Сенна (Листья)

МНН: Сенны остролистной листья
Производитель: Зерде-Фито ТОО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Прочие слабительные препараты
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№018049
Информация о регистрации в РК: 16.09.2020 - бессрочно

Инструкция

Саудалық атауы

Сенна жапырақтары

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

50 г жапырақтар

Құрамы

Бір қорапшаның ішіндебелсенді зат50 г сенна жапырақтары

Сипаттамасы

Диаметрі 8 мм болатын елеуіш тесігінен өтетін әртүрлі формадағы шикізат бөліктері. Түсі сұрғылт-жасыл. Иісі әлсіз. Дәмі шырыш сезілетін сәл ащылау.

Фармакотерапиялық тобы

Басқа да іш жүргізгіштер

АТХ коды А06АХ

Фармакологиялық қасиеттері

Сенна жапырақтары құрамында - антрагликозидтер (А және В сеннозиді) және антратуындылары, флаваноидтар (изорамнетин, кемферол), фитостериндер, органикалық қышқылдар бар.

Ішке қабылдағанда сенна гликозидтері асқазан және аш ішек арқылы өзгермеген түрде, сіңбей өтеді. Тоқ ішекте антрагликозидтер ішек бактерияларымен фармакологиялық белсенді антрондар мен антранолдарға ыдырайды, олар тоқ ішектің интерорецепторларын тітіркендіріп, су мен электролиттердің сіңуіне кедергі келтіреді, судың ішек өзегіне диффузиялануына ықпал етеді, соның әсерінен нәжіс массасы босаңсып, көлемі ұлғаяды, бұл ішек жиырылуының күшеюін туғызып, ішектің босауын жылдамдатады.

Іш жүргізгіш әсері 6-10 сағаттан соң білінеді. Препаратты ұзақ қолданғанда оның әсерінің қарқыны организмде калийдің азаюымен төмендеуі мүмкін.

Қолданылуы

Кешенді емде

- созылмалы атониялық іш қатуда

- геморройда

- артқы өтіс жарықтарында

Қолдану тәсілі және дозалары

8 г (2 ас қасық) препаратты эмаль ыдысқа салады, 200 мл (1 стақан) қайнаған ыстық суды үстіне жайлап құяды, қақпағын жауып, қайнап жатқан су моншасында 30 мин қыздырады, 45 минут бойы бөлме температурасында салқындатады, сүзіп, сығады, қайнаған су құйып 200 мл-ге жеткізеді. Дайындалған тұнбаны салқын жерде 2 тәуліктен асырмай сақтайды. Іш қатқанда 1/2 - 1/3 стақаннан таңертең және кешке ішке қабылдайды. 12 жастан асқан балаларға іш қатқанда 2-3 ас қасықтан таңертең және кешке ішке қабылдайды.

Емдеу курсын дәрігер әр науқасқа жеке тағайындайды.

Жағымсыз әсерлері

Препарат әдетте жақсы көтерімді.

Болуы мүмкін

- метеоризм

- іште шаншу сияқты ауырулар

- аллергиялық реакциялар

Ұзақ қолданғанда

- электролиттерді жоғалту, негізінен калий иондарын

- альбуминурия

- гематурия

- ішектің шырышты қабығында меланиннің шөгуі

- бұлшықет аралық өрімнің зақымдалуы

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- сенна жапырақтарына жоғары жеке сезімталдық

- ішектің бітелуі

- іш қуысы ағзаларының жедел қабыну аурулары

- перитонит

- АІЖ қан кетулері

- аппендицит

- тесілген ойық жара

- жатырдан қан кету

- цистит

- іштің түйіліп қатуы

- кысылған жарықта

- генезі анықталмаған іш аумағының ауырулары

- су-электролит теңгерімінің бұзылулары

- проктит және өршу сатысындағы геморрой

- 12 жасқа дейінгі балалар

- жүктілік және лактация кезеңі

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Ұзақ немесе жоғары дозаларда қолданғанда препарат организмде калий иондарының құрамын төмендетуі салдарынан жүрек гликозидтері және аритмияға қарсы дәрілердің әсерін күшейтеді, тетрациклиндердің сіңуін бұзады.

Айрықша нұсқаулар

Ұзақ уақыт қолданғанда дағдылану дамуы мүмкін, осыған байланысты басқа дәрілік заттармен кезектестіру тиімді.

Балаларда

Дәрігердің тағайындауымен 12 жастан бастап қолданылуы мүмкін.

Препараттың көлік құралдарын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Әсер етпейді.

Артық дозалануы

Артық дозаланғанда су-электролиттік теңгерімді бұзуға алып келетін диарея туындауы мүмкін. Бұл жағдайда препарат қабылдауды тоқтату керек

Емі. Симптоматикалық ем

Шығарылу түрі және қаптамасы

50 г препараттан полиэтилен немесе полимер және біріктірілген материалдан жасалған немесе полипропилен пакеттерде, медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі қысқаша аңдатпа жазылған картон қорапшаға салынған.

Қорапшаны полиэтилен немесе полипропилен үлбірмен жабады, содан соң медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықтардың сәйкес санымен мен бірге қораптық картоннан жасалған топтамалық тасымалдау ыдысына салынады.

Сақтау шарттары

Құрғақ жерде, 250С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

«Зерде - Фито» ЖШС, Қазақстан,

Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қ., Химфармзавод ш.а., 2/1

Тіркеу куәлігінің иесі

«Зерде - Фито» ЖШС, Қазақстан

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«Зерде - Фито» ЖШС, Қазақстан Республикасы,

Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қ., Химфармзавод ш.а., 2/1.,

тел./факс +7 (7252) 50-34-50, 50-37-06, 50-37-27,

е-mail: kontakt@ zerdеfito.kz

 

Прикрепленные файлы

189223881477976553_ru.doc 51 кб
596099951477977715_kz.doc 58.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники