Симидона форте

МНН: Сухой нативный экстракт корневищ цимицифуги (Cimicifuga racemosa) (4,5-8,5:1), экстрагент - этанол 60 % (об/об)
Производитель: Макс Целлер Зьоне АГ
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Цимицифуги корневища
Номер регистрации в РК: РК-ЛС-5№023442
Информация о регистрации в РК: 29.06.2022 - 29.06.2032

Инструкция

Саудалық атауы

Симидона форте

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі, дозалануы

Таблеткалар, 13 мг

Фармакотерапиялық тобы

Несеп-жыныс жүйесі және жыныс гормондары.Гинекологиялық ауруларды емдеуге арналған басқа препараттар. Цимицифуга тамырсабағы

АТХ коды G02CX04

Қолданылуы

Климакс алдындағы қан кернеулер, тершеңдік, ұйқының бұзылуы, күйгелектік және көңіл-күйдің құбылмалылығы сияқты бұзылыстардың симптомдарын жеңілдетуге арналған

Қолдануды бастағанға дейін қажетті мәліметтер тізбесі

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- компоненттерінің кез келгеніне немесе сарғалдақ (Ranunculaceae) тұқымдас өсімдіктерге немесе қосымша заттарының кез келгеніне жоғары сезімталдық

- лактозаны көтере алмаушылық, лактаза тапшылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы

Қолдану кезіндегі қажетті сақтық шаралары

Анамнезінде бауыр аурулары бар пациенттерге Симидона форте препаратын сақтықпен қабылдау керек.

Бауыр зақымдануын білдіретін белгілер мен симптомдар (шаршау, тәбеттің жоғалуы, тері мен көздің сарғаюы немесе жүрек айнуы және құсумен немесе несептің қараюымен жүретін іштің жоғарғы бөлігінің қатты ауыруы) пайда болса, пациенттер цимицифуга препараттарын қабылдауды тоқтатуы және дереу өзінің дәрігермен кеңесуі тиіс.

Егер бұларды қабылдауды дәрігер тағайындамаса, цимицифуга препараттары эстрогендермен бірге пайдаланылмауы тиіс.

Сүт безі обырынан немесе гормонға тәуелді басқа ісіктерден емделген немесе емделіп жүрген пациенттер, цимицифуга препараттарын медициналық ұсынымсыз қабылдамауы тиіс.

Етеккір кезінде қолданғанда, емшектің кернеуі мен ісінуі, жұғынды немесе лақылдап қан кетулер туындаған жағдайда, сондай-ақ, жүйелі етеккірлер қайта басталған немесе симптомдары нашарлаған жағдайда, дәрігердің кеңесі қажет.

Басқа дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

Анықталмаған.

Арнайы ескертулер

Егде жастағы адамдарда қолданылуы

Егде жастағы адамдарда қолданылуының ерекшеліктері туралы мәліметтер жоқ.

Жүктілік немесе бала емізу кезінде қолданылуы

Құрамында цимицифуга (Cimicifuga racemosa) бар препараттарды әйелдерге климакс кезінде қолдану көрсетілген. Жүктілік және лактация кезінде қолданылуы қарастырылмаған. Жүктілік және бала емізу кезіндегі қауіпсіздігі анықталмаған. Мәліметтер жеткілікті болмағандықтан, жүктілік және лактация кезінде пайдалану ұсынылмайды.

Ұрпақ өрбітуге қабілетті әйелдерге, емделу кезінде контрацепцияның тиімді әдістерін пайдалану мүмкіндігін қарастыру керек.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Сәйкесінше зерттеулер жүргізілмеген.

Қолдануға арналған ұсыныстар

Дозалау режимі

Күніне 1 рет 1 таблеткадан (таңертең немесе кешке), тұтастай, дұрысы күнде бір уақытта аздаған мөлшердегі сумен ішіп қабылдау керек. Таблеткалардың қабылдануы ас ішуге тәуелді емес.

Әсері бірден басталмайды. Симидона форте препаратын кемінде 6 апта бойы қабылдау ұсынылады. Симидона форте әсері 12 аптадан көп кезең ішінде зерттелмеген.

Симидона форте препараты курсының ұсынылатын ұзақтығы бірнеше айды құрайды, алайда, дәрігердің кеңесінсіз 6 айдан асырылмауы тиіс.

Артық дозалану жағдайында қабылдануы қажетті шаралар

Артық дозаланған жағдайлар туралы хабарланған жоқ.

Дәрілік препараттың бір немесе бірнеше дозаларын өткізу кезінде қажетті шаралар

Препараттың кезекті дозасын енгізуді өткізіп алған жағдайда, оны кейіннен қолдануды осы нұсқаулықта көрсетілгендей немесе дәрігер ұсынғандай әдеттегі режимде жүргізу керек. Пациент өткізіп алған дозаның орнын толтыру үшін қосарлы дозаны еңгізбеу керек.

Егер сізде дәрілік препаратты қолдану тәсілі бойынша сұрақтар туындаса, дәрігерге хабарласыңыз.

Тоқтату симптомдары қатерінің бар-жоғын көрсету

Препаратпен емдеуді тоқтату қажет болса, дәрігермен кеңесу ұсынылады.

Препаратты қалай қолдану керектігін түсіндіру үшін медициналық маманнан кеңес алу ұсыныстары

Емдеуді бастамас бұрын дәрігермен кеңесіп, сіз қабылдаған барлық дәрілік препараттар туралы дәрігерге хабарлау ұсынылады.

Оңтайлы нәтижелерге қол жеткізу үшін дәрігер берген және нұсқаулықта көрсетілген барлық ұсыныстарды қатаң орындау керек.

Емдеуші дәрігермен кеңесусіз көрсетілген дозалардан және емдеу курсының ұзақтығын арттыруға болмайды. Егер емнен кейін жақсартулар болмаса немесе симптомдар нашарласа немесе жаңа симптомдар пайда болса, дәрігермен кеңесу керек.

ДП стандартты қолдану кезінде көрініс беретін жағымсыз реакциялар сипаттамасы және осы жағдайда қабылдау керек шаралар

Туындау жиілігі белгісіз:

- бет пен дененің ісінуі

- бөртпе, қышыну, есекжем

Сирек жағдайларда:

-асқазандағы жайсыздық, жүрек айнуы, диспепсия және диарея.

Жекелеген жағдайларда:

-ішінара расталған бауырдың ауыр зақымданулары болып тұрады (мысалы, бауыр функциясының аномальді көрсеткіштері, сарғаю, гепатит)

- емшектің кернеуі мен ісінуі, жұғынды немесе лақылдап қан кетулер;

- жүйелі етеккірлердің қайта басталуы.

Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаса медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласыңыз

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК

http://www.ndda.kz

Қосымша мәліметтер

Дәрілік препараттың құрамы

1 таблетканың құрамында

белсенді зат: 13 мг цимицифуга тамырсабақтарының нативті құрғақ экстрактісі (Cimicifuga racemosa) (4,5-8,5:1), экстрагент - этанол 60 % (к/к), повидон (экстракт дайындау үшін қолданылатын, қосымша заттар)

қосымша заттар: натрий кроскармеллозасы, микрокристалды целлюлоза, лактоза моногидраты, магний стеараты, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы.

Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы

Дөңгелек, екі беті дөңес және өзіне тән иісі бар, өрнектелген ақшыл-сары түсті таблеткалар.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Ішкі жағында термолагы мен термопішінді ПВХ/ПВДХ үлбірі бар алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада 30 таблеткадан.

1 немесе 3 пішінді ұяшықты қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.

Сақтау мерзімі

3 жыл.

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Сақтау шарттары

Түпнұсқалық қаптамасында 25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші туралы мәлімет

Макс Целлер Зьоне АГ,

Зеебликштрассе 4, 8590 Романсхорн, Швейцария

(Max Zeller Söhne AG,

Seeblickstrasse 4, 8590 Romanshorn, Switzerland)

Tel: +41 71 466 05 00

email: presse@zellerag.ch

Тіркеу куәлігінің ұстаушысы

Амакса Фарма ЛТД,

Портленд Хаус, Брессенден Плейс, Лондон SW1E 5RS, Ұлыбритания

(Amaxa Pharma LTD,

Portland House, Bressenden Place, London SW1E 5RS, United Kingdom)

Tel.:+ 44 203 318 5770

e-mail: office@amaxa-pharma.com

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттың сапасына қатысты шағымдарды (ұсыныстарды) қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электронды пошта)

"Registrarius" ЖШС,

050000, Қазақстан Республикасы, Алматы қ.,

Байзаков к-сі 280, Almaty Towers БО,

Коворкинг-центр SmArt. Point-2, 11 кеңсе

Тел.: +7 727 3131207; е-mail: info@registrarius.org

Прикрепленные файлы

Симидона_Форте_каз.docx 0.05 кб
Симидона_форте_рус.docx 0.05 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники