Санорин (0,1%)

МНН: Нафазолин
Производитель: ТЕВА Чешские Предприятия с.р.о.
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Naphazoline
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№008216

Инструкция

Саудалық атауы

Санорин

Халықаралық патенттелмеген атауы

Нафазолин

Дәрілік түрі

0.1 % мұрын тамшысы

Құрамы

1 мл ерітіндінің құрамында

белсенді зат – 0.001 г нафазолин нитраты

қосымша заттар – бор қышқылы, этилендиамин, метилпарабен, тазартылған су

Сипаттамасы

Түссіз мөлдір иіссіз ерітінді

Фармакотерапиялық тобы

Мұрын препараттары. Антиконгенстанттар және жергілікті қолдануға арналған басқа да мұрын препараттары. Симпатомиметиктер. Нафазолин.

АТХ коды R01AА08

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Белсенді заттың толық сіңірілуі нафазолин ерітіндісін жергілікті қолданғаннан кейін дәлелденген. Нафазолин пероральді қолданылмайды, дегенмен де асқазан-ішек жолынан сіңіріледі. Нафазолиннің таратылуына, метаболизміне және шығарылуына қатысты деректер адамдарда белгісіз.

Фармакодинамикасы

Санорин құрамында альфа-адренорецепторларға әсер ететін жүйелі симпатомиметик болып табылатын нафазолин бар. Шырышты қабықтар тамырларына айқын және ұзақ жалғасатын тамыр тарылтатын әсер етеді. Интраназальді қолданғанда нафазолин тамырларды тарылтады, осылайша жоғарғы тыныс жолдарының қабынуында мұрынмен тыныстауды жеңілдете және шырышты қабықтардың ісінуін төмендете отырып экссудацияны азайтады.

Қолданылуы

- жедел ринитте

- синуситте

- Евстахий түтіктерінің қабынуында

- ортаңғы құлақтың қабынуында

- диагностикалық және емдік араласуларда мұрын шырышты қабықтарының ісінуін басу үшін

Қолдану тәсілі және дозалары

0,1% ерітінді

Ересектерге және 15 жастан асқан балаларға 4 сағаттан кем емес аралықпен күніне 2-3 рет әрбір мұрын қуысына ерітіндінің 1-3 тамшысы.

Препаратты әрбір мұрын қуысына тамызады, басты артқа қарай шалқайту керек.

Сол жақ мұрын қуысына тамызған кезде басты аздап солға қарай, оң жақ мұрын қуысына тамызған кезде басты оңға қарай бұрған жөн.

Препаратты қысқа уақыт ішінде пайдаланған жөн. Оны ересектерде 5 күннен артық және балаларда 3 күннен артық қолданылмауы керек. Егер мұрынның бітелуі басылса, ем ертерек тоқтатылуы мүмкін. Препаратты қайтадан тек емдеуді тоқтатқаннан кейін бірнеше күннен кейін бастауға болады.

Жағымсыз әсерлері

Ұсынылған дозаларда қабылдағанда препараттың әдетте көтерімділігі жақсы.

Сирек:

  • жүрек айнуы, бас ауруы, ашушаңдық, тремор

  • тахикардия, артериялық қысымының жоғарылауы, жүректің қағуы

  • реактивті гиперемия, қатты терлеу

  • күйдіру немесе мұрынның құрғауын сезіну

  • мұрын қуысы шырышты қабығының ісінуі (7 күннен астам қолданғанда)

  • атрофиялық ринит

Өте сирек:

  • препарат әсері әлсірегеннен кейін мұрынның қатты бітелуі

Жиі қолданудан кейінгі салыстырмалы түрде қысқа уақыт ішінде мұрын шырышының қатты бітелуімен қатар жүретін тәуелділікке алып келуі мүмкін. Препаратты ұзақ қолдану шырышты қабық эпителийінің бұзылуына, цилиарлы қызметтің тежелуіне әкелуі және шырышты қабықтың қайтымсыз зақымдануын және құрғақ риниттің дамуын туындатуы мүмкін.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препараттың белсенді заттарына немесе қосымша компоненттеріне жоғары сезімталдық

- құрғақ ринит

- 15 жасқа дейінгі балалар

- қант диабеті

- айқын атеросклероз

- тиреотоксикоз

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Препаратты моноаминооксидаза тежегіштерімен, үш циклдық антидепрессанттармен және мапротилинмен бір мезгілде қолдануға болмайды, өйткені жүрек ырғағының бұзылуы мен артериялық қысымның жоғарылауы болуы мүмкін.

Айрықша нұсқаулар

Препаратты жүрек-қан тамырлар жүйесінің аурулары (гипертония, жүректің ишемиялық ауруы), феохромоцитомада немесе потенциальді гипертензиялық препараттармен аса жоғары сақтықпен тағайындау қажет.

Ұзақ қолданғанда тамыр тарылтқыш әсерінің айқындылығы (тахифилаксия құбылысы) біртіндеп төмендейді, осыған байланысты препаратты 5 күннен артық қолдануға болмайды.

Бронх демікпесі бар науқастарда, симпатомиметиктерге (мысалы, галотан) миокардтың сезімталдығын жоғарылататын анестетиктердің көмегімен жүргізілетін жалпы наркоз кезінде сақ болу керек.

Ұзақ қолдану мен артық дозалаудан аулақ болу керек. Мұрын шырышының ісінуін тоқтатуға арналған дәрілік заттарды ұзақ қолдану мұрын шырышты қабығының ісінуі мен одан кейінгі атрофиясына әкеп соғуы мүмкін.

Бұл дәрілік заттың құрамында метилпарабен бар, ол (баяу өршуі ықтимал типіндегі) аллергиялық реакцияларды туындатуы мүмкін.

Жүктілік және лактация кезеңі

Нафазолиннің плацента арқылы өтуі және емшек сүтінен бөлініп шығуы туралы ақпарат жеткіліксіз. Сондықтан препаратты жүктілерге және бала емізетін әйелдерге енгізгенге дейін емдеудің әлеуетті қауіптері мен артықшылықтарын қарастыру қажет, препаратты тек аса қажеттілікте тағайындау керек.

Дәрілік заттың көлік құралдарын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Препарат көлік құралдарын және қауіпті механизмді басқару қабілетіне әсер етпейді.

Артық дозалануы

Симптомдары: препаратты кездейсоқ қабылдау ашушаңдық, қатты тершеңдік, бас ауыруы, тремор, тахикардия, пальпитация немесе гипертония сияқты жүйелі жағымсыз реакцияларды туындатуы мүмкін. Жүрек айнуымен, цианозбен, қызбамен, құрысулармен, жүректің тоқтап қалуымен, өкпенің ісінуімен және тыныс алу немесе психиатриялық проблемалармен көрініс беретін артық дозалану симптомдары болуы мүмкін. Бұдан бөлек, ұйқышылдықпен, дене температурасының төмендеуімен, брадикардиямен, тершеңдікпен, шок тәрізді гипотензиямен, апноэ немесе комамен қатар жүретін орталық жүйке жүйесінің бәсеңдеуі байқалуы мүмкін.

Емі: симптоматикалық.

Артық дозалану қаупі балаларда жоғары болады, өйткені ересектерге қарағанда олар жағымсыз әсерлерге едәуір сезімтал.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Алғашқы ашылуы бақыланатын полиэтиленнен жасалған тамшылатқышпен жабдықталған қақпағы бар қоңыр шыны құтыда. Заттаңба жабыстырылған әрбір құты медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапқа салынады.

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 100С-ден +250С-ге дейінгі температурада сақтау керек.

Мұздатып, қатыруға болмайды.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

4 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

«Teva Czech Industries s.r.o.», Чех Республикасы

«Тева Чех Кәсіпорындары с.р.о.», Чех Республикасы

Тіркеу куәлігі иесінің атауы және елі

«Teva Pharmaceutical Industries Ltd», Израиль

«Тева Фармацевтикалық Кәсіпорындары Лтд», Израиль

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның мекенжайы

«ратиофарм Казахстан» ЖШС, 050040, Алматы қ-сы, Әл-Фараби д-лы, 19,

Нұрлы-Тау БО, 1Б, 603 кеңсе. Телефон: (727)3110915, Факс: (727)3110734,

e-mail: Safety.Kazakhstan@tevapharm.com

 

 

Прикрепленные файлы

890925571477976204_ru.doc 32.28 кб
032722471477977448_kz.doc 60.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники