Синагис (50 мг)

МНН: Паливизумаб
Производитель: Берингер Ингельхайм Фарма ГмбХ и Ко. КГ
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Palivizumab
Номер регистрации в РК: № РК-БП-5№016119
Период регистрации: 24.06.2015 - 24.06.2020
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)
Предельная цена закупа в РК: 258 000 KZT

Инструкция

Саудалық атауы

Синагис

Халықаралық патенттелмеген атауы

Паливизумаб

Дәрілік түрі

Құтыдағы 50 мг немесе 100 мг инъекция үшін ерітінді дайындауға арналған лиофилизацияланған ұнтақ 1 мл ампуладағы еріткішімен жиынтықта

Құрамы

Бір құтының ішінде

белсенді зат - 50 мг немесе 100 мг паливизумаб,

қосымша заттар: глицин, гистидин, маннит.

Еріткіші бар бір ампуланың ішінде инъекцияға арналған 1 мл су бар.

Сипаттамасы

Лиофилизацияланған ұнтақ – бөгде қоспаларсыз, нығыздалмаған құрғақ таблетка түріндегі ақтан ақ дерлік түске дейінгі лиофилизацияланған біртекті масса.

Дайындалған ерітінді – мөлдір немесе сәл бозаңданатын ерітінді, көрінетін бөлшектердің аздаған мөлшері байқауға болады.

Еріткіш (инъекцияға арналған су) – көрінетін бөлшектерсіз түссіз мөлдір сұйықтық.

Фармакотерапиялық тобы

Спецификалық иммуноглобулиндер. Паливизумаб.

АТХ коды J06B B16

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Паливизумабтың таралу көлемі (орта есеппен 57 мл/кг) мен жартылай шығарылу кезеңі (орта есеппен 18 күн) жағынан адамның IgG1 антиденесіне ұқсас фармакокинетикалық бейіні бар. Шала туған нәрестелер мен бронх-өкпе дисплазиясы бар балаларда респираторлық-синцитиальді жұқпаның алдын алу бойынша жүргізілген зерттеулерде паливизумабтың орташа жартылай шығарылу кезеңі 20 күнге созылды, ал ай сайынғы бұлшықетішілік 15 мг/кг дозалары қан сарысуындағы белсенді заттың бірінші инъекциядан кейін 40 мкг/мл, екінші инъекциядан кейін 60 мкг/мл және үшінші мен төртінші инъекциялардан кейін шамамен 70 мкг/мл жуық 30 күндік орташа концентрациясын қамтамасыз етті. Туа біткен жүрек ақаулары кезіндегі зерттеулерде ай сайынғы бұлшықетішілік 15 мг/кг дозалары қан сарысуындағы белсенді заттың бірінші инъекциядан кейін 55 мкг/мл және төртінші инъекциядан кейін 90 мкг/мл жуық 30 күндік орташа концентрациясын қамтамасыз етті.

Клиникалық зерттеулер кезінде паливизумаб қолданған туа біткен жүрек ақаулары бар, қан айналымы (экстракорпоральді) жасанды жүргізілген және қан сарысуының жұп үлгілерін алу мүмкін болған 139 баланың арасында паливизумабтың орташа концентрациясы экстракорпоральді қан айналымын қолдануға дейін 100 мкг/мл жуық болды және одан кейін шамамен 40 мкг/мл дейін төмендеді.

Фармакодинамикасы

Синагистің белсенді заты – паливизумаб респираторлық-синцитиальді вирустың (РСВ) гибридті ақуызының А антигенді локусындағы антигенді детерминантаға (эпитопқа) гуманизацияланған IgG1k моноклональді антиденелер болып табылады, адам (95%) мен тышқанның (5%) амин қышқылды бірізділіктерінен тұрады және РСВ А және В қосалқы типтеріне қарсы қуатты бейтараптандырғыш және гибридті-тежегіш белсенділігі бар.

Синагис (паливизумаб) қан сарысуындағы 30 мкг/мл концентрациясында өкпедегі РСВ репликациясын 99% төмендетеді.

Иммуногенділігі

IMpact-RSV зерттеуінде паливизумабқа антиденелердің пайда болу жиілігі төртінші инъекциядан кейін плацебо тобында 1,1% және паливизумаб тобында 0,7% болды. Синагисті екінші маусым бойы алған балалар арасында 56 емделушінің 1-де жағымсыз реакциялармен немесе қан сарысуындағы паливизумаб концентрациясының өзгерістерімен қатар жүрмеген титрі төмен транзиторлы реактивтілік білінді. CHD зерттеуінде иммуногенділігі бағаланбаған.

1 балада ұзақ уақыттық дозаны зерттегенде Синагисті екінші рет енгізгеннен кейін паливизумабқа антиденелердің пайда болуы байқалып, олардың титрі бесінші және жетінші дозадан кейін анықталмайтын деңгейге дейін төмендеген.

IМpact-RSV зерттеуі

Бұл зерттеу АҚШ, Канада және Ұлыбританиядағы 139 орталықта бронх-өкпе дисплазиясы (БӨД) бар 24 айлық және одан кіші жастағы балалардың, сондай-ақ зерттеуге қосқан сәтте 6 айлық немесе одан да кіші жаста болған шала туған нәрестелердің (35 немесе одан аз аптадағы гестация) қатысуымен жүргізілді. Емдеп түзетілмеген жүрек аурулары бар емделушілер зерттеуге қосылмаған. Бұл зерттеуде ай сайынғы 5 плацебо инъекциясын алу үшін 500 емделуші және ай сайынғы 5 паливизумаб инъекциясын алу үшін 1002 емделуші рандомизацияланды. Емделушілер зерттеуге алынып, препараттың қауіпсіздігі мен тиімділігін анықтау үшін оларға 150 күн бойы бақылау жүргізілді. 99% емделуші зерттеуді аяқтады, 93% 5 инъекцияны түгел алды. РСВ ауруларымен байланысты ауруханаға жату жиілігі негізгі түпкілікті нүкте ретінде қабылданды.

РСВ аурулары себебімен плацебо тобындағы 500 емделушінің 53 (10,6%) және паливизумаб тобындағы 1002 емделушінің 48 (4.8%) ауруханаға жатқызылды, ауруханаға жату жиілігінің азаюы 55% құрады (р <0,001). РСВ ауруларымен байланысты ауруханаға жату жиілігінің азаюы, паливизумаб тобындағы 39/496 [7,9%] мәнімен салыстырғанда, плацебо тобындағы БӨД (34/266 [12,8%] бар емделушілерде де, паливизумаб тобындағы 9/506 [1,8%] мәнімен салыстырғанда, плацебо тобындағы БӨД 19/234 [8,1%] жоқ шала туған балаларда да байқалды. РСВ жұқпаларымен байланысты ауруханаға жату жиілігінің азаюы РСВ маусымының бүкіл кезеңінде байқалды.

Екіншілік түпкілікті нүктелер арасында РСВ жұқпасы себебімен ауруханаға жату кезінде қарқынды емдеу бөліміне жатқызу жиілігі болды; плацебо алғандарға (3,0%) қарағанда, ол паливизумаб алған емделушілерде (1,3%) төмен болды, дегенмен қарқынды емдеу қажет болатын емделушілердің екі тобы арасында қарқынды емдеу бөлімінде болудың орташа ұзақтығында айырмашылық байқалмаған. Жалпы, деректер РСВ ауруларының ауырлығы плацебо қабылдаған мен РСВ жұқпаларымен байланысты ауруханаға жатқызу қажет болғандарға қарағанда, паливизумаб алған және РСВ жұқпаларымен байланысты ауруханаға жатқызу қажет болған емделушілерде аз болды деп санауға негіз бола алмайды. Паливизумаб РСВ ауруларымен байланыссыз ауруханаға жату жиілігіне және ортаңғы отиттің пайда болу жиілігіне әсер етпеген.

Туа біткен жүрек ақаулары бар емделушілердегі зерттеулер

Бұл зерттеу АҚШ, Канада, Франция, Германия, Польша, Швеция және Ұлыбританиядағы 76 орталықта гемодинамикалық мәнді туа біткен жүрек ақаулары бар 24 айлық немесе одан кіші жастағы балалардың қатысуымен жүргізілді. Бұл зерттеуде ай сайынғы 5 плацебо инъекциясын алу үшін 648 емделуші және ай сайын 15 мг/кг дозадағы паливизумабтың 5инъекциясын алу үшін 639 емделуші рандомизацияланды.

Бұл зерттеу төрт бірізді РСВ маусымы кезінде жүргізілді. Емделушілер жүрек патологиясы типіне сәйкес (цианозды ақаулар және қалғандарының бәрі) бөлінді, препараттың қауіпсіздігі мен тиімділігін зерттеу үшін оларға 150 күн бойы бақылау жүргізілді. 96% емделуші зерттеуді аяқтады, 92% 5 инъекцияны түгел алды. Бастапқы түпкілікті нүкте РСВ ауруларымен байланысты ауруханаға жату жиілігі болды.

РСВ аурулары себебімен плацебо тобындағы 648 емделушінің 63 (9,7%) және паливизумаб тобындағы 639 емделушінің 34 (5,3%) ауруханаға жатқызылды, ауруханаға жату жиілігінің азаюы 45% (р = 0,003) құрады. РСВ ауруларымен байланысты ауруханаға жату жиілігінің азаюы уақытқа, географиялық аймаққа, балалардың жүрек патологиясына қарай бөлінуіне (басқаларымен салыстырылатын цианозды ақаулар), жынысына, жасына, салмағына, этникалық тегіне және зерттеу басталар сәтте қан сарысуында РСВ-бейтараптандыратын антиденелердің болуына тәуелді болмаған. Екіншілік түпкілікті нүктелер РСВ ауруларымен байланысты ауруханаға жатқан күндердің жалпы саны (56% азаю, р = 0,003) және емделушілер оттегімен қосымша қамтылуды қажет ететін күндер саны (73% азаю, р = 0,014) сияқты көрсеткіштердің паливизумаб тобында, плацебо тобымен салыстырғанда, едәуір азаятынын айғақтайды.

Туа біткен жүрек ақаулары бар емделушілердегі постмаркетингтік зерттеулер

Постмаркетингтік ретроспективті обсервациялық интервенцинді емес когортты зерттеу 10 еуропалық елдегі (Австрия, Бельгия, Франция, Германия, Италия, Норвегия, Польша, Словения, Испания, Ұлыбритания) 32 орталықта гемодинамикалық маңызды туа біткен жүрек ақаулары бар балаларда жүргізілді. Гемодинамикалық мәнді туа біткен жүрек ақаулары бар 24 айлық және одан кіші жастағы балалар Синагистің (N = 1009) алғашқы дозасы тағайындалған сәтте 8 айлық кезең ішіндегі алғашқы күрделі жағымсыз құбылыстар жиілігінің көрсеткіші бойынша туа біткен гемодинамикалық мәнді жүрек ақаулары бар және өмірінің алғашқы 24 айы ішінде Синагис (N = 1009) алмаған балалардың ретроспективті тобымен салыстырылды. Екі топтағы балалар жасы, жүрек патологиясының типі және жүрекке жасалатын түзету операцияларының типі жағынан ұқсас болды. Алғашқы күрделі жағымсыз құбылыстар жұқпалар, аритмия және өлім болып саналды.

Жұқпалармен байланысты алғашқы күрделі жағымсыз құбылыстар алдын алу емі жүргізілмеген балалармен (32,6% [329/1009]) салыстырғанда, алдын алу емі жүргізілген балаларда статистикалық тұрғыда сенімді аз жиілікте (27,8% [281/1009]) тіркелді (Р = 0,023). Алғашқы күрделі жағымсыз құбылыс ретіндегі аритмияның пайда болу жиілігі алдын алу емі жүргізілген балаларда 4,1% (41/1009) және алдын алу емі жүргізілмеген балаларда 3,9% (39/1009) құрады (Р> 0,100). Алғашқы күрделі жағымсыз құбылыс ретіндегі өлім жағдайларының жиілігі алдын алу емі жүргізілген балаларда (0,9% [9 / 1009]), алдын алу емі жүргізілмеген балалармен (1,0% [10/1009]) салыстырғанда, саны жағынан төмен болды.

Зерттеулер нәтижелері Синагиспен алдын алу емін алған гемодинамикалық мәнді туа біткен жүрек ақаулары бар балаларда, ондай ем жүргізілмеген балалармен салыстырғанда, күрделі жұқпалардың, күрделі аритмиялардың немесе өлім жағдайларының пайда болу қаупінің жоғарылауы болмағанын айғақтайды.

Препаратты ұзақ уақыт қолдануды зерттеу

Препараттың қауіпсіздігі мен фармакокинетикалық ерекшеліктерінің ашық проспективті зерттеуінде РСВ маусымы климаты бірқалыпты елдердегіден көбіне ұзаққа созылатын субтропикалық климатты аймақ - Сауд Арабиясында 7 ай бойы тағайындалғанда паливизумабтың қауіпсіздігі, көтерімділігі және фармакокинетикалық ерекшеліктері зерттелді. Зерттеуге РСВ жұқпалары пайда болуының жоғары қауіп тобына жататын және ешқашан паливизумаб қабылдамаған созылмалы өкпе аурулары бар немесе оларсыз, бірнеше күннен 29 апталық жасқа дейінгі он сегіз шала туған бала (34 аптадан аз гестация) алынды. РСВ маусымында 7 айға дейінгі кезең ішінде паливизумаб 15 мг/кг дозада айына бір рет енгізілді.

Зерттеу барысында паливизумаб бұрын көрсетілгендей, қорғанысымен өзара байланысқан деңгейге жетті. Паливизумабқа қарсы антиденелер титрінің елеулі жоғарылауы байқалмаған. Осы зерттеу нәтижелері препараттың 7 дозасын қолданудың қауіпсіз екенін, иммуногенді еместігін және жағымсыз реакциялар пайда болуының жоғары қаупімен байланысты болмайтынын болжауға негіз береді.

Микробиология

Вирусқа қарсы белсенділігі

Паливизумабтың вирусқа қарсы белсенділігі антиденелердің жоғары концентрациялары HEp-2 адамның эпителий жасушаларын қосар алдында РСВ-мен инкубацияланған микробейтараптандыру әдісімен бағаланды. 4-5 күнге созылатын инкубациядан кейін РСВ-антиген иммуносорбенттік ферменттік талдау (ELISA) әдісімен өлшенді. Бейтараптандыру титрі (тиімді концентрацияның 50 % [ЕС50]) вирус жұқтырған емделмеген жасушалармен салыстырғанда РСВ-антигенді 50 % бейтараптандыруға қажетті антидененің концентрациясымен өрнектеледі. Паливизумаб, тиісінше, клиникалық РСВ А және РСВ B изоляттарға қатысты ЕС50 0,65 мкг/мл орташа мәнін көріністейді (орташа [стандартты ауытқу] = 0,75 [0,53] мкг/мл; n = 69, диапазон 0,07-2,89 мкг/мл) және 0,28 мкг/мл (орташа [стандартты ауытқу] = 0,35 [0,23] мкг/мл; n = 35, диапазон 0,03-0,88 мкг/мл). Зерттелген клиникалық РСВ изоляттардың көпшілігі (n = 96) АҚШ-тағы емделушілерден, елеусіз мөлшері Жапониядан (n = 1), Австралиядан (n = 5), Израильден (n = 2) іріктеліп алынған. Көрсетілген изоляттар бүкіл әлемде анықталған көбірек таралған РСВ F бірізділігін кодтайды.

Төзімділігі

Паливизумаб антигенді детерминанта ІІ немесе антигенді детерминанта А деп аталатын жетілген РСВ F ақуызының жасушадан тыс доменіндегі жоғары консервативті бөлікті байланыстырады және оған 262-ден 275-ке дейінгі амин қышқылды қалдықтар кіреді. Паливизумабқа төзімділік танытатын барлық РСВ-мутанттар F ақуызының осы бөлігінде амин қышқылдарының алмасу орны бар екенін көрсетті. Паливизумабпен бейтараптануға РСВ-төзімді болып табылады F ақуызы РСВ антигенді А детерминантасынан тыс бірізділіктердің полиморфты немесе полиморфты емес нұсқаларына қатысты ақпарат жоқ. Қалай болғанда да, паливизумабқа төзімділікпен астасқан орын басулардың бірі N262D, K272E/Q немесе S275F/L иммундық алдын алу емі тиімсіз болған емделушілерден алынған 126 клиникалық РСВ-изоляттардың ішінен 8-де сәйкестендірілді. Осылайша, төзімділікпен астасқан мутациялардың жалпы жиілігі 6,3% құрайды. Алынған клиникалық деректерге шолу жүргізгенде антигенді А детерминантасындағы өзгерістер бірізділігі мен паливизумабпен иммундық алдын алу емін алған және тыныс жолдарының төменгі бөліктерінде РСВ ауруы дамыған балалардағы РСВ-ауруының ауырлық дәрежесінің арасындағы байланыс анықталмаған. Бұрын паливизумабпен иммундық алдын алу емі жүргізілмеген емделушілерден іріктеп алынған 254 клиникалық изоляттар талдауында екі изолятта (біреуі N262D-мен және бірі S275F-пен) паливизумабқа төзімділікпен астасқан орын басулар анықталған, осылайша төзімділікпен астасқан мутациялар жиілігі 0,79% құрайды.

Қолданылуы

  • РСВ ауруларының даму қаупі жоғары балаларда РСЖ эпидемиологиялық маусымы кезеңінде респираторлық-синцитиальді жұқпадан (РСЖ) туындаған төменгі тыныс жолдарының күрделі аурулары түріндегі асқынулардың алдын алуда:

  • шала туған (жүктіліктің 35-ші аптасында немесе одан ерте туғандар) және 6 айға дейінгі балаларда;

  • бронх-өкпе дисплазиясы бар 2 жастан кіші балаларда;

  • гемодинамикасы бұзылған туа біткен жүрек ақаулары бар 2 жастан кіші балаларда

Қолдану тәсілі және дозалары

Синагистің ұсынылатын дозасы қауымдағы респираторлық-синцитиальді жұқпаның (РСЖ) эпидемиологиялық өршуі кезінде айына 1 рет дене салмағына 15 мг/кг құрайды. Алғашқы дозаны РСЖ эпидемия маусымының басталуына дейін, ал кейінгілерін бүкіл маусым ішінде ай сайын енгізу керек.

Климаты бірқалыпты аймақтарда РСЖ маусымы, әдетте, күзгі айлардан көктемгі айларға дейін созылады (бірақ жаз кезінде де РСЖ жағдайлары жөнінде хабарламалар болды). Жұқпаның қайталану қаупін төмендету үшін паливизумаб препараттарын қолданатын РСВ жұқтырған балаларға РСЖ маусымының ішінде препараттың ай сайынғы дозаларын алуды жалғастыру ұсынылады.

Енгізу тәсілі

Синагис бұлшықет ішіне, көбіне санның алдыңғы бүйір бөлігіне енгізіледі. Шонданай жүйкесін жарақаттау қаупіне орай, әдетте, препарат бөксе бұлшықетіне енгізілмейді. Инъекция стандартты асептикалық техниканы пайдаланумен жасалады.

Айлық доза = емделушінің салмағы (кг) х 15 мг/кг ÷ 100 мг/мл паливизумаб.

Егер инъекция көлемі 1 мл-ден асып кетсе, препарат бөлек дозалармен енгізіледі.

Дене салмағына 15 мг/кг-ден аз дозада немесе РСВ маусымы бойы айына 1 реттен сирек дозалау режимінде Синагистің тиімділігі анықталмаған. Ерітіндіні дайындау

Назар аударыңыз: төменде берілген нұсқауларға сәйкес сұйылтудан соң 50 мл және 100 мл құтылардың ішінде, тиісінше, 50 мг немесе 100 мг толық жинағын қамтамасыз ететін артық мөлшер болады.

Қаптамадағы еріткішті (инъекцияға арналған стерильді су) 0,6 мл мөлшерінде Синагис 50 мг деген таңбалануы бар құтыға немесе 1,0 мл мөлшерінде Синагис 100 мг деген таңбалануы бар құтыға БАЯУ қосады. Көпіршік түзілуін болдырмау үшін еріткішті құтының ішкі қабырғасын бойлай қосып, ұнтақ толық ерігенше құтыны 30 секундтай абайлап аударыстырады. ҚҰТЫНЫ СІЛКІМЕУ КЕРЕК! Дайын ерітіндісі бар құтыны ерітінді мөлдір болуы үшін бөлме температурасында кемінде 20 минут қалдырады. Синагис ерітіндісінің құрамында консерванттар жоқ және оны дайындағаннан кейін 6 сағат ішінде пайдалану қажет. Құтылар бір рет пайдалануға арналған. Пайдаланылмаған қалдықтары әріқарай қолдануға жатпайды.

Препаратты ұсынылған еріткіш көлемінде ерітуден кейін түпкі концентрациясы екі дозасы (Синагис 50 мг, Синагис 100 мг) үшін де бірдей 100 мг/мл құрайды.

Жағымсыз әсерлері

Паливизумабпен ең болмаса болжамды байланысы бар және шала туған балаларда, бронх-өкпе дисплазиясы бар балаларда, сондай-ақ, туа біткен жүрек ақаулары бар балаларда клиникалық зерттеулер кезінде хабарланған жағымсыз реакциялар жүйелер мен ағзалар және туындау жиілігі бойынша жіктелген (≥ 1/10 – өте жиі; ≥1/100-ден ˂1/10 дейін – жиі; ≥ 1/1000-нан ˂1/100 дейін – жиі емес; ≥1/10000-нан ˂1/1000 дейін – сирек).

Балалардағы РСВ алдын алу жөніндегі зерттеулер кезінде хабарланған жағымсыз реакциялар плацебо тобында және паливизумаб тобында ұқсас болды. Реакциялардың көпшілігі жеңілден орташаға дейінгі ауырлық дәрежесінде транзиторлы болды.

Шала туған сәбилерде және бронх-өкпе дисплазиясы бар балаларда РСВ алдын алу жөніндегі зерттеулерде (IMpact-RSV) жүйелері мен ағзалары бойынша немесе жыныс белгісіне, жасына, гестация жасына, еліне, нәсілдік/этникалық тегіне немесе қан сарысуындағы паливизумабтың квартильді концентрациясына қарай бөлінген балалардың қосалқы топтарында жағымсыз реакцияларының клиникалық мәнді айырмашылығы байқалмаған. Белсенді РСВ жұқпасы жоқ және РСВ-ауруымен ауруханаға жатқызылған балалар арасында қауіпсіздік бейінінің елеулі айырмашылық байқалмаған. Жағымсыз реакциялар туындауымен байланысты паливизумаб енгізуді толық тоқтатқан жағдайлар сирек болды (0,2 %). Плацебо тобында және паливизумаб тобында өлім көрсеткіші ұқсас болды және препаратпен себептік байланысы болған жоқ.

Туа біткен жүрек ақаулары бар балаларда РСВ алдын алу жөніндегі зерттеуде (CHD study) жүрек ақауларының типтері (цианоздық емеспен салыстырғанда, цианоздық) бойынша бөлінген балалардың қосалқы топтарында немесе ағзалар жүйелері бойынша жағымсыз реакцияларда клиникалық мәнді айырмашылық байқалмаған. Күрделі жағымсыз реакциялар жиілігі, плацебо тобымен салыстырғанда, паливизумаб тобында едәуір төмен болды. Паливизумаб қолданумен байланысты күрделі жағымсыз реакциялар туралы хабарламалар болмаған. Жоспарлы, мерзімінен бұрынғы және шұғыл кардиохирургиялық араласулар жиілігі топтардың арасында салыстырмалы болды. Паливизумаб тобында РСВ жұқпасымен астасқан 2 өлім жағдайы және препаратты пайдаланумен байланыссыз плацебо тобында 4 жағдай тіркелді.

Шала туған сәбилердегі және бронх-өкпе дисплазиясы немесе туа біткен жүрек ақаулары бар балаларда РСВ алдын алуға қатысты клиникалық зерттеулер (IMpact-RSV және CHD study) барысында хабарланған жағымсыз реакциялар:

Организм ағзалары мен жүйелері

Жиілігі

Жағымсыз реакциялар

Тері және теріасты шелі тарапынан бұзылулар

өте жиі

бөртпе

Жалпы бұзылыстар және енгізген жердегі реакциялар

өте жиі

пирексия

жиі

енгізген жердегі реакциялар

Ұзақ қолдану зерттеуі

Бұл зерттеуде паливизумабқа байланысты жағымсыз реакциялар хабарланбаған және өлім жағдайлары тіркелмеген.

Иммуногенділігі

Бронх-өкпе дисплазиясы бар балалардағы зерттеуде паливизумабқа антиденелердің пайда болу жиілігі төртінші инъекциядан кейін плацебо тобында 1,1 % және паливизумаб тобында 0,7 % болды. Екінші маусым кезінде паливизумаб алған балалар арасында, 56 емделушінің 1-де қан сарысуындағы паливизумабтың жағымсыз әсерлерімен немесе концентрациясының өзгерістерімен қатар жүрмеген төмен титрлі транзиторлы реактивтілік білінген. Туа біткен жүрек ақаулары бар балалардағы зерттеулерде иммуногенділігі бағаланбаған.

Паливизумабқа антиденелер аталған препаратпен емделген 4337 балада төрт қосымша зерттеулерде анықталған (35 апта немесе одан аз гестация жасымен туғандар және 6 айлық немесе одан аз жастағылар немесе бронх-өкпе дисплазиясы бар немесе гемодинамика бұзылуымен туа біткен жүрек ақаулары бар < 24 айлық жастағылар) және зерттеудің әртүрлі сатыларында 0-1,5% балада байқалған. Антиденелердің болуы мен жағымсыз реакциялар арасында байланыс болмаған. Осылайша, препаратқа иммунологиялық жауаптардың клиникалық мәні жоқ.

Ұзақ қолданылуына қатысты зерттеуде 1 сәбиде паливизумаб екінші рет енгізілгеннен кейін паливизумабқа антинелердің болуы байқалды, оның титрі бесінші және жетінші дозаларынан соң анықталмайтын деңгейге дейін төмендеді.

Постмаркетингтік тәжірибе

Паливизумаб қолдану кезінде келесі жағымсыз реакциялар хабарланған: анафилаксия, анафилактикалық шок (кейбір жағдайларда өліммен аяқталған), тромбоцитопения, конвульсиялар, есекжем, апноэ. Бұл реакциялар туралы ерікті түрде хабарланғандықтан, қауым көлемі белгісіз болды, олардың туындау жиілігін нақты анықтау немесе паливизумаб қолданумен себеп-салдарлы байланысын айқындау үнемі мүмкін бола бермейді («Қолданылу ерекшеліктері» бөлімін де қараңыз).

Паливизумабты 20 000 балада (1250 бала 6 инъекция алды, 173 сәби 7 инъекция және 27 бала 8 және 9 инъекция алды) қолдану тәжірибесі 6-шы немесе одан көп дозадан соң емделушілерде байқалған жағымсыз реакциялардың алғашқы 5 дозадан кейінгі сияқты сипатына және жиілігіне қарай бірдей болғанын көрсетті.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • белсенді субстанцияға немесе қандай да бір қосымша затқа немесе басқа гуманизацияланған моноклональді антиденелерге жоғары сезімталдық

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуіне зерттеулер жүргізілмеген және қазіргі уақытқа дейін ондай өзара әрекеттесулер сипатталмаған. IMpact-RSV зерттеуінде жоспарлы алдын алу екпелерін, тұмауға қарсы вакцинация, бронходилятаторлар немесе кортикостероидтар алатын плацебо тобындағы және паливизумаб тобындағы балалар саны бірдей болды, әрі оларда жағымсыз реакциялар санының көбеюі байқалмаған.

Моноклональді антиденелер РСВ-на спецификалы болғандықтан, паливизумабтың, соның ішінде, тірі вирустық вакциналар қолданудан кейінгі поствакциналық иммунитетке ықпалы күтілмейді.

Өзара әрекеттесуі және зертханалық тестілер нәтижелеріне әсер етуі

Паливизумаб иммуннологиялық диагностикалық РСВ-тестілерімен, мысалы, антигеннің сандық анықталуына негізделетін тестілермен өзара әрекеттесе алады. Қосымша паливизумаб жасушалар өсіріндісіндегі вирус репликациясын бәсеңдетеді, сондықтан вирустық өсіріндіні пайдаланумен сынамаларға әсер ете алады. Паливизумаб кері транскриптазамен полимеразалық тізбекті реакцияға негізделетін тестілерге ықпал етпейді. Зертханалық тест-жүйелермен өзара әрекеттесу РСВ диагностикасының жалған-теріс нәтижелеріне әкелуі мүмкін. Осылайша, клиникалық шешімдер қабылдау кезінде диагностикалық тестілер нәтижелерін клиникалық деректерді есепке алумен қарастыру керек.

Айрықша нұсқаулар

Паливизумабты бронх-өкпе дисплазиясы бар 2 жасқа дейінгі балалар, 6 айға дейінгі шала туған нәрестелер (35 апта немесе одан аз гестациялық жас), гемодинамикасы бұзылған туа біткен жүрек ақаулары бар 2 жасқа дейінгі балалар үшін қолдану қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталған.

Аса жоғары сезімталдық реакциялары

Синагис енгізілгеннен кейін аллергиялық реакциялар, соның ішінде кейбір жағдайларда өліммен аяқталатын анафилаксия мен анафилактикалық шок дамуының өте сирек жағдайлары болды («Жағымсыз реакцияларын»/«Постмаркетингтік тәжірибені» қараңыз). Бұл реакцияларды шұғыл емдеуге арналған қажетті дәрі-дәрмектер дереу қолдануға дайын тұруы тиіс. Анафилаксия мен анафилактикалық шокты қоса, аса жоғары сезімталдықтың күрделі реакциясы дамығанда Синагиспен емдеуді тоқтату керек. Аса жоғары сезімталдық реакцияларының аз білінетін көріністері дамығанда Синагисті кейіннен қолдану кезінде сақ болу керек.

Жалпы сақтандырулар

Кез келген бұлшықетішілік инъекцияны салу кезіндегідей, тромбоцитопениясы немесе қан ұюының қандай да бір бұзылуы бар емделушілерге Синагис сақтықпен енгізілу керек.

Құтыдағы паливизумаб бір рет пайдалануға арналған және құрамында консерванттар жоқ. Инъекцияны препаратты сұйылтудан соң 6 сағат ішінде салу керек.

Егер дәрігер пікірі бойынша, Синагис енгізуді кейінге шегерудің көп қатерлі салдары болмаса ғана, ауырлығы орташа немесе ауыр дәрежедегі жедел жұқпа немесе қызба Синагис енгізудің кейінге шегерілуін талап етеді. Жоғарғы тыныс жолдарының ауырлығы жеңіл дәрежедегі жұқпалары кезіндегідей әлсіз қызба, әдетте, Синагис енгізуді кейінге қалдыруға себеп болмайды.

Жүктілік

Паливизумаб ересектерде қолдануға арналмаған, сондықтан тиісті зерттеулер жүргізілмеген. Паливизумабтың жүктілерде қолданылуы кезінде ұрыққа зиян тигізуі мүмкін екені белгісіз.

Артық дозалануы

Клиникалық зерттеулерде паливизумабты балаларда 15 мг/кг-ден жоғары дозада қолдану қандай да бір медициналық салдарлардың пайда болуына әкелмеген. Бұл дозалар 20,25 мг/кг, 21,1 мг/кг және 22,27 мг/кг құрады (тиісінше үш балада).

Постмаркетингтік тәжірибеде 85 мг/кг дейінгі артық дозалану хабарланған және кейбір жағдайларда емделушілерде байқалған жағымсыз реакциялар паливизумабты 15 мг/кг дозада қолданудан кейін байқалған жағдайлардан ерекшеленбеген.

Артық дозалану жағдайында жағымсыз реакциялардың қандай да бір белгілерін немесе симптомдарын анықтау тұрғысынан емделушіні бақылау және олар пайда болғанда жедел симптоматикалық ем жүргізу ұсынылады.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Лиофилизацияланған ұнтағы бар, пластмасса қақпақшалы алюминий қалпақшамен қаусырылған, резеңке тығынмен тығындалған бір шыны құтыдан және еріткішімен гидролитикалық шыныдан жасалған бір ампуладан (1 мл) қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапқа салынады.

Сақтау шарттары

2-ден 8°С-ге дейінгі температурада сақтау керек. Мұздатып қатыруға болмайды.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Препаратты қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

Берингер Ингельхайм Фарма ГмбХ және Ко. КГ, Германия; Boehringer Ingelheim Pharma GmbH & Co. KG, Germany (Birkendorfer Straβe 65, D-88397 Biberach an der Riss, Germany)

Қаптаған: Эббви С.р.л., Италия; AbbVie S.r.l., Italy (S.R. 148 Pontina Km 52, SNC-Campoverde di Aprilia (loc. Aprilia) - 04011 Aprilia (LT), Italy).

Тіркеу куәлігінің иесі

Эббви Биофармасьютикалс ГмбХ, Швейцария/

AbbVie Biopharmaceuticals GmbH, Switzerland

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдар қабылдайтын ұйымның мекенжайы

Қазақстан Республикасындағы AbbVie Biopharmaceuticals GmbH компаниясының өкілдігі: Алматы қ., 050044, Сәтбаев к-сі, 30A/1, «Тенгиз Тауэрс» ТК, 97 кеңсе, тел. +7 727 222 14 18, факс +7 727 398 94 88, эл. поштасы: kz_ppd_pv@abbvie.com.

 

 

Прикрепленные файлы

691828961477976428_ru.doc 96.5 кб
246820041477977692_kz.doc 145 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники