Сибазон (2 мл)

МНН: Диазепам
Производитель: Харьковское фармацевтическое предприятие "Здоровье народу" ООО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Diazepam
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№016235
Период регистрации: 19.02.2015 - 19.02.2020
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)
Включено в Список бесплатного амбулаторного лекарственного обеспечения
АЛО (Включено в Список бесплатного амбулаторного лекарственного обеспечения)
Предельная цена закупа в РК: 84.72 KZT

Инструкция

Саудалық атауы

Сибазон

Халықаралық патенттелмеген атауы

Диазепам

Дәрілік түрі

Инъекцияға арналған 0,5% 2 мл ерітінді

Құрамы

1 мл ерітіндінің құрамында

белсенді зат - 5 мг диазепам,

қосымша заттар: 96% этанол, пропиленгликоль, полиэтиленоксид, инъекцияға арналған су.

Сипаттамасы

Түссіз немесе сарғыш-жасыл реңді мөлдір сұйықтық

Фармакотерапиялық тобы

Психолептиктер. Анксиолитиктер. Бензодиазепин туындылары. Диазепам

АТХ коды N05В A01

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Бұлшықет ішіне енгізгеннен кейін препарат толық және біркелкі сіңбейді, ең жоғары концентрацияға 60 минуттан соң жетеді. Көктамыр ішіне енгізгеннен кейін ересектерде ең жоғары концентрацияға 15 минуттан соң жетеді және дозаға байланысты болады. Ағза тіндеріне, бәрінен бұрын миға және бауырға тез таралады, плацентарлық және гемато-энцефалиялық бөгет арқылы өтеді, емшек сүтіне де бөлініп шығады.

Бауырда биотрансформацияланып, белсенді метаболиттер: N-диметил-диазепам (50%), темазепам, оксазепам түзеді. N-диметилдиазепам миға жиналып, құрысуға қарсы ұзақ және айқын әсер етеді. Диазепамның гидроксилденген және диметилденген метаболиттері глюкурон қышқылымен және өт қышқылдарымен байланысады, негізінен бүйрек арқылы шығарылады. Диазепам ұзақ әсер ететін транквилизаторларға жатады, көктамыр ішіне енгізген кезде жартылай шығарылу кезеңі 32 сағатты құрайды, N-диметилдиазепамның жартылай шығарылу кезеңі – 50 - 100 сағат, толық бүйректік клиренсі – минутына 20 - 33 мл.

Фармакодинамикасы

Сибазон - бензодиазепинді қатардың транквилизаторы. Анксиолитикалық, тыныштандырғыш, құрысуға қарсы, орталықтан бұлшықетті босаңсытатын әсер береді, ауыру сезімталдығының шегін арттырады, нейровегетативті реакцияларды реттейді.

Әсер ету механизмі лимбикалық жүйедегі, таламустағы, гипоталамустағы және жұлын-мидың бүйірін бойлай жатқан қондырғы нейрондарындағы постсинапстық гамма-аминмай қышқылы рецепторларының аллостериялық орталығында бензодиазепинді рецепторлармен өзара әрекеттесуімен жүзеге асады. Цитоплазматикалық мембранада хлор иондарының енуі үшін өзекшелердің ашылуына мүмкіндік береді, оның гиперполяризациясын және орталық жүйке жүйесінің тиісті бөлімдерінде нейронаралық берілімін тежейді.

Қолданылуы

  • жедел фобиялық үрейлену және депрессиялық үрейлену жағдайында, соның ішінде абстиненция құбылысы бар алкогольдік психозда

  • делирийде

  • эпилепсия статусында

  • сіреспеде

  • нейродегенеративтік ауруларда, соның ішінде омыртқа жарақатында, люмбагода, мойын радикулитінде болатын бұлшықет түйілулерінде

  • операциялық араласымдарда және күрделі диагностикалық ем шаралар кезінде анестезиологиядағы премедикацияда

Қолдану тәсілі және дозалары

Препарат дозасын әрбір емделушіге жекелей белгілеген жөн.

Көктамыр ішіне баяу немесе (минутына 1 мл-ден асырмай) тамшылатып, немесе бұлшықеттерге терең етіп енгізуге тағайындайды. Балаларда препаратты көктамыр ішіне енгізу жылдамдығы − 30 сек. ішінде 0,5 мл ерітінді. Диазепамның 100 мг инфузиялық ерітіндісін (Сибазонның 10 ампуласын) дайындау үшін 500 мл натрий хлоридінің 0,9% ерітіндісімен немесе глюкозаның 5% ерітіндісімен сұйылтады. Бір реттік доза, қолдану жиілігі және ұзақтығы, «ең аз жеткілікті» тәртібін есепке ала отырып, әр адамға жекелей белгіленеді. Шұғыл жағдайларда Сибазонды мүмкіндігінше көктамыр ішіне енгізуге ұсынады. Бір реттік доза – жас шамасына және ауру ағымына қарай 10-20 мг.

Жедел фобиялық үрейлену және депрессиялық үрейлену жағдайы

Ересектерге көктамыр ішіне немесе бұлшықет ішіне 1 – 2 мл (5 – 10 мг) дозада тағайындайды. Қажет болған кезде 3 – 4 сағ. өткеннен кейін осындай дозада қайталап енгізеді. Алкогольдік делирийде бастапқы доза көктамыр ішіне 2 мл (10 мг), содан кейін жедел ағымды синдромдар жоғалғанша әрбір 3 - 4 сағат сайын 1-2 мл (5 - 10 мг) құрайды. Сағатына 2,5 - 5 мг жылдамдықпен демеуші ретінде көктамыр ішіне тамшылатып енгізілуі мүмкін. Ең жоғары бір реттік доза 30 мг, жоғары тәуліктік доза – 70 мг.

Эпилепсия статусы.

Ересектерге көктамыр ішіне 1 - 2 мл-ден (5 - 10 мг) баяу енгізеді, қажет болған кезде енгізуді жалпы доза 6 мл-ге (30 мг) жеткенше әрбір 10 - 15 минуттан кейін қайталауға болады.

3-тен 5 жасқа дейінгі балаларға препаратты көктамыр ішіне 0,04-0,1 мл/кг (0,2-0,5 мг/кг) дозада тағайындайды, қажет болғанда енгізуді 10-15 мин. кейін қайталайды.

5 жастан асқан балаларға көктамыр ішіне дене салмағының әр кг шаққанда 0,2 мл (1 мг/кг) тағайындайды, қажет болған кезде 5 - 15 минуттан кейін қайталайды. 3-тен 5 жасқа дейінгі балаларға енгізуге арналған жоғары доза 5 мг диазепамнан, 5 жастан асқан балаларда 10 мг диазепамнан артық болмауы тиіс.

Нейродегенеративті аурулардағы бұлшық ет түйілулері

Ересектерге көктамыр ішіне баяу немесе бұлшықет ішіне енгізілетін 2 - 4 мл (10 - 20 мг) тағайындайды, 3-тен 5 жасқа дейінгі балаларға – көктамыр ішіне немесе бұлшықет ішіне 0,2-0,4 мл (1-2 мг), 5 жастан асқан балаларға − 1-2 мл (5-10 мг). Қажет болған кезде инъекцияны 3 - 4 сағаттан кейін қайталайды да, кейін препаратты таблетка түрінде қабылдауға көшеді. 3-тен 5 жасқа дейінгі балаларға енгізуге арналған жоғары доза 5 мг диазепамнан, 5 жастан асқан балаларда 10 мг диазепамнан артық болмауы тиіс.

Сіреспе.

Ересектер үшін бастапқы доза көктамыр ішіне баяу немесе бұлшықет ішіне 2 мл (10 мг) құрайды, содан кейін препаратты көктамыр ішіне сағатына 5-15 мг жылдамдықпен енгізуге көшеді.

Анестезиология, хирургия.

Ересектерге премедикация үшін операция қарсаңында кешкісін бұлшықет ішіне 2 - 4 мл (10 - 20 мг), операцияға дейін немесе тура операция алдында 30-60 минут бұрын бұлшықет ішіне немесе көктамыр ішіне баяу 1 - 2 мл (5 - 10 мг) тағайындайды. Операциядан кейін бұлшықет ішіне 1 - 2 мл (5 - 10 мг) енгізеді. Емдік және хирургиялық араласымдар (азғантай хирургиялық операциялар, шығулар, сынулар, диагностикалық шаралар) кезінде қысқа уақыттық есірткілік ұйқыға жеткізу үшін ересектерге көктамыр ішіне 2 - 6 мл (10 - 30 мг), 3 жастан асқан балаларға дене салмағының әр кг шаққанда 0,2 - 0,4 мл (1 - 2 мг/кг) баяу енгізеді. Дозаны әр адамға жекелей белгілейді: енгізуді 5 мг-нан бастайды, содан кейін қосымша 2,5 мг-нан енгізіп, әрбір енгізуден кейін емделушінің реакциясын 30 секунд бойы бақылайды. Птоз пайда болған кезде, препаратты енгізуді тоқтатқан жөн.

Жағымсыз әсерлері

Препаратты емдік дозаларда ұзақ қолдану физикалық және психикалық тәуелділікке әкеп соғуы мүмкін. Препаратты ұзақ қолданудан кейін оны күрт тоқтату тоқтату синдромының пайда болуына әкеледі.

Көктамыр ішіне енгізгенде ықылық, көктамыр ішіне тез енгізгенде қантамырлар қабырғасы тітіркенуі және тромбофлебит дамуы мүмкін. Жергілікті реакцияларды азайту мақсатында препаратты шынтақ иіні аймағындағы ірі көктамырларға енгізген жөн. Дәрілік заттың экстравазальді түрде түсуіне жол бермеу қажет.

Бұлшықетішілік енгізу креатинфосфокиназа белсенділігін жоғарылатуы мүмкін. Бұлшықетішілік енгізу енгізген жердің ауыруын, қызаруын және кездейсоқ сезімталдығын тудыруы мүмкін.

Жалпы бұзылулар және енгізген жердің зақымданулары

- шаршау, жалпы әлсіздік, ұйқышылдық, енжарлық

- бас айналу, бас ауыру

- баяу сөйлеу, сананың шатасуы

- бұлшықет әлсіздігі, қимыл-қозғалыстың тежелуі, бағдардан адасу, атаксия

- аккомодацияның бұзылуы

- көңіл-күйдің нашарлауы

- зейіннің нашарлауы

- бензодиазепиндерді қолданғанда құлау және сынулардың жоғары қаупі егде жастағы емделушілерде тіркелді

- флебит, флеботромбоз

Жүрек-қантамыр жүйесі тарапынан:

- артериялық гипотензия

- қан айналымының бәсеңдеуі (препаратты көктамыр ішіне тез енгізуден кейін)

- жүрек ырғағының бұзылуы

- жүрек функциясының жеткіліксіздігі

- брадикардия, жүрек қағуының жеделдеуі

- жекелеген жағдайларда – жүректің тоқтап қалуы, ортостатикалық коллапс

Тыныс алу жүйесі тарапынан:

- апноэ

- тыныс алу жиілігінің төмендеуі

- диспноэ

- тыныс алу жүйесінің бәсеңдеуі (препаратты көктамыр ішіне тез енгізгеннен кейін)

- тыныс алу функциясының жеткіліксіздігі

Жүйке жүйесі тарапынан:

- мазасыздық, қозу

- бағдардан жаңылу

- көрудің бұзылулары (диплопия немесе анық көрмеу)

- ұйқышылдық және бұлшықет әлсіздігі

- психикалық және қимыл-қозғалыс реакциялары жылдамдығының төмендеуі

- тремор

- антероградты амнезия

- атаксия

- бас айналу, бас ауыру

- каталепсия

- астения

- гипорефлексия

- сананың шатасуы

- вертиго

- либидоның жоғарылауы немесе төмендеуі

- физикалық және психикалық тәуелділік

- эмоциональді реакциялардың төмендеуі

- депрессия

- сөйлеудің бұзылуы (атап айтқанда дизартрия)

- ашушаңдық

- озбырлық, сандырақтау, ашу кернеу ұстамасы

- түнгі қорқыныштар, елестеулер (кейбіреуі – сексуальді сипаттағы)

- психоздар, мінез-құлықтың бұзылуы

- делирий және құрысу ұстамалары

- өзін-өзі өлтіруге бейімділік

Ас қорыту жолы тарапынан:

- жүректің айнуы

- ксеростомия немесе сілекейдің шамадан тыс бөлінуі, ауыз ішінің құрғауы

- кекіру

- ықылық

- іштің қатуы

- тәбеттің жоғалуы

- шаншулар

Зертханалық көрсеткіштердің өзгерулері:

- трансаминаза және сілтілік фосфатаза белсенділігінің жоғарылауы

Несеп шығару жүйесі тарапынан:

- несепті ұстай алмау немесе несеп іркілісі (спастикалық ишурия)

Басқалар:

- тері гиперемиясы, тері бөртпесі және қышыну түріндегі аллергиялық реакциялар

- бронхоспазм

- ларингоспазм

- анафилактикалық шок

Тірек-қимыл аппараты тарапынан:

- буындардың ауыруы

Қан түзу жүйесі тарапынан:

- лейкопения

- нейтропения

- агранулоцитоз

- анемия

- тромбоцитопения

- сарғаю

Осы симптомдар пайда болған жағдайда препаратты қолдануды тоқтатқан жөн. Бензодиазепиндер тобындағы дәрілік заттарды шамадан тыс пайдалану байқалды.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • глаукоманың жабық бұрышты түрі, глаукоманың жедел ағымды ұстамасы (глаукоманың ашық бұрышты түрінде препарат тиісті емді бір мезгілде жүргізген кезде қолданылуы мүмкін)

  • жекелей жақпаушылық немесе бензодиазепиндерге немесе препараттың қандай да бір компонентіне (мысалы, лактозаға) жоғары сезімталдық

  • алкогольмен және тыныштандырғыш дәрілермен қатты улану

  • ауыр жалған салдану миастениясы, ұйқы кезіндегі апноэ эпизоды

  • бауыр функциясының ауыр жеткіліксіздігі

  • тыныс алу функциясының жедел жеткіліксіздігі

  • алкогольдік немесе есірткілік тәуелділік (жедел абстинентті синдромды қоспағанда)

  • айқын созылмалы гиперкапния

  • миастения

  • созылмалы психоздар

  • алкогольмен, психотроптық дәрілермен уыттану

  • шок, кома, бауыр функциясының ауыр жеткіліксіздігі

  • фобиялар, ығыр қылатын жағдайлар

  • жүктілік және лактация кезеңі

  • 3 жасқа дейінгі балаларға

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Сибазонды нейролептиктермен, антидепрессанттармен, тыныштандырғыш, ұйықтатқыш, анальгетикалық, анестетикалық дәрілермен, есірткілермен және алкогольмен бір мезгілде қолданған кезде орталық жүйке жүйесі қызметін бәсеңдететін ықпалы күшеюі мүмкін. Сибазон гипотензиялық дәрілердің әсерлерін потенциялайды. Циметидинді, омепразолды, пероральді контрацептивтерді және туберкулезге қарсы дәрілерді бір мезгілде қабылдау диазепамның биотрасформациялану жылдамдығын төмендетіп, оны қандағы концентрациясын арттырады және жартылай шығарылу кезеңін арттырады. Теофиллин, рифампицин, карбамазепин, кофеин Сибазонның әсерін әлсіретеді.

Ауырсынуды басатын апиындық дәрілермен бір мезгілде қолданғанда психикалық тәуелділіктің пайда болуын жылдамдататын эйфория күшеюі мүмкін. Орталық жүйке жүйесіне депрессиялық әсері бар, парентеральді түрде енгізілетін дәрілік заттарды көктамыр ішіне диазепамды енгізумен біріктіргенде тыныс алу орталығының ауыр тежелуі және жүрек-қантамыр жүйесінің бұзылуы байқалуы мүмкін. Егде жастағы науқастар аса күтімді керек етеді.

Препаратты эпилепсияға қарсы дәрілермен бір мезгілде қолданғанда, әсіресе гидантоиндар немесе барбитураттар тобының дәрілік заттарын және құрамында осы заттар бар күрделі препараттарды қолданған кезде, жағымсыз әсерлер және уыттылық күшейеді.

Бауыр функциясын бәсеңдететін дәрілік заттар (мысалы, циметидин, флуоксетидин және омепразол) бензодиазепиндердің клиренсін азайтады, бұл бензодиазепиндердің әсерін күшейтуі мүмкін.

Бауыр функциясын стимуляциялайтын дәрілік заттар (мысалы, рифампицин) бензодиазепиндердің клиренсін арттыруы мүмкін, бұл бензодиазепиндердің әсерін бәсеңдетуі мүмкін.

Айрықша нұсқаулар

Тыныс функциясының созылмалы жеткіліксіздігі және бауырдың созылмалы ауруы бар емделушілерді емдеген кезде препараттың азайтылған дозасын қолдану қажет.

Бүйрек функциясы бұзылған емделушілерге препарат дозасын азайтудың қажеті жоқ, өйткені мұндайда диазепамның жартылай шығарылу кезеңі өзгермейді. Фобиялық үрейлену және депрессиялық үрейлену жағдайларында, өзін-өзі өлтіруге әрекет етуі мүмкін екендігін ескеріп, Сибазонды монотерапия ретінде қолдануға ұсынбайды.

Препаратты қолданғаннан кейін бірнеше сағаттан соң амнезия пайда болуы мүмкін. Амнезияны азайту мақсатында науқастың 7-ден 8 сағатқа дейін үздіксіз ұйықтауын қамтамасыз ету керек.

Бензодиазепиндермен емдеген кезде тәуелділік дамуы мүмкін. Ұзақ уақыт емделген және (немесе) үлкен дозаларды қолданған, әсіресе спирт ішімдіктерін немесе дәрілік заттарды шамадан тыс қолдануға бейім емделушілерде нашақорлықтың пайда болу қаупі үлкен. Бензодиазепиндерге физикалық тәуелділік пайда болғаннан кейін препаратты қолдануды тоқтатқаннан кейін тоқтату синдромына әкеп соғуы мүмкін: бастың және бұлшықеттің ауыруы, фобия, қатты үрейлену, қозу, ширығу, қимыл-қозғалу мазасыздығы, сананың шатасуы және ашушаңдық.

Ауыр жағдайларда – дереализация (қоршаған ортаны сезіну бұзылысы), деперсонализация, аяқ-қолдың ұюы және шаншуы, жарыққа, шуға және физикалық жанасуға жоғары сезімталдық, елестеулер немесе эпилепсия ұстамалары. Ақиқатты сезінуді жоғалту немесе сананы жоғалту, парестезия, жарықтан қорқу, дауысқа немесе жанасуларға жоғары сезімталдық, елестеулер және құрысу ұстамалары пайда болуы мүмкін. Препаратты ұзақ уақыт көктамыр ішіне қолданғанда емдеуді күрт тоқтатпаған жөн, дозаны біртіндеп азайту қажет.

Ұйқысыздық және үрейлену симптомдарының жаңғыруы. Диазепаммен емдеуді күрт тоқтату рикошет феноменінің пайда болуына түрткі болуы мүмкін, ол жағдайдың өршіп, әрі қарай симптомдардың (көңіл-күйдің өзгеруі, үрейлену немесе ұйқының бұзылуы, мазасыздық) тез редукциялануымен көрініс береді. Рикошет феноменінің/тоқтату синдромының пайда болуына жол бермеу үшін препарат дозасын біртіндеп төмендету керек.

Емдеу ұзақтығы. Емдеу ұзақтығы көрсетілімдеріне қарай мүмкіндігінше қысқа болуы тиіс, бірақ препарат дозасын біртіндеп төмендету кезеңін қоса, ұйқысыздықта 4 аптадан аспауы, үрейлену жағдайында 8-12 аптадан аспауы тиіс. Емдеу ұзақтығын емделушінің жағдайына мұқият баға бергеннен кейін ғана арттырады. Емделушіні емдеудің басталуы және ұзақтығы жөнінде хабардар еткен және дозаны біртіндеп азайтуды түсіндірген жөн. Бұдан басқа, емделушіге мазасыздық жағдайды төмендету үшін, әсіресе препаратпен емдеуді тоқтатқан кезде, абстинентті синдромның пайда болуы мүмкін екендігін ескерту керек. Әсер ету ұзақтығы қысқа бензодиазепиндерді қолданған кезде тоқтату синдромының симптомдары, әсіресе егер доза жоғары болса, препаратты қабылдау арасында пайда болуы мүмкін. Абстинентті синдромның даму қаупіне байланысты, емдеу кезінде әсер ету ұзақтығы қысқа бензодиазепиндерді алмастырмау керек.

Амнезия. Бензодиазепиндердің антероградты амнезияны тудыруы мүмкін екендігін ескерген жөн. Емдік дозаларда қолданғанда антероградты амнезия көрініс беруі мүмкін, жоғарырақ дозаларды қабылдаған кезде қауіп ұлғаяды. Амнестикалық әсерлер мінездің талапқа сай болмауымен байланысты болуы мүмкін.

Емделушілердің айрықша топтары. Егде жастағы емделушілерде және әлсіз науқастарда дозаны төмендету қажет. Бұлшықетті босаңсытатын әсеріне байланысты, емделушілердің осы тобында құлау және сынулар қаупі бар. Бензодиазепиндер жақын адамының ауыр қазасынан туындаған симптомдар кешенінен емделушінің психологиялық сауығуы кідіруі мүмкін.

Ауыр жағдайдағы егде емделушілерді, және жүрек немесе тыныс алу функцияларының жеткіліксіздігі бар емделушілерді емдегенде, апноэнің пайда болуы және (немесе) жүректің тоқтап қалуы мүмкін екендігін ескеріп, Сибазонды көктамыр ішіне аса сақтықпен енгізген жөн. Диазепамды барбитураттармен, алкогольмен немесе орталық жүйке жүйесіне депрессиялық әсері бар басқа да заттармен бір мезгілде қолдану циркуляторлы депрессия немесе тыныс алу орталығының апноэге дейін тежелу қаупін арттырады. Мұндай жағдайларда, өкпелерді жасанды желдетуге арналған құрал-жабдықтарды қоса, реанимацияға арналған жиынтықтардың болуымен қамтамасыз еткен жөн.

1 мл препараттың құрамында 100 мг этанол бар, Сибазонды қауіпті топқа жататын балалар мен ересектерге (бауыр аурулары бар емделушілер немесе эпилепсиямен науқастанатындар) тағайындағанда мұны ескерген жөн.

Препаратты алкогольге тәуелді адамдарға қолданбайды.

Жүктілік және лактация кезеңі

Жүктілік кезеңінде қолданбайды. Диазепам емшек сүтіне өтеді, сондықтан осы препаратпен емдеу қажет болғанда бала емізуді тоқтата тұрған жөн. Егер препаратты репродуктивті жастағы әйелдерге тағайындаса, егер олар жүкті болып қалса немесе жүкті екендігіне күдіктенсе, емдеуді тоқтатқанын дәрігерге мәлімдеуі тиіс.

Көлік құралын немесе қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне дәрілік заттың ықпал ету ерекшеліктері.

Сибазон қимыл-қозғалыс және психикалық реакциялар жылдамдығын төмендетуі мүмкін, сондықтан препаратты қолданған күні көлік құралын басқармаған және механизмдермен жұмыс жасамаған жөн. Емдеу кезінде ұйқы қанбағанда және алкоголь пайдаланғанда зейіннің нашарлауы мүмкін.

Артық дозалануы

Симптомдары: күрт тежелушілік, шамадан тыс ұйқышылдық, ұзаққа созылған терең ұйқы, нистагм, апноэ, жүрек-тыныс жүйесінің бәсеңдеуі, парадоксальді қозу, брадикардия, ауыру тітіркенісіне төмен реакция, қимыл үйлесімінің бұзылуы, дизартрия, артериялық қысымның айқын төмендеуі, аяқ-қолдардың сіресуі немесе клоникалық тартылуы, рефлекстердің басылуы, сананың қысқа уақыттық бұзылып, комаға ауысуы, өліммен аяқталуы мүмкін.

Емі: қажет болғанда симптоматикалық ем жүргізеді.

Қарқынды диурез, гемодиализ, гемоперфузия тиімсіз. Өзіне тән у қайтарғысы флумазенил (көктамыр ішіне) – бензодиазепин рецепторларының бәсекелес антагонисі.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Шыны ампулаларда 2 мл-ден.

Поливинилхлоридті үлбірден және баспалы лакталған алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға 5 ампуладан салынған.

Пішінді ұяшықты 2 қаптама медицинада қолданылуы жөнінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен және кесетін керамикалық дискімен немесе ампулалық керамикалық пышақпен бірге картон қорапқа салынған.

Сындыру сақинасы немесе нүктесі және кертігі бар ампуладағы препаратты қаптағанда кесетін керамикалық дискіні немесе ампулалық керамикалық пышақты салмауға рұқсат етіледі.

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, + 5ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл.

Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы.

Өндіруші

«Здоровье народу» Харьков фармацевтикалық кәсіпорны» ЖШҚ.

Украина, 61013, Харьков қ., Шевченко к-сі, 22.

Тіркеу куәлігінің иесі

«Здоровье народу» Харьков фармацевтикалық кәсіпорны» ЖШҚ.

Украина, 61013, Харьков қ., Шевченко к-сі, 22.

Тұтынушылардан өнім (тауар) сапасы жөніндегі шағымдарды Қазақстан Республикасы аумағында қабылдайтын ұйымның мекенжайы

Мекенжайы: «Здоровье народу» Харьков фармацевтикалық кәсіпорны» ЖШҚ.

Украина, 61013, Харьков қ., Шевченко к-сі, 22.

Телефон/факс: (057) 717 41 09

Электронды поштасы: office@zn.kharkov.ua

Қазақстан Республикасы аумағындағы сенім артылған тұлға

Мекенжайы: «КФК Медсервис Плюс» ЖШС.

050004, Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Мәметова к-сі, 54.

Телефон/факс: (727) 279 98 21

Электронды поштасы: pharmanadzor@medservice.kz

 

Прикрепленные файлы

577831291477976511_ru.doc 81 кб
799544501477977666_kz.doc 113 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники