Сингуляр (10 мг)

МНН: Монтелукаст натрия
Производитель: Мерк Шарп и Доум Лимитед
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Montelukast
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№016169
Информация о регистрации в РК: 22.04.2015 - 22.04.2020
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)
Включено в Список бесплатного амбулаторного лекарственного обеспечения
АЛО (Включено в Список бесплатного амбулаторного лекарственного обеспечения)
Включено в Список ЛС в рамках ГОБМП, подлежащих закупу у Единого дистрибьютора
ЕД (Включено в Список ЛС в рамках ГОБМП, подлежащих закупу у Единого дистрибьютора)
Предельная цена закупа в РК: 115.72 KZT

Инструкция

Саудалық атауы

Сингуляр

Халықаралық патенттелмеген атауы

Монтелукаст

Дәрілік түрі

Үлбірлі қабықпен қапталған 10 мг таблеткалар

Құрамы

Үлбірлі қабықпен қапталған бір таблетка құрамында:

белсенді зат – 10.4 мг натрий монтелукасты (10 мг бос қышқылға баламалы),

қосымша заттар: гидроксипропилцеллюлоза, микрокристалды целлюлоза, лактоза моногидраты, натрий кроскармеллозасы, магний стеараты,

үлбірлі қабық: гидроксипропилцеллюлоза, метилгидроксипропилцеллюлоза, титанның қостотығы (Е171), темірдің қызыл тотығы (Е172), темірдің сары тотығы (Е172) бояғыштары, карнауб балауызы.

Сипаттамасы

Таблетканың бір жағында «SINGULAIR» және екінші жағында «MSD 117» өрнегі бар, шеттері дөңгелектенген, ақшыл сары үлбірлі қабықпен қапталған төртбұрышты таблеткалар

Фармакотерапиялық тобы

Тыныс жолдарының обструкциялық ауруларын емдеуге арналған препараттар. Тыныс жолдарының обструкциялық ауруларын емдеу үшін жүйелі пайдалануға арналған басқа да препараттар. Лейкотриен рецепторларының антагонистері. Монтелукаст

АТХ коды R03DC03

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Сіңуі. Монтелукаст ішу арқылы қолданғаннан кейін тез сіңіріледі. 10 мг дозада үлбірлі қабықпен қапталған таблеткаларды аш қарынға қабылдағанда ересектерде қан плазмасындағы орташа ең жоғары концентрацияға (Cmax) препаратты қабылдағаннан кейін 3 сағаттан соң (Tmax) жетеді. Ішу арқылы қолданғанда орташа биожетімділігі 64% құрайды. Әдеттегіше тамақтану ішу арқылы қолданғанда биожетімділігі мен Cmax мәніне ықпал етпеген. Қауіпсіздігі мен тиімділігі, ас ішуге байланыссыз, үлбірлі қабықпен қапталған 10 мг таблеткалар қолданылған клиникалық зерттеулерде расталған.

Шайнайтын 5 мг таблеткалар үшін Cmax мәніне ересектерде ашқарынға қабылдаудан кейін 2 сағаттан соң жетеді. Ішу арқылы қолданғанда орташа биожетімділігі 73% құраған және стандартты тағаммен қабылдағанда 63% дейін төмендеген.

Таралуы. Монтелукаст қан плазмасы ақуыздарымен 99%-дан астам байланысады. Тепе-тең жағдайда монтелукасттың таралу көлемі, орта есеппен, 8-11 литр құрайды. Радиоактивті-таңбаланған монтелукастты қолданумен жүргізілген зерттеулер гематоэнцефалдық бөгет арқылы өткенде тым аз таралуын көрсетеді. Бұдан бөлек, радиоактивті-таңбаланған зат концентрациялары доза қабылдаудан кейін 24 сағаттан соң басқа тіндердің бәрінде аса төмен болды.

Метаболизмі. Монтелукаст белсенді метаболизденеді. Емдік дозалар қолданылатын зерттеулерде қан плазмасындағы монтелукаст метаболиттерінің концентрациялары ересектер мен балаларда тепе-тең жағдайларда анықталу шегінен төмен болады. Монтелукаст метаболизмі, ең алдымен, P450 2С8 цитохромы жүйесі арқылы жүреді. CYP3А4 тежегіші болып табылатын итраконазол тағайындалғанда тәулігіне 1 рет 10 мг монтелукаст алған дені сау еріктілерде монтелукаст фармакокинетикасы өзгермесе де, CYP 3А4 және 2С9 аздап ықпалын тигізеді. Адам бауыры микросомаларының іn vitro клиникалық зерттеулері қан плазмасындағы монтелукаст емдік концентрацияларының P450 3A4, 2C9, 1A2, 2A6, 2C19 немесе 2D6 цитохромдарын тежемейтінін көрсетті. Монтелукаст емдік әсерінде метаболиттердің рөлі өте төмен.

Шығарылуы. Дені сау ересектерде монтелукаст плазмалық клиренсі, орта есеппен, минутына 45 мл құрайды. Ішу арқылы қолданудан кейін радиоактивті-таңбаланған монтелукаст 86% радиоактивтілігі 5 күн бойы нәжіспен және <0.2% несеппен шығарылады, бұл монтелукаст және оның метаболиттері іс жүзінде толық өтпен бірге шығарылатындығын көрсетеді.

Пациенттердің әртүрлі топтарындағы фармакокинетика ерекшеліктері. Егде жастағы пациенттерде немесе ауырлығы жеңілден орташа дәрежеге дейінгі бауыр функциясының бұзылуында дозаны түзету қажет емес. Бүйрек функциясы бұзылған пациенттер қатысқан зерттеулер жүргізілмеген. Монтелукаст пен оның метаболиттері өтпен шығарылатындықтан, бүйрек функциясы бұзылған пациенттерде монтелукаст дозасын түзету қажет болады деп жорамалданбайды. Бауыр функциясы бұзылуының ауыр түріне (Чайлд-Пью шкаласы бойынша >9) шалдыққан пациенттерде монтелукаст фармакокинетикасына қатысты деректер жоқ.

Монтелукасттың жоғары дозаларын (ересектерге ұсынылған дозадан 20 және 60 есе асып кететін) қолданғанда қан плазмасында теофиллин концентрациясының төмендеуі байқалды. Бұл әсер препаратты тәулігіне 1 рет ұсынылған 10 мг дозада қолданғанда байқалмаған.

Фармакодинамикасы

Цистеин лейкотриендері (LTC4, LTD4, LTE4), жуан жасушалар мен эозинофильдерді қоса, әртүрлі жасушалардан бөлініп шығатын қабыну эйкозаноидтары болып табылады. Осы демікпе алдындағы маңызды медиаторлар цистеин лейкотриен рецепторларымен (CysLT) байланысады. 1 типті CysLT (CysLT1) рецепторлары тыныс жолдарында (тегіс бұлшықет жасушаларын және тыныс жолдарының макрофагтарын қоса) және басқа қабындыратын жасушаларда (эозинофильдер мен кейбір миелоидты діңдік жасушаларды қоса) болады. CysLTs демікпе мен аллергиялық ринит патофизиологиясымен өзара байланысты. Демікпе кезіндегі лейкотриендер әсерлеріне бронх түйілуі, қақырық секрециясы, тамырлар өткізгіштігі және эозинофильдердің көшуі жатады. Аллергиялық ринитте CysLTs аллергеннің әсер етуімен мұрынның шырышты қабығынан аллергиялық ринит симптомдарымен болатын реакциялардың ерте де, кешеуілді де сатыларында босап шығады. CysLTs-пен мұрынішілік сынама мұрынның тыныс алу жолдары кедергісінің артуын және мұрынның бітелу симптомдарын көрсетті.

Монтелукаст – CysLT1-рецепторларды жоғары таңдаумен және химиялық тектестікпен бәсекелі байланыстыратын белсенді қосылыс. Клиникалық зерттеулерде монтелукаст тіпті 5 мг дозада тағайындалғанда деммен ішке LTD4 тартудан болатын бронх түйілуін бәсеңдететіні және ішу арқылы қабылдаудан кейін 2 сағат ішінде бронх дилатациясын туындататыны анықталды. Монтелукаст β-агонистер әсеріне аддитивті әсерін де көрсетеді. Монтелукастпен емдеу антигендерге реакцияны төмендетіп, бронх түйілуін ерте сатыларында да, кешеуілді сатыларда да бәсеңдетеді. Монтелукастпен емдеу бронх демікпесінің клиникалық ағымын бақылауды жақсартып, тыныс жолдарында (қақырық талдауымен расталған) және шеткергі қанда эозинофильдер мөлшерін елеулі төмендетеді.

Қолданылуы

  • талап бойынша ингаляциялық кортикостероидтармен және қысқа әсер ететін β-агонистермен емдеудің клиникалық әсері жеткіліксіз болғанда, ауырлығы жеңіл және орташа дәрежедегі

персистирлеуші демікпесі бар 15 жастан бастап пациенттерге арналған бронх демікпесінің базалық еміне қосымша

  • бронх демікпесі бар аспиринге сезімтал пациенттерді емдеуде және дене жүктемесінен болатын бронх түйілуінің алдын алуда

  • бронх демікпесі бар пациенттерде аллергиялық риниттерді емдеуде.

Қолдану тәсілі және дозалары

Демікпесі немесе маусымдық аллергиялық ринитпен қатар жүретін демікпесі бар 15 жастағы және одан үлкен пациенттерге доза тәулігіне кешкілік 10 мг (1 таблетка) құрайды.

Жалпы нұсқаулар. Бронх демікпесі ағымы көрсеткіштерінің өзгеруімен Сингуляр препаратының емдік әсері 1 күн ішінде дамиды. Пациенттерге, демікпенің бақылануына жеткеннің өзінде де, сондай-ақ демікпе ағымының нашарлау кезеңдерінде Сингуляр қабылдауды жалғастыру керектігін хабарлаған жөн. Сингулярды құрамында дәл осындай әсер етуші зат – монтелукаст бар басқа препараттармен бір мезгілде қабылдауға болмайды.

Ауырлығы жеңілден орташа дәрежеге дейін бауыр функциясы бұзылған немесе бүйрек функциясы бұзылған пациенттер үшін дозаны түзету қажет емес. Бауыр функциясы бұзылуының ауыр түріне шалдыққан пациенттерге қатысты деректер жоқ. Ұлдар мен қыздар үшін дозалануы бірдей.

Демікпені емдеудің басқа әдістеріне қарай Сингулярмен емдеу. Сингуляр ингаляциялық кортикостероидтарға қосымша ем ретінде қолданылса, ингаляциялық кортикостероидтар дозасын күрт азайтуға немесе тоқтатуға болмайды.

Ингаляциялық кортикостероидтар. Ингаляциялық кортикостероидтар және қажеттілігіне қарай қысқа әсер ететін β-агонистер қолдану демікпенің жеткілікті клиникалық бақылануын қамтамасыз ете алмайтын пациенттерде Сингулярмен емдеуді қосымша ем ретінде қолдануға болады. Сингуляр ингаляциялық кортикостероидтарды алмастырмауы тиіс.

6-дан 14 жасқа дейінгі балаларға 5 мг шайнайтын таблеткалар шығарылады.

Жағымсыз әсерлері

Жағымсыз әсерлері олардың пайда болуының келесі жиілігі бойынша топтарға бөлінген: өте жиі (≥1/10), жиі (≥1/100, <1/10), жиі емес (≥1/1000, <1/100), сирек (≥1/10000, <1/1000), өте сирек (<1/10 000).

Жиі (≥1/100, <1/10)

  • бас ауыру

  • абдоминальді ауыру

Постмаркетингілік деректер

Өте жиі (≥1/10)

  • жоғарғы тыныс алу жолдарының инфекциялары*

Жиі (≥1/100, <1/10)

  • диарея**, жүрек айну**, құсу**

  • бөртпе**

  • трансаминазалар деңгейінің жоғарылауы (АЛТ және АСТ)

  • пирексия*

Жиі емес (≥1/1000, <1/100)

  • аса жоғары сезімталдық реакциялары, анафилаксияны қоса

  • патологиялық түстер, шым-шытырық түстер көруді қоса, ұйқысыздық, сомнамбулизм, қозу, ажитация, озбырлық пен жауығуды қоса, депрессия, психомоторлық аса жоғары белсенділік, ашушаңдық, мазасыздық, треморды қоса***

  • бас айналу, ұйқышылдық, парестезия/гипестезия, құрысулар

  • мұрыннан қан кету

  • ауыздың құрғауы, диспепсия

  • қанталаулар, есекжем, қышыну

  • артралгия, миалгия, бұлшықеттердің түйілулерін қоса

  • астения/шаршау, ісіну

  • балалардағы энурез

Сирек (≥1/10000, <1/1000)

  • қанағыштыққа бейімділік

  • зейін шоғырландырудың бұзылуы, есте сақтау бұзылыстары

  • пальпитация

  • ангионевроздық ісіну

Өте сирек (<1/10000)

  • бауырдағы эозинофильді инфильтраттар

  • елестеулер, бағдардан жаңылу, суицидтік ниеттер және мінез-құлық (суицид әрекеттерін қоса)

  • Чердж-Стросс синдромы

  • гепатит, холестаздық, гепатоцеллюлярлы түрлерін және генезі әртүрлі бауыр зақымдануларын қоса

  • мультиформалы эритема, түйінді эритема

  • тромбоцитопения

* Бұл жағымсыз құбылыстар клиникалық зерттеулерде монтелукаст қабылдаған пациенттерде де, плацебо қабылдаған пациенттер тобында да «өте жиі» кездескен.

**Бұл жағымсыз құбылыстар клиникалық зерттеулерде монтелукаст қабылдаған пациенттерде де, плацебо қабылдаған пациенттер тобында да «жиі» кездескен.

***«Сирек» жиілігімен кездескен.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық

  • жүктілік және лактация кезеңі

  • тұқым қуалайтын галактоза көтере алмаушылық, Лапп лактаза ферменті тапшылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Монтелукастты әдетте демікпенің алдын алу және оны ұзақ емдеу үшін пайдаланылатын басқа препараттармен қолдануға болады. Басқа препараттармен өзара әрекеттесуіне жүргізілген зерттеулерде ұсынылған монтелукаст клиникалық дозасы мынадай дәрілік заттардың: теофиллин, преднизон, преднизолон, ішуге арналған контрацептивтер (этинилэстрадиол/норэтиндрон 35/1), терфенадин, дигоксин және варфарин фармакокинетикасына клиникалық тұрғыда елеулі әсерін тигізбеген.

Қан плазмасындағы монтелукаст концентрациясының қисық астындағы ауданы (AUC) бір мезгілде фенобарбитал қолданған пациенттерде шамамен 40% төмендеген. Монтелукаст CYP 3A4, 2С8 және 2С9 арқылы метаболизденетіндіктен, монтелукастты, әсіресе балаларға, фенитоин, фенобарбитал және рифампицин сияқты CYP 3A4, 2С8 және 2С9 индукторларымен бір мезгілде абайлап тағайындау керек.

Іn vitro зерттеулері монтелукасттың CYP 2C8 күшті тежегіші екенін көрсетті. Алайда монтелукаст пен росиглитазон (маркерлі субстрат, көбінесе CYP 2C8 арқылы метаболизденетін препараттар өкілі) қолдану зерттелген препараттармен өзара әрекеттесуін клиникалық зерттеудің деректері in vivo монтелукасттың CYP 2C8 тежемейтінін көріністеген. Сондықтан монтелукаст осы фермент арқылы метаболизденетін препараттардың (мысалы, паклитаксел, росиглитазон және репаглинид) метаболизміне айқын ықпал етеді деп күтілмейді.

Зертханалық зерттеулер монтелукасттың CYP 2C8 үшін де және аз дәрежеде 2C9 және 3A4 үшін де субстрат болып табылатынын көрсетті.

Монтелукаст пен гемфиброзилдің (әрі CYP 2C8, әрі 2C9 тежегіші) қатысуымен дәрілік өзара әрекеттесуіне жүргізілген зерттеу деректері гемфиброзилдің монтелукасттың жүйелік сенсибилизациясын 4.4 есе арттыратынын көрсетті. Монтелукаст үшін дозаны түзету оны гемфиброзилмен немесе басқа да CYP 2C8 әлеуетті тежегіштерімен бір мезгілде қолданғанда қажет емес, бірақ дәрігерлер жағымсыз реакциялардың артуы мүмкін екенін ескеру керек. Басқа CYP 2C8 белгілі тежегіштерімен (мысалы, триметоприм) клиникалық маңызды дәрілік өзара әрекеттесуі болжанбайды. Бұдан басқа, CYP3А4 күшті тежегіші болып табылатын итраконазолмен ғана бір мезгілде монтелукаст қолдану монтелукасттың жүйелік сенсибилизациясының елеулі жоғарылауына әкелмейді.

Айрықша нұсқаулар

Пациенттер ішу арқылы қолдануға арналған монтелукасттың ешқашан жедел демікпе ұстамаларын емдеуге пайдаланылмайтынын, сондай-ақ олардың тиісті жедел жәрдем препаратын үнемі өзімен алып жүру керектігін білуі тиіс. Жедел ұстамада қысқа әсер ететін ингаляциялық β‑агонистерді пайдалану керек. Егер олар қысқа әсерлі β‑агонисін әдеттегіден көп мөлшерде қажет етсе, пациенттер дәрігермен мүмкіндігінше тезірек кеңесуі тиіс.

Монтелукаст ингаляциялық немесе ішуге арналған кортикостероидтарды күрт алмастырмауы тиіс.

Монтелукаст бір мезгілде қолданылғанда ішуге арналған кортикостероидтардың дозасын азайтуға болатынын растайтын деректер жоқ.

Сирек жағдайларда Сингуляр препаратын қоса, демікпеге қарсы препараттармен ем алып жүрген пациенттерде жүйелі эозинофилия, кейде Чердж-Стросс синдромына (жүйелік кортикостероидтармен жиі ем жүргізілетін жағдай) тән васкулиттің клиникалық көріністерімен туындауы мүмкін. Кейде бұл жағдайлар ішуге арналған кортикостероидтар дозасын тоқтатуға немесе азайтуға байланысты. Лейкотриен рецепторлары антагонистерімен емдеу мен Чердж-Стросс синдромының туындауы арасындағы байланысты жоққа шығаруға немесе растауға болмайды. Дегенмен, эозинофилия, васкулярлы бөртпе, өкпе симптомдарының нашарлауы, кардиологиялық асқынулар және/немесе нейропатия сияқты симптомдар пайда болған жағдайда, қосымша тексеру және емдеу тактикасын қайта қарау қажет.

Аспиринге сезімтал демікпесі бар пациенттерді монтелукастпен емдеу аспирин немесе басқа да қабынуға қарсы стероидты емес препараттарды қолдану қажеттілігіне әсер етпейді.

Галактозаны көтере алмаушылық, Лапп лактаза тапшылығы немесе глюкоза-галактоза мальабсорбциясы сияқты туа біткен сирек аурулары бар пациенттер бұл препаратты қолданбауы тиіс.

Жүйке-психикалық бұзылыстар. Сингуляр қабылдаған ересектерде, жасөспірімдер мен балаларда психика тарапынан бұзылулар білінді. Психика тарапынан болатын бұзылуларға қозу, озбыр мінез-құлық, жауығу, үрейлену, депрессия, бағдардан жаңылу, зейін шоғырландырудың бұзылуы, патологиялық түстер, елестеу, ұйқысыздық, ашушаңдық, есте сақтаудың нашарлауы, мазасыздық, сомнамбулизм, суицидтік ойлар мен әрекеттер (суицидті қоса) және тремор сияқты жағымсыз әсерлер жатады. Постмаркетингілік есептерден алынған деректер дәрі-дәрмекпен емдеу барысында алынған клиникалық деректермен салыстырмалы. Пациенттер мен медицина қызметкерлері жағымсыз құбылыстардың пайда болуы мүмкін екенін білу керек. Пациенттерге осы жағымсыз әсерлер туындағанда өз емдеуші дәрігерін хабарландыруға кеңес беріледі. Аталған жағымсыз құбылыстар пайда болғанда Сингулярмен емді жалғастыру үшін пайда қауіп арақатынасын бағалау керек.

Жүктілік және лактация кезеңі

Жүктілік: жүктілікке қатысты қолда бар деректер базасынан алынған шектеулі ақпарат Сингуляр қолдану мен бүкіләлемдік постмаркетингілік қолдану тәжірибесі барысында сирек хабарланған мальформацияның (аяқ-қол кемістіктері сияқты) туындауы арасында өзара себеп-салдарлы байланыс барын көрсетпейді.

Лактация кезеңі: монтелукасттың емшек сүтіне өтуі белгісіз.

Дәрілік препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Емделушінің автокөлікті немесе механизмдерді басқару қабілетіне монтелукаст ықпал етуі күтілмейді. Алайда сирек жағдайларда ұйқышылдық немесе бас айналу жөнінде хабарланған, осыған орай, автокөлік немесе аса қауіпті механизмдер басқару кезінде сақтық шарасын қадағалау керек.

Артық дозалануы

Артық дозалану жағдайларының көпшілігінде жағымсыз реакциялар туындамаған.

Симптомдары: абдоминальді ауыру, ұйқышылдық, шөлдеу, бас ауыру, құсу және психомоторлық аса жоғары белсенділік.

Емі: препаратты тоқтату, симптоматикалық ем. Перитонеальді диализде немесе гемодиализде монтелукасттың шығарылуы белгісіз.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Поливинилхлоридті үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада 14 таблеткадан.

Пішінді 1 немесе 2 қаптамадан қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Сақтау шарттары

Ылғалдан және жарықтан қорғалған жерде, 25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

Мерк Шарп және Доум Лимитед, Ұлыбритания

Қаптаушы

Мерк Шарп және Доум Б.В., Нидерланды

Тіркеу куәлігінің иесі

Шеринг-Плау Сентрал Ист АГ, Швейцария

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдар қабылдайтын ұйымның мекенжайы:

Қазақстандағы «Шеринг-Плау Сентрал Ист АГ» компаниясының өкілдігі,

Алматы қ., Достық д-лы, 38, «Кең Дала» бизнес орталығы, 5 қабат

Тел. +7 (727) 330-42-66, +7 (727) 259-80-84

Факс +7 (727) 259-80-90

эл. пошта: dpoccis2@merck.com, pharmacovigilance.ukraine&cis@merck.com

S-WPC-MK0476-MF-012015

Прикрепленные файлы

411324621477976516_ru.doc 92 кб
978464491477977683_kz.doc 106 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники