Санорин® (Нафазолин)
Инструкция
-
русский
-
қазақша
Саудалық атауы
Санорин®
Халықаралық патенттелмеген атауы
Нафазолин
Дәрілік түрі, дозалануы
Мұрынға тамызатын дәрі (эмульсия), 0,1%
Фармакотерапиялық тобы
Респираторлық жүйе. Мұрынға арналған препараттар. Деконгестанттар және жергілікті қолдануға арналған мұрынға арналған басқа препараттар. Симпатомиметиктер, қарапайымдар. Нафазолин.
АТХ коды R01AA08
Қолданылуы
- жедел ринитте
- синуситте
- диагностикалық және емдік араласымдар кезінде мұрын шырышты қабығының ісінуін жеңілдету үшін
Қолдануды бастағанға дейін қажетті мәліметтер тізбесі
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық
- артериялық гипертония, тахикардия, айқын атеросклероз
- көздің ауыр аурулары
- гипертиреоидизм
- несеп шығарудың бұзылуы
- қант диабеті
- жабық бұрышты глаукома
- қуықасты безінің аурулары
- құрғақ ринит
- созылмалы ринит (атрофиялық тип)
- 15 жасқа дейінгі балалар
Сақтықпен
- жүктілік және лактация кезеңі (тек дәрігердің тағайындалуы бойынша, тек шұғыл қажет болған жағдайда).
Қолдану кезіндегі қажетті сақтық шаралары
Ұзақ қолданған кезде тамыр тарылтатын әсердің ауырлығы біртіндеп төмендейді (тахифилаксия құбылысы), осыған байланысты препаратты 3 күннен асырмай қолдану ұсынылады. Ұсынылатын дозадан асырмау керек.
Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі
Препаратты моноаминоксидаза тежегіштерімен, трициклді антидепрессанттармен және мапротилинмен бір мезгілде қолдануға болмайды, себебі жүрек ырғағының бұзылуы және артериялық қысымның жоғарылауы мүмкін.
Арнайы ескертулер
Препаратты жүрек-қантамыр жүйесі аурулары (гипертония, жүректің ишемиялық ауруы), феохромоцитома кезінде немесе әлеуетті гипертензиялық препараттармен аса сақтықпен тағайындау қажет.
Бронх демікпесі бар науқастарда миокардтың симпатомиметиктерге (мысалы, галотанға) сезімталдығын арттыратын анестетиктердің көмегімен жалпы анестезия кезінде сақ болу керек.
Ұзақ уақыт қолданудан және артық дозаланудан аулақ болу керек. Шырышты қабықтың ісінуін басуға арналған дәрілік заттарды ұзақ уақыт қолдану ісінуге және мұрынның шырышты қабығының кейінгі атрофиясына әкелуі мүмкін.
Бұл дәрілік заттың құрамында метилпарабен бар, ол аллергиялық реакцияларды туындатуы ықтимал (мүмкін кешіктірілген түрі).
Жүктілік немесе лактация кезінде
Нафазолиннің плацента арқылы өту және емшек сүтіне шығу мүмкіндігі туралы ақпарат жеткіліксіз. Сондықтан препаратты жүкті немесе бала емізетін әйелдерге енгізгенге дейін емдеудің ықтимал қауіптері мен артықшылықтарын қарастыру, препаратты шұғыл қажет болған жағдайда ғана тағайындау қажет.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Препарат автокөлікті немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді.
Қолдану жөніндегі ұсынымдар
Дозалау режимі
Интраназальді: күніне 2-3 рет әр мұрын жолына 1-3 тамшы эмульсиядан. Қабылдау арасындағы аралық кемінде 6 сағат болуы тиіс.
Емдеу ұзақтығы
Препаратты қысқа уақыт ішінде пайдалану керек. Оны 3 күннен артық қолдануға болмайды. Егер мұрынның бітелуі жойылса, емді ертерек тоқтатуға болады. Препаратты қайта қолдану бірнеше күннен кейін ғана мүмкін болады.
Диагностикалық мақсатта риноскопияны жеңілдету үшін әр мұрын жолына 3-4 тамшы препараттан қолданылады.
Артық дозаланған жағдайда қабылдануы қажет шаралар
Симптомдары: препаратты кездейсоқ тұтыну күйгелектік, қатты терлеу, бас ауыруы, тремор, тахикардия, жүректің қағуы немесе гипертония сияқты жүйелік жағымсыз реакциялардың туындауына әкеп соғуы мүмкін. Артық дозаланудың мүмкін симптомдары жүрек айнуы, цианоз, қызба, құрысу, жүректің тоқтап қалуы, өкпенің ісінуі және тыныс алу немесе психиатриялық кінәраттармен білінеді. Сонымен қатар, орталық жүйке жүйесінің депрессиясын байқауға болады, ұйқышылдық, дене температурасының төмендеуі, брадикардия, терлеу, шок тәрізді гипотензия, апноэ немесе кома.
Емі: симптоматикалық.
Балаларда артық дозалану қаупі жоғары, өйткені олар ересектерге қарағанда жағымсыз әсерлерге анағұрлым сезімтал болып келеді.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкер кеңесіне жүгіну жөніндегі ұсынымдар
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкердің кеңесіне жүгініңіз.
ДП стандартты қолдану кезінде пайда болатын жағымсыз реакциялардың сипаттамасы және бұл жағдайда қабылдануы тиіс шаралар
Ұсынылған дозаларда қолданған кезінде препараттың әдетте жағымдылығы жақсы.
Сирек:
- жүрек айнуы, бас ауыруы, күйгелектік, тремор
- тахикардия, артериялық қысымның жоғарылауы, жүректің қағуы
- реактивті гиперемия, қатты терлеу
- мұрында шымылдатып ашыту немесе құрғау сезімі
- мұрын қуысының шырышты қабығының ісінуі (7 күннен артық қолданғанда)
- атрофиялық ринит
Өте сирек:
- препараттың әсері әлсірегеннен кейін мұрынның қарқынды бітелуі
Тым жиі пайдалану, қолданғаннан кейін салыстырмалы түрде қысқа уақыт ішінде пайда болатын шырышты қабықтың қарқынды ісінуімен қатар жүретін тәуелділікке әкелуі мүмкін. Препаратты ұзақ уақыт қолдану шырышты қабықтың эпителийінің бұзылуына, цилиарлы қызметтің тежелуіне және шырышты қабықтың тұрақты зақымдалуына және құрғақ риниттің дамуына әкелуі мүмкін.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаған кезде медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса алғанда, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Қосымша мәліметтер
Дәрілік препараттың құрамы
Бір құтының (10 мл) ішінде
белсенді зат: нафазолин нитраты 0,010 г;
қосымша заттар: бор қышқылы, цетил спирті, метилпарагидроксибензоат, эвкалипт майы, полисорбат 80, холестерол, сұйық парафин (вазелин майы), этилендиамин, тазартылған су.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Ақ, гомогенді эмульсия.
Шығарылу түрі және қаптамасы
10 мл препараттан полиэтиленнен жасалған қақпағы бар SANO тамшылатқышымен, алғашқы ашылуын бақылайтын қауіпсіздік таспамен және заттаңбамен жабдықталған қоңыр түсті шыныдан жасалған құтыда.
Әрбір құты медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.
Сақтау мерзімі
4 жыл.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
Түпнұсқалық қаптамасында 25 оС-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецептісіз.
Өндіруші туралы мәліметтер
Санека Фармасьютикалс а.с.,
Нитрианска 100, 92027, Глоговец, Словакия Республикасы
Телефон, факс: +421 33 736 1111
Е-mail: info@saneca.com
Тіркеу куәлігінің ұстаушысы
Ксантис Фарма Лимитед,
Lemesou, 5, EUROSURE TOWER, 1st floor, Flat/Office 101, 2112, Никосия, Кипр
Телефон, факс: +35722205976
Е-mail: info@xantispharma.net
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттардың сапасына қатысты шағымдарды (ұсыныстарды) қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электронды пошта)
«Фармакоқадағалау» ҰҒО» АКЕҰ Қазақстан Республикасындағы өкілдігі: «Интер-Фармасьютикал» ЖШС
483110 Қазақстан Республикасы, Қаскелең қ., Бокин к-сі, 58
Тел.: 8-800-777-86-04, сайт www.drugsafety.ru
E-mail: adversereaction@drugsafety.ru