Септолете® тотал

МНН: Бензидамин, Цетилпиридиния хлорид
Производитель: КРКА, д.д., Ново Место
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Прочие препараты
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№022228
Период регистрации: 28.06.2016 - 28.06.2021

Инструкция

Саудалық атауы

Септолете® тотал

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Жергілікті қолдануға арналған спрей

Құрамы

1 мл препараттың құрамында

белсенді заттар: 1,5 мг бензидамин гидрохлориді,

5 мг цетилпиридиний хлориді (цетилпиридиний хлоридінің моногидраты түрінде),

қосымша заттар: этил спирті 96 %, глицерин, макроголглицерин гидроксиcтеараты, натрий сахарині, бұрыш жалбызының майы, тазартылған су

Сипаттамасы

Түссізден сарғыш түске дейінгі мөлдір сұйықтық.

Фармакотерапиялық тобы

Тамақ ауруларын емдеуге арналған препараттар. Антисептиктер. Басқа да препараттар.

АТХ коды R02AA20

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Цетилпиридиний хлориді және бензидамин секілді екі әсер етуші заттан тек бензидамин сіңеді. Сондықтан цетилпиридиний хлориді жүйелік деңгейде бензидаминмен фармакокинетикалық өзара әрекеттесуге түспейді. Бензидаминнің ауыз және жұтқыншақтың шырышты қабығы арқылы сіңуі қан сарысуында әсер ететін заттарды айқындаудың көмегімен көрсетілген, оның мөлшері, дегенмен, жүйелік әсер етуі үшін жеткіліксіз болған. Алайда жүйелі қолдану кезінде бензидамин сіңеді. Осылайша, бензидаминнің сіңу деңгейі жергілікті қолдануға арналған дәрілік түрлермен салыстырғанда (мысалы, ауыз қуысына арналған спрей), ауыз қуысында еритін дәрілік түрлерін қолданған кезде жоғары болады. Әдеттегі ұсынылатын дозаларда спрей қолданған кезде бензидаминнің сіңірілуі елеусіз.

ТаралуыБарлық дәрілік түрлерінің таралу көлемі бірдей.

Шығарылуы Препарат негізінен несеппен, көп бөлігі белсенді емес метаболиттер түрінде шығарылады. Барлық дәрілік түрлерінің жартылай шығарылу кезеңі мен жалпы клиренсі ұқсас.

Фармакодинамикасы

Әсер ету механизмі

Бензидамин гидрохлориді қабынуға қарсы және ауыруды басатын қасиеттері бар химиялық құрылымы стероидты емес молекуланы білдіреді. Әсер ету механизмі простагландиндер синтезі тежелуімен, сол арқылы жергілікті қабыну белгілерінің төмендеуімен (ауыру, қызару, ісіну, күйдіру сияқты) байланысты. Бензидамин гидрохлоридінің орташа жергілікті анестетикалық әсері бар.

Клиникалық тиімділігі және қауіпсіздігі

Бензидамин негізінен ауыз-жұтқыншақ ауруларын емдегенде қолданылады. Цетилпиридиний хлориді - аммонийдің төрттік қосылысы тобының антисептигі, микробтарға қарсы, зеңдерге қарсы және вирулицидті әсер етеді.

Цетилпиридиний хлориді грамоң бактерияларға қатысты белсенді және грамтеріс бактерияларға қатысты белсенділігі аз, демек, ұтымды антисептикалық және бактерицидтік әсер білдіреді.

Қолданылуы

Септолете® тотал спрейі гингивит, фарингит, ларингит және тонзиллит кезінде, сондай-ақ тісті жұлғанға дейін және одан кейін тамақтағы, ауыз қуысы мен қызыл иектегі тітіркенулерді қабынуға қарсы, ауыруды басатын және антисептикалық емдеу үшін ересектер мен 6 жастан асқан балаларға қолданылады.

Қолдану тәсілі және дозалары

Ересектер мен 12 жастан асқан жасөспірімдерге: бір реттік доза үшін бүркігіш басы бір-екі рет басылуы тиіс. Емшараны әрбір 2 сағат сайын, күніне 3-5 рет қайталауға болады.

Ұтымды әсеріне қол жеткізу үшін тікелей тісті тазалағанға дейін немесе одан кейін қабылдамаған дұрыс. Ұсынылған дозадан асырмау керек. Септолете® тотал, жергілікті қолдануға арналған спрейін 7 күн бойы пайдалануға болады.

Егде жастағы пациенттерге: ұсынылатын дозасы ересек пациенттерге арналған дозамен бірдей.

6-дан 12 жасқа дейінгі балаларға: бір реттік дозаны қолдану үшін бүркігіш басы бір рет басылуы тиіс. Емшараны әрбір 2 сағат сайын күніне 3-5 рет қайталауға болады. Спрейді пайдаланғанда балалар ересектердің қадағалауында болуы тиіс.

6 жасқа дейінгі балаларға: қолдануға болмайды («Қолдануға болмайтын жағдайлар» бөлімін қараңыз)

Қолдану тәсілі

Бірінші рет қолданар алдында ұсақ тамшылар пайда болғанша бүркігіш басын бірнеше рет басу қажет.

Егер бүркігіш ұзақ уақыт кезеңінде (мысалы, аз дегенде бір апта ішінде) пайдаланымаған болса, ұсақ тамшылар пайда болуы үшін бүркігіш басын бір рет басыңыз.

 

Прикрепленные файлы

772607631477976223_ru.doc 78 кб
800106491477977489_kz.doc 1323 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники