Силден®

МНН: Силденафил
Производитель: СОФАРМА АО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Sildenafil
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№020954
Период регистрации: 10.11.2014 - 10.11.2019
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)
Предельная цена закупа в РК: 715.13 KZT

Инструкция

Саудалық атауы

Силден®

Халықаралық патенттелмеген атауы

Силденафил

Дәрілік түрі

Үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар, 100 мг

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді зат - силденафил цитраты (100 мг силденафилге баламалы)

қосымша заттар - лактоза моногидраты, натрий кроскармеллозасы, повидон К25, микрокристалды целлюлоза 101 типі, силицирленген микрокристалды целлюлоза, натрий стеарилфумараты.

үлбірлі қабық құрамы: гипромеллоза, титанның қостотығы (Е171), макрогол 6000, тальк, глицерол, бриллиант көгілдірі FCF (E133).

Сипаттамасы

Ұзынша пішінді, екі беті дөңес, екі жағында да сызығы бар, ұзындығы 16 мм және ені 8 мм көк түсті үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар.

Фармакотерапиялық тобы

Урологиялық ауруларды емдеуге арналған препараттар. Спазмолитиктерді қоса, урологиялық ауруларды емдеуге арналған басқа да препараттар. Эрекцияның бұзылуын емдеуге арналған препараттар. Силденафил.

АТX коды G04BE03

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Сіңуі

Силденафил тез сіңеді. Бақыланатын ең жоғары концентрациясына аш қарынға ішу арқылы қолданудан кейін 30-дан 120 минутқа дейінгі шекте (орташа мәні 60 минут) жетеді. Орташа абсолютті ішу арқылы биожетімділігі 41% (диапазоны 25-63%) құрайды. Силденафилді ұсынылған емдік дозаларында (25-100 мг) ішу арқылы қолданудан кейін AUC және Cmax мәндері дозаға пропорционал артады.

Силденафилді ас ішу кезінде қолданғанда сіңу жылдамдығы төмендейді, Тmax орта есеппен 60 минутқа баяулайды, Cmax орта есеппен 29% төмендейді.

Таралуы

Силденафилдің тепе-тең күйдегі орташа таралу көлемі (Vd) 105 л құрайды, бұл тіндерде таралуын білдіреді. Бір реттік 100 мг дозаны ішу арқылы қолданудан кейін силденафилдің орташа ең жоғары плазмалық концентрациясы шамамен 440 нг/мл (CV 40%) құрайды. Силденафил (және оның негізгі айналымдағы N-десметил-метаболиті) плазма ақуыздарымен 96% байланысқандықтан, бұл плазмада силденафилдің бос түрінің орташа ең жоғары 18 нг/мл (38 нM) концентрациясына әкеледі. Ақуыздармен байланысуы дәрілік препараттың жалпы концентрациясына байланысты емес.

Бір рет 100 мг силденафил қабылдаған дені сау еріктілерде қолданудан кейін 90 минуттан соң қолданылған дозаның 0,0002%-дан азы (орта есеппен 188 нг) эякуляттан табылады.

Метаболизмі

Силденафил негізінен CYP3A4 (негізгі жолы) және CYP2C9 (қосалқы жолы) микросомалық бауыр изоферменттерінің әсер етуімен метаболизденеді. Негізгі айналымдағы метаболит силденафилдің N-десметилденуі нәтижесінде алынады. Метаболиттің силденафилдегі сияқты фосфодиэстеразалық селективтілігі бар және оның ФДЭ5 қатысты ин витро белсенділігі бастапқы белсенді заттағы осындайдың 50% шамасын құрайды. Метаболиттің плазмалық концентрациялары силденафилдегісінің 40% шамасын құрайды. N-десметил-метаболит қосымша метаболизденеді және оның соңғы жартылай шығарылу кезеңі шамамен 4 сағат құрайды.

Шығарылуы

Организмнен силденафилдің жалпы клиренсі соңғы фазадағы 3-5 сағат жартылай шығарылу кезеңімен сағатына 41 л құрайды. Ішу арқылы немесе вена ішіне қолданудан кейін силденафил метаболиттер түрінде көбінесе нәжістермен (ішу арқылы қолданылған дозаның 80% шамасы) және аз дәрежеде несеппен (ішу арқылы қолданылған дозаның 13% шамасы) шығарылады.

Пациенттердің ерекше топтарындағы фармакокинетикасы

Егде жастағы пациенттер:

Егде жастағы (65 жастан асқан) еріктілерде силденафил клиренсінің төмендеуі байқалады. Силденафилдің және белсенді N-десметилденген метаболиттің анықталған плазмалық концентрациялары 18-ден 45 жасқа дейінгі дені сау еріктілерде байқалатын осындайдан шамамен 90% асып кетеді. Плазмалық ақуыздармен байланысуына қатысты жас айырмашылықтарына орай, плазмадағы бос силденафил концентрациясы шамамен 40% жоғарылайды.

Бүйрек жеткіліксіздігі:

Силденафилдің бір реттік 50 мг дозасын ішу арқылы қолданудан кейін бүйрек тарапынан жеңіл және орташа дәрежедегі бұзылулары (креатинин клиренсі = 30-80 мл/мин) бар еріктілерде силденафилдің фармакокинетикалық көрсеткіштерінде өзгерістер байқалмайды. N-десметилденген метаболиттің AUC және Cmax орташа мәндері бүйректік бұзылулары жоқ еріктілердегі осындаймен салыстырғанда, тиісінше, 126% және 73% жоғарылайды. Жекеше жоғары құбылуына орай, осы айырмашылықтар статистикалық тұрғыда маңызды емес. Бүйрек функциясының бұзылулары ауыр (креатинин клиренсі <30 мл/мин) еріктілерде, бүйректік бұзылулары жоқ, AUC және Cmax мәндері орта есеппен 100% және 88% жоғарылайтын еріктілердегі клиренспен салыстырғанда, силденафил клиренсі төмендеген. Бұдан бөлек, N-десметилденген метаболиттің AUC және Cmax мәндері елеулі түрде, тиісінше, 79% және 200% артады.

Бауыр жеткіліксіздігі:

Бауыр циррозының жеңіл және орташа дәрежесіндегі (Child-Pugh бойынша А және В) еріктілерде силденафил клиренсі төмендеген, AUC және Cmax мәндері бауыры зақымданбаған еріктілердегі осындаймен салыстырғанда, тиісінше, 84% және 47% артады.

Силденафил фармакокинетикасы бауыр функциясының бұзылулары ауыр пациенттерде зерттелмеген.

Фармакодинамикасы

Силденафил эректильді дисфункцияны ішу арқылы емдеуге арналған. Табиғи жағдайларда, яғни сексуалдық ынталану кезінде ол жыныс мүшесіне келетін қан ағымын ұлғайту арқылы бұзылған эректильді функцияны қалыпқа келтіреді.

Жыныс мүшесінің эрекциясына жауапты физиологиялық механизм сексуалдық ынталану кезінде қуысты денеде азот тотығының (NO) босап шығуын қамтиды. Азот тотығы гуанилатциклаза ферментін белсенділендіреді, бұл циклдық гуанозинмонофосфат (цГМФ) деңгейлерінің жоғарылауы мен қуысты денелер тегіс бұлшықеттерінің босаңсуына және оған қанның ағып келуіне әкеледі.

Силденафил ФДЭ5 цГМФ ыдырауына жауапты болатын қуысты денедегі цГМФ-спецификалық 5 типті фосфодиэстеразаның (ФДЭ5) қуатты және іріктелген тежегіші түрінде болады.

Силденафил эрекцияға қатысты шеткері әсер ету механизмін иеленген. Силденафил адамның оқшау қуысты денесін тікелей босаңсытатын әсерін көрсетпейді, бірақ азот тотығының осы тінді босаңсытатын әсерін күшейтеді. Сексуалдық ынталану кезінде байқалатын NO/цГМФ метаболизмдік тізбегі белсенділенгенде силденафилмен ФДЭ5 бәсеңдеуі кавернозды денеде цГМФ деңгейлерінің жоғарылауын туындатады. Демек, силденафил өзінің қалаулы жағымды фармакологиялық әсерлерін жүзеге асыруы үшін сексуалдық ынталану қажет.

Ин витро зерттеулері силденафилдің эрекция үдерісіне қатысатын ФДЭ5 үшін іріктелгенін көрсетеді. Оның ФДЭ5 қатысты әсері басқа белгілі фосфодиэстеразаларға қатысына қарағанда қуаттырақ. Ол торқабықтағы фототрансдукция үдерісіне қатысатын ФДЭ6 қарағанда, ФДЭ5 қатысты 10 есе іріктелген. Ұсынылатын ең жоғары дозаларында оның ФДЭ5 қатысты іріктелімі ФДЭ1 қарағанда 80 есе жоғары және ФДЭ2, 3, 4, 7, 8, 9, 10 және 11 қатысына қарағанда 700 еседен аса жоғары. Силденафил жүректің жиырылуын бақылауға қатысатын цАМФ-спецификалық фосфодиэстераза ФДЭ3 изоформасына қарағанда ФДЭ5 қатысты шамамен 4 000 есе көбірек жоғары іріктелген.

Қолданылуы

- қанағаттанарлық жыныстық қатынас үшін жеткілікті жыныс мүшесінің эрекцияға жетуге немесе оны сақтауға қабілетсіздігі түрінде болатын эректильді дисфункцияны емдеуде

Силденмен® емдеу тиімді болуы үшін сексуалдық ынталану қажет.

Қолдану тәсілі және дозалары

Асқынуларды болдырмау үшін дәрігердің тағайындауы бойынша қолдану керек!

Ішу арқылы қолдануға арналған.

Ересектерде қолдану:

Ұсынылатын доза, қажет болғанда, жыныстық қатынастан шамамен 1 сағат бұрын қолданылатын 50 мг құрайды. Әсері мен жағымдылығына қарай, дозаны 100 мг дейін арттыруға немесе 25 мг дейін азайтуға болады. Ең жоғары тәуліктік доза - 100 мг. Ұсынылатын ең жоғары қолдану жиілігі – күніне бір рет. Силден® ас ішу кезінде қабылданғанда әсері аш қарынға қолданумен салыстырғанда баяуырақ басталуы мүмкін.

Егде жастағы пациенттерде қолдану:

Дозаны түзету қажет емес.

Бүйрек функциясы бұзылған пациенттерде қолдану:

Ұсынылатын доза 50 мг құрайды, бүйрек тарапынан бұзылулары ауыр (креатинин клиренсі <30 мл/мин) пациенттерде силденафил клиренсі төмендеген, соның нәтижесінде 25 мг құрайтын бастапқы доза ұсынылады. Әсеріне және жағымдылығына қарай дозаны 50 мг дейін арттыруға болады.

Бауыр функциясы бұзылған пациенттерде қолдану:

Бауыр тарапынан болатын бұзылулары (мысалы, цирроз) бар пациенттерде силденафил клиренсі төмендеген, сондықтан бастапқыда 25 мг доза қолданылады. Әсеріне және жағымдылығына қарай дозаны 50 мг дейін арттыруға болады.

Балаларда қолдану:

Силден® 18 жасқа дейінгі балаларға қолдануға көрсетілмеген.

Басқа дәрілік препараттармен емделген пациенттерде қолдану:

Силденафилмен бір мезгілде қолдануға ұсынылмайтын ритонавирді қоспағанда, CYP3A4 тежегіштерімен бір мезгілде емделген пациенттерге алдымен 25 мг құрайтын доза ұсынылады.

Альфа-блокаторлармен ем алған пациенттерде ортостатикалық гипотензияның пайда болу қаупін азайту үшін осы пациенттерде силденафил қолдануды бастамас бұрын гемодинамиканың тұрақтануына алдын ала жету қажет.

Жағымсыз әсерлері

Өте жиі (>1/10)

- бас ауыру

Жиі (> 1/100, < 1/10)

- бас айналу

- көрудің өзгеруі (көрудің бұлдырауы, жарыққа сезімталдық өзгерісі)

- түсті ажыратудың бұзылуы**

- диспепсия

- жүрек айну

- ыстық кернеулер

- мұрын бітелісі

- вазодилатация (бетке қан «тебулер»)

Жиі емес

- аса жоғары сезімталдық реакциялары (тері бөртпесі)

- кеуденің ауыруы, ысыну сезімі, миалгия, аяқ-қолдың ауыруы, жалпы әлсіздік

- ұйқышылдық, гипостезия

- сілекей бөлінісінің бұзылуы***, көздің ауыруы, фотофобия, фотопсия, көз гиперемиясы, жарықты күшті сезіну, коньюктивит

- шыр айналу сезімі, құлақтың шуылдауы

- гипертензия, гипотензия

- тахикардия, пальпитациялар

- ринит, мұрыннан қан кету

- гастро-эзофагеальді рефлюкс ауруы, құсу, іштің жоғарғы тұсының ауыруы, ауыздың кеберсуі

- бөртпе

- жүректің жиі соғуы

- гематурия

Сирек

- естудің нашарлауы немесе естімей қалу

- күрделі кардиоваскулярлық оқиғалар, миокард инфарктісін, жүректен болатын кенет өлімді*, қарыншалық аритмияны қоса, тұрақсыз стенокардия, жүрекшелер фибрилляциясы*

- силденафил қабылдаумен астасқан цереброваскулярлы геморрагиялық және транзиторлы ишемиялық шабуылдар

- құрысулар*, құрысулардың қайталануы*, синкопе

- артериялық емес алдыңғы ишемиялық оптикалық нейропатия (ААИОН)* салдарынан көрудің нашарлауы немесе көрмей қалу

- торқабық тамырларының окклюзиясы*, көз торқабығына қан құйылу, атеросклероздық ретинопатия, торқабық бұзылулары, глаукома, көру өрісінің бұзылуы, диплопия, көру өткірлігінің төмендеуі, миопия, астенопия, шыны тәрізді дененің бұлыңғырлануы, көз нұрлы қабығының бұзылуы, мидриаз, жарық көздерінің айналасында сәуле жиектерінің көрінуі, көздің ісінуі, көздің домбығуы, көру мүшесінің бұзылулары, конъюнктива гиперемиясы, көздің тітіркенуі, көздегі қалыптан тыс түйсіктер, қабақтың ісінуі, ақ қабық түсінің өзгеруі

- тамақтың қысылуы, мұрынның ісінуі, мұрынның құрғауы

- ауыз қуысының гипестезиясы

- Стивенс-Джонсон синдромы*, уытты эпидермалық некролиз

- приапизм*, гематоспермия, ұзаққа созылатын эрекция, жыныс мүшесіне қан құйылу

- ашушаңдық

* Тек постмаркетингтік бақылау кезінде хабарланғандар

** Түсті ажыратудың бұзылуы: хлоропсия, хроматопсия, цианопсия, эритропсия және ксантопсия

*** Көз жасы ағуының бұзылуы: көздің құрғауы, көз жасы ағуының бұзылуы және көз жасының көп ағуы

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- белсенді затқа немесе қосымша заттарының кез келгеніне аса жоғары сезімталдық

Азот тотығы/циклдық гуанозинмонофосфат (cGMP) жолына белгілі әсерлеріне сәйкес, силденафил нитраттардың гипотензиялық әсерлерін күшейтеді. Оны азот тотығының донаторларымен (амилнитрат сияқты) немесе кез келген түрдегі нитраттармен бір мезгілде қолдану қарсы көрсетілімді.

ФДЭ5 тежегіштерін, соның ішінде силденафилді гуанилатциклаза көтермелегіштерімен, мысалы риоцигуатпен бірге қолдану қарсы көрсетілімді, өйткені симптоматикалық гипотензияны туындату ықтималдығы зор.

- сексуалдық белсенділікке кеңес берілмейтін ерлерде (мысалы, жүрек-қантамыр жүйесі тарапынан ауыр бұзылулары, мысалы, тұрақсыз стенокардиясы немесе ауыр жүрек жеткіліксіздігі бар пациенттерге) қолдануға болмайды

- анамнезінде артериитті емес алдыңғы ишемиялық оптикалық нейропатия (ААИОН) салдарынан бір көзінің көрмей қалуы бар пациенттерге бұл көріністердің осыған дейін ФДЭ5 тежегішінің әсерімен байланысты болуына немесе болмауына қарамастан

- бауырдың ауыр зақымдануымен

- гипотензиямен (артериялық қысым < 90/50 мм сын.бағ.), таяуда бастан өткерген инсульт немесе миокард инфарктісі және пигментті ретинит сияқты торқабықтың тұқым қуалайтын белгілі дегенерациялық аурулары туралы анамнездік деректері бар (осы пациенттердің шағын бөлігінде торқабық фосфодиэстеразасына қатысты генетикалық аномалиялар болады).

Сақтықпен:

  • жыныс мүшесінің анатомиялық деформациясы (соның ішінде, ангуляция, кавернозды фиброз немесе Пейрони ауруы)

  • приапизмнің дамуына бейімдендіретін аурулар (мысалы, орақ тәрізді-жасушалы анемия, көптеген миелома, лейкоз, тромбоцитемия сияқты)

  • қан кетумен қатар жүретін аурулар

  • ойық жараның өршуі

  • тұқым қуалайтын пигментті ретинит

  • жүрек жеткіліксіздігі

  • тұрақсыз стенокардия, соңғы 6 айда бастан өткерген миокард инфарктісі, инсульт немесе өмірге қатерлі аритмиялар

  • артериялық гипертензия (артериялық қысым (АҚ) > 170/100 мм сын. бағ.) немесе гипотония (АҚ < 90/50 мм сын. бағ.).

Тіркелген көрсетілім бойынша препарат 18 жасқа дейінгі балаларда және әйелдерде қолдануға арналмаған.

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Басқа дәрілік препараттардың силденафилге әсері

Ин витро зерттеулері:

Силденафил метаболизмі Р450 (CYP) цитохромының 3А4 (негізгі жол) және 2С9 (қосалқы жол) изоферменттерінің көмегімен жүзеге асады. Осы изоферменттер тежегіштері силденафил клиренсін төмендетуі мүмкін.

Ин виво зерттеулері:

Клиникалық зерттеулерден алынған деректердің қауымдық фармакокинетикалық талдауы CYP3А4 тежегіштерімен (мысалы, кетоконазол, эритромицин, циметидин сияқты) бір мезгілде қолданғанда силденафил клиренсінің төмендеуін көрсетеді. Осы пациенттерде силденафилді CYP3А4 тежегіштерімен бір мезгілде қолданғанда жағымсыз әсерлер жиілігінің жоғарылауы байқалмағанына қарамастан, бастапқы доза 25 мг құрауы тиіс.

Р450 өте қуатты тежегіші болып табылатын АИТВ протеаза тежегіші - ритонавир (күніне екі рет 500 мг) және силденафилді (бір реттік доза 100 мг) бір мезгілде қолдану силденафил Сmax 300% (4 есе) және силденафил плазмалық AUC 1 000% (11 есе) артуын туындатады. Силденафилдің плазмалық концентрациялары 24 сағатта, силденафилдің өзін қолдану кезіндегі 5 нг/мл деңгейлерімен салыстырғанда, әлі де шамамен 200 нг/мл құрайды. Бұл Р450 субстраттарының ауқымды аясына ритонавирдің айқын әсер етуін растайды.

Силденафил ритонавир фармакокинетикасына ықпалын тигізбейді. Осы фармакокинетикалық нәтижелер негізінде силденафил мен ритонавирді бір мезгілде қолдану ұсынылмайды және қандай жағдайларда да силденафилдің ең жоғары дозасы 48 сағат шегінде 25 мг-ден аспауы тиіс.

Тепе-тең концентрацияларға жетуден кейін CYP3А4 тежегіші болып табылатын АИТВ протеазасының тежегіші - саквинавирді (күніне 3 рет 1 200 мг) және силденафилді (100 мг бір реттік доза) бір мезгілде қолдану силденафил Сmax 140% және силденафил AUC 210% артуына алып келеді. Силденафил саквинавирдің фармакокинетикасына ықпал етпейді. Кетоконазол мен итраконазол сияқты CYP3А4 аса қуатты тежегіштерінің әлі де күштірек әсерге ие болуы жорамалданады.

Тепе-тең концентрацияларына жетуден кейін силденафилді бір реттік 100 мг дозада және CYP3А4 спецификалық тежегіші - эритромицинді (5 күн бойы күніне екі рет 500 мг) бір мезгілде қолданғанда силденафил AUC 182% жоғарылауы байқалды.

Дені сау ерікті ерлерде азитромициннің (3 күн бойы күніне 500 мг) айналымдағы силденафил немесе оның негізгі метаболиттерінің AUC, Сmax, Тmax, элиминация константасына немесе жартылай шығарылу кезеңіне әсері байқалмаған.

Дені сау еріктілерде Р450 цитохромының тежегіші және CYP3А4 спецификалық емес тежегіші болып табылатын циметидинді (800 мг) силденафилмен (50 мг) бір мезгілде қолданғанда силденафилдің плазмалық концентрациясының 56% артуын туындатады.

Грейпфрут шырыны ішек қабырғасында CYP3А4-медиирленген метаболизмнің әлсіз тежегіші болып табылады және силденафил плазмалық концентрациясының орташа жоғарылауына әкелуі мүмкін.

Антацидтің (магний гидроксиді/алюминий гидроксиді) бір реттік дозалары силденафил биожетімділігіне ықпал етпейді.

Барлық дәрілік препараттармен дәрілік өзара әрекеттесулеріне спецификалық зерттеулер жүргізілмегеніне қарамастан, қауымдық фармакокинетикалық талдау CYP2С9 (толбутамид, варфарин, фенитоин сияқты), CYP2D6 (серотонинді кері қармаудың іріктелген тежегіштері, үш циклды антидепрессанттар сияқты) тежегіштері тобының дәрілік препараттарын, тиазидтерді және осындай диуретиктерді, ілмекті және калий жинақтаушы диуретиктерді, ангиотензин өзгертуші фермент тежегіштерін, кальций антагонистерін, бета-адренорецепторлық антагонистерді немесе CYP450-медиирленген метаболизм индукторларын (рифампицин, барбитураттар сияқты) бір мезгілде қолданғанда силденафил фармакокинетикасына әсерін көрсетпейді.

Никорандил – бұл калий өзекшелері белсендіргіші мен нитрат арасындағы гибрид. Құрамындағы нитрат компонентіне орай, силденафилмен күрделі өзара әрекеттесу мүмкіндігі бар.

Силденафилдің басқа дәрілік препараттарға әсерлері

Ин витро зерттеулері:

Силденафил – Р450 цитохромы 1А2, 2С9, 2С19, 2D6, 2Е1 және 3А4 изоферменттерінің әлсіз тежегіші (IC50>150 мкM). Шамамен 1 мкM құрап, ұсынылатын дозаларында силденафил қолданудан кейін ең жоғары плазмалық концентрациясының осы изоферменттер субстраттары клиренсіне ықпал етуі күтілмейді.

Силденафилдің және теофиллин немесе дипиридамол сияқты спецификалық емес фосфодиэстераза тежегіштерінің арасындағы өзара әрекеттесу деректері жоқ.

Ин виво зерттеулері:

Азот тотығы/цГМФ жолына өзінің белгілі әсеріне сәйкес силденафил нитраттардың гипотензиялық әсерлерін күшейтеді. Оны азот тотығының донаторларымен немесе кез келген түрдегі нитраттармен бір мезгілде қолдану қарсы көрсетілімді.

Силденафилді альфа-блокаторлармен бір мезгілде қолдану аздаған сезімтал кісілерде симптоматикалық гипотензияны тудыруы мүмкін. Бұл силденафил қолданудан кейін алғашқы 4 сағатта көрініс береді. Қуық асты безінің қатерсіз гиперплазиясы (ҚҚГ) және тұрақты гемодинамикасы бар пациенттердегі дәрілік өзара әрекеттесулерінің спецификалық үш зерттеуінде бір мезгілде альфа-блокатор доксазозин (4 мг және 8 мг) және силденафил (25 мг, 50 мг немесе 100 мг) пайдаланылды. Пациенттердің осы топтарында жатқан қалыптағы артериялық қысым мәндерінің, тиісінше 7/7 мм сын. бағ., 9/5 мм сын. бағ. және 8/4 мм сын. бағ. және тұрған күйдегі 6/6 мм сын. бағ., 11/4 мм сын. бағ. және 4/5 мм сын. бағ. орташа қосымша төмендеуі байқалады. Силденафил мен доксазозинді бір мезгілде қолданғанда сирек жағдайларда симптоматикалық ортостатикалық гипотензия көрінісі бар пациенттер туралы хабарланды. Хабарламаларда бас айналу және шыр айналу сезімі қамтылды, бірақ синкопе қамтылмаған.

Силденафил (50 мг) ацетилсалицил қышқылынан (150 мг) болатын қан кету уақытының ұзаруын күшейтпейді.

Силденафил (50 мг) қанда орташа ең жоғары 80 мг/дл алкоголь концентрациялары бар дені сау еріктілерде алкогольдің гипотензиялық әсерлерін күшейтпейді.

Жалпы, келесі фармакологиялық топтардың гипертензияға қарсы дәрілік препараттары: диуретиктер, бета-блокаторлар, АӨФ тежегіштері, ангиотензин ІІ рецепторларының антагонистері, гипертензияға қарсы препараттар (вазодилататорлар және орталық әсері бар), адренергиялық блокаторлар, кальций антагонистері және альфа-адренорецептор блокаторлары силденафил алатын пациенттерде, плацебомен салыстырғанда, жағымсыз әсерлердің әртүрлі бейінін көрсетпейді. Гипертензиясы бар науқастар силденафилді (100 мг) амлодипинмен бір мезгілде қолданған дәрілік өзара әрекеттесуінің спецификалық зерттеуінде жатқан қалыпта систолалық артериялық қысымның 8 мм сын. бағ. қосымша төмендеуі анықталған. Жатқан қалыпта диастолалық артериялық қысымның сәйкесті қосымша төмендеуі 7 мм сын. бағ. құрады. Артериялық қысымның бұл қосымша төмендеулері силденафилді монотерапия түрінде алатын дені сау еріктілерде байқалуымен ұқсас болды.

Силденафил (100 мг) тұрақты плазмалық концентрацияларда CYP3A4 субстраттары болып табылатын АИТВ протеаза тежегіштері - саквинавир мен ритонавир фармакокинетикасына ықпал етпейді.

Айрықша нұсқаулар

Силденафилмен емдеу тағайындалғанша эректильді дисфункцияны диагностикалау және болжамды ағымдағы себептерін анықтау үшін анамнез жинау және физикалық статусты бағалау қажет.

Эректильді дисфункцияның кез келген емін бастар алдында пациенттің жүрек-қантамыр статусын бағалау қажет, өйткені сексуалдық белсенділік жүрек аурулары болғанда белгілі бір қауіп төндіреді. Силденафилдің артериялық қысымның жеңіл және өткінші төмендеуін туындататын тамыр кеңейтетін қасиеттері бар. Силденафил тағайындауға дейін силденафилдің тамыр кеңейтетін әсері қатар жүретін белгілі бір аурулары бар пациенттерге, әсіресе, сексуалдық белсенділікпен біріккенде қолайсыз ықпал ету мүмкіндігін абайлап бағалау қажет. Вазодилататорларға жоғары сезімталдық сол жақ қарыншадан шығу жолының обструкциясы бар (мысалы, қолқа стенозы, гипертрофиялық обструкциялық кардиомиопатия) пациенттерде және вегетативті жүйке жүйесі тарапынан артериялық қысымды бақылаудың ауыр бұзылуымен көрініс беретін көптеген жүйелік атрофияның сирек білінетін синдромында байқалады.

Силденафил нитраттардың гипотензиялық әсерін күшейтеді.

Постмаркетингтік бақылауларда силденафилді қолдану уақытымен сәйкес келетін миокард инфарктісі, тұрақсыз стенокардия, жүректен болатын кенет өлім, қарыншалық аритмиялар, геморрагиялық инсульт, ми қан айналымының өткінші бұзылуы, гипертензия және гипотензия сияқты күрделі жүрек-қантамыр оқиғалары жөнінде деректер бар. Пациенттердің көпшілігінде жүрек-қантамырлық қауіп факторлары туралы анамнездік деректер бар. Хабарланған оқиғалар сексуалдық белсенділік кезінде немесе одан кейін көп ұзамай басталды, ал кейбіреулері сексуалдық белсенділіксіз-ақ силденафил қолданудан кейін тез арада туындады. Осы оқиғалардың жоғарыда көрсетілген немесе басқа да факторлармен тікелей байланысты болуын анықтау мүмкін емес.

Силденафилді қоса, эректильді дисфункцияны емдеуге арналған препараттарды жыныс мүшесінің анатомиялық деформациясы (ангуляция, кавернозды фиброз немесе Пейрони ауруы) бар пациенттерге немесе приапизмге (орақ тәрізді-жасушалы анемия, көптеген миелома немесе лейкоз) бейімдеуі мүмкін жағдайлары бар пациенттерде сақтықпен қолдану керек.

Силденафилдің ФДЭ5 тежегіштерімен немесе өкпенің артериялық гипертензиясын (ӨАГ) емдеуге арналған дәрілік препараттармен (REVATIO) немесе эректильді дисфункцияны емдеуге арналған басқа дәрілермен біріктірілімінің қауіпсіздігі мен тиімділігі зерттелмеген. Сол себепті ондай біріктірілімдер қолдану ұсынылмайды.

Силденафил мен ФДЭ5 басқа тежегіштерін қолданумен байланысты көрудің бұзылулары және артериитті емес алдыңғы ишемиялық оптикалық нейропатия туралы деректер бар. Көрудің бұзылулары кенеттен туындаған жағдайда пациенттерге Силден® қолдануды тоқтатып, дереу дәрігермен кеңесу ұсынылады.

Силденафил мен ритонавирді бір мезгілде қолдану ұсынылмайды.

Альфа-блокаторлармен және силденафилмен бір мезгілде емделген сезімтал пациенттерде негізінде силденафил қолданудан кейін алғашқы 4 сағатта білінетін симптоматикалық гипотензия дамуы мүмкін. Альфа-блокаторлармен ем алған пациенттерде ортостатикалық гипотензияның даму мүмкіндігі кему үшін силденафилмен емдеу басталғанша тұрақты гемодинамика болу қажет. Пациенттердің осы тобында алдымен 25 мг силденафил қолданылады. Осыған қосымша, дәрігерлер ортостатикалық гипотензия симптомдары білінген жағдайда пациенттердің не істеу керектігі жөнінде кеңес беруі тиіс.

Адам тромбоциттеріне жүргізілген зерттеулер натрий нитропруссидінің агрегантқа қарсы қасиеттерін силденафилдің ин витро күшейтетінін көрсетеді.

Қан ұюының бұзылулары немесе белсенді пептидтік ойық жарасы бар пациенттерде силденафилді қауіпсіз қолдану жөнінде ақпарат жоқ. Демек, силденафилді ондай пациенттерде пайда-қауіп арақатынасын бағалаудан кейін ғана абайлап қолдану керек.

Өнім құрамына лактоза моногидраты кіреді. Сирек тұқым қуалайтын галактоза жақпаушылық кінәраттары, Лапп лактаза тапшылығы немесе глюкоза-галактоза мальабсорбциясы бар пациенттерге дәрілік препаратты қолдануға болмайды.

Силден® әйелдерге қолдануға көрсетілмеген.

Жүктілік және лактация кезеңі

Силден® әйелдерге қолдануға көрсетілмеген.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Көлік құралдарын басқару және машиналармен жұмыс істеу қабілетіне әсерлері жөнінде жүргізілген зерттеулер жоқ.

Силденафилмен клиникалық зерттеулерде бас айналу және көру өзгерістерінің болуы хабарланатындықтан, пациенттерде көлік құралдарын басқаруға немесе қозғалыстағы механизмдермен жұмыс істеуге дейін өздерінің Силденге® реакциялары туралы түсінік болуы тиіс.

Артық дозалануы

Еріктілерге 800 мг дейінгі бір реттік дозалар қолданылатын зерттеулерде жағымсыз әсерлер төменірек дозаларында байқалғандарына ұқсас болды, бірақ жоғарырақ жиілікте болады және ауырлау сипатта білінеді. 200 мг құрайтын дозалар тиімділікті арттырмайды, бірақ жағымсыз әсерлер (бас ауыру, қызару, бас айналу, диспепсия, мұрынның бітелуі, көрудің нашарлауы) жиілігін арттырады.

Емі: Артық дозалану жағдайында, қажет болғанда, стандартты симптоматикалық шаралар қабылдау керек.

Гемодиализ силденафил клиренсін жеделдетпейді, өйткені ол плазма ақуыздарымен жоғары пайызда байланысады және несеппен шығарылмайды.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Мөлдір поливинилхлоридті үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға 1 немесе 4 таблеткадан салады.

Пішінді ұяшықты 1 қаптама медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге бір жақ беті пигментпен жабылған картон қорапшаға салынады.

Сақтау шарттары

Түпнұсқалық қаптамада, жарықтан қорғау үшін 25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қабылдауға болмайды!

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

„Софарма“ АҚ

Илиенский тас жолы к-сі 16

1220 София, Болгария

Тіркеу куәлігінің иесі

„Софарма“ АҚ, Болгария

 

Қазақстан Республикасы аумағында дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігіне жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электронды пошта):

«Софарма Қазақастан» Жауапкершілігі шектеулі серіктестік

Алматы қ., Қазақстан, 050036, «Мамыр 4» ы/а, 190 үй

Телефон нөмірі: 7 (727) 380 01 03, 380 01 37, 380 01 42 (ішкі 108)

Факс нөмірі: 7 (727) 381 63 86

Электронды пошта: info@sopharma.kz

Прикрепленные файлы

850423081477976649_ru.doc 124.5 кб
972370841477977810_kz.doc 148.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники