Синафлан (мазь, 0.025%, 10 г)

МНН: Флуоцинолона ацетонид
Производитель: Алтайвитамины ЗАО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Fluocinolone acetonide
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№011577
Информация о регистрации в РК: 04.11.2013 - 04.11.2018

Инструкция

Саудалық атауы

Синафлан

Халықаралық патенттелмеген атауы

Флуоцинолон ацетониді

Дәрілік түрі

Сыртқа қолдануға арналған жақпамай 0.025%

Құрамы

100 г жақпамайдың құрамында

белсенді зат - флуоцинолон ацетониді (синафлан) 0.025 г,

қосымша заттар: 1,2-пропиленгликоль, медициналық вазелин, сусыз ланолин, церезин.

Сипаттамасы

Ашық - сарыдан сары түске дейінгі жақпамай

Фармакотерапиялық тобы

Тері ауруларын жергілікті емдеуге арналған глюкокортикостероидтар.

Белсенділігі жоғары глюкокортикостероидтар ( III топ)

АТХ коды D07АС04

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Тері беткейінен сіңгеннен кейін плазма ақуыздарымен байланысады, негізінен бауырда жүретін метаболизмге ұшырайды. Бүйрекпен шығарылады.

Фармакодинамикасы

Қабынуға қарсы, аллергияға қарсы, экссудатқа қарсы және қышынуға қарсы әсер көрсетеді.

Терінің қабыну реакциясының көрінісін азайтады немесе қайтарады.

Теріге әсер ету кезінде нейтрофилдердің жиектік жинақталуының алдын алу жүреді, бұл қабыну экссудатының және цитокиндер өнімінің азаюына; макрофагтар миграциясының тежелуіне, инфильтрация және грануляция үдерістерінің азаюына алып келеді.

Қолданылуы

Этиологиясы микробтық емес терінің қабыну және аллергиялық ауруларында

- шығу тегі және орналасуы әр түрлі экземалар (себореялық дерматит)

- нейродермиттер

- терінің қышынуы

- псориаз

- күнге күю

- жәндіктердің шағуы

Қолдану тәсілі және дозалары

Ересектерге және 2 жастан асқан балаларға – сыртқа.

Антисептикалық сұйықтыққа малынған тампонмен алдын - ала сүртілген теріге препараттың аздаған мөлшерін күніне 2-4 рет жағады және жеңіл ысқылайды. Емдеудің ұзақтығы аурудың сипатына байланысты және әдетте 5-10 күнді, ауру ұзаққа созылғанда – 25 күнге дейінді құрайды.

Зақымданған шектеулі бөлікте әсерін күшейту үшін жақпамайды окклюзионды таңғыш астында қолдануға болады. Таңғыш астында тәулігіне 2 г жақпамайдан артық қолдануға рұқсат етілмейді. Жақпамайды дерматоздың құрғақ түрлерінде пайдалану дұрысырақ.

Терінің зақымданған бөлігіне жұқа қабатпен күніне 1-3 рет жағады. Емдеудің ұзақтығы клиникалық тиімділігімен анықталады.

Жағымсыз әсерлері

- терінің салдарлы жұқпалы зақымдануы

- терінің атрофиялық өзгеруі

- терінің тітіркенуі (қышыну, шымылдатып ашыту).

Ұзақ уақыт қолданғанда – салдарлы иммунитет тапшылығы, гипертрихоз, алопеция, әсіресе әйелдерде; препарат жаққан жердегі тері атрофиясы, гирсутизм, телеангиэктазия, пурпура, пигментацияның бұзылуы. Аумақты беткейге жаққан кезде жүйелік көріністер болуы мүмкін: гастрит, асқазанның «стероидты» ойық жарасы, бүйрекүсті безі жеткіліксіздігі, Иценко-Кушинг синдромы, «стероидты» қант диабеті, стриялар, репаративті үдерістердің баяулауы.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- тері ісіктері

- бактериялардан, вирустардан, зеңдерден туындаған терінің жұқпалы аурулары

- пиодермия

- желшешек, герпес, актиномикоз, бластомикоз, споротрихоз, көктамырдың варикозды кеңеюімен байланысты балтырдың трофикалық ойық жарасы, асқазан ішек жолының эрозивті-ойық жаралы зақымдануы, аппликациялау бөлігіндегі жаралар, тері обыры, невус, атерома, меланома, гемангиома, ксантома, саркома

- ойық жаралы зақымданулар

- аппликациялау бөлігіндегі жаралар

- терінің туберкулездік, зеңдік, вирустық аурулары

- жүктілік және лактация кезеңі

- 2 жасқа дейінгі балалар

Өте жоғары сезімталдық, мерездің терідегі көріністері, «жөргектік бөртпе», қызғылт безеулер, ауқымды псориаздық түйіндақтар, аногенитальді қышыну.

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Микробтарға қарсы дәрілермен үйлесімді.

Гипотензивті, диуретикалық, гипогликемиялық, анаболикалық, аритмияға қарсы дәрілердің белсенділігін төмендетеді.

Несеп айдағыш препараттар (калийжинақтаушылардан басқасы) гипокалиемияның даму қаупін жоғарылатады.

Глюкокортикостероидтармен емдеу кезінде препараттың иммунодепрессивті әсеріне байланысты вакцинация және иммунизация жүргізуге болмайды.

Айрықша нұсқаулар

Терінің аздаған бөліктерінде тек қысқа мерзімді курстармен пайдаланады.

Балалар мен қыз балаларда жыныстық жетілу кезеңінде сақтықпен қолданады.

Препаратты бетке жақпаған дұрыс. Препараттың көзге түсуінен сақтаныңыз.

Балалардағы қолдану ұзақтығы 5 күннен аспауы тиіс.

Емдеу кезінде бос тұратын киім кию ұсынылады. Кәдімгі немесе қызғылт безеулері бар емделушілерде емдеу аясында аурудың асқынуы мүмкін. Жергілікті жұқпалы асқынулардың алдын алу үшін, микробтарға қарсы дәрілермен үйлестіріп тағайындау ұсынылады.

Терінің атрофиялық өзгерістері бар тұлғаларға, әсіресе егде жастағыларға сақтықпен қолдану керек.

Дәрілік заттың көлік құралдарын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері

Көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді.

Артық дозалануы

Симптомдары: қышыну, жақпамай жаққан жердегі терінің күйдіріп ашытуы, гипергликемия, глюкозурия, Иценко-Кушинг синдромы.

Емі: препаратты біртіндеп тоқтату аясында симптоматикалық емдеу.

Шығарылу түрі және қаптамасы

10 г препараттан алюминий сықпаға салынған. Әр сықпаны медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салады.

Сақтау шарттары

Құрғақ жерде, 12 С-ден 15 С-ге дейінгі температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

5 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханадан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

«Алтайвитамины» ЖАҚ, Ресей Федерациясы.

Мекенжайы: 659325, Ресей, Алтай өлкесі, Бийск қ-сы, Заводская к-сі, 69.

Телефон: (3854) 326-946, 338-719, факс: (3854) 327-640

Тіркеу куәлігінің иесі

«Алтайвитамины» ЖАҚ, Ресей Федерациясы.

 

Тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы, телефон нөмірі, факс нөмірі, электронды поштасы:

«Алтайвитамины» ЖАҚ, Ресей Федерациясы.

Мекенжайы: 659325, Ресей, Алтай өлкесі, Бийск қ-сы, Заводская к-сі, 69.

Телефон: (3854) 326-943, факс: (3854) 327-640, е-mail: office@altayvitamin.ru

 

Прикрепленные файлы

324657701477976775_ru.doc 52.5 кб
909826941477977937_kz.doc 66 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники