Севотрой 250

МНН: Севофлуран
Производитель: Тройкаа Фармасьютикалс Лимитед
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Sevoflurane
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№023625
Информация о регистрации в РК: 16.08.2023 - 16.08.2033

Инструкция

Саудалық атауы

Севотрой 250

Халықаралық патенттелмеген атауы

Севофлуран

Дәрілік түрі

Ингаляцияға арналған 250 мл сұйықтық

Құрамы

Бір құтының ішінде:

белсенді зат – севофлуран 100%

Сипаттамасы

Мөлдір, түссіз сұйықтық.

Фармакотерапиялық тобы

Жүйке жүйесі ауруларын емдеуге арналған препараттар. Анестетиктер. Жалпы анестетиктер. Галогенделген гидрокарбондар. Севофлуран.

АТХ коды N01AB08

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Ерігіштігі

Севофлуранның қандағы ерігіштігінің төмендігі жалпы анестезияға енгізген кезде альвеолярлық концентрацияның тез жоғарылауын және ингаляцияны тоқтатқаннан кейін тез төмендеуін қамтамасыз етеді.

Таралуы және метаболизмі

Севофлуранның өкпеден тезірек шығуы препараттың метаболизмін барынша азайтады. Адамда севофлуранның сіңген дозасының 5%-дан азы Р450 (CYP 2E1) цитохромның әсер етуімен гексафторизопропанолға метаболизденіп, бейорганикалық фторды және көміртегінің қостотығын (немесе бір көміртегі қостотығын) босатып шығарады. Түзілген гексафторизопропанол глюкурон қышқылымен тез конъюгацияланады және несеппен бірге шығарылады. Севофлуран метаболизмінің басқа жолдары анықталған жоқ. Ол трифторсірке қышқылына дейін метаболизденбейтін, наркозға арналған жалғыз ғана фторланған ұшқыш зат болып табылады.

Фтор иондарының концентрациясы жалпы анестезияның ұзақтығына, енгізілген севофлуранның концентрациясына және наркозға арналған қоспаның құрамына байланысты. Барбитураттар севофлуранның дефторлануын туындатпайды. Abbott клиникалық зерттеулерінде бейорганикалық фтордың концентрациялары өлшенген ересектердің шамамен 7%-да бейорганикалық фтордың концентрациялары өлшенді, олар 50 мкМ-ден асып кетті; осы пациенттердің бірде-біреуінің де бүйрек функциясында клиникалық тұрғыдан маңызды өзгерістер білінген жоқ.

Фармакодинамикасы

Кіріспе наркозға арналған препаратты ингаляциялық қолдану сананың тез жойылуын туындатады, ол анестезияны тоқтатқаннан кейін бірден қалпына келеді.

Кіріспе наркоз жоғарғы тыныс алу жолдарының барынша өте аз қозуымен немесе тітіркену белгілерімен қатар жүреді және кеңірдекбронх тармақтарында жоғары секрецияны және орталық жүйке жүйесінің стимуляциясын туындатпайды. Ингаляциялық наркозға арналған басқа дәрілер сияқты, севофлуран тыныс алу функциясының дозаға байланысты басылуын және артериялық қысымның төмендеуін туындатпайды.

Адамда адреналиннің әсер етуімен аритмиялардың дамуын жүзеге асыратын севофлуранның шектік деңгейі изофлурандағы осындаймен ұқсас болды және галотанның шектік деңгейін арттырды.

Севофлуран бассүйекішілік қысымға барынша аз әсерін тигізеді және СO2-ге реакцияны төмендетпейді. Севофлуран бауыр немесе бүйрек функциясына клиникалық тұрғыдан маңызды ықпалын тигізбейді және бүйрек немесе бауыр функциясының жеткіліксіздігінің ұлғаюын туындатпайды. Севофлуран тіпті ұзақ наркоз кезінде де (шамамен 9 сағ.) бүйректің концентрациялық функциясына ықпалын тигізбейді.

Кейбір жарияланған зерттеулерде балаларда ерте жаста анестетиктермен қайталап немесе ұзақ уақыт әсер еткеннен кейін когнитивті тапшылық байқалды. Зерттеу деректері едәуір шектеулі, және анестезиялық/седативтік препаратты енгізуге байланысты немесе бақыланатын әсерлердің операция немесе негізгі ауру сияқты басқа да факторлардың ықпал етуімен туындайтыны-туындамайтыны айқын емес. Бұдан басқа, кейінірек жарияланған зерттеулер де осы нәтижелерді айғақтаған жоқ.

Жануарларға кейбір анестетиктердің/седативтік препараттардың ықпалына қатысты жарияланған зерттеулер олардың өмірінің бастапқы кезеңінде мидың дамуында жағымсыз зардаптардың болғанын мәлімдейді.

Қолданылуы

Стационарда және амбулаторлық жағдайлардағы хирургиялық реакцияларда кіріспе және демеуші жалпы анестезия ретінде

Қолдану тәсілі және дозалары

Премедикация

Премедикацияға арналған дәрілерді анестезиолог әр адамға жеке таңдауы тиіс.

Хирургиялық араласымдар кезіндегі жалпы анестезия

Жалпы анестезия кезінде буландырғыштан түсетін севофлуранның концентрациясын білу қажет. Ол үшін севофлуранға арналған арнайы калибрленген буландырғышты пайдалануға болады.

Жалпы анестезия енгізу

Дозаны әр адамға жекелей таңдайды және науқастың жасы мен жай-күйін ескере отырып, қажетті әсерге жеткенше титрлейді. Севофлуранмен ингаляциядан кейін әсері қысқа уақыттық барбитурат немесе вена ішіне кіріспе жалпы анестезияға арналған басқа препарат енгізілуі мүмкін. Жалпы анестезияға енгізу үшін оттегідегі немесе оттегі мен азот тотығы қоспасындағы севофлуранды қолдануға болады. Хирургиялық араласым алдында 8%-ға дейінгі концентрациядағы севофлуран ингаляциясы ересектерде де, балаларда да 2 минуттан аз уақыт ішінде жалпы анестезияға енуді қамтамасыз етеді.

Демеуші жалпы анестезия

Жалпы анестезияның қажетті деңгейін севофлуранның 0,5-3% концентрациясын азот тотығымен бірге немесе онсыз ингаляция жолымен демеуге болады.

Ең төменгі альвеолярлық концентрация (ЕТАК) – бұл пациенттердің 50%-ы бір реттік тітіркенуге (теріні кесуге) жауап ретінде қимыл-қозғалыс бермейтін концентрация.

Оттегідегі севофлуран ЕТАК 40 жастағы ересек адамда 2,05% құрайды. Севофлуранның ЕТАК, басқа да галогенделген препараттар сияқты, жастың ұлғаюымен және азот тотығын қосқан кезде төмендейді.

3 кесте. Жасы есепке алынған ересектер мен балалардағы ЕТАК мәндері

Пациенттің жасы

Оттегідегі

Севофлуран

Севофлуран 65% N2O/3 % O2-де

0–1 айлық*

3.3 %

Деректер жоқ

1 айлық – < 6 айлық

3.0 %

Деректер жоқ

6 айлық – < 3 жас

2.8 %

2,0 %**

3 – 12 жас

2.5 %

Деректер жоқ

25 жас

2.6 %

1,4 %

40 жас

2.1 %

1,1 %

60 жас

1.7 %

0,90 %

80 жас

1.4 %

0,70 %

*Айы-күні жетіп туғандар. Шала туған нәрестелерде ЕТАК анықталған жоқ.

** 1 жастан 3 жасқа дейінгі балаларда 60% N2O/40% О2 пайдаланылған

Анестезиядан шығу

Пациенттер әдетте севофлуранмен жасалған жалпы анестезиядан тез шығады. Осыған байланысты оларға операциядан кейінгі анальгезия ертерек қажет болуы мүмкін.

Жағымсыз әсерлері

Ингаляциялық наркозға арналған басқа да күшті дәрілер сияқты, севофлуран жүрек және тыныс алу функциясының дозаға байланысты бәсеңдеуін туындатуы мүмкін. Көптеген жағымсыз реакциялар жеңіл немесе орташа және өткінші болып табылады. Севофлуранды енгізумен байланысты болуы мүмкін негізгі жағымсыз құбылыстар жүректің айнуы, құсу, жөтелдің күшеюі, артериялық қысымның төмендеуі немесе жоғарылауы, ажитация, жалпы анестезиядан кейінгі ұйқышылдық, қалтырау, брадикардия, тахикардия, бас айналу, сілекейдің күшті бөлінуі, тыныс алудың бұзылулары интубациядан кейінгі апноэ, ларингоспазм және қызба болып табылады.

Клиникалық зерттеу кезінде байқалған жағымсыз реакциялар

Тіркеуден кейінгі кезеңдегі клиникалық зерттеулерде төменде берілген жағымсыз әсерлердің жиілігі келесі критерийлерді пайдалана отырып белгіленді: өте жиі (≥1/10), жиі (≥1/100 және ˂1/10), жиі емес (≥1/1000 және ˂1/100), сирек (≥1/10000 және ˂1/1000), өте сирек (˂1/1000): жиілігі белгісіз (қолда бар деректермен баға беру мүмкін емес)

4 кесте. Жағымсыз жанама реакциялар жиілігі

Организм ағзалары және жүйелері тарапынан бұзылулар

Жиілігі

Жағымсыз реакциялар

Иммундық жүйе

белгісіз

анафилаксиялық реакция

анафилактоидтық реакция

аса жоғары сезімталдық реакциясы

Қан түзу және қан

жиі емес

лейкопения

лейкоцитоз

Психикалық бұзылыстар

өте жиі

жиі емес

ажитация

сананың шатасуы

Неврологиялық бұзылыстар

жиі

белгісіз

ұйқышылдық

бас айналу,

бас ауыру

құрысулар

дистония

Жүрек-қантамыр жүйесі

өте жиі

жиі

жиі емес

белгісіз

брадикардия

гипотензиялық синдром

тахикардия

гипертензиялық синдром

толық атриовентрикулярлық блокада

жүрекшелер фибрилляциясы

аритмия

қарыншалық экстрасистолалар

қарыншаүстілік экстрасистолалар

экстрасистолалар

жүрек қызметінің тоқтап қалуы

Torsade-мен астасқан QT аралығының ұзаруы

Тыныс алу жүйесі

өте жиі

жиі

жиі емес

белгісіз

жөтел

респираторлық бұзылулар

ларингоспазм

апноэ

гипоксия

демікпе

бронхтың түйілуі

диспноэ

ысылдап дем алу

өкпенің ісінуі

Асқазан-ішек жолы

өте жиі

жиі

жүректің айнуы

құсу

сілекей бездерінің гиперсекрециясы

Несеп-жыныс жүйесі

жиі емес

белгісіз

несеп шығарудың кідіруі

глюкозоурия

бүйрек функциясының жедел жеткіліксіздігі

Бауыр тарапынан бұзылулар

жиі емес

белгісіз

гепатит

бауыр функциясының жеткіліксіздігі

бауыр некрозы

Тері тарапынан бұзылулар

белгісіз

жанаспалы дерматит

қышыну

бөртпе

беттің ісінуі

есекжем

Сүйек-бұлшықет жүйесі

белгісіз

бұлшықет құрысулары

Жалпы сипаттағы бұзылыстар және енгізген жердегі реакциялар

жиі

белгісіз

қалтырау

қызба

гипотермия

кеудеде жайсыздық

қатерлі гипертермия

Зертханалық және аспаптық деректердің өзгерулері

жиі

 

жиі емес

глюкоза деңгейінің уақытша жоғарылауы

бауыр функциясы көрсеткіштерінің өткінші бұзылулары

лейкоциттер санының артуы

АЛТ деңгейінің сарысулық жоғарылауы

бейорганикалық фтор деңгейінің жоғарылауы

АЛТ деңгейінің жоғарылауы

креатинин деңгейінің жоғарылауы

ЛДГ деңгейінің жоғарылауы

Зақымдану, улану және ем-шарадан кейінгі асқынулар

жиі

гипотермия

Севофлуранды беруді тоқтатқаннан кейін сана әдетте бірнеше минуттан соң қалпына келгенмен, жалпы анестезиядан кейін оның 2-3 күн ішіндегі интеллектуальді мүмкіндігінің жайы зерттелмеді. Севофлуранды қолданғаннан кейін бірнеше күн ішінде, жалпы анестезияның басқа дәрілері сияқты, көңіл-күйдің аздап өзгергені білінуі мүмкін. Пациенттерді жалпы анестезиядан кейін біршама уақыт ішінде автомобильді жүргізу немесе қауіпті техниканы пайдалану сияқты тез реакцияны қажет ететін әртүрлі жұмыстарды орындау қабілеті нашарлауы мүмкін екендігінен хабардар еткен жөн.

Севофлуранмен жалпы анестезия кезінде және одан кейін бейорганикалық фтордың сарысулық деңгейінің уақытша жоғарылағаны білінуі мүмкін. Севофлуранды енгізуді тоқтатқаннан кейін 2 сағат ішінде оның концентрациясы әдетте ең жоғары шегіне жетеді және 48 сағат ішінде операцияға дейінгі деңгейіне оралады. Клиникалық зерттеулерде фтор концентрациясының жоғарылауы бүйрек функциясының бұзылуымен қатар жүрген жоқ.

Севофлуранды пайдаланған кезде бауыр функциясы көрсеткіштерінің өткінші бұзылулары сипатталды. Севофлуранды қоса, ингаляциялық наркозға арналған дәрілерді қолданған кезде сирек жағдайларда бауыр функциясы жеткіліксіздігінің және бауыр некрозының пайда болғаны жөнінде мәлімделді. Алайда олардың севофлуранды қолданумен байланысы анықталған жоқ. Сирек жағдайларда севофлуранды және оған ұқсас препараттарды пайдаланған кезде бауырдың функциональді сынамаларының транзиторлы түрде өзгергені байқалды.

Кіріспе жалпы анестезия үшін севофлуран қабылдаған балаларда өздігінен қайтатын дистониялық қимыл-қозғалыс жағдайлары байқалды, олардың препаратпен байланысы анықталған жоқ. Севофлуранды қолданғаннан кейін құрысулар өте сирек білінеді. Олар қысқа уақыттық болды, ал жалпы анестезиядан шығу кезінде немесе операциядан кейінгі кезеңде қандай да болсын бұзылулар байқалған жоқ.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- севофлуранға немесе басқа галогенделген препараттарға жоғары сезімталдық (мысалы, анамнезде бауыр функциясы бұзылуының, қызбаның, осы препараттарды қолданумен байланысты этиологиясы белгісіз лейкоцитоздың болуы).

- қатерлі гипертермияның дамуына айғақталған немесе күмәнді генетикалық сезімталдық

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Қарыншалық аритмияның пайда болуының потенциалды қаупімен байланысты, севофлуранды катехоламиндермен (изопреналинмен, адреналинмен және норадреналинмен) бірге абайлап қолданған жөн.

МАО селективті емес тежегіштері: хирургиялық араласым кезінде криздің туындау қаупімен байланысты, хирургиялық араласымнан 2 апта бұрын МАО селективті емес тежегіштері тобына жататын препараттармен емдеуді тоқтату ұсынылған.

Севофлуран кальций өзектерінің антагонистерімен, атап айтқанда, дигидропиридин туындыларымен ем қабылдап жүрген пациенттерде айқын гипотензияға әкеп соғуы мүмкін.

Кальций өзектерінің антагонистерін ингаляциялық анестезияға арналған дәрілермен бір мезгілде пайдалану кезінде, аддитивті жағымсыз инотроптық әсердің туындауына байланысты, сақтық танытқан жөн. Сукцинилхолинді және ингаляциялық анестезияға арналған дәрілерді бір мезгілде пайдалану қан сарысуындағы калий деңгейі жоғарылауының сирек жағдайларымен қатар жүреді, бұл жүрек аритмияларына және операциядан кейінгі кезең ішінде бала пациенттердің өліміне әкелген.

Басқа дәрілерді қолданған кездегідей, вена ішіне анестезиялайтын дәрілерді, мысалы, пропофолды енгізгеннен кейін севофлуранның аз концентрациялары қажет болуы мүмкін.

Севофлуранның қауіпсіздігі мен тиімділігі хирургиялық іс-тәжірибеде жиі пайдаланылатын әртүрлі препараттармен, соның ішінде орталық жүйке жүйесі функциясына ықпал ететін әртүрлі препараттармен, миорелаксанттармен, аминогликозидтерді қоса, микробтарға қарсы препараттармен, гормондармен және оның синтетикалық алмастырғыштарымен, қан препараттарымен және адреналинді қоса, жүрек-қантамырлық дәрілермен бір мезгілде қолданғанда айғақталды. Севофлуранның сарысулық және тіндік ақуыздармен байланысынан дәрілік препараттарды ығыстыру қабілеті зерттелген жоқ. Клиникалық зерттеулерде севофлуранды ақуыздармен белсенді байланысатын және таралу көлемі төмен (мысалы, фенитоин) дәрілік препараттарды қабылдаған науқастарға қолданғанда жағымсыз құбылыстар байқалған жоқ.

Севофлуранды барбитураттармен, сондай-ақ бензодиазепиндермен және апиындармен бірге қолдануға болады.

CYP2E1 индукторлары

P450 цитохромының CYP2E1 изоферментінің белсенділігін арттыратын изониазид және спирт сияқты дәрілік препараттар мен қосылыстар севофлуранның метаболизмін арттыруы және қан плазмасында фтор концентрациясының едәуір артуына әкелуі мүмкін.

Азоттың шала тотығы. Басқа ингаляциялық анестетиктермен бірге қолданған кездегідей, севофлуранның ЕТАК (ересек пациенттерде 50%-ға және балаларда 25%-ға) төмендейді.

Нейробұлшықет блокаторлары

Басқа да ингаляциялық анестетиктер сияқты, севофлуран поляризацияланбайтын миорелаксанттардың әсерінен туындаған нейробұлшықет блокадасының қарқындылығына да және ұзақтығына да ықпалын тигізеді. Ингаляциялық анестезиялайтын дәрілерді қолдану қан плазмасындағы калий деңгейі жоғарылауының сирек жағдайларымен астасады, бұл аритмияларда көрініс беруі мүмкін, балаларда операциядан кейінгі кезеңде өлім жағдайлары болған. Әсіресе жасырын немесе айқын нейробұлшықет аурулары, соның ішінде Дюшеннің нейробұлшықет дистрофиясы бар пациенттер сезімтал. Аталған жайттардың көбісінде сукцинилхолин бір мезгілде қолданылған. Сондай-ақ осы пациенттердің қан плазмасында креатинфосфокиназа (КФК) деңгейінің едәуір артқаны, кейбір жағдайларда – миоглобинурия байқалған. Гиперкалиемияны ертерек түзету және аритмияларды емдеу ұсынылады.

Қосымша алфентанил-N2O анестезияны пайдаланған жағдайда севофлуран панкурониумның, векурониумның, атракуриумның әсерінен туындаған нейробұлшықет блокадасын күшейтеді. Севофлуранның сукцинилхолинге ықпалы және нейробұлшықет блокаторларының әсер ету ұзақтығына ықпалы зерттелген жоқ.

Индукциялық анестезия кезінде нейробұлшықеттің өткізу блокаторларының дозасын азайту кеңірдектің интубациясы үшін қажетті жағдайдың басталуын кейінге қалдыруға, немесе адекватты емес бұлшықет релаксациясына әкелуі мүмкін, өйткені миорелаксанттардың әсері севофлуранды енгізуді бастағаннан кейін бірнеше минут ішінде потенцияланады.

Нейробұлшықеттер өткізгіштігінің деполяризацияланбайтын блокаторларымен, панкурониуммен, векурониуммен, атракуриуммен өзара әрекеттесуі зерттелді. Арнайы нұсқаулар жоқ болған кезде, эндотрахеальді интубация үшін деполяризацияланбайтын бұлшықет релаксанттарының дозасын азайтуға болмайды, анестезияны демеген кезде деполяризацияланбайтын бұлшықет релаксанттарының дозасын N2O/апиындық анестезиядағы сияқты азайту қажет. Бұлшықет релаксанттарының қосымша дозаларын нейростимуляцияға жауапты бағалағанда ғана қолданады.

Айрықша нұсқаулар

Севофлуранды жалпы анестезияны жүргізу тәжірибесі бар адам ғана қолдана алады. Тыныс алу жолдарының өткізгіштігін қалпына келтіруге, өкпенің жасанды вентиляциясына, оксигенотерапияға және реанимацияға арналған құрал-жабдық болуы қажет.

Жалпы анестезия деңгейі оңай және тез өзгеруі мүмкін, сондықтан севофлуранды беру үшін тек арнайы калибрленген буландырғыштарды пайдаланған жөн. Жалпы анестезия тереңдеген кезде артериялық гипотензияның ұлғаюы және тыныс алу функциясының бәсеңдеуі білінеді. Жалпы анестезияны демеуге арналған севофлуран концентрациясын арттыру АҚ-ның дозаға тәуелді төмендеуін туындатады. АҚ шамадан тыс бәсеңдеуі жалпы анестезияның тереңдігімен байланысты болуы мүмкін; мұндай жағдайларда оны берілетін севофлуран концентрациясын азайту арқылы арттыруға болады.

Жүректің коронарлық ауруы бар науқастарда миокард ишемиясына жол бермеу үшін тұрақты гемодинамиканы демеу қажет. Пируэтті қарыншалық тахикардиямен астасқан QT аралығының ұзарғаны жөнінде бірлі-жарым мәлімдемелер белгілі, олар осындай жағдайларда фатальді болуы мүмкін.

Операциядан кейінгі гепатиттің сирек жағдайлары сипатталған, оның севофлуранмен байланысы анықталған жоқ.

Қатерлі гипертермия

Сезімтал адамдарда севофлуранды қоса, ингаляциялық наркозға арналған күшті дәрілер қаңқа бұлшықеттерінің гиперметаболизмін туындатуы мүмкін, бұл оларға оттегі қажеттілігінің артуына және қатерлі гипертермия ретінде белгілі клиникалық синдромның дамуына әкеледі. Осы синдромның алғашқы белгісі гиперкапния болып табылады, ал оның клиникалық симптомдары бұлшықеттердің сіресуін, тахикардияны, тахипноэні, цианозды, аритмияларды және/немесе АҚ тұрақсыздығын қамтуы мүмкін. Спецификалық емес осы симптомдардың кейбіреулері жеңіл наркозда, жедел гипоксияда, гиперкапнияда және гиповолемияда пайда болуы мүмкін. Қатерлі гипертермияны емдеу оның дамуын туындатқан препараттарды қолдануды тоқтату натрий дантроленін вена ішіне енгізу және демеуші симптоматикалық емдеу деп болжам жасалады. Кейінірек бүйрек функциясының жеткіліксіздігі дамуы мүмкін, сондықтан диурезді бақылаған және мүмкіндігінше демеген жөн.

Қатты құрғаған СO2 сорбенттерін алмастыру

Құрамында қатты құрғаған СO2 сорбенттері бар (әсіресе натрий гидроксидімен - Baralyme) наркозға арналған аппараттарда севофлуранды пайдаланғанда шамадан тыс қатты қызып кетудің және/немесе өздігінен жанудың сирек жағдайлары сипатталған. СO2 сорбентімен резервуарлар қатты қызғанда деммен тартылатын севофлуран концентрациясы жоғарылауының әдеттегідей емес кідіруі немесе күтілмеген төмендеуі байқалуы мүмкін.

Севофлуранның ыдырауының экзотермиялық реакциясы деградация өнімдерін түзеді, ол севофлуранның СO2 сорбентерімен өзара әрекеттескен кезде жүреді, егер сорбент қатты құрғап кетсе, мысалы, құрғақ газ ұзақ әсер еткен кезде күшейеді. Севофлуранның ыдырау өнімдерінің (метанолдың, формальдегидтің, көміртек тотығының және А, В, С және D компоненттерінің) түзілуі қатты құрғаған сорбенттері бар экспериментальді наркоз аппараттарының тыныс алу контурында севофлуран концентрациясы 2 сағат және одан көбірек сағат ішінде ең жоғары 8%-ға жеткен кезде байқалды. Осындай жағдайларда түзілетін формальдегидтің концентрациялары тыныс алу жолдарының әлсіз тітіркенуін туындатуға қабілетті деңгейге жетті. Экстремальді пайдалану жағдайларында севофлуран дегидратациясы өнімдерінің организмге әсеріне клиникалық баға беру жүргізілген жоқ.

Егер анестезиолог СO2 сорбентінің қатты құрғағанына күдіктенсе, онда севофлуранды қолданар алдында оны алмастырған жөн. СO2 сорбенті қатты құрғағанда индикатор түсі әрдайым өзгере бермейді. Демек, индикатор түсінің өзгермеуін адекватты гидратацияның айғағы деп санауға болмайды. СO2 сорбенттерін индикатор түсіне қарамай-ақ ұдайы алмастырып отыру қажет.

Бүйрек функциясының жеткіліксіздігі бар пациенттер

Бүйрек функциясы бұзылған пациенттерге сақтықпен қолданылады.

Пациенттердің осы тобында севофлуранның қауіпсіздігі ақырына дейін анықталған жоқ. Осыған байланысты севофлуранды бүйрек функциясының жеткіліксіздігі бар науқастарға сақтықпен қолданған жөн.

Нейрохирургиялық араласымдар

Егер науқаста бассүйекішілік қысымның жоғарылау қаупі бар болса, онда севофлуранды бассүйекішілік қысымды төмендетуге бағытталған, гипервентиляция сияқты шаралармен біріктіріп қолданғанда сақтық танытқан жөн.

Балаларға қолдану

Балаларда ингаляциялық наркозға арналған дәрілерді пайдалану сирек жағдайларда сарысудағы калий деңгейінің жоғарылауын туындатты, бұл операциядан кейінгі кезеңде жүрек аритмияларының дамуына және өлімге әкелді. Осы жайт әсіресе жасырын немесе айқын өтетін неврологиялық аурулары бар пациенттерде, атап айтқанда Дюшен миодистрофиясы бар науқастарда дамуы мүмкін.

Кейбір жағдайларда сукцинилхолинді (суксаметонийді) бір мезгілде пайдаланумен байланысы болды. Осы пациенттерде сарысудағы креатинфосфокиназа деңгейінің едәуір артуы, несеп құрамының өзгеруі және миоглобинурия байқалды. Қатерлі гипертермиядан және осындай науқастардағы көріністеріндегі кейбір ұқсастықтарынан айырмашылығы бұлшықеттің сіресуі немесе бұлшықеттердің гиперметаболизмімен байланысты симптомдар білінген жоқ. Осындай жайттардың дамуы қауіп төндіргенде, әсіресе пациенттерде жасырын ағымдағы нейробұлшықет аурулары байқалғанда, гиперкалиемияны және тұрақты аритмияны басу шараларын дереу бастаған жөн. Жалпы анестезиядан шыққан науқастарды бөлімге ауыстыру алдында мұқият бақылау керек.

Помпе ауруымен балаларда қарыншалық экстрасистолияның бірлі-жарым жағдайлары жөнінде мәлімделді.

Жүктілік және лактация кезеңінде қолдану

Жүктілік – В санаты

Жануарларға жүргізілген тұқым өрбіту функциясына жүргізілген зерттеулерде севофлуран 1 ЕТАК дейінгі дозаларда тұқым өрбіту функциясына ықпалын тигізетін және ұрықты зақымдайтын әсер берген жоқ.

Жүкті әйелдерде адекватты бақыланатын зерттеулер жүргізілген жоқ, сондықтан севофлуранды жүктілік кезінде тек айқын қажеттілік болған жағдайда ғана қолдануға болады.

Жануарларға кейбір анестетиктерді/седативтік препараттарды қолдану ықпалын жариялаған зерттеулер оларда өмірінің бастапқы кезеңінде мидың дамуына жағымсыз зардаптарының болғаны жөнінде мәлімдеген.

Буаз және жас жануарларға жүргізілген жариялы зерттеулер мидың тез өсу немесе синаптогенез кезеңінде NMDA-рецепторларды бөгейтін және/немесе GABA белсенділігін күшейтетін анетезиялық және седативтік препараттарды пайдалану дамушы мида жүйке жасушаларының және олигодендроциттердің жоғалуына және 3 сағаттан астам бойы пайдаланғанда синапстар және нейрогенез морфологиясындағы өзгерістерге әкелуі мүмкін деп жорамалдайды. Осы зерттеулерге дәрілік заттардың әртүрлі класының анестезиялайтын агенттері қамтылды. Осы клиникалық емес нәтижелердің клиникалық маңыздылығы әлі анықталған жоқ.

Босану

Клиникалық зерттеулерде кесарь тілігі кезінде жалпы анестезия үшін қолданылғанда, ана мен жаңа туған нәресте үшін севофлуранның қауіпсіздігі көрсетілді. Босану кезінде және әдеттегі босануда севофлуранның қауіпсіздігі анықталған жоқ.

Егде жастағы пациенттер

Севофлуранның ең төмен альвеолярлық концентрациясы (ЕТАК) жастың ұлғаюымен төмендейді. ЕТАК жету үшін севофлуранның орташа концентрациясы 80 жастағы пациенттерде 20 жастағы пациент үшін қажетті концентрацияның шамамен 50%-ын құрайды.

Жастың ұлғаюымен ЕТАК төмендейді. ЕТАК қамтамасыз ететін севофлуранның орташа концентрациясы 80 жастағы пациенттерде 20 жастағы пациенттегі осындайдың шамамен 50%-ын құрайды.

Көлік құралын және потенциалды қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері

Пациенттерді жалпы анестезиядан кейін біршама уақыт ішінде автомобильді жүргізу немесе қауіпті техниканы пайдалану сияқты тез реакцияларды қажет ететін әртүрлі жұмыстарды орындау қабілетінің нашарлауы мүмкін екендігінен хабардар еткен жөн.

Артық дозалануы

Симптомдары: тыныс алу және жүрек қызметтерінің бәсеңдеуі.

Емі: артық дозаланған жағдайда севофлуран енгізуді тоқтату, тыныс алу жолдарының өткізгіштігін демеу, оттегі енгізе отырып, өкпені қосымша немесе бақыланатын желдетуді бастау және жүрек-қантамыр жүйесінің адекватты функциясын демеу қажет.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Ашылғанын бақылайтын сақинасы (сары түсті пластик) және 25 мм түрлі түсті қара қалпақшасында U-тәрізді пластик ойығы бар янтарь шыны бөтелкеде 250 мл.

1 бөтелке медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.

Сақтау шарттары

30°С-ден аспайтын температурада сақтау керек. Тығыз жауып сақтау керек.

Мұздатып қатыруға болмайды.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші/тіркеу куәлігінің иесі

Тройкаа Фармасьютиклс Лимитед,

Тол, Гуджарат ҮНДІСТАН

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттың сапасы жөніндегі шағымдарды (ұсыныстарды) қабылдайтын және тіркеуден кейін дәрілік заттың қауіпсіздігін бақылауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс жасау деректері (телефон, факс, электронды пошта):

«Aldimed» ЖШС

Қазақстан Республикасы, 050051, Алматы қ., Самал-1 ықшам ауданы, 1 үй

Тел: + 7 727 2632734

Прикрепленные файлы

Севотрой_250_инстр_рус.docx 0.05 кб
Севотрой_250_каз.doc 0.15 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту