Сандиммун® (50 мг/мл)

МНН: Циклоспорин
Производитель: Новартис Фарма Штейн АГ
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Ciclosporin
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№017047
Период регистрации: 15.09.2015 - 15.09.2020

Инструкция

Саудалық атауы

Сандиммун®

Халықаралық патенттелмеген атауы

Циклоспорин

Дәрілік түрі

Инфузия үшін ерітінді дайындауға арналған 50 мг/мл, 1 мл концентрат

Құрамы

1 мл концентрат құрамында

белсенді зат – 50 мг циклоспорин,

қосымша заттар: полиоксиэтилденген майсана майы, 94 % этанол (м/м), азот.

Сипаттамасы

Мөлдір, қоңыр-сары, майлы сұйықтық.

Фармакотерапиялық тобы

Иммунодепрессанттар. Кальцийнейрин тежегіштері. Циклоспорин.

АТХ коды L04A D01

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Циклоспорин көп дәрежеде айналымдағы қан көлемінен тыс таралады. Қандағы циклоспориннің 33-47% плазмада, 4-9% лимфоциттерде, 5-12% гранулоциттерде және 41-58% эритроциттерде болады. Қан плазмасы ақуыздарымен (көбінесе липопротеиндермен) шамамен 90% байланысуға жетеді.

Циклоспорин едәуір шамада биотрансформацияға ұшырайды, соның нәтижесінде шамамен 15 метаболит түзіледі. Препарат көбінесе өтпен шығарылады және ішу арқылы қабылданған дозаның 6% ғана несеппен шығарылады (соның өзінде өзгеріссіз күйде 0,1% ғана шығарылады).

Циклоспориннің жартылай шығарылатын соңғы кезең көрсеткіштері мейлінше ауытқымалы, бұл қолданылған анықтау әдісіне және науқастардың зерттелген контингентіне байланысты. Cоңғы жартылай шығарылу кезеңінің мәндері дені сау еріктілердегі 6,3 сағаттан бастап, бауыр ауруларының ауыр түріне шалдыққан емделушілерде 20,4 сағатқа дейін ауытқиды.

Бүйрек функциясының бұзылуы. Бүйрек жеткіліксіздігінің болуы фармакокинетикаға елеулі ықпалын тигізбейді, өйткені циклоспориннің шығарылуы негізінен өтпен жүреді. Алайда, нефроуыттылық әлеуетіне орай, бүйрек жеткіліксіздігі бар емделушілерде мұқият мониторинг қажет.

Бауыр функциясының бұзылуы. Циклоспорин бауырда метаболизденеді. Жартылай шығарылу кезеңі дені сау волонтерлерде 6.3 сағаттан бастап, бауыр аурулары ауыр емделушілерде 20.4 сағатқа дейін ауытқиды. Жедел бауыр жеткіліксіздігі бар емделушілерде ұсынылған концентрацияны қанда сақтап тұру үшін циклоспорин дозасын азайту қажет болуы мүмкін.

Фармакодинамикасы

Циклоспорин, Сандиммун® препаратының әсер етуші заты (циклоспорин А ретінде де белгілі) құрамына 11 амин қышқылы кіретін циклдық полипептид болып табылады. Сандиммун® препараты тері, жүрек, бүйрек, ұйқы безі, сүйек кемігі, жіңішке ішек, өкпенің аллогенді трансплантаттарының тіршілік уақытын ұзартатын күшті әсер ететін иммуносупрессиялық препарат болып табылады. Сандиммун® препараты аллотрансплантатқа қатысты иммунитет, баяу типті тері сезімталдығы, тәжірибелік аллергиялық энцефаломиелит, Фрейнд адъювантынан болатын артрит, «қожайынға қарсы трансплантат» реакциясының (ҚҚТР) дамуы және Т-лимфоциттерге тәуелді антиденелер түзілуін қоса, жасушалық типтегі реакциялар дамуын бәсеңдетеді. Ол жасушалық деңгейде, интерлейкин 2 (Т-лимфоциттерінің өсу факторын) қоса, лимфокиндердің түзілуі мен босап шығуын бәсеңдетеді. Сандиммун® препараты жасуша циклының G0 немесе G1 фазасында тыныштық күйдегі лимфоциттерді бөгейді және Т-лимфоциттермен белсенділенген лимфокиндердің антигенге тәуелді босап шығуын бәсеңдетеді. Алынған деректердің бәрі циклоспориннің лимфоциттерге спецификалық және қайтымды әсер ететінін айғақтайды. Сандиммун® препараты гемопоэзды бәсеңдетпейді және фагоциттер функциясына ықпал етпейді. Сандиммун® препаратын алатын емделушілер, иммуносупрессиялық емнің басқа түрлерін алатындарға қарағанда, инфекцияларға аз дәрежеде ұшырайды.

ҚҚТР және қабылдамаудың профилактикасы мен емдеу үшін Сандиммун® препаратын қолданумен адамда ауқымды ағзалардың және сүйек кемігінің трансплантациясы орындалды. Циклоспорин бауыры трансплантацияланған HCV оң, HCV теріс реципиенттерінде де пайдаланылды.

Сандиммун® препаратының жайлы әсері тегі жағынан аутоиммундық болып табылатын әртүрлі жай-күйлерде де байқалды немесе солар сияқты қарастыруға болады.

Қолданылуы

Ауқымды ағзалар трансплантациясы

  • бүйрек, бауыр, жүрек, өкпе, ұйқы безі аллотрансплантаттарын, сондай-ақ біріктірілген жүрек-өкпе трансплантатын қабылдамаудың профилактикасы

  • бұрын басқа иммуносупрессиялық препараттар алған науқастарда трансплантат қабылдамауды емдеу

Сүйек кемігі трансплантациясы

  • сүйек кемігін ауыстырып салудан соң трансплантат қабылданбауының профилактикасы

  • «қожайынға қарсы трансплантат» реакциясының (ҚҚТР) профилактикасы және емдеу

Қолдану тәсілі және дозалары

Трансплантациядан кейінгі емделушілерде жоғары дозалар салдарынан болатын жағымсыз әсерлерді болдырмау және төмен дозалар салдарынан қабылданбаудың профилактикасы үшін қандағы циклоспоринге әдеттегі мониторинг жасалу қажет.

Ауқымды ағзалар трансплантациясында операцияға дейін 12 сағат ішінде бір рет к/і тамшылатып дене салмағына 3-5 мг/кг дозада тағайындалады. Операциядан кейін 1-2 апта бойы препарат дәл сол дозада күнделікті қолданылады, сонан соң 2 бөлініп қабылданатын 0.7-2 мг/кг демеуші дозаға жеткенше қандағы циклоспорин концентрациясын бақылаумен дозаны біртіндеп азайтады.

Сандиммун® препаратын басқа иммунодепрессанттармен (кортикостероидтар немесе үштік немесе квадро дәрілік ем бөлігі ретінде) біріктіріп тағайындағанда Сандиммун® препаратының төменірек дозаларын қолдануға болады (мысалы, бастапқы емдеу үшін 2 қабылдауға 1-2 мг/кг).

Инъекция үшін ерітінді дайындауға арналған Сандиммун® концентратының ұсынылатын дозасы ішуге арналған тиісті дозаның 1/3 шамасын құрайды. Емделушіні ішуге арналған демеуші емге мүмкіндігінше тезірек ауыстыру ұсынылады.

Сүйек кемігінің трансплантациясында. Ауыстырып салу алдындағы күні Сандиммун® тәулігіне 3-5 мг/кг дозада к/і тамшылатып енгізіледі. Бұл дозаны енгізуді тура трансплантациядан кейінгі кезеңде 2 апта бойы жалғастырады; сосын циклоспориннің ішуге арналған түрлерімен демеуші емге ауысады.

Трансплантациядан кейін 1 жыл өткенше дозаны нөлге дейін біртіндеп азайтпас бұрын демеуші ем 3 айдан кем емес (дұрысы - 6 ай бойы) жалғасуы тиіс. Препаратты ішу арқылы қабылдаудан болатын асқазан-ішек бұзылыстары жағдайында циклоспоринді көктамыр ішіне енгізуді жалғастыру керек болады.

Кейбір емделушілерде циклоспоринмен емдеуді тоқтатудан соң ҚҚТР («қожайынға қарсы трансплантат реакциясы») пайда болуы мүмкін, әдетте, бұл емді жаңғыртудан кейін басылады. Осындай жағдайларда ішу арқылы бастапқы 10-12,5 мг/кг дозасын, ал сосын бұрын қанағаттанарлық деп танылған күнделікті демеуші дозасын тағайындау керек. Жеңіл дәрежедегі және созылмалы ҚҚТР емдеу үшін циклоспориннің төмен дозаларын тағайындау керек.

Бүйрек функциясы бұзылған тұлғаларда қолдану. Бүйрек функциясы бұзылуының болуы фармакокинетикаға елеулі ықпалын тигізбейді, бірақ препараттың нефроуытты әсеріне орай, бүйрек функциясына тұрақты мониторинг жасау ұсынылады.

Бауыр функциясы бұзылған тұлғаларда қолдану. Циклоспориннің бауырда жақсы метаболизденуіне және дені сау еріктілердегі 6.3 сағаттан бастап, бауыр аурулары ауыр емделушілерде 20.4 сағатқа дейінгі жартылай шығарылу кезеңінің болуына орай, ұсынылған концентрациясын қанда сақтап тұру үшін бауыр функциясының бұзылуы ауыр емделушілерде дозаны азайту қажет болуы мүмкін.

Педиатрияда қолдану. Клиникалық зерттеулерде 1 жастан бастап балалар қамтылды. Бірнеше зерттеулерде педиатриялық емделушілерге, ересектерде пайдаланылған дозаларға қарағанда, кг дене салмағына Сандиммун® препаратының аса жоғары дозалары қажет және көтерімді болды.

Егде жастағы (65 жастағы және одан асқан) адамдарда қолдану. Сандиммун® препаратын егде жастағы адамдарда қолдану тәжірибесі шектеулі.

Клиникалық зерттеулерде циклоспорин қолданған 65 жастағы және одан асқан ревматоидты артриті бар емделушілер систолалық гипертензияның дамуына бейімдеу болды, ал қан сарысуындағы креатинин деңгейі емнің 3-4 айынан соң базалық деңгейден ≥50% жоғары болды.

Егде жастағы емделушіге арналған дозалар, әдетте, ең аз дозалануынан бастап, төмендеген бауыр, бүйрек немесе жүрек функциясының, қатарлас аурулардың немесе дәрілердің және инфекцияларға жоғары сезімталдықтың ескерілуімен, абайлап таңдалуы тиіс.

Инфузиялық ерітіндіні дайындау

Науқас препаратты ішке қабылдай алмайтын немесе ішуге арналған түрлерінің сіңірілуі асқазан-ішек бұзылуларына әкелетін жағдайларда препарат көктамыр ішіне енгізіледі. Мүмкіндік туған сәттен бастап, ішу арқылы қолдануға ауысу ұсынылған. Концентратты 1:20-1:100 арақатынасында 0,9% натрий хлориді ерітіндісімен немесе 5% глюкоза ерітіндісімен ерітіп, 2-6 сағат ішінде енгізу керек. Дайындалған ерітіндінің пайдаланылмаған бөлігін 24 сағат өткен соң тастау қажет. Инфузиялық ерітіндіні дайындау үшін шыны контейнерлер пайдалану керек. Зертханалық пластик ыдысты Еуропа Фармакопеясының «адам қанына және қан компоненттеріне арналған пластик контейнерлер» талаптарына сай болған жағдайда ғана қолдануға болады. Контейнерлер мен олардың тығындарының құрамында силикон майы мен май компоненттері болмауы тиіс.

Жағымсыз әсерлері

Жағымсыз реакциялар жиілігі бойынша былай жіктелген: өте жиі ( 1/10), жиі ( 1/100,  1/10), жиі емес ( 1/1000,  1/100), сирек ( 1/10000, 1/1000), өте сирек ( 1/10000), бірлі-жарым жағдайларды қоса.

Өте жиі ( 1/10):

- анорексия, гипергликемия

- жүрек айну, құсу, іштің ауыруы/жайсыздануы, диарея, қызыл иектер гиперплазиясы

- тремор

- бас ауыру

- артериялық гипертензия

- гирсутизм

- бүйрек функциясының бұзылуы

Жиі ( 1/100, 1/10):

- лейкопения

- құрысулар, парестезия

- қан кернеулер

- пептидтік ойық жара

- бауыр функциясының бұзылуы

- акне, аллергиялық бөртпе

- қызба, ісінулер

Сирек ( 1/10000, 1/1000):

- етеккір оралымының бұзылуы

Жиілігі белгісіз (маркетингтен кейінгі зерттеулер негізінде):

- тромбоздық микроангиопатия, гемолитикалық уремия синдромы, тромбоздық тромбоцитопения пурпурасы, анемия, тромбоцитопения

- гиперлипидемия, гиперурикемия, гиперкалиемия, гипомагниемия

- энцефалопатия, артқы реверсиялық энцефалопатия синдромын (PRES) қоса, құрысулар, сананың шатасуы, бағдардан жаңылу, сезімталдықтың төмендеуі, қозу, ұйқысыздық, көрудің бұзылуы, қыртысты соқырлық, кома, парездер, мишық атаксиясы, көру жүйкесі дискісінің ісінуі, бассүйекішілік қатерсіз гипертензияға қатысты көрудің салдарлы бұзылу мүмкіндігімен көру жүйкесі бүртікшесінің ісінуін қоса, шеткергі нейропатия, бас сақинасы

- жедел панкреатит

- гепатоуыттылық және бауырдың зақымдануы, холестаз, сарғаю, гепатит пен кейбір жағдайларда өліммен аяқталатын бауыр жеткіліксіздігін қоса

- гипертрихоз

- миопатия, бұлшықет түйілуі, миалгия, бұлшықет әлсіздігі, аяқтардың ауыруы

- гинекомастия

- қажу, салмақ қосу

Циклоспорин алған емделушілердегі холестаз, сарғаю, гепатит пен бауыр жеткіліксіздігін қоса, гепатоуыттылық және бауырдың зақымданулары жөнінде маркетингтен кейінгі дербес және сұрау салынған хабарламалар орын алды. Хабарламалардың көпшілігі күрделі қатарлас аурулары, әртүрлі бастапқы жағдайлары және гепатоуыттылығы зор препараттарды қатарлас пайдалану мен инфекциялық асқынуларды қамтитын басқа да ауырлай түскен факторлары бар емделушілерге қатысты болды. Кейбір жағдайларда, негізінен, трансплантациядан кейінгі емделушілерде өліммен аяқталулар тіркелген.

Кальцийнейрин тежегіштерімен, соның ішінде, циклоспоринмен және циклоспорин қамтылған сызбалармен ем алатын емделушілер жедел немесе созылмалы нефроуыттанудың жоғары қаупіне ұшырайды. Циклоспорин пайдаланумен байланысты жағдайлар жөнінде клиникалық сынақтардан және постмаркетингтік талдаудан алынған хабарламалар бар. Жедел нефроуыттану жағдайлары гиперкалиемия, гипомагниемия, гиперурикемия сияқты иондық гомеостаз бұзылуларымен астасқан. Өзінде артериолалар гиалинозын, түтікшелі атрофия мен интерстициальді фиброзды қамтыған созылмалы морфологиялық өзгерістер жағдайлары хабарланды.

Педиатриялық қауым

Клиникалық зерттеулерде ересектердегі қауіпсіздік бейінімен салыстырылатын қауіпсіздік бейіні бар циклоспориннің стандартты дозалары пайдаланылатын 1 жастан бастап балалар қамтылған.

Аяқтардың ауыруы

Аяқтар ауыруының бірлі-жарым жағдайлары циклоспорин қолданумен байланысты тіркелген. Аяқтардың ауыруы, әдебиетте сипатталғандай, кальцийнейрин тежегіші индукциялаған ауыру синдромының бөлігі ретінде білінеді.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- циклоспоринге және/немесе полиоксиэтилденген майсана майына жоғары сезімталдық

- құрамында шілтерленген шайқурай (Hypericum Perforatum) бар препараттармен біріктіру

- плазмадағы концентрациясының жоғарылауы күрделі және/немесе өмірге қатерлі жай-күйлерге әкелетін Р-гликопротеин эффлюксті тасымалдағыштары болып табылатын препараттармен және ақуыздардың органикалық анион- тасымалдағыштармен біріктірілімі, мысалы, бозентан, дабигатран этексилат және алискирен.

- 1 жасқа дейінгі балаларға

- лактация кезеңі

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Тағамдық өзара әрекеттесулер

Грейпфрут шырынымен бір мезгілде қабылдағанда циклоспорин биожетімділігінің артуы хабарланған.

Қатарлас қолдану кезінде ұсынылмайтын дәрілік өзара әрекеттесу

Циклоспоринмен емделу кезінде вакцинация тиімділігі аз болуы мүмкін, ал тірі әлсіретілген вакциналарды пайдаланудан аулақ болу керек.

Дәрілік өзара әрекеттесулері

Циклоспорин мен калий жинақтаушы препараттарды (мысалы, калий жинақтаушы диуретиктер, АӨФ тежегіштері, ангиотензин II рецепторларының антагонистері) немесе құрамында калий бар препараттарды сақтықпен тағайындау керек, өйткені бұл қан сарысуындағы калий деңгейінің едәуір жоғарылауына әкелуі мүмкін.

Циклоспорин мен лерканидипин бір мезгілде қолданылғанда лерканидипин AUC үш есе артады, ал циклоспорин AUC 21% ұлғаяды. Сондықтан циклоспорин мен лерканидипинді бір мезгілде қолдануға абайлап тағайындау ұсынылады.

Циклоспорин гликопротеиннің (Pgp) күшті әсер ететін тежегіші болып табылады және Pgp субстраттары саналатын алискирен сияқты бір мезгілде қолданылатын препараттардың қандағы деңгейін арттыра алады. Циклоспорин мен алискиренді бір мезгілде қолдану ұсынылмайды.

Бірқатар препараттар бауырдың, әсіресе, метаболизмге қатысатын CYP3A4 ферменттерінің әсерін тежеу немесе индукциялау арқылы плазмадағы немесе жаңа алынған қандағы циклоспорин концентрациясын арттырады немесе азайтады.

Егер циклоспоринмен өзара әрекеттесетін препараттарды қатарлас қолданбауға болмайтын болса, келесі негізгі нұсқауларды назарға алу керек:

Трансплантаты бар емделушілерде: әсіресе, қатарлас препаратты тағайындау немесе тоқтату кезінде қандағы циклоспорин деңгейін жиірек өлшеу, қажет болса, оның дозасын түзету қажет болады.

Циклоспорин концентрациясын төмендететін препараттар

Барбитураттар, карбамазепин, окскарбазепин, фенитоин, нафциллин, сульфадимидин көктамыр ішіне; рифампицин, октреотид, пробукол, орлистат, құрамында шайқурай бар препараттар, тиклопидин, сульфинпиразон, тербинафин, бозентан.

Құрамында шілтерленген шайқурай (Hypericum Perforatum) бар препараттар, қандағы циклоспорин деңгейінің төмендеу қаупіне орай, Сандиммун® препаратымен бір мезгілде қолданылмауы тиіс, бұл тиісінше әсерінің азаюына әкелуі мүмкін.

Рифампицин ішек пен бауырдағы циклоспорин метаболизмін индукциялайды. Рифампицинмен бір мезгілде қолданғанда циклоспорин дозасын 3-5 есе арттыру қажет болуы мүмкін.

Октреотид ішке қабылдағанда циклоспориннің сіңуін азайтады және циклоспорин дозасын 50% арттыруды немесе көктамыр ішіне қолдануға ауысуды талап етуі мүмкін.

Циклоспорин концентрациясын арттыратын препараттар

Антибиотиктер-макролидтер (мысалы, эритромицин, азитромицин және кларитромицин); кетоконазол, флуконазол және итраконазол; вориконазол, дилтиазем, никардипин, верапамил, метоклопрамид, ішуге арналған контрацептивтер, даназол, метилпреднизолон (жоғары дозаларда), аллопуринол, амиодарон, холий қышқылы және оның туындылары, протеаза тежегіштері, иматиниб, колхицин, нефазодон.

Нефроуыттылығының әлеуетті арттыратын өзара әрекеттесулер

Өзінің синергиялық әсерімен нефроуыттылық тудыратын препараттарды бір мезгілде қабылдайтын емделушілерде бүйрек функциясына (атап айтқанда, сарысудағы креатинин деңгейіне) мұқият мониторинг жасау қажет. Бүйрек елеулі бұзылған жағдайда басқа препараттың дозалануын азайту немесе баламалы емдеуді қарастыру керек.

Нефроуытты синергия туғызатын препараттар: аминогликозидтер (гентамицин мен тобрамицинді қоса), амфотерицин В, ципрофлоксацин, ванкомицин, триметоприм (+сульфаметоксазол), ҚҚСП (диклофенак, напроксен, сулиндакты қоса), мелфалан, гистаминді Н2-рецепторлар антагонистері (мысалы, циметидин, ранитидин), метотрексат. Нефроуыттылықтың даму қаупі артатындықтан, такролимусты бірге қолданудан аулақ болу керек.

Бір мезгілде диклофенак пен циклоспорин қолдану қайтымды сипатта болатын бүйрек жеткіліксіздігін дамытуы мүмкін диклофенак биожетімділігінің едәуір артуына алып келеді. Биожетімділігінің артуы жорамалды түрде диклофенактың жоғары «алғашқы өту» әсерінің төмендеуінен болады. Бір мезгілде циклоспорин мен «алғашқы өту» әсері төмен ҚҚСП (мысалы, ацетилсалицил қышқылы) қолдану, әдетте, олардың биожетімділігінің артуына әкелмейді.

Фиброй қышқылының туындыларын (мысалы, безафибрат, фенофибрат) бір мезгілде қолданудан кейін трансплантат реципиенттерінде (қан сарысуындағы креатининнің тиісінше жоғарылауымен) бүйрек функциясының елеулі, қайтымды бұзылуының жекелеген жағдайлары хабарланған. Сондықтан осы емделушілерде бүйрек функциясын мұқият қадағалау қажет. Бүйрек функциясы едәуір нашарлап кеткен жағдайда бір мезгілде қолданылатын препаратты тоқтату керек.

Дәрілік заттармен басқа да маңызды өзара әрекеттесулері

Нифедипин мен циклоспоринді бір мезгілде қолдану, бір ғана циклоспорин қолданумен салыстырғанда, қызыл иектер гиперплазиясы жағдайларының саны жағынан көбеюіне әкелуі мүмкін. Циклоспорин қабылдағанда қызыл иектер гиперплазиясы дамыған емделушілерде нифедипинді бір мезгілде қолданбау керек.

Циклоспорин дигоксин, колхицин, преднизолон, ГМГ-КоА редуктаза тежегіштері (статиндер), этопозид, алискирен, бозентан немесе дабигатран клиренсін де азайтуы мүмкін.

Дигоксин алған емделушілерде циклоспоринмен емдеу басталған бірнеше күн ішінде оймақгүлмен күрделі уыттану байқалды. Әлеуетті түрде циклоспорин, әсіресе, бүйрек функциясы бұзылған емделушілерде миопатия мен нейропатия сияқты колхициннің уытты әсерлерін күшейте алады. Егер дигоксин немесе колхицин циклоспоринмен бір мезгілде тағайындалса, дигоксин немесе колхицин уыттылығын ертерек диагностикалау, дозаны азайту немесе препаратты тоқтату үшін тиянақты клиникалық мониторинг қажет.

Бір мезгілде ловастатин, симвастатин, аторвастатин, правастатин және сирек флувастатин қабылдаған емделушілерде циклоспорин қолданғанда миозит пен рабдомиолиз, әлсіздік пен бұлшықеттердің ауыруын қоса, миоуыттылықтың даму жағдайлары байқалды. Циклоспоринмен бір мезгілде қолданғанда осы статиндер дозасын қолданылуы жөніндегі тиісті нұсқаулықта келтірілген көрсетілімдерге сай азайту керек. Рабдомиолиз нәтижесінде дамыған салдарлы бүйрек жеткіліксіздігін қоса, бүйрек функциясының ауыр бұзылулары дамитын қауіп факторлары бар емделушілерде немесе миопатия симптомдары бар емделушілерде статиндермен емдеуді уақытша тоқтатуға немесе тоқтатып тастауға болады.

Циклоспорин ГМГ-КоА редуктаза тежегіштерінің (статиндер) экспозициясын арттырады.

Эверолимус немесе сиролимус және микроэмульсия түріндегі циклоспориннің толық дозаларын бір мезгілде қолданғанда сарысулық креатинин көтеріледі. Бұл әсер циклоспорин дозасын азайтқанда жиі қайтымды. Эверолимус пен сиролимус циклоспорин фармакокинетикасына мардымсыз ықпал етеді. Бір мезгілде циклоспорин қолдану қандағы эверолимус пен сиролимус концентрациясын едәуір арттырады.

Циклоспорин гипогликемияның пайда болу қаупін арттырумен репаглинидтің плазмалық деңгейлерін де жоғарылата алады.

Бозентанмен бір мезгілде циклоспорин қолдану қан плазмасында бозентан деңгейін арттырады.

Бір мезгілде циклоспорин мен алискирен қолданудан кейін алискирен Cmax шамамен 2,5 есе және AUC шамамен 5 есе жоғарылаған. Алайда, циклоспориннің фармакокинетикалық бейіні елеулі өзгермеген.

Бір мезгілде дабигатран мен циклоспорин қолдану циклоспориннің P-gp тежеу белсенділігіне байланысты қан плазмасындағы дабигатран деңгейінің артуына алып келеді. Дабигатранның емдік индексі тар және қан плазмасындағы деңгейінің жоғарылауы қан кету қаупінің артуымен астасуы мүмкін.

Амбрисентан мен циклоспориннің бірнеше реттік дозаларын енгізу амбрисентан экспозициясының шамамен 2 есе ұлғаюына әкелген, ал циклоспорин экспозициясы болымсыз (шамамен 10%) ұлғайған.

Циклоспориннің өте жоғары дозалары мен антрациклин тобы антибиотиктерін бір мезгілде көктамыр ішіне қолданғанда онкологиялық науқастарда антрациклин тобындағы антибиотиктердің (мысалы, доксорубицин, митоксантрон, даунорубицин) экспозициясы елеулі ұлғаяды.

Айрықша нұсқаулар

Сандиммунды® иммуносупрессиялық ем жүргізу тәжірибесі бар және науқастарды жүйелі толық тексеру, артериялық қысымды өлшеу және зертханалық көрсеткіштерді талдауды қоса, талапқа сай бақылаумен қамтамасыз ету мүмкіндігі бар дәрігерлер ғана қолдана алады. Трансплантация жасалған және препарат алған науқастарға арнайы үйретілген медициналық мамандар жұмыс істейтін және тиісті зертханалармен және басқа да медициналық ресурстармен қамтамасыз етілген мекемелерде ғана бақылау жүргізген жөн. Демеуші емге жауапты дәрігер емделушіні қадағалау үшін толық ақпарат алуы тиіс.

Басқа да иммуносупрессорлар сияқты, циклоспорин лимфомалардың және, әсіресе, тері тарапынан басқа да жаңа түзілімдердің даму қаупін арттырады. Қауіптің жоғарылауы спецификалық агенттер қолданумен де, кешенді иммуносупрессиямен де байланысты болуы мүмкін. Жоғары қауіп, мүмкін, нақты препараттар пайдаланумен емес, иммуносупрессия дәрежесімен және ұзақтығымен байланысты. Сондықтан, иммуносупресанттардың көпшілігін қамтитын (циклоспоринді қоса) ем режимін абайлап пайдалану керек, өйткені бұл лимфопролиферациялық бұзылыстарға және кейбірі өлім зардаптарына әкеп соғатын ауқымды ағзалар ісіктеріне әкелуі мүмкін. Терінің қатерлі ісіктері пайда болатын әлеуетті қауіп себебінен, Сандиммун® препаратымен емделгенде ультракүлгін сәулеленуге көп ұшыраудан аулақ болу қажеттігін науқастарға ескерткен жөн.

Басқа да иммуносупрессорлар сияқты, циклоспориннің көбіне оппортунистік патогендермен әртүрлі бактериялық, зеңдік, паразиттік және вирустық инфекциялардың дамуына бейімдендіреді. Циклоспорин алатын емделушілерде полиомавируспен астасқан нефропатияға (PVAN), әсіресе, BK вирустық нефропатиясына (BKVN) немесе JC вируспен астасқан үдемелі мультифокальді лейкоэнцефалопатияға (PML) әкелуі мүмкін жасырын Полиомавирустық инфекция белсенділенуі байқалды. Бұл жай-күйлер жалпы жоғары иммуносупрессиялық жүктемемен жиі байланысты және оларды бүйрек функциясының нашарлауы немесе неврологиялық симптомдары бар иммуносупрессиялық емделушілердегі дифференциялық диагностикада ескеру керек. Күрделі және/немесе өліммен аяқталулар байқалды. Көп қырлы иммуносупрессиялық емде ұзақ уақыт болған емделушілерде артықшылықтары мен тиімділігі ескерілетін емдік стратегиялар қолданылу керек.

Сандиммун® препаратымен емдеудің алғашқы бірнеше аптасының ішінде жиі және аса зор қауіпті асқыну – сарысуда креатинин мен мочевина деңгейінің жоғарылауы көрініс беруі мүмкін. Бұл функционалдық өзгерістер қайтымды және дозаға тәуелді, әдетте, дозаны азайтқанда реакция береді. Ұзақ уақыт емделгенде кейбір науқастарда бүйректердің құрылымдық өзгерістері (мысалы, артериолалар гиалинозы, түтікшелі атрофия және интерстициальді фиброз) дамуы мүмкін, оларды бүйрек трансплантаттары бар емделушілерде тұрақты қабылдамау кезіндегі өзгерістермен жіктеуге болады. Егде жастағы (65 жастағы және одан асқан) емделушілерде де бүйрек функциясын айрықша мұқият бақылап отыру қажет.

Сандиммун® препараты сарысу билирубині мен бауыр ферменттерінің дозаға тәуелді қайтымды жоғарылауын да туындата алады. Холестаз, сарғаю, гепатит және бауыр жеткіліксіздігін қоса, гепатоуыттылық және бауыр функциясының бұзылуы хабарланды. Есептердің көпшілігінде қатар жүретін елеулі аурулары және басқа да қатарлас факторлары бар емделушілер, соның ішінде инфекциялық асқынулар мен гепатоуыттылығы зор қатарлас препараттар қолдану қамтылды. Кейбір жағдайларда, негізінен, трансплантациядан кейін емделушілерде өліммен аяқталу хабарланды.

Бауыр функциясының тиісті көрсеткіштерін жүйелі бақылап отыру қажет. Осы көрсеткіштер қалып шегінен ауытқыған жағдайда, қажет болса, дозаны азайту керек.

Егде жастағы науқастарда бүйрек функциясын ерекше мұқият бақылап отыру керек.

Қандағы циклоспорин деңгейлерін спецификалық моноклональді антиденелер пайдаланумен анықтаған (өзгермеген препарат санын анықтау) немесе жоғары тиімді сұйықтық хроматографиясын (ЖТСХ) пайдаланған дұрыс. Плазмадағы немесе сарысудағы сандық анықтау кезінде стандартты бөлу әдісін (уақыт және температура) қолдану керек.

Бауыры трансплантацияланған реципиенттерде емдеудің басында қандағы циклоспорин деңгейлерін бақылауды тек спецификалық моноклональді антиденелердің көмегімен немесе иммуносупрессияның тиісті дәрежесін қамтамасыз ету үшін спецификалық және спецификалық емес моноклональді антиденелер пайдаланылатын қатарлас анықтаулар арқылы жүргізу керек.

Қандағы, плазмадағы немесе сарысудағы циклоспорин деңгейі емделушінің клиникалық жай-күйіне ықпал ететін көп факторлардың біреуі ғана екенін есте ұстау керек. Сондықтан, нәтижелерді басқа да клиникалық және биохимиялық көрсеткіштердің тұтас қатары тұрғысынан емдеу жөніндегі нұсқаулар ретінде ғана қарастырған жөн.

Циклоспоринмен емделгенде артериялық қысымды жүйелі бақылау керек. Артериялық гипертензия дамығанда гипертензияға қарсы талапқа сай ем тағайындау керек. Циклоспорин фармакокинетикасына ықпал етпейтін гипертензияға қарсы дәріге, мысалы, исрадипинге ден қойған дұрыс.

Сандиммун® сирек жағдайларда қан липидтерінің аздап қайтымды көбеюін туындататындықтан, емдеудің алдында және ем басталғаннан кейін бір айдан соң қандағы липидтер мөлшерін анықтау ұсынылады. Липидтер мөлшері көбейгенде майды тамақпен тұтынуды шектеу, ал егер қажет болса, Сандиммун® препаратының дозасын азайту мәселесін қарастыру керек.

Сандиммун®, әсіресе, бүйрек дисфункциясы бар науқастарда гиперкалиемия қаупін арттырады. Циклоспорин калий жинақтаушы препараттармен (калий жинақтаушы диуретиктер, АӨФ тежегіштері, ангиотензин ІІ рецепторларының антагонистері және құрамында калий бар препараттар сияқты, сондай-ақ калийі мол емдәмде жүрген емделушілерде) тағайындалғанда сақ болу қажет. Мұндай жағдайларда қандағы калий деңгейін бақылау ұсынылады.

Циклоспорин қабылдау магний экскрециясын арттырады, ең алдымен, перитрансплантациялық кезеңде бұл симптоматикалық гипомагниемия дамуына әкелуі мүмкін. Перитрансплантациялық кезең ішінде, ең алдымен, егер неврологиялық симптомдар байқалса, қан сарысуындағы магний деңгейін бақылау ұсынылады. Егер бұл қажет болып табылса, магний препараттарын қосымша тағайындау керек.

Гиперурикемиясы бар науқастарды емдегенде сақтық шарасын қадағалау керек.

Циклоспоринмен емделу кезінде вакцинация тиімділігі аз болуы мүмкін; сондай-ақ тірі вакциналарды қолданбау қажет.

Циклоспорин Р-гликопротеин тасымалдағыштарының немесе ақуыздардың органикалық анион-тасымалдағыштарының субстраттары болып табылатын алискирен, дабигатран немесе бозентан сияқты қатар жүретін препараттардың қандағы деңгейін арттыра алады. Циклоспоринді алискиренмен бір мезгілде қолдану ұсынылмайды. Циклоспоринді дабигатранмен немесе бозентанмен бір мезгілде қолданбау керек. Бұл нұсқаулар осы өзара әрекеттесулердің әлеуетті клиникалық әсеріне негізделген.

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Циклоспорин ГМГ-КоА редуктаза тежегіштерінің (статиндердің) экспозициясын ұлғайтады.

Циклоспоринмен бір мезгілде қолданғанда осы статиндердің дозасын азайту керек немесе қолданылуы жөніндегі тиісті нұсқаулықта келтірілген нұсқауларға сәйкес бір мезгілде қолданбау керек. Статиндермен емді миопатия симптомдары бар емделушілерде немесе рабдомиолиз нәтижесінде дамыған салдарлы бүйрек жеткіліксіздігін қоса, бүйрек функциясының ауыр бұзылуларын дамытатын қауіп факторлары бар емделушілерде уақытша тоқтата тұруға немесе тоқтатып тастауға болады.

Бір мезгілде циклоспорин мен лерканидипин қолданылғанда лерканидипин AUC үш есе ұлғаяды, ал циклоспорин AUC 21% артады. Сондықтан бір мезгілде циклоспорин мен лерканидипин қолданбау керек. Лерканидипиннен кейін 3 сағаттан соң циклоспорин қолдану лерканидипин AUC-на ықпал етпеген, бірақ циклоспорин AUC 27% ұлғайған. Бұл біріктірілім 3 сағат аралықпен сақтықпен тағайындалуы тиіс.

К/і енгізуге арналған концентрат - Сандиммун® препаратының құрамына кіретін полиоксиэтилденген майсана майына тән бетке қан тебумен және дененің жоғарғы бөлігін қан кернеумен, жедел тыныс алу жеткіліксіздігі бар өкпенің кардиогенді емес ісінуімен, диспноэ, стридорозды тыныс алумен, артериялық қысым ауытқуларымен және тахикардиямен көрініс беретін анафилактоидтық реакциялар жағдайлары сипатталған. Бұрын құрамында полиоксиэтилденген майсана майы бар препараттар (мысалы, құрамында Cremophor EL бар препараттар) к/і енгізілген емделушілерге қатысты, сондай-ақ аллергиялық реакцияларға бейім келетін емделушілерге қатысты айрықша сақтану керек. К/і енгізуге арналған Сандиммун® концентратын алатын науқастар құю басталған соң кем дегенде алғашқы 30 минут ішінде және әріқарай жиі уақыт аралықтары өткенде үздіксіз бақылауда болуы тиіс. Анафилактоидтық реакцияның алғашқы белгілері білінгенде құюды тоқтату керек. Адреналиннің 1:1000 сулы ерітіндісі және оттегі көзі қолда болуы тиіс. Анафилактоидтық реакциялардың профилактикасы үшін Сандиммун® препаратының к/і инфузиясының алдында антигистаминдік препараттар (гистаминдік Н1+ Н2-рецепторлар блокаторларын) енгізуді қолдануға болады.

Сандиммун® концентратының құрамында полиоксиэтилденген майсана майы бар, ол асқазан бұзылысына және диареяға әкелуі мүмкін.

Сандиммун® препаратының құрамында 34.4% көлемде этанол бар. 100 мг препаратта 15 мл сыраға немесе 5 мл шарапқа баламалы 556 мг этанол бар. Бұл препарат жүкті немесе бала емізетін әйелдерге, бауыр ауруы немесе эпилепсиясы бар емделушілерге, алкоголизммен науқастарға тағайындалғанда немесе егер Сандиммун® препараты сәбиге тағайындалғанда ескерілуі тиіс.

Жүктілік және бала емізу кезеңі

Егеуқұйрықтар мен үй қояндарында жүргізілген зерттеулер репродуктивті уыттылықты көрсеткен. Жүкті әйелдерде препаратты қолдану тәжірибесі шектеулі.

Циклоспорин немесе құрамында циклоспорин бар препараттар қолданумен трансплантациядан кейін иммуносупрессиялық ем алатын жүкті әйелдер мерзімінен бұрын босану қаупінің жоғарылауымен байланысты (< 37 апта) мамандардың қадағалауында болуы тиіс.

Жатыр ішінде циклоспорин әсеріне ұшыраған және 7 жасқа дейінгі балалар туралы саны шектеулі деректер бар. Ондай балаларда бүйрек функциясы және артериялық қысым қалыпты болды.

Жүкті әйелдерде талапқа сай және жақсы бақыланған зерттеулер жүргізілмегендіктен, Сандиммун® жүктілік кезінде күтілетін пайдасы ұрыққа төнетін әлеуетті қатерді ақтайтын жағдайда ғана тағайындалуы тиіс. Препарат жүкті әйелдерге тағайындалғанда этанол мөлшері ескерілуі тиіс.

Циклоспорин емшек сүтіне бөлінеді. Сандиммун® қабылдайтын әйелдер бала емізбеуі тиіс.

Жаңа туған нәрестелерде және емшек еметін сәбилерде күрделі жағымсыз әсерлердің туындау ықтималдығы зор болғандықтан, анасының препаратты қолдану маңыздылығын ескеріп, бала емізетін аналарда Сандиммун® препаратын қабылдаудан бас тарту немесе емшекпен қоректендіруден бас тарту керек.

Фертильділік

Сандиммун® препаратының фертильділікке ықпал етуі жөнінде шектеулі деректер бар.

Дәрілік заттың көлік құралын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Сандиммун® препаратының автокөлікті және басқа механизмдерді басқару қабілетіне әсер етуіне зерттеулер жүргізілмеген. Әдеттен тыс жайсыз әсерді, бас айналуын сезінетін емделушілер автокөлікті және басқа механизмдерді басқарудан бас тартуы тиіс.

Артық дозалануы

Симптомдары: жүрек айну, құсу, бас ауыру, тахикардия, бүйрек функциясының қайтымды бұзылулары. Парентеральді енгізуден соң артық дозаланғанда шала туған нәрестелердегі уыттанудың күрделі симптомдары жөнінде хабарламалар бар.

Емі: Жалпы демеуші шаралар және симптоматикалық емдеу. Циклоспорин гемодиализ және белсендірілген көмір қолданылатын гемоперфузия арқылы мүлде шығарылмайды.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Сындыруға арналған белгісі бар түссіз шыныдан жасалған ампулаларда

1 мл.

10 ампуладан пішінді ұяшықты қаптамаға салады.

Пішінді 1 қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Сақтау шарттары

30оС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

4 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші/Қаптаушы

Новартис Фарма Штейн АГ

Штейн, Швейцария

Тіркеу куәлігінің иесі

Новартис Фарма АГ, Базель, Швейцария

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдар қабылдайтын ұйымның мекенжайы

Қазақстандағы Новартис Фарма Сервисэз АГ филиалы

050051 Алматы қ., Луганский к-сі, 96

тел.: (727) 258-24-47

факс: (727) 244-26-51

e-mail: drugsafety.cis@novartis.com

 

Прикрепленные файлы

037372731477976392_ru.doc 141.5 кб
541537511477977590_kz.doc 191.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники