Серная мазь

Инструкция
-
русский
-
қазақша
Саудалық атауы
Күкірт жақпамайы
Халықаралық патенттелмеген атауы
Жоқ
Дәрілік түрі
33,3% жақпамай
Құрамы
100 г жақпамай құрамында
белсенді зат – тұндырылған күкірт 33,3г
қосымша заттар – эмульгатор Т-2, медициналық вазелин, тазартылған су.
Сипаттамасы
Сары түсті жақпамай
Фармакотерапиялық тобы
Экзопаразиттерді (қышыма кенесін қоса) жоюға арналған препараттар. Құрамында күкірт бар қосылыстар.
АТХ коды Р03АА
Фармакологиялық қасиеттері
Препараттың микробқа қарсы және паразиттерге қарсы әсері бар. Күкірт органикалық заттармен өзара әрекеттесіп, жоғарыда көрсетілген белсенділікті иеленген сульфид және пентатион қышқылдары түзіледі.
Қолданылуы
-
қышымада
Қолдану тәсілі және дозалары
Препаратты сыртқа қолданады. Жақпамайды терінің зақымданған жерлеріне күніне 1 рет кешке қарай 7-10 бойы жағады. Ем қабылдап болғаннан кейін ванна қабылдап, іш киім және төсек орнын ауыстырады.
Жағымсыз әсерлері
Кейде аллергиялық реакциялар байқалуы мүмкін.
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- препаратқа жоғары сезімталдық
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Құрамында органикалық қосылыстары бар сыртқа қолдануға арналған препараттармен бір мезгілде қолданғанда, белгісіз әсерімен жаңа қосылыстар түзілуі мүмкін.
Айрықша нұсқаулар
Педиатрияда қолданылуы
3-тен 5 жасқа дейінгі балаларды емдегенде жақпамайды тек дәрігердің тағайындауымен қолдануға болады.
Жүктілік және лактация кезеңі
Препарат дәрігердің тағайындауымен қолданылуы мүмкін.
Көлік құралдарын жүргізуге немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер етуі
Препаратты қолдану автокөлікті немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді
Артық дозалануы
Анықталмаған
Шығарылу түрі және қаптамасы
25 г және 40 г-ден қақпағымен жинақта дәрілік заттарды қаптауға арналған полимер банкілерде. Банкіге заттаңбалық қағаздан жасалған заттаңба жапсырылады.
40 банкі медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге топтық қаптамаға салынады.
Сақталу шарттары
Жарықтан қорғалған жерде, 25 ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардан қорғау керек!
Сақтау мерзiмi
3 жыл
Жарамдылық мерзiмi өткеннен кейiн қолдануға болмайды
Босатылу шарттары
Рецептісіз
Өндіруші
«Шаншаров-Фарм» ЖШС, Қазақстан Республикасы, Алматы қ.,
Б. Бұлқышев к-сi, 4е
Тіркеу куәлігінің иесі
«Шаншаров-Фарм» ЖШС, Қазақстан Республикасы
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын, дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның мекенжайы
«Шаншаров-Фарм» ЖШС, Алматы қ., Б. Бұлқышев к-сi, 4е тел./факс +7727233-27-58 E-mail: farm-4@mail.ru