Септолете® плюс мед и лайм

МНН: Бензокаин, Цетилпиридиния хлорид
Производитель: КРКА, д.д., Ново Место
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Прочие препараты
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№017085

Инструкция

Саудалық атауы

Септолете плюс бал және лайм

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Пастилкалар

Құрамы

Бір пастилканың құрамында

белсенді заттар: 1 мг цетилпиридиний хлориді

(1,05 мг моногидрат түрінде),

5 мг бензокаин,

қосымша заттар: левоментол, бұрыш жалбызының майы, лиметт хош иістендіргіші, бал хош иістендіргіші, сұйық малтилол, (құрғақ зат), маннитол, глицерин, майсана майы, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы, магний стеараты, капол 600 фарма, повидон, титанның қостотығы (Е171), хинолинді сары (Е104), карамель (Е150а), ғажайып қызыл (Е129), малтилол

Сипаттамасы

Дөңгелек, тегіс, екі беті дөңес, күңгірт-сары түсті пастилкалар

Фармакотерапиялық тобы

Тамақ ауруларын емдеуге арналған препараттар. Антисептиктер.

АТХ коды R02AA20

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Цетилпиридиний хлориді төрттік аммоний қосылысы тобындағы антисептик болып табылады, оның сіңірілуі 10-20 құрайды.

Бензокаин жергілікті анестетикалық дәрі болып табылады. Бензокаин суда нашар еритіндіктен, оның сіңірілу дәрежесі төмен. Бензокаиннің сіңірілген бөлігі негізінен қан плазмасы холинэстеразасымен гидролизденеді. Бір бөлігі бауырда метаболизденеді. Ыдырау өнімдері несеппен бөлінеді.

Фармакодинамикасы

Цетилпиридиний хлориді бактерия жасушаларының беткейімен байланыса отырып, катиондық детергент ретінде әсер етеді, жасуша арқылы диффузияланады және микробтардың цитоплазмалық жарғақшасымен байланысып, жасуша функциясының терминальді бұзылуын және жасушаның қырылуын туғызады. Осылайша, цетилпиридиний хлоридінің микробқа қарсы, вирусқа қарсы және зеңге қарсы әсері бар.

Бензокаин импульстердің афферентті жүйке талшықтарымен тасымалдануын, сондай-ақ ауыру рецепторлары арқылы тасымалдануын бөгейді, соның салдарынан ауыруды сезіну жойылады.

Қолданылуы

Септолете® плюс бал және лайм пастилкалары тамақ ауыруын симптоматикалық жеңілдету үшін ұсынылады:

- ауыз қуысы мен жұтқыншақтың жеңіл инфекцияларында (фарингит, ларингит)

- қызыл иек пен ауыз қуысы шырышты қабығының қабынуында (гингивит, стоматит)

- суық тиюде және тұмауда.

Қолдану тәсілі және дозалары

Ересектерге бір пастилкадан әр 2-3 сағат сайын сору ұсынылады, бірақ тәулігіне 8 пастилкадан асырмау керек.

Егер 3 күн ішінде симптомдар жойылуы байқалмаса, дәрігерге қаралу қажет.

Жағымсыз әсерлері

Сирек

- жүрек айну, құсу

- асқазанның ауыруы (әсіресе, ұсынылған дозалардан артық қабылдағанда)

Кейде

- жоғары сезімталдық реакциялары

Ауыр жағымсыз әсерлерінің дамуы кезінде препарат қабылдауды тоқтатқан жөн.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препарат компоненттерінің кез келгеніне жоғары сезімталдық

- 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Септолете® плюс бал және лайм басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесу жағдайлары тіркелмеген. Ауыз қуысында соруға арналған басқа антисептиктермен бірге қабылдау ұсынылмайды.

Айрықша нұсқаулар

Септолете® плюс бал және лайм пастилкаларын тікелей тамақтанудың алдында және сүтпен бір мезгілде қабылдауға болмайды, себебі препараттың антисептикалық және жансыздандыратын әсерін төмендетуі мүмкін.

Ауыз қуысының ашық жаралары болғанда пастилкаларды қолдануға болмайды, себебі цетилпиридиний хлориді жаралардың жазылуын баяулатады.

Дене температурасы жоғарлауымен, бас ауыруы және құсумен қатар жүретін айқын инфекциялық үдерістерде, әсіресе егер денсаулық жағдайы

3 күн ішінде жақсармаса, дәрігерге қаралу қажет.

Қант диабетімен ауыратын науқастар әрбір пастилканың құрамында шамамен 1 г малтитол бар екенін білулері тиіс. Мальтитолдың метаболизмі үшін инсулин қажет, бірақ ол баяу гидролизденетіндіктен және асқазан-ішек жолынан нашар сіңетіндіктен, оның гликемиялық индексі өте төмен. Мальтитолдың энергетикалық құндылығы (10 кДж/г немесе 2,4 ккал/г) сахарозаға қарағанда біршама төмен.

Септолете® плюс бал және лайм пастилкалары құрамында мальтитол және сұйық мальтитол бар. Сирек тұқым қуалайтын фруктозаны көтере алмаушылық проблемалары бар пациенттер бұл препаратты қолданбаулары тиіс.

Жүктілік және лактация кезеңі

Жүкті және бала емізетін әйелдерге Септолете® плюс бал және лайм препаратын тағайындағанда сақ болу қажет. Септолете® плюс бал және лайм пастилкаларын жүкті әйелдерге қолдану туралы деректер шектеулі немесе жоқ болғандықтан, оларды жүктілік және бала емізу кезеңінде қолдану ұсынылмайды.

Дәрілік заттың көлік құралдарын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Әсер етпейді.

Артық дозалануы

Бір пастилканың құрамында белсенді заттар концентрациялары төмен болғандықтан, артық дозалану мүмкіндігі өте аз.

Симптомдары: жүрек айну, құсу және диарея.

Емі: препарат қабылдауды тоқтату керек, симптоматикалық.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Поливинилхлоридті/поливинилдихлоридті үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға 9 пастилкадан салынған.

2 пішінді ұяшықты қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқалықпен бірге картон қорапшаға салынған.

Сақтау шарттары

Түпнұсқалық қаптамасында, ылғалдан және жарықтан қорғалған жерде, 25ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

КРКА, д.д. Ново место, Словения

Шмарьешка 6, 8501 Ново место, Словения

Тіркеу куәлігінің иесі

КРКА, д.д. Ново место, Словения

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«КРКА Қазақстан» ЖШС, ҚР, 050059, Алматы қ., әл-Фараби д-лы 19,

1 б корпусы, 2-ші қабат

тел.: +7 (727) 311 08 09

факс: +7 (727) 311 08 12

info.kz@krka.biz

 

 

Прикрепленные файлы

200246961477976299_ru.doc 55.5 кб
755705501477977491_kz.doc 56.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники