Санорин (Спрей назальный 0.1%)

МНН: Нафазолин
Производитель: ТЕВА Чешские Предприятия с.р.о.
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Naphazoline
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№004911
Информация о регистрации в РК: 10.05.2017 - 10.05.2022

Инструкция

Саудалық атауы

Санорин

Халықаралық патенттелмеген атауы

Нафазолин

Дәрілік түрі

Мұрынға арналған 0,1% спрей

Құрамы

10 мл препараттың құрамында

белсенді зат: 0,010 г нафазолин нитраты

қосымша заттар: бор қышқылы, метилпарагидроксибензоат, этилендиамин, тазартылған су.

Сипаттамасы

Иісі жоқ түссіз мөлдір сұйықтық

Фармакотерапиялық тобы

Антиконгестанттар және басқа да мұрын ауруларын жергілікті емдеуге арналған препараттар. Симпатомиметиктер.

АТЖ коды R01AA08

Фармакологиялық касиеттері

Фармакокинетикасы

Жергілікті қолданғанда тамырды тарылтатын әсері 5-10 минуттан соң басталады және 2-ден 6 сағатқа дейін жалғасады. Жүйелі қан ағымына сіңіріледі және жүйелі әсер беруі мүмкін.

Фармакодинамикасы

Санориннің құрамында альфа-2адренорецепторларға әсер етуші жүйелі симпатомиметик болып табылатын нафазолин бар. Шырышты қабықтың тамырларына айқын және ұзақ уақытқа жалғасатын тамыр тарылтқыш әсері бар. Шырышты қабыққа жаққан кезде аппликацияланған жерде тамырларды тарылтады, эссудацияны азайтады, осылайша мұрынмен дем алуды жеңілдетеді және жоғарғы тыныс жолдарының қабынуы кезінде шырышты қабықтың ісінуін азайтады.

Қолданылуы

- жедел ринитте

- синуситте

- евстахиитте

- ортаңғы отитте (мұрын жұтқыншағының шырышты қабығының ісінуін азайту үшін)

Қолдану тәсілі мен дозалары

Ересектерге және 15 жастан үлкен жасөспірімдерге.

4 сағаттан кем болмайтындай аралықта, күніне 3 рет әр мұрын қуысына 1-3 бүрку керек.

7 күннен артық қолданбау керек. Қайталап қолданар алдында бірнеше күн үзіліс жасау қажет.

Спрейді алғаш қолданар алдында дозалаушы құрылғыны аэрозолдан шағын бұлтша пайда болғанша бірнеше рет басу керек. Тікелей қолданар алдында қорғаныш қақпақшасын алып, препараты бар құтыны тігінен ұстау керек, дозалаушы құрылғының ұшын әрбір мұрын қуысына енгізеді де, аппликаторды жылдам және бірден басады. Бүріккеннен кейін бірден мұрынмен жеңіл тыныс алу қажет. Препаратты қолданудан кейін аппликаторды қорғаныш қақпақшасымен жабу керек.

Жағымсыз әсерлері

Ұсынылған дозаларда қабылдағанда препарат әдетте жақсы көтерімді.

Сирек жағдайларда - бас ауруы, тахикардия, қан қысымының жоғарылауы мүмкін.

Ересектерде 1 аптадан аса ұзақ уақыт және жиі қолданғанда, дағдыланып кетуі мүмкін, бұл мұрын жолдары өткізгіштігінің бұзылуы мен тамызғаннан кейін шырышты қабықтың бірден құрғауымен білінеді.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препараттың құрамдас бөліктеріне жоғары сезімталдықта

- артериялық гипертонияда, тахикардияда, айқын атеросклерозда

- ауыр көз ауруларында

- гипертиреоидизмде

- қант диабетінде

- жабық бұрышты глаукомада

- созылмалы ринитте (атрофиялық типтегі)

- 15 жасқа дейінгі балаларға

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Препаратты МАО тежегіштерімен бір мезгілде немесе оларды қабылдағаннан кейін 14 күннен ерте қолданбаған дұрыс, өйткені жүрек ырғағы бұзылуы және қан қысымының жоғарылауы мүмкін.

Айрықша нұсқаулар

Препараттың жоғары дозаларын қабылдап жүрген емделушілер, жүрек-қантамыр және жүйке тарапынан болатын жағымсыз әсерлердің (гипертензия, аритмия, жүректің қағуы, бас ауруы, бас айналуы, ұйқышылдық немесе ұйқысыздық) туындау мүмкіндігіне байланысты, қадағалауда болуы тиіс.

Жүктілік және лактация кезеңі

Препараттың жүкті және бала емізетін әйелдерде қолданылуы жөнінде жеткілікті мәліметтер жоқ, сондықтан оны сақтықпен және тек одан күтілетін пайда ықтимал қаупінен асатын болса ғана қолдану керек.

Дәрілік заттың көлік құралдарын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері

Санорин көлік құралдарын басқару мен жоғары зейін шоғырландыруды талап ететін қызмет түрлеріне әсер етпейді.

Артық дозаланғанда

Симптомдары: ашушаңдық, қатты тершеңдік, әлсіздік, тахикардия, қан қысымының жоғарылауы. Ары қарай ұйқышылдық, дене температурасының төмендеуі, брадикардия пайда болуы мүмкін.

Емі: симптоматикалық. Арнайы у қайтарғысы жоқ.

Шығарылу түрі мен қаптамасы

Жиынтықта механикалық дозалаушы бүріккіші мен қорғаныш қақпақшасы бар, жоғары тығыздықтағы ақ полиэтиленнен жасалған құтыда 10 мл-ден.

1құтыдан мемлекеттік және орыс тілдерінде жазылған қолданылуы жөніндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапқа салады.

Сақтау шарттары

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 25ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Мұздатып қатыруға болмайды!

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

4 жыл

Қаптамасы ашылғаннан кейін – 28 күннен аспауы керек.

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

Тева Чех Өндірістері с.р.о.,

Остравска 29747 70 Опава-Комаров,

Чех Республикасы

Тіркеу куәлігі иесінің атауы мен елі

«Тева Чех Өндірістері с.р.о.»,Чех Республикасы

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы:

ҚР-дағы ”Тева Чеш Индастриез с.р.о.” компаниясының өкілдігі

050000 Қазақстан Республикасы

Алматы қ., Әл-Фараби даңғылы 13,

«Нұрлы тау» бизнес орталығы 1в, 305 , 306-кеңсе

Телефон, факс (727) 311-10-66; 311-10-68

E-mail teva@teva.co.il

 

 

 

Прикрепленные файлы

003058351477977161_ru.doc 54 кб
546853941477978324_kz.doc 56.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники