Санорин (0.05%)

МНН: Нафазолин
Производитель: ТЕВА Чешские Предприятия с.р.о.
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Naphazoline
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№008215
Период регистрации: 23.07.2015 - 23.07.2020

Инструкция

Саудалық атауы

Санорин

Халықаралық патенттелмеген атауы

Нафазолин

Дәрілік түрі

0.1% , 0.05% мұрын тамшылары

Құрамы

1 мл ерітіндінің құрамында

белсенді зат: 0.001 г, 0.0005 г нафазолин нитраты

қосымша заттар: бор қышқылы, этилендиамин, метилпарабен, тазартылған су.

Сипаттамасы

Түссіз мөлдір иісі жоқ ертінді.

Фармакотерапиялық тобы

Мұрын препараттары. Антиконгестанттар мен жергілікті қолдануға арналған басқа да мұрын препараттары. Симпатомиметиктер. Нафазолин.

АТХ коды R01AA08

Фармакологиялық касиеттері

Фармакокинетикасы

Жергілікті қолданғанда тамырды тарылтатын әсері 5-10 минуттан соң басталады және 2-тен 6 сағатқа дейін жалғасады. Жүйелі қан ағымына сіңіріледі және жүйелі әсер беруі мүмкін.

Фармакодинамикасы

Санориннің құрамында альфа-адренорецепторларға әсер ететін жүйелі симпатомиметик болып табылатын нафазолин бар. Шырышты қабықтар тамырларына айқын және ұзақ жалғасатын тамыр тарылтатын әсер етеді. Интраназальді қолданғанда нафазолин тамырларды тарылтады, осылайша жоғарғы тыныс жолдарының қабынуында мұрынмен тыныстауды жеңілдете және ісінуді төмендете отырып экссудацияны азайтады.

Қолданылуы

- жедел ринитте

- синуситте

- Евстахий түтіктерінің қабынуы

- ортаңғы құлақтың қабынуы

- диагностикалық және емдік араласуларда мұрын шырышты қабықтарының ісінуін басу үшін

Қолдану тәсілі мен дозалары

0,1% ерітінді

Ересектер мен 15 жастан асқан жасөспірімдерге – әрбір мұрын жолына 1-3 тамшыдан 4 сағаттан кем емес аралықпен күніне 2-3 рет.

5-6 күн қолдану керек.

0,05% ерітінді

3-тен 6 жасқа дейінгі балаларға - 0,05% ерітінді 1-2 тамшыдан

6-дан 15 жасқа дейінгі балаларға - 0,05% ерітіндіні 2 тамшыдан

4 сағаттан кем емес аралықпен күніне 2-3 рет.

3 күннен асырмай қолдану керек.

Мұрынның алдыңғы бөлігінен қан кеткен жағдайда 0.05% Санорин ерітіндісімен суланған тампон салуға болады.

Мұрын эндоскопиясының алдында диагностикалық мақсаттар үшін (мысалы, мұрын полиптерін диагностикалау мен емдеу үшін) мұрынды тазартқаннан кейін әрбір танауға препараттың 3-4 тамшысын тамызады немесе 0.05% Санорин ерітіндісімен суланған тампонды 1-2 минутқа салып қояды.

Препаратты әрбір танауға тамызады, басты аздап артқа шалқайту керек.

Сол жақ танауға тамызғанда басты аздап солға бұру, оң жақ танауға тамызғанда басты оңға бұру керек.

Жағымсыз әсерлері

Ұсынылған дозаларда қабылдағанда препараттың әдетте көтерімділігі жақсы.

Сирек:

  • жүрек айнуы, бас ауруы, ашушаңдық, тремор

  • тахикардия, артериялық қысымының жоғарылауы, жүректің қағуы

  • реактивті гиперемия, қатты терлеу

  • күйдіру немесе мұрынның құрғауын сезіну

  • мұрын қуысы шырышты қабығының ісінуі (7 күннен астам қолданғанда)

  • атрофиялық ринит

Өте сирек:

  • препарат әсері әлсірегеннен кейін мұрынның қатты бітелуі

Жиі қолданудан кейінгі салыстырмалы түрде қысқа уақыт ішінде мұрын шырышының қатты бітелуі қатар жүретін тәуелділікке алып келуі мүмкін. Препаратты ұзақ қолдану шырышты қабық эпителийінің бұзылуына, цилиарлы қызметтің тежелуіне әкелуі және шырышты қабықтың қайтымсыз зақымдануын және құрғақ риниттің дамуын туындатуы мүмкін.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препараттың белсенді затына немесе қосымша компоненттеріне жоғары сезімталдықта

- құрғақ ринитте

- 0,05% ерітінді үшін 3 жасқа дейінгі балалар жасы

- 0,1% ерітінді үшін 15 жасқа дейінгі балалар жасы

- қант диабетінде

- айқын атеросклерозда

- тиреотоксикозда

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Препаратты моноаминооксидаза тежегіштерімен, үш циклды антидепрессанттармен және мапротилинмен бір мезгілде қолдануға болмайды, өйткені жүрек ырғағының бұзылуы мен артериялық қысымның жоғарылауы болуы мүмкін.

Айрықша нұсқаулар

Препаратты жүрек-қан тамырлар жүйесінің аурулары (гипертония, жүректің ишемиялық ауруы), феохромоцитомада немесе потенциальді гипертензиялық препараттармен аса жоғары сақтықпен тағайындау қажет.

Ұзақ қолданғанда тамыр тарылтқыш әсерінің айқындылығы (тахифилаксия құбылысы) біртіндеп төмендейді, осыған байланысты препаратты 5 күннен артық қолдануға болмайды.

Бронх демікпесі бар науқастарда, симпатомиметиктерге (мысалы, галотан) миокардтың сезімталдығын жоғарылататын анестетиктердің көмегімен жалпы наркоз кезінде сақ болу керек.

Ұзақ қолдану мен артық дозалаудан аулақ болу керек. Мұрын шырышының ісінуін тоқтатуға арналған дәрілік заттарды ұзақ қолдану мұрын шырышты қабығының ісінуі мен одан кейінгі атрофиясына әкеп соғуы мүмкін.

Бұл дәрілік заттың құрамында метилпарабен бар, ол (баяу өршуі ықтимал типіндегі) аллергиялық реакцияларды туындатуы мүмкін.

Жүктілік және лактация кезеңі

Нафазолиннің плацента арқылы өтуі және емшек сүтінен бөлініп шығуы туралы ақпарат жеткіліксіз. Сондықтан препаратты жүктілерге және бала емізетін әйелдерге енгізгенге дейін емдеудің әлеуетті қауіптері мен артықшылықтарын қарастыру қажет, препаратты тек аса қажеттілікте тағайындау керек.

Дәрілік заттың көлік құралдарын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Препарат көлік құралдарын және қауіпті механизмді басқару қабілетіне әсер етпейді.

Артық дозалануы

Симптомдары: препаратты кездейсоқ қабылдау ашушаңдық, қатты тершеңдік, бас ауыруы, тремор, тахикардия, жүректің қағуы немесе гипертония сияқты жүйелі жағымсыз реакцияларды туындатуы мүмкін. Жүрек айнуымен, цианозбен, қызбамен, құрысулармен, жүректің тоқтап қалуымен, өкпенің ісінуімен және тыныс алу немесе психиатриялық проблемалармен көрініс беретін артық дозалану симптомдары болуы мүмкін. Бұдан бөлек, ұйқышылдықпен, дене температурасының төмендеуімен, брадикардиямен, тершеңдікпен, шок тәрізді гипотензиямен, апноэ немесе комамен қатар жүретін орталық жүйке жүйесінің бәсеңдеуі байқалуы мүмкін.

Емі: симптоматикалық.

Артық дозалану қаупі балаларда жоғары болады, өйткені ересектерге қарағанда олар жағымсыз әсерлерге едәуір сезімтал.

Шығарылу түрі мен қаптамасы

Бірінші ашылуы бақыланатын полиэтиленнен жасалған тамшылатқышы бар қақпақшамен жабдықталған қоңыр түсті шыны құтыда 10 мл-ден. Заттаңбамен жабдықталған әрбір құты мемлекеттік және орыс тілдеріндегі медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапқа салынған.

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде 10ºС-ден +25ºС-ге дейінгі температурада сақтау керек.

Мұздатып қатыруға болмайды.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

0.05% тамшылар үшін 3 жыл. 0.1% тамшылар үшін 4 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

«Teva Czech Industries s.r.o.», Чех Республикасы

«Тева Чех Кәсіпорындары с.р.о.», Чех Республикасы

Тіркеу куәлігі иесінің атауы мен елі

«Teva Pharmaceutical Industries Ltd», Израиль

«Тева Фармацевтикалық Кәсіпорны Лтд», Израиль

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнімнің (тауардың) сапасы жөніндегі шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы:

«ратиофарм Қазахстан» ЖШС

050000 Қазақстан Республикасы

Алматы қ-сы, әл-Фараби даңғылы 19,

Нұрлы Тау бизнес орталығы 1 Б, 603 кеңсе

Телефон, факс (727) 311-09-15; 311-07-34

E-mail: Safety. Kazakhstan@tevapharm.com

Прикрепленные файлы

443136331477976389_ru.doc 49 кб
818579301477977588_kz.doc 58 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники