Сенна-Зерде

МНН: Сенны остролистной листья
Производитель: Зерде-Фито ТОО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Прочие слабительные препараты
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№018053
Период регистрации: 20.03.2015 - 20.03.2020

Инструкция

Саудалық атауы

Сенна - Зерде

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

1.5 г фито-шай

Құрамы

1 сүзгі-пакеттің ішінде белсенді зат – 1.5 г ұсақталған сенна жапырақтары

Сипаттамасы

Сарғыштау теңбілдері бар сұрғылт-жасыл түсті ірі ұнтақ; иісі әлсіз, дәмі шырыш сезілетін сәл ащылау.

Фармакотерапиялық тобы

Басқа да іш жүргізгіштер

АТХ коды А06АХ

Фармакологиялық қасиеттері

Препарат құрамында антрагликозидтер (А және В сеннозиді) және антратуындылары, флаваноидтар (изорамнетин, кемферол), фитостериндер, органикалық қышқылдар әсер етуші заттары бар. Ішке қабылдағанда сенна гликозидтері асқазан және аш ішек арқылы өзгермеген түрде, сіңбей өтеді. Тоқ ішекте антрагликозидтер ішек бактерияларымен фармакологиялық белсенді антрондар мен антранолдарға ыдырайды, олар тоқ ішектің интерорецепторларын тітіркендіріп, су мен электролиттердің сіңуіне кедергі келтіреді, судың ішек өзегіне диффузиялануына ықпал етеді, соның әсерінен нәжіс массасы босаңсып, көлемі ұлғаяды, бұл ішек жиырылуының күшеюін туғызып, ішектің босауын жылдамдатады.

Іш жүргізгіш әсері 6-10 сағаттан соң білінеді. Препаратты ұзақ қолданғанда оның әсерінің қарқыны организмде калийдің азаюымен төмендеуі мүмкін.

Қолданылуы

Кешенді емде

- созылмалы атониялық іш қатуда

- геморройда

- артқы өтіс жарықтарында

Қолдану тәсілі және дозалары

1 - 2 сүзгі – пакетке 150-200 мл қайнап тұрған су құйып, 15-20 минут тұндырады, күніне 2-3 рет 1/3 - 1/2 стақаннан қабылдайды. 12 жастан бастап балаларға күніне 2-3 рет 2-3 ас қасықтан. Емдеу курсын дәрігер әр науқас үшін жеке тағайындайды.

Жағымсыз әсерлері

Препарат әдетте жақсы көтерімді.

Болуы мүмкін

- метеоризм

- іште шаншу сияқты ауырулар

- аллергиялық реакциялар

Ұзақ қолданғанда

- электролиттерді жоғалту, негізінен калий иондарын

- альбуминурия

- гематурия

- ішектің шырышты қабығында меланиннің шөгуі

- бұлшықет аралық өрімнің зақымдалуы

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- сенна жапырақтарына жоғары жеке сезімталдық

- ішектің бітелуі

- іш қуысы ағзаларының жедел қабыну аурулары

- перитонит

- АІЖ қан кетулері

- аппендицит

- тесілген ойық жара

- жатырдан қан кету

- цистит

- іштің түйіліп қатуы

- кысылған жарықта

- генезі анықталмаған іш аумағының ауырулары

- су-электролит теңгерімінің бұзылулары

- проктит және өршу сатысындағы геморрой

- 12 жасқа дейінгі балалар

- жүктілік және лактация кезеңі

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Ұзақ немесе жоғары дозаларда қолданғанда препарат организмде калий иондарының құрамын төмендетуі салдарынан жүрек гликозидтері және аритмияға қарсы дәрілердің әсерін күшейтеді, тетрациклиндердің сіңуін бұзады.

Айрықша нұсқаулар

Ұзақ уақыт қолданғанда дағдылану дамуы мүмкін, осыған байланысты басқа дәрілік заттармен кезектестіру тиімді.

Балаларда

Дәрігердің тағайындауымен 12 жастан бастап қолданылуы мүмкін.

Препараттың көлік құралдарын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Әсер етпейді.

Артық дозалануы

Артық дозаланғанда су-электролиттік теңгерімді бұзуға алып келетін диарея туындауы мүмкін. Бұл жағдайда препарат қабылдауды тоқтату керек

Емі симптоматикалық.

Шығарылу түрі және қаптамасы

1.5 г препарат өндіруші - кәсіпорынның тауар белгісінің заттаңбасы бар бір рет қолдануға арналған сүзгі-пакеттерде. Бір рет қолдануға арналған сүзгі-пакет полипропилен үлбірден жасалған пакетке салынған.

20 сүзгі - пакеттен немесе полипропилен пакеттегі 20 сүзгі - пакеттен қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі қысқа аңдатпа жазылған картон қорапшаға салынады.

Сақтау шарттары

Құрғақ жерде, 250С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

«Зерде - Фито» ЖШС, Қазақстан, 160019

Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қ., Химфармзавод ш.а., 2/1

Тіркеу куәлігінің иесі

«Зерде - Фито» ЖШС, Қазақстан

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«Зерде - Фито» ЖШС, Қазақстан, 160019,

Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қ., Химфармзавод ш.а., 2/1.,

тел./факс +7 (7252) 50-34-50, 50-37-06, 50-37-27,

е-mail: kontakt@ zerdеfito.kz

 

Прикрепленные файлы

690523301477976555_ru.doc 51 кб
321327311477977716_kz.doc 56 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники