекше топтары

    Бүйрек функциясының бұзылуы бар пациенттер: бүйрек функциясы жеңіл дәрежеде бұзылған пациенттерге дозаны түзету қажет емес.

    Бүйрек функциясының орташа немесе ауыр дәрежедегі бұзылуы (креатинин клиренсі <60 мл/мин) бар пациенттерде СИНЖАРДИ препаратын қабылдау қарсы көрсетілімдіҚолдануға болмайтын жағдайлар» бөлімін қараңыз).

    Бауыр функциясының бұзылуы бар пациенттер: СИНЖАРДИ препаратын бауыр функциясы бұзылған пациенттерде қолдану ұсынылмайды.

    Егде жастағы пациенттер: әсер ету механизмінің есебінен бүйрек функциясының төмендеуі эмпаглифлозин тиімділігінің төмендеуіне әкеледі. СИНЖАРДИ препаратын егде жастағы пациенттерде абайлап қолдану керек, өйткені метформин бүйрекпен шығарылады және егде жастағы пациенттерде бүйрек функциясының төмендеу ықтималдығы жоғары. Метформин қабылдаумен байланысты лактоацидоздың алдын алу үшін, әсіресе, егде жастағы адамдарда бүйрек функциясына мониторинг қажет. 75 жастағы және одан асқан пациенттерде сусыздану қаупінің жоғары екенін ескеру керек. Емдік тәжірибенің шектеулі екеніне орай, 85 жастағы және одан асқан пациенттерге тұрғын халықтың осы тобында емдеуді бастау ұсынылмайдыАйрықша нұсқаулар» бөлімін қараңыз).

    Балалар: СИНЖАРДИ препаратын 18 жасқа дейінгі балаларда қолдану қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталмаған. Деректер жоқ.

    Қолдану тәсілі

    СИНЖАРДИ препаратын метформин қабылдаумен байланысты асқазан-ішек жолы тарапынан болатын жағымсыз реакцияларды азайту үшін күніне екі рет тамақтану кезінде қабылдау керек.

    Барлық пациенттер күн ұзағына көмірсулар талапқа сай тұтынылатын диета ұстануды жалғастыруы тиіс. Дене салмағы артық пациенттер калориясы төмен диета ұстануы тиіс.

    Егер дозаны өткізіп алса, пациент бұл жөнінде еске түсірген бойда препаратты бірден қабылдау қажет, бірақ екі дозаны бір мезгілде қабылдауға болмайды. Бұл жағдайда өткізіп алған дозаны өткізіп жіберген жөн.

    Жағымсыз әсерлері

    Қауіпсіздік бейінінің қысқаша сипаттамасы

    Клиникалық зерттеулерде ең көп жиі жағымсыз әсерлері инсулинмен және/немесе сульфонилмочевина туындыларымен біріктіріп емдеу кезіндегі гипогликемия, несеп шығару жолдарының инфекциялары, жыныс жолдарының инфекциялары және несеп шығарудың күшеюі болды. Клиникалық зерттеулерде, жекелеген компоненттердің жағымсыз әсерлерімен салыстырғанда, метформинмен ем кезінде қосымша дәрі ретінде эмпаглифлозин қолдану кезіндегі қосымша жағымсыз реакциялар анықталған.

    Жағымсыз құбылыстар келесі жіктеудің пайдаланылуымен, төмендегі кестеде берілген: өте жиі 1/10, жиі ≥1/100-ден <1/10 дейін, жиі емес ≥1/1000-нан <1/100 дейін, сирек ≥1/10000-нан <1/1000 дейін, өте сирек <1/10000; жиілігі белгісіз жағымсыз реакциялар атап көрсетіледі (қолда бар деректер негізінде бағалау мүмкін емес).

    1 кесте. Плацебо-бақыланатын зерттеулерде тіркелген жағымсыз реакциялар

    Ағзалар жүйесі/класы

    Өте жиі

    Жиі

    Жиі емес

    Өте сирек

    Инфекциялар және инвазиялар

    • қынаптық кандидоз

    • вульвовагинит

    • баланит және жыныс ағзаларының басқа инфекциялары1, 2

    • несеп шығару жолдарының инфекциялары1, 2

    Зат алмасу және тамақтану бұзылулары

    • гипогликемия (сульфонилмо-чевина туындыларымен немесе инсулинмен бірге қолданғанда)1

    • диабеттік кетоацидоз6, 7

    • лактоацидоз3

    • B12 дәруменінің тапшылығы 3, 4

    Жүйке жүйесінің бұзылулары

    • дәм сезудің бұзылуы3

    Тамыр бұзылулары

    • дегидратация1, 2

    АІЖ бұзылулары

    • асқазан-ішек жолымен байланысты симптомдар3, 5

    Бауыр және өт шығару жолдарының бұзылулары

    • бауыр функциясыныңаномальді көрсеткіштері3

    • гепатит3

    Тері және тері асты тіндерінің бұзылулары

    • қышыну (жайылған)

    • эритема3

    • есекжем 3

    Бүйрек және несеп шығару жолдарының бұзылулары

    • несеп шығарудың күшеюі1, 2

    • дизурия 2

    1 Қосымша ақпаратты нұсқаулықтың бөлімдерінен қараңыз.

    2 Эмпаглифлозинмен монотерапия кезінде анықталған реакциялар.

    3 Метформинмен монотерапия кезінде анықталған реакциялар.

    4 Метформинмен ұзақ уақыт емдеу В12 дәрумені сіңуінің төмендеуімен астасқан, бұл өте сирек В12 дәруменінің клиникалық мәнді тапшылығынаысалы, мегалобластты анемияға) әкелуі мүмкін.

    5 Асқазан-ішек симптомдары, мысалы, жүрек айну, құсу, диарея, іштің ауыруы және тәбет жоғалту емнің басталу кезінде көбіне жиі кездеседі және көпшілік жағдайларда өздігінен басылады.

    6 постмаркетингтік тәжірибеден

    Айрықша нұсқаулар

    Жекелеген жағымсыз реакциялар сипаттамасы.

    Гипогликемия. Гипогликемияның даму жиілігі қатарлас гипогликемиялық емге байланысты.

    Жалпы гипогликемия. Гипогликемияның даму жиілігі метформинмен біріктірілім түрінде эмпаглифлозин немесе плацебо қабылдаған пациенттерде ұқсас болды.

    Жағдайлар жиілігінің жоғарылауы эмпаглифлозин метформинмен және сульфонилмочевина туындыларымен біріктірілгенде, сондай-ақ эмпаглифлозин метформинмен және инсулинмен біріктірілгенде білінді.

    Гипогликемияның ауыр дәрежесі (қосымша ем талап етілетін гипогликемия). Пациенттерде ауыр гипогликемия оқиғаларының жиілігі төмен (< 1 %) және метформинмен қосымша дәрі ретінде пайдаланғанда эмпаглифлозин мен плацебода ұқсас. Ауыр гипогликемия метформин мен инсулинді қолдану кезінде қосымша дәрі ретінде, тиісінше, 10 мг эмпаглифлозин, 25 мг эмпаглифлозин және плацебо қабылдаған пациенттерде туындады. Бір де бір пациентте метформинмен және сульфонилмочевина туындыларымен біріктіргенде ауыр гипогликемия болмаған.

    Несеп шығару жолдарының инфекциялары. Несеп шығару жолдарының инфекциялары түрінде білінетін жағымсыз құбылыстардың жалпы жиілігі метформин мен 10 мг эмпаглифлозин қабылдаған пациенттерде, 25 мг эмпаглифлозин немесе плацебомен салыстырғанда, жоғары болды. Сонымен қатар, плацебо қолдану жағдайында да, эмпаглифлозин қабылдау аясындағы несеп шығару жолдарының инфекциялары анамнезінде созылмалы және қайталамалы несеп шығару жолдарының инфекциялары бар пациенттерде жиірек білінді. Несеп шығару жолдары инфекцияларының қарқындылығы (әлсіз, орташа және ауыр) плацебомен ұқсас болды. Несеп шығару жолдарының инфекциялары әйелдерде, плацебомен салыстырғанда, 10 мг эмпаглифлозин үшін жиірек білінді, бірақ 25 мг эмпаглифлозин үшін емес. Ерлердегі инфекция жағдайларының жиілігінде айырмашылық болмаған.

    Қынаптық кандидоз, вульвовагинит, баланит және жыныс мүшелерінің басқа инфекциялары. Қынаптық кандидоз, вульвовагинит, баланит және басқа да генитальді инфекциялар сияқты жағымсыз құбылыстардың даму жиілігі 10 мг (4%) және 25 мг (3,9%) метформин мен эмпаглифлозин қолдану жағдайында плацебо қолдану кезіндегіден (1,3%) жоғары болды. Бұл инфекциялар, плацебомен салыстырғанда, эмпаглифлозинмен ем қабылдаған әйелдерде жиірек білінді. Ерлер арасындағы инфекция жағдайларының жиілік айырмасы аз білінген. Генитальді инфекциялар айқындылығы әлсіз немесе орташа болды, ауыр инфекциялар болмаған.

    Жиі несеп шығару. Жиі несеп шығару жиілігі (поллакиурия, полиурия, никтурия сияқты симптомдар бағаланған) 10 мг (3%) және 25 мг (2,9%) метформин мен эмпаглифлозин қолдану жағдайында метформинмен біріктірілімде плацебо (1,4%) қолдану жағдайындағыдан жоғары болды. Аталған жағымсыз әсерлер айқындылығы әлсіз немесе орташа болды. Тіркелген ноктурия жиілігі плацебо мен эмпаглифлозин үшін салыстырмалы болды (< 1%).

    Дегидратация. Дегидратацияның жалпы жиілігі (белгілі симптомдарды қоса: төмен артериялық қысым (амбулаторлық), төмен систолалық артериялық қысым, сусыздану, гипотензия, гиповолемия, ортостатикалық гипотензия және естен танулар) метформин мен эмпаглифлозин қабылдаған пациенттерде төмен болды. Эмпаглифлозиннің несеппен глюкозаның экскрециялануына ықпалы 75 жастағы және одан асқан пациенттерде су теңгерімінің сақталуына әсер ететін осмостық диурезбен байланысты. Дегидратация құбылыстары 75 жастан асқан пациенттер арасында метформинмен ем кезінде қосымша дәрі ретінде 25 мг эмпаглифлозин қабылдаған бір пациентте тіркелді.

    Қолдануға болмайтын жағдайлар

    • препараттың белсенді затына немесе қосымша заттарының кез келгеніне жоғары сезімталдық

    • I типті қант диабеті

    • диабеттік кетоацидоз

    • диабеттік прекома

    • бүйрек жеткіліксіздігі немесе бүйрек функциясының бұзылуы (креатинин клиренсі <60 мл/мин)

    • бүйрек функциясын бұзатын жедел аурулар (сусыздану, ауыр инфекциялар, шок сияқты)

    • тіндік гипоксияны туындататын аурулар (атап айтқанда, аурудың жедел түрі немесе созылмалы аурудың өршуі, мысалы, декомпенсацияланған жүрек жеткіліксіздігі, тыныс алу жеткіліксіздігі, таяуда өткерілген миокард инфарктісі, шок)

    • бауыр жеткіліксіздігі

    • жедел алкогольдік уыттану, алкоголизм

    • жүктілік және бала емізу кезеңі

    • 18 жасқа дейінгі балалар

    Дәрілермен өзара әрекеттесуі

    Эмпаглифлозин мен метформин дозаларын біріктіріп қабылдау дені сау тұлғаларда эмпаглифлозин немесе метформин фармакокинетикасына елеулі ықпалын тигізбейді. СИНЖАРДИ препараты үшін дәрілік өзара әрекеттесулер зерттеулері жүргізілмеген.

    Эмпаглифлозин

    Фармакодинамикалық өзара әрекеттесулері

    Диуретиктер. СИНЖАРДИ препаратының құрамында эмпаглифлозин бар, ол тиазидтер және ілмекті диуретиктердің диурездік әсерін күшейтуі, сондай-ақ сусыздану және гипотензия қаупін арттыруы мүмкін.

    Инсулин және инсулин секрециясының көтермелегіштері. Инсулин және сульфонилмочевина туындылары сияқты инсулин секрециясының көтермелегіштері гипогликемия қаупін арттыруы мүмкін. Сондықтан оларды эмпаглифлозинмен біріктірілімде қолданғанда инсулиннің немесе инсулин секрециясының көтермелегіштерін азайту гипогликемия қаупінің төмендеуіне әкелуі мүмкін.

    Фармакокинетикалық өзара әрекеттесулер

    Басқа дәрілік препараттардың эмпаглифлозинге әсері

    Іn vitro жағдайларындағы зерттеулер деректері эмпаглифлозиннің негізгі метаболизмдік жолының UGT1A3, UGT1A8, UGT1A9 және UGT2B7 уридин-5-дифосфат глюкуронилтрансферазамен глюкурондануы түрінде болады деп қорытынды жасауға мүмкіндік береді. Эмпаглифлозин –адамның қармау тасымалдағыштары OAT3, OATP1B1 және OATP1B3 субстраты, бірақ OAT1 және OCT2 субстраты емес. Эмпаглифлозин – Р-гликопротеин (Р-gp) және сүт безінің обырына төзімді ақуыз (BCRP) субстраты.

    Эмпаглифлозинді УДФ-ферменттер тежегіші – пробенецидпен және OAT3 бірге қабылдау Cmax 26% артуына және AUC 53% ұлғаюына алып келеді. Бұл өзгерістер клиникалық мәнді болып саналмайды.

    УДФ индукциясының эмпаглифлозинге әсері зерттелмеген. Тиімділігінің төмендеу қаупінің зор екенімен байланысты, УДФ-ферменттерінің белгілі индукторларымен бірге қабылдамау керек.

    OAT3 және OATP1B1/1B3 тасымалдағыштарының in vitro тежегіші - гемфиброзилмен дәрілік өзара әрекеттесуіне зерттеу бірге қабылдаудан кейін эмпаглифлозин Cmax 15% ұлғаюына, ал AUC 59% артуына алып келеді. Бұл өзгерістер клиникалық мәнді болып саналмайды.

    Препаратты рифампицинмен біріктіріп қабылдаумен OATP1B1/1B3 тасымалдағыштарын тежеу эмпаглифлозин Cmax көрсеткішінің 75% артуын және AUC көрсеткішінің 35% ұлғаюын туындатты. Бұл өзгерістер клиникалық мәнді болып саналмайды.

    Р-gp тежегіші – верапамилмен біріктіріліп немесе онсыз қабылданатын эмпаглифлозин әсерінің бірдей екені көрінді, бұл Р-gp тежелісінің эмпаглифлозинге клиникалық мәнді ықпал етпейтінін айғақтайды.

    Дені сау еріктілерде жүргізілген дәрілік өзара әрекеттесулер зерттеулері препараттың метформин, глимепирид, пиоглитазон, ситаглиптин, линаглиптин, варфарин, верапамил, рамиприл, симвастатин, торасемид және гидрохлоротиазидпен біріктірілген қабылдаудың эмпаглифлозин фармакокинетикасына ықпал етпейтінін көрсетті.

    Эмпаглифлозиннің басқа дәрілік препараттарға әсері

    Іn vitro зерттеулерінің негізінде эмпаглифлозиннің CYP450 изоформаларын тежемейді, белсенділігінен айырмайды және индукцияламайды деген қорытынды жасалған. Эмпаглифлозин UGT1A1, UGT1A3, UGT1A8, UGT1A9 немесе UGT2B7 тежемейді. Осы себепті, эмпаглифлозин мен онымен бірге қабылданатын осы ферменттердің субстраттары арасындағы негізгі CYP450 немесе UGT изоформаларының қатысуымен дәрілік өзара әрекеттесу ықтималдығы аз болып саналмайды.

    Эмпаглифлозин емдік дозаларда Р-gp тежемейді. Іn vitro зерттеулерін негізге алғанда, эмпаглифлозиннің Р-gp субстраттары болып табылатын препараттармен өзара әрекеттесу ықтималдығы аз. Р-gp субстраты – дигоксин мен эмпаглифлозинді біріктіріп қабылдау дигоксин AUC 6% және Cmax 14% артуына алып келді. Бұл өзгерістер клиникалық мәнді болып саналады.

    Эмпаглифлозин плазмада in vitro клиникалық мәнді концентрацияларында OAT3, OATP1B1 және OATP1B3 сияқты адамдағы қармау тасымалдағыштарын тежемейді. Сол себепті, осындай қармау тасымалдағыштары сияқты субстраттармен дәрілік өзара әрекеттесу ықтималдығы аз болып саналады.

    Эмпаглифлозин метформин, глимепирид, пиоглитазон, ситаглиптин, линаглиптин, симвастатин, варфарин, рамипирил, дигоксин, диуретиктер және ішуге арнаған контрацептивтер фармакокинетикасына клиникалық мәнді әсерін көрсетпейді.

    Метформин

    Ұсынылмайтын біріктірілімдер: жедел алкогольдік уыттану кезінде метформин қолдану, әсіресе, ашығу, тойып тамақ ішпеу немесе бауыр жеткіліксіздігі жағдайында лактоацидоздың даму қаупін арттырады. Алкоголь мен құрамында этил спирті бар дәрілік препараттарды тұтынудан сақтану керек.

    Өзекшелік секреция жолымен шығарылатын катион-белсенді препараттар бүйректің жалпы өзекшелік тасымалдау жүйелері үшін бәсекелесіп, метформинмен өзара әрекеттесуі мүмкін.

    Йод негізіндегі контрастылы заттарды тамыр ішіне енгізу рентгенологиялық зерттеулер кезінде метформиннің жинақталуымен және лактоацидоздың туындау қаупімен бүйрек жеткіліксіздігінің дамуына әкелуі мүмкін. Сондықтан СИНЖАРДИ препаратын қабылдауды құрамында йод бар рентгеноконтрастылы дәрілер енгізуге дейін және енгізу кезінде тоқтатып, рентгенологиялық зерттеуден және бүйрек функциясын бағалаудан кейін 48 сағат өтпей тұрып жаңғыртпаған жөн.

    Сақтану шараларын қадағалауды талап ететін біріктірілімдер: глюкокортикоидтар (жүйелі және жергілікті қолданылатын), бета-2-агонистер және диуретиктердің өзіндік гипергликемиялық әсері бар. Осындай дәрілік заттармен емделгенде, әсіресе, оларды қолданудың басында пациенттерді бұл жөнінде хабарландырып, қандағы глюкоза деңгейіне жиірек мониторинг өткізу керек.

    Басқа дәрілік затпен емдеу және оны тоқтату кезінде, қажет болса, гипогликемиялық дәрілік зат дозасын түзету керек.

    Инсулин және инсулин секрециясының көтермелегіштері, мысалы, сульфонилмочевина туындылары гипогликемия қаупін арттыруы мүмкін. Осылайша, метформин қолданылатын біріктірілген ем кезінде гипогликемия қаупін төмендету үшін инсулиннің немесе инсулин секрециясы көтермелегішінің дозасын азайту қажет болуы мүмкін.

    Айрықша нұсқаулар

    СИНЖАРДИ препаратын 1 типті қант диабеті бар пациенттерге қолдануға болмайды.

    Диабеттік кетоацидоз

    Сирек жағдайларда өмірге күрделі қатер төндіретін және шұғыл ауруханаға жатқызуды талап ететін диабеттік кетоацидоз (ДКА) дамуы мүмкін, эмпаглифлозинді қоса, SGLT 2 тежегіштерімен ем қабылдаған пациенттерде тіркелген. Бірқатар жағдайларда ДКА көрінісі типтік емес, тек 14 ммоль/л (250 мг/дл) төмен қандағы глюкозаның орташа жоғарылаған мәндерімен болды. Эмпаглифлозиннің жоғарырақ дозаларын қабылдағанда ДКА басталу ықтималдығы туралы деректер жоқ.

    Жүрек айну, құсу, анорексия, іштің ауыруы, шектен тыс шөлдеу, тыныстың тарылуы, сананың шатасуы, әдеттен тыс қажу немесе ұйқышылдық сияқты спецификалық емес симптомдар жағдайында ДКА қаупін ескеру керек. Пациенттерді, қандағы глюкоза деңгейіне қарамастан, осы симптомдар туындағанда кетоацидозға қатысты дереу қарап тексеру керек. Препаратты қабылдауды жағдай айқындалғанша толық немесе уақытша тоқтатуды қарастыру керек.

    Күрделі хирургиялық операциялар үшін немесе жедел күрделі аурулар нәтижесінде ауруханаға жатқызылған пациенттерде эмпаглифлозин қабылдау тоқтатылуы тиіс. Екі жағдайда да пациенттің жай-күйі тұрақтанған бойда эмпаглифлозинмен емдеуді жаңғыртуға болады.

    Эмпаглифлозин қабылдауды бастар алдында пациенттің кетоацидоздың басталуына бейімдейтін факторлары бар ауру анамнезін зерттеу керек.

    СИНЖАРДИ препаратын, көмірсулар мөлшері өте төмен диетада жүрген (кетонды денелер өндірісі жоғарылауы мүмкін) бета-жасушалар функциясының қоры төмен пациенттерді қоса, SGLT2 тежегіштерін қабылдау кезінде ДКА туындау қаупі жоғары топқа кіретін пациенттердеысалы, С-пептид деңгейі төмен 2 типті ҚД бар науқастарда немесе ересектердегі жасырын аутоиммундық диабетте (LADA) немесе панкреатит тарихы бар науқастарда), сусыздану қаупі жоғары пациенттерде, инсулин дозасын азайту кезіндегі пациенттерде, аурудың өршуіне, хирургиялық араласуға немесе артық мөлшерде алкоголь тұтыну салдарынан инсулин қажет болатын пациенттерде сақтықпен қолдану керек.

    SGLT2 тежегіштерімен емделумен байланысты ДКА басталатын науқастарда SGLT2 тежегіштерімен емдеуді жаңғырту ұсынылмайды, тек түрткі болатын басқа фактор нақты анықталған және қауіпсіздік бейіні айқындалған жағдайда ғана ұсынылады.

    1-ші типті ҚД бар науқастарда эмпаглифлозин қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталмаған, сондықтан 1-ші типті ҚД бар пациенттерді емдеуге эмпаглифлозин пайдалануға болмайды. Клиникалық сынақтардың шектеулі деректері 1-ші типті ҚД бар пациенттерде SGLT2 тежегіштерін қабылдау кезінде жалпы жиілікте ДКА басталуы мүмкін екенін айғақтайды.

    Лактоацидоз – шұғыл емдеу жүргізілмегенде метформин гидрохлоридінің жиналу салдарынан туындауы мүмкін өліммен аяқталу деңгейі жоғары өте сирек, бірақ күрделі метаболизмдік асқыну. Бүйрек функциясының бұзылуымен немесе бүйрек функциясының жедел нашарлау белгілерімен қант диабетінен зардап шегетін, метформин қабылдаған пациенттерде лактоацидоз жағдайлары тіркелген. Бүйрек функциясының бұзылуы мүмкін жағдайларда, сусыздану кезінде (диареяның ауыр түрі немесе құсу) немесе гипотензиялық дәрілермен, диуретиктермен емделудің басында, сонымен қатар қабынуға қарсы стероидты емес препараттармен (ҚҚСП) емнің басында ерекше сақ болу керек. Атап көрсетілген жедел жай-күйлерде метформин қабылдауды уақытша тоқтату керек.

    Нашар бақыланатын диабет, кетоз, ұзаққа созылатын ашығу, артық мөлшерде алкоголь тұтыну, бауыр жеткіліксіздігі және айқын гипоксиямен байланысты кез келген жағдай, мысалы, декомпенсацияланған жүрек жеткіліксіздігі, жедел миокард инфарктісі сияқты басқа да ілеспелі қауіп факторларын қосымша бағалау арқылы лактоацидоз даму жиілігін азайтуға болады және азайту қажет («Қолдануға болмайтын жағдайлар» бөлімін де қараңыз).

    Диагностика: Лактоацидоз ацидозды ентігумен, іштің ауыруымен және гипотермиямен сипатталады, әріқарай кома дамуы мүмкін. Диагностикалық зертханалық көрсеткіштер: қандағы төмен рН деңгейі, плазмада 5 ммоль/л жоғары лактат концентрациясы, анион аралығының ұзаруы және лактат/пируват арақатынасы. Лактоацидозға күдік туындағанда препарат қабылдауды дереу тоқтатып, пациентті ауруханаға жатқызған жөн («Артық дозалануы» бөлімін қараңыз).

    Дәрігер пациентке лактоацидоз симптомдары туралы ескертуі тиіс.

    Препаратты бүйрек функциясының бұзылуы бар пациенттерде қолдану

    Әсер ету механизміне және тиімділігі бүйрек функциясына байланысты болатын және метформин бүйрекпен шығарылатын эмпаглифлозині бар препарат құрамына байланысты, бүйрек функциясын бағалау ұсынылады:

    • бүйрек функциясы қалыпты пациенттерде кемінде жылына 1 рет;

    • сарысу креатинині деңгейі қалыптың жоғарғы шегіне сәйкес келетін пациенттерде және егде жастағы пациенттерде кемінде жылына 2-4 рет;

    Егде жастағы пациенттерде бүйрек функциясының симптомсыз төмендеуі жиі байқалады. Бүйрек функциясының төмендеуіне әкелуі мүмкін жағдайларда, мысалы, гипотензиялық, диурездік ем немесе ҚҚСП қолдану басталған жағдайда ерекше сақ болу қажет.

    Бұл жағдайларда да метформинмен емделу басталғанша бүйрек функциясын тексеру ұсынылады.

    Жүрек функциясы

    Жүрек жеткіліксіздігі бар пациенттер гипоксия және бүйрек жеткіліксіздігі қаупіне көбірек бейім. Тұрақты созылмалы жүрек жеткіліксіздігімен науқастарда СИНЖАРДИ препаратын жүрек және бүйрек функциясына жүйелі мониторинг өткізіп қолдануға болады. Жедел және тұрақсыз жүрек жеткіліксіздігімен науқастарда метформинге орай препаратты қабылдау қарсы көрсетілімді («Қолдануға болмайтын жағдайлар» бөлімін де қараңыз).

    Бауыр функциясының бұзылулары

    Эмпаглифлозиннің клиникалық зерттеулері барысында бауыр функциясының бұзылу жағдайлары аталған. Эмпаглифлозин қабылдау мен бауыр функциясының бұзылулары арасындағы себеп-салдарлы байланыс анықталмаған.

    Йод негізіндегі контрастылы заттарды тамыр ішіне енгізу рентгенологиялық зерттеулерде метформин жиналуымен және лактоацидоз туындау қаупімен бүйрек жеткіліксіздігінің дамуына әкелуі мүмкін. Сондықтан СИНЖАРДИ препаратын қабылдауды құрамында йод бар рентгеноконтрастылы дәрілер енгізуге дейін немесе енгізу кезінде тоқтатып, рентгенологиялық зерттеуден соң және өзгерістердің жоқ екені айғақталатын бүйрек функциясын қайта бағалаудан кейін 48 сағат өтпей тұрып жаңғыртпаған жөн.

    Хирургиялық араласу

    Препарат құрамында метформин бар болғандықтан, ол жалпы, жұлындық немесе перидуральді анестезиямен жоспарлы хирургиялық араласудан 48 сағат бұрын тоқтатылуы тиіс. Хирургиялық араласудан кейін 48 сағат өткен соң барып және өзгерістердің жоқ екенін айғақтайтын бүйрек функциясын қайта бағалау нәтижелерін алған жағдайда ғана препаратты қолдануды жаңғыртуға болады.

    Препаратты сусыздану қаупі жоғары пациенттерде қолдану

    SGLT 2 тежегіштерінің әсер ету механизмі негізінде емдік глюкозуриямен қатар жүретін осмостық диурез артериялық қысымның орташа төмендеуіне әкелуі мүмкін. Сол себепті, жүрек-қантамыр аурулары бар пациенттерде, анамнезінде гипотензия жағдайлары бар гипотензиялық ем қабылдайтын пациенттерде немесе 75 жастағы және одан асқан пациенттерде ерекше сақтық таныту керек.

    СИНЖАРДИ препаратын қабылдайтын пациенттер үшін организмде сұйықтық жоғалтуды туындататын жағдайлар (мысалы, асқазан-ішек жолының бұзылысы) пайда болғанда, сусыздану дәрежесін (яғни, дене бойын тексеру деректері, артериялық қысымды өлшеу, зертханалық зерттеулер, гематокритті қоса) және электролиттер деңгейін мұқият қадағалау ұсынылады. Организмнің су теңгерімі қалпына келетін сәтке дейін препаратпен емдеуді уақытша тоқтату мүмкіндігін қарастыру керек.

    Несеп шығару жолдарының инфекциялары

    Метформин аясында 10 мг эмпаглифлозин қабылдаған пациенттерде, метформин аясында плацебо немесе 25 мг эмпаглифлозин қабылдаған пациенттермен салыстырғанда, жағымсыз құбылыс ретінде несеп шығару жолдарының инфекциясы туралы хабарламалардың жалпы жиілігі жоғары болды. Несеп шығару жолдарының асқынған инфекциялары (мысалы, пиелонефрит немесе уросепсис) эмпаглифлозин және плацебо қабылдаған пациенттерде ұқсас жиілікте туындады. Несеп шығару жолдарының асқынған инфекциясы бар пациенттер үшін эмпаглифлозинмен емдеуді уақытша тоқтату мүмкіндігін қарастыру керек.

    Егде жастағы пациенттер

    Эмпаглифлозиннің несеппен глюкоза экскрециясына әсері 75 жастағы және одан асқан пациенттерде су теңгерімінің сақталуына ықпал етуі мүмкін осмостық диурезбен байланысты. 75 жастағы және одан асқан пациенттер жоғары дегидратация қаупіне ұшырауы мүмкін. 85 жастағы және одан асқан пациенттерді емдеу тәжірибесі жеткіліксіз. Осы топ пациенттерінде емдеуді бастау ұсынылмайдыҚолдану тәсілі және дозалары» бөлімін қараңыз).

    Несептің зертханалық зерттеулері

    Препараттың әсер ету механизміне байланысты, пациенттерде несептегі глюкозаны анықтағанда оң нәтижелер білінуі мүмкін.

    Жүктілік

    Жүкті әйелдерде СИНЖАРДИ препаратын немесе эмпаглифлозин қолдану деректері жоқ. Клиникаға дейінгі зерттеулер жүктілік соңында эмпаглифлозиннің өте шектеулі дәрежеде плацентарлық бөгет арқылы өтетінін көрсетті, бірақ ерте эмбриондық дамуға қатысты тікелей немесе жанама жағымсыз құбылыстарды көрсетпейді. Дегенмен де, клиникаға дейінгі зерттеулерде постнатальді дамумен байланысты жағымсыз құбылыстар анықталған, эмпаглифлозин бүйректің дамуы мен жетілуіне ықпал ете алады.

    Деректердің шектеулі саны жүкті әйелдерде метформин қолданудың туа біткен даму ақауларының жоғары қаупімен байланысты емес екенін айғақтайды.

    Эмпаглифлозин мен метформин біріктірілімінің немесе тек метформиннің клиникаға дейінгі зерттеулерінде монотерапия ретінде қолданылған метформиннің жоғары дозаларында ұрпақ өрбіту уыттылығы көріністелді.

    Жүктілік жоспарланғанда немесе басталғанда препаратпен емдеуді тоқтатып, қандағы глюкозаның аномальді деңгейлерімен байланысты шарананың даму ақауларының қаупін төмендету мақсатында мүмкіндігінше тезірек инсулинмен емдеуге ауысу керек. Алдын ала сақтану шарасы ретінде жүктілік кезінде СИНЖАРДИ препаратын қабылдау ұсынылмайды.

    Лактация

    Эмпаглифлозин мен метформиннің емшек сүтімен аздаған мөлшерде экскрециялануы туралы клиникаға дейінгі деректер бар. Емшекпен қоректендірілетін сәби үшін қауіп жоққа шығарылмайды. Бала емізу кезінде сақтану шарасы ретінде СИНЖАРДИ препаратын қабылдау ұсынылмайды.

    Фертильділік

    СИНЖАРДИ препаратының адамның ұрпақ өрбіту функциясына әсеріне зерттеу жүргізілмеген. Клиникаға дейінгі зерттеулер препараттың ұрпақ өрбіту функциясына тікелей немесе жанама зиянды әсер етпейтінін көрсеткен.

    Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

    СИНЖАРДИ препараты автокөлік басқару және механизмдермен жұмыс істеу қабілетіне мардымсыз әсерін тигізеді. Пациенттерге көлік құралдарын және механизмдерді басқару кезінде сақтық шараларын қадағалау қажеттілігі ескертілуі тиіс, өйткені препарат қолданылғанда (әсіресе, сульфонилмочевина туындыларымен және/немесе инсулинмен біріктірілімде) гипогликемия дамуы мүмкін.

    Артық дозалануы

    Эмпаглифлозин: 2 типті ҚД бар пациенттерде бақыланатын клиникалық зерттеулерде эмпаглифлозиннің 800 мг дейінгі бір реттік дозасын (ең жоғары тәуліктік дозасынан 32 есе асып кететін) және 100 мг дейінгі көп реттік дозасын (ең жоғары тәуліктік дозасынан 4 есе асып кететін) қабылдау кезінде уыттылығы анықталмаған. Эмпаглифлозин глюкозаның несеппен бөлінуін арттырады, бұл несеп көлемінің көбебіне әкеледі. Несеп көлемінің байқалатын көбеюі доза шамасына байланысты емес және клиникалық мәні жоқ. 800 мг-ден асып кететін дозасын қолдану тәжірибесі жоқ.

    Метформин:, метформин гидрохлоридін 850 мг дозаларға жеткізіп қабылдағанда, лактоацидоз жағдайлары болса да, гипогликемия байқалмаған. Метформинмен едәуір артық дозалануы лактоацидозға әкелуі мүмкін. Лактоацидоз шұғыл медициналық жағдайлар санатына жатады, ондай жағдайларда емдеу стационарда жүргізілуі тиіс.

    Емі - пациенттің клиникалық жай-күйіне сәйкесті симптоматикалық ем. Лактат пен метформин гидрохлоридін шығарудың ең тиімді әдісі гемодиализ болып табылады. Эмпаглифлозинді гемодиализ арқылы шығару зерттелмеген.

    Шығарылу түрі және қаптамасы

    ПВХ/ПВДХ үлбірінен және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаларда 10 таблеткадан.

    Пішінді 6 қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

    Сақтау шарттары

    25оС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

    Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

    Сақтау мерзімі

    3 жыл

    Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

    Дәріханалардан босатылу шарттары

    Дәрігердің рецептісі арқылы

    Өндіруші

    Берингер Ингельхайм Фарма ГмбХ және Ко.КГ,

    Бингер Штрассе 173,

    55216 Ингельхайм, Германия

    Тіркеу куәлігінің иесі

    Берингер Ингельхайм Интернешнл ГмбХ, Ингельхайм, Германия

    Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттар сапасына қатысты шағымдар қабылдайтын, дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электронды пошта)

    Қазақстан Республикасындағы «Берингер Ингельхайм Фарма Геселлшафт м.б.Х» филиалы

    Заңды және пошталық мекенжайы:

    050008, Алматы қ., Абай д-лы, 52

    «Innova Tower» БО, 7 қабат

    Тел.:+7-727-250-00-77

    Факс:+7-727-244-51-77

    PV_local_Kazakhstan@boehringer-ingelheim.com

    Прикрепленные файлы

    254061571498795379_ru.doc 233 кб
    623266141498795906_kz.doc 319 кб

    Отправить прикрепленные файлы на почту

    Источники

    Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники