Сандиммун® Неорал® (100 мг)
Инструкция
- русский
- қазақша
Саудалық атауы
Сандиммун® Неорал®
Халықаралық патенттелмеген атауы
Циклоспорин
Дәрілік түрі
25 мг, 50 мг, 100 мг капсулалар
Құрамы
Бір капсуланың құрамында
белсенді зат - 25 мг, 50 мг және 100 мг циклоспорин,
қосымша заттар: макроголглицерол гидроксистеараты/полиоксил 40 (гидрогенделген майсана майы), жүгері майының моно-ди-триглицеридтері, сусыз этил спирті, пропиленгликоль, DL-α-токоферол,
желатин қабығы: желатин, пропиленгликоль, глицерин 85%, қалдық еріткіштер1, титанның қостотығы (Е 171), темірдің қара тотығы (Е 172),
қызыл сия құрамы: кармин қышқылы (Е 120), алюминий хлориді гексагидраты, натрий гидроксиді, пропиленгликоль, гипромеллоза/гидроксипропилметилцеллюлоза 2910, изопропанол, тазартылған су.
1 - Этанол, ерітіндіден қабыққа енетін су, және құрғатқаннан кейін капсула қабығында қалған су.
Сипаттамасы
Қызыл түсті «NVR 25 mg» деген жазуы бар, ұзындығы 14.0 мм аспайтын, диаметрі 8.2 мм аспайтын, сұрғылт-көгілдір түсті, сопақша пішінді, жұмсақ желатинді капсулалар (25 мг доза үшін).
Қызыл түсті «NVR 50 mg» деген жазуы бар, ұзындығы 21.9 мм аспайтын, диаметрі 8.5 мм аспайтын, сары-ақ түсті, ұзынша пішінді, жұмсақ желатинді капсулалар (50 мг доза үшін).
Қызыл түсті «NVR 100mg» деген жазуы бар, ұзындығы 27.7 мм аспайтын, диаметрі 9.5 мм аспайтын, сұрғылт-көгілдір түсті, ұзынша пішінді, жұмсақ желатинді капсулалар (100 мг доза үшін).
Капсуланың ішіндегісі – бозғылт-сарыдан сарыға дейінгі немесе қоңырқай- сарыдан бозғылт қоңырқай-сары түске дейінгі мөлдір сұйықтық.
Сұйықтық құрамында шығу тегі табиғи майлы компоненттер бар, төменгі температурада олардың қатаю үрдісі жүреді. 20 С-тен төмен кезінде желе тәрізді түзілудің байқалуы мүмкін, ол 30 С-ден жоғары болғанда жоғалады. Препарат сапасына әсер етпейтін болмашы үлпектер немесе жеңіл шөгінді байқалуы мүмкін.
Капсула ішіндегісінің ерітіндісі 25 мл (25 мг доза үшін) немесе 50 мл (50 мг доза үшін) немесе 100 мл (100 мг доза үшін) суда шөгіндісіз сәл бозаңданады.
Фармакотерапиялық тобы
Иммуномодуляторлар. Иммунодепрессанттар. Кальцийнейрин тежегіштері. Циклоспорин.
АТХ коды L04AD01
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Сандиммун® Неорал® –микроэмульсия түріндегі циклоспорин белсенді компонентінің фармацевтикалық түрі, оның Сандиммун® препаратынан айырмашылығы фармакокинетикалық параметрлердің ауытқымалығын азайтуға мүмкіндік береді.
Сандиммун® препаратымен салыстырғанда, Сандиммун® Неорал® препаратында әсерінің дозаға тура пропорционалды тәуелділігі, сіңу бейінінің өте тұрақтылығы және ас қабылдау мен тәуліктік биоырғаққа аз айқын тәуелділігі білінеді. Бұл қасиеттері пациент организмінде циклоспорин фармакокинетикасы ауытқымалығын өте төмен болуын және препараттың негізгі концентрациясы мен оның жүйелік әсерінің арасындағы өзара байланыстың өте айқын болуын қамтамасыз етеді. Сандиммун® Неорал® препаратымен демеуші ем жүргізген кезде циклоспорин әсерінің өте тұрақты болуы күні бойы, сондай-ақ бүкіл емдеу барысында қамтамасыз етіледі.
Қанда 33-47% циклоспорин плазмада, 4-9% лимфоциттерде, 5-12% гранулоциттерде және 41-58% эритроциттерде болады. Плазма ақуыздарымен (көбіне липопротеиндермен) байланысуы шамамен 90% болады.
Циклоспорин биоөзгеріске елеулі дәрежеде ұшырайды, соның нәтижесінде шамамен 15 метаболит түзіледі. Препарат көбіне өтпен бірге шығарылады және ішу арқылы қабылданған дозаның 6% ғана несеппен бірге шығарылады (әрі тек 0,1% өзгермеген күйінде шығарылады).
Циклоспориннің жартылай шығарылу кезеңі өте құбылмалы, ол қолданылып жүрген анықтау тәсіліне және науқастардың зерттелетін контингентіне байланысты. Т1/2 мәні 6,3-20,4 сағат.
Пациенттердің ерекше топтарындағы фармакокинетикасы
Егде жастағы пациенттер
Сандиммун® Неорал® препаратының егде жастағы пациенттерде сіңірілуі туралы деректер жоқ. Циклоспориннің мұндай пациенттерде таралуының орта жастағы пациенттерде таралуынан айырмашылығы жоқ.
Бүйрек жеткіліксіздігі
Бүйрек жеткіліксіздігі фармакокинетикаға елеулі әсер етпейді, өйткені циклоспориннің шығарылуы негізінен өтпен жүреді.
Бауыр жеткіліксіздігі
Бауыр жеткіліксіздігі циклоспориннің шығарылуын баяулатады. Бауыр функциясының ауыр бұзылулары бар пациенттерде сарысудағы креатинин деңгейіне және қандағы циклоспориннің деңгейіне дозаны сәйкес түзетумен мұқият мониторинг жүргізу қажет.
Нефроздық синдром
Нефроздық синдромы бар пациенттердің препаратты ішу арқылы қабылдауы фармакокинетикаға әсер етпейді. Мұндай жағдайларда дозаны түзету қажет етілмейді.
Фармакодинамикасы
Циклоспорин (циклоспорин А) 11 амин қышқылынан тұратын циклдық полипептид түрінде болады. Циклоспорин тері, жүрек, бүйрек, ұйқы безі, сүйек кемігі, жіңішке ішек, өкпе аллогенді трансплантаттарының тіршілік уақытын ұзартатын әсер етуі күшті иммуносупрессиялық препарат болып табылады. Циклоспорин аллотрансплантатқа қатысты жасушалық реакциялардың, баяу типті аса жоғары сезімталдық реакциясының, аллергиялық энцефаломиелит, Фройнд адъювантынан болатын артрит, «қожайынға қарсы трансплантат» реакциясының (ҚҚТР) және антиденелердің Т-лимфоциттерге тәуелді түзілуінің дамуын бәсеңдетеді. Жасушалық деңгейде ол, интерлейкин 2 (Т-лимфоциттердің өсу факторы) қамтылатын лимфокиндердің түзілуі мен босап шығуын бәсеңдетеді. Циклоспорин жасушалық циклдың G0 немесе G1 фазасында тыныш күйдегі лимфоциттерді бөгейді және Т-лимфоциттермен белсенділенген лимфокиндердің антигенге тәуелді босап шығуын бәсеңдетеді. Циклоспорин лимфоциттерге спецификалық және қайтымды әсер етеді. Цитостатиктерден ерекшелігі, ол гемопоэзді бәсеңдетпейді және фагоциттер функциясына ықпал етпейді.
Қолданылуы
-
Трансплантация
Ауқымды ағзалар трансплантациясы
-
бүйрек, бауыр, жүрек, өкпе, ұйқы безі аллотрансплантаттарының, сондай-ақ біріктірілген жүрек-өкпе трансплантатының қабылданбай ажырауының алдын алу
-
бұрын басқа иммуносупрессиялық препараттар алған науқастарда трансплантаттың қабылданбай ажырауын емдеу
Сүйек кемігі трансплантациясы
-
сүйек кемігін ауыстырып салудан соң трансплантаттың қабылданбай ажырауының алдын алу
-
«қожайынға қарсы трансплантат» реакциясының алдын алу және емдеу
-
Трансплантациялық емес көрсетілімдер
Эндогенді увеит
-
дәстүрлі ем әсер етпеген жағдайлардағы немесе ауыр жағымсыз әсерлер дамыған жағдайлардағы шығу тегі инфекциялық емес белсенді, көру қабілетіне қатер төндіретін, ортаңғы немесе артқы увеит
-
торқабықтың тартылуымен қайталанатын қабыну ұстамалары бар Бехчет увеиті
Нефроздық синдром
-
аздаған өзгерістер нефропатиясы, ошақтық және сегменттік гломерулосклероз, жарғақшалы гломерулонефрит сияқты шумақтар патологиясынан болатын ересектердегі стероидқа тәуелді және стероидқа төзімді нефроздық синдром
-
нефроздық синдром кезінде ремиссияны индукциялау және сақтап тұру үшін.
-
стероидтар туындатқан ремиссияның сақталуы үшін, бұл оларды тоқтатуға мүмкіндік береді
Ревматоидты артрит
-
белсенді ревматоидты артриттің ауыр түрлері
Псориаз
-
дәстүрлі ем тиімсіз болған немесе мүмкін болмаған кездегі псориаздың ауыр түрлері
Атопиялық дерматит
-
жүйелі ем қажет болатын атопиялық дерматиттің ауыр түрлері
Қолдану тәсілі және дозалары
Сандиммун® Неорал® препаратының тәуліктік дозасын әрдайым 2 қабылдауға бөледі.
Сандиммун® Неорал® капсулаларын қажет болғанға дейін пішінді ұяшықты қаптамада қалдырған жөн. Пішінді ұяшықты қаптаманы ашқаннан кейін өзіне тән иісі сезіледі. Бұл қалыпты құбылыс. Капсулаларды тұтастай жұту керек.
Ішу арқылы қабылдауға арналған, төменде келтірілген дозалардың диапазондарын тек нұсқаулар ретінде ғана қарастырған жөн. Циклоспориннің қандағы концентрациясына жалпыға бірдей бақылау жасаған жөн, ол үшін моноклональді антиденелерді қолдануға негізделген радиоиммунологиялық әдіс қолданылуы мүмкін. Алынған нәтижелердің негізінде әртүрлі пациенттерде циклоспорин концентрациясын керекті деңгейге жеткізу үшін қажетті дозаның шамасын анықтап алады.
Сіңірілуі мен шығарылуындағы елеулі жекеше айырмашылықтарға орай, сондай-ақ препараттың фармакокинетикалық өзара әрекеттесуі мүмкін екендіктен, дозалар клиникалық жауабына және көтерімділігіне қарай әркімге жеке таңдалуы тиіс.
Трансплантаты бар пациенттерде циклоспориннің жоғары деңгейінен болатын жағымсыз әсерлерден сақтанып, циклоспориннің төмен деңгейіне байланысты ағзаның қабылданбай ажырауына жол бермеу үшін циклоспорин деңгейіне жүйелі мониторинг жасау қажет. Трансплантациялық емес көрсетілімдер бойынша ем алған пациенттерде, қабылдау режимін қадағаламаудан немесе асқазан-ішек жолында сіңірілудің бұзылуынан немесе фармакокинетикалық өзара әрекеттесулерден болуы мүмкін деңгейінің тым төмен-төмен еместігін тексеру керек болатын қайталану туындайтын немесе емделудің күтпеген сәтсіздіктері жағдайларын қоспағанда, қандағы циклоспорин деңгейіне мониторинг жасау маңызы зор емес.
Ауқымдыі ағзалардың трансплантациясы
Операциядан 12 сағат бұрын дене салмағының әр кг шаққанда 10- 15 мг дейінгі тәуліктік дозадағы (екі қабылдауға) Сандиммун® Неорал® тағайындалады. Операциядан кейін 1-2 апта бойы препаратты күн сайын осындай дозада тағайындайды. Содан кейін дозаны, циклоспориннің қандағы концентрациясын бақылай отырып, дене салмағының әр кг шаққанда 2-6 мг (2 қабылдауға) демеуші тәуліктік дозаға дейін біртіндеп төмендетеді.
Сандиммун® Неорал® глюкокортикоидтармен бірге, сондай-ақ біріктірілген үш компоненттік (Сандиммун® Неорал® + глюкокортикоидтар + азатиоприн) немесе төрт компоненттік (Сандиммун® Неорал® + глюкокортикоидтар + азатиоприн + моно- немесе поликлональді антидене препараттары) ем қолданылуы мүмкін. Төрт компоненттік үлгі ажыратылудың даму қаупі жоғары болатын науқастарға қолданылады. Сандиммун® Неорал® препаратын біріктірілген ем құрамында қолданған жағдайда оның дозасы емнің алғашқы сатысында-ақ (тәулігіне дене салмағының әр кг шаққанда 3-6 мг 2 қабылдауға) азайтылады.
Сүйек кемігінің трансплантациясы
Бастапқы дозаны ауыстырып салу алдындағы күні енгізу керек. Көптеген жағдайларда Сандиммун® препараты, инфузия үшін ерітінді дайындауға арналған концентрат, бұл мақсатқа сай келеді. Көктамырішілік енгізуге арналған ұсынылатын доза күніне 3-тен 5 мг/кг құрайды.
Инфузияны қолдануды жуықтағы 2 аптаға дейінгі посттрансплантациялық кезеңде дозасының осы деңгейін сақтай отырып жалғастырып, ары қарай Сандиммун® Неорал® препаратымен екі қабылдауға бөлінген тәуліктік 12,5 мг/кг жуық дозада пероральді емге көшу керек.
Демеуші емді ең кемінде 3 ай (дұрысы 6 ай) жүргізіп, одан кейін дозаны 1 жыл ішінде толық тоқтатқанға дейін біртіндеп азайтады.
Егер Сандиммун® Неорал® емдеудің бастапқы сатысына тағайындалса, онда ауыстырып салу алдындағы күнінен бастап ұсынылатын тәуліктік доза 12,5-15 мг/кг (2 қабылдауға) құрайды.
Сіңудің төмендеуіне әкеп соқтыратын асқазан-ішек жолының аурулары кезінде Сандиммун® Неорал® препаратының өте жоғары дозалары немесе Сандиммун® препаратының к/і инфузиялары қажет етілуі мүмкін.
Кейбір пациенттерде Сандиммун® Неорал® препаратын тоқтатқаннан кейін «иесіне қарсы трансплантат» ауруы туындауы мүмкін, бұл әдетте емді қайта бастаған кезде болады. Мұндай жағдайларда 10-12,5 мг/кг бастапқы дозаны ішу арқылы қабылдауға, содан соң бұрын жеткілікті деп танылған күнделікті демеуші дозаны тағайындаған жөн. Бұл жай-күйді емдеуге оның әлсіз көрінетін түрдегі созылмалы ағымы кезінде Сандиммун® Неорал® препаратын төменгі дозаларда қолданған жөн.
Трансплантациялық емес көрсетілімдер
Сандиммун® Неорал® препаратын трансплантациямен байланыссыз белгіленген кез келген көрсетілімде қолданғанда келесі ережелер қадағалану керек:
Емдеуді бастар алдында, кем дегенде, екі өлшемдегі бүйрек функциясы параметрлерінің бастапқы сенімді деңгейі белгіленеді. MDRD формуласы бойынша айқындалатын шумақтық сүзіліс жылдамдығын (ШСЖ) ересек пациенттерде де, балаларда да бүйрек функциясын бағалау үшін пайдалануға болады. Сандиммун® Неорал® препаратының бүйрек функциясына әлеуетті теріс әсер етуін ескеріп, бүйрек функциясын жүйелі бағалау талап етіледі. Егер ШСЖ деңгейінің төмендеуі біреуден астам өлшемдегі бастапқы мәнінің 25%-дан астамын құраса, Сандиммун® Неорал® препаратының дозасы 25-50% азайтылуы тиіс. Егер ШСЖ деңгейінің төмендеуі бастапқы мәннің 35%-дан астамын құраса, Сандиммун® Неорал® препаратының дозасын көбірек азайту мәселесін қарастыру керек. Ондай нұсқауларды, тіпті пациенттің зертханалық көрсеткіштері қалып шегінде болса да, ескеру керек. Егер дозасын азайту бір ай ішінде ШСЖ жоғарылауына алып келмесе, Сандиммун® Неорал® препаратымен емдеуді тоқтату керек.
Қан қысымына жүйелі мониторинг жасау талап етіледі.
Билирубин деңгейі және бауыр функциясын сипаттайтын параметрлердің мәндері ем басталғанша анықталып, әріқарай ем барысында мониторинг жасалады. Емдеуді бастар алдында және ем кезінде жүйелі түрде қан сарысуы липидтерінің, калий, магний және несеп қышқылының деңгейін өлшеу ұсынылады.
Қандағы циклоспорин деңгейіне жасалатын жүйесіз мониторинг трансплантациялық емес көрсетілімдерде, мысалы, Сандиммун® Неорал® препаратын циклоспорин фармакокинетикасына әсер ететін заттармен бірге қолданғанда немесе әдеттен тыс клиникалық жауап (мысалы, препараттың жеткіліксіз тиімділігі немесе бүйрек функциясының бұзылуы сияқты жоғары көтерімсіздігі) жағдайларында орынды болады.
Препарат қабылдаудың стандартты тәсілі - ішу арқылы қабылдау. Инфузиялық ерітінді үшін концентрат пайдаланылғанда ішуге арналған дозасына сәйкес келетін көктамыр ішіне құюға арналған дозаны мұқият белгілеу керек. Циклоспоринмен емдеу тәжірибесі бар дәрігермен кеңесу ұсынылады.
Көру қабілетіне қатер төндіретін эндогенді увеиті бар пациенттер мен нефроздық синдромы бар балаларды қоспағанда, жалпы күнделікті дозалануы 5 мг/кг-ден аспауы тиіс.
Тиісінше белгіленген кезеңде талапқа сай емдік жауабы болмаса (нақты ақпарат төменде берілген) немесе тиімді дозасы белгіленген қауіпсіздік ережелерімен үйлесімсіз болса, Сандиммун® Неорал® препаратымен емдеуді тоқтату керек.
Эндогендік увеит
Ремиссияны индукциялау үшін препараттың бастапқы тәуліктік 5 мг/кг дозасын, белсенді қабыну белгілері жоғалғанша және көру өткірлігі жақсарғанша, екі рет ішу арқылы қабылдауға тағайындайды. Емдеуге көнуі қиын жағдайларда доза азғантай кезеңге тәулігіне дене салмағының әр кг шаққанда 7 мг дейін арттырылуы мүмкін.
Егер жалғыз Сандиммун® Неорал® препаратының жәрдемімен жағдайды бақылау мүмкін болмаса, онда бастапқы ремиссияға жеткізу үшін немесе қабыну ұстамаларын басу үшін жүйелік глюкокортикоидтарды тәуліктік 0,2-0,6 мг/кг дозада преднизолонмен (немесе эквивалентті дозадағы басқа ГКС) қосуға болады.
Демеуші ем барысында дозаны тиімді өте төмен дозаға дейін баяу төмендеткен жөн, ол ремиссия кезеңінде дене салмағының әр кг шаққанда тәулігіне 5 мг аспауы тиіс.
Иммунодепрессанттарды пайдаланар алдында увеиттің инфекциялық себептерінің бар-жоғын анықтау керек.
Нефроздық синдром
Ремиссияны индукциялауға ұсынылатын тәуліктік доза протеинурия есептелмейтін бүйрек функциясы қалыпты жағдайда 5 мг/кг (2 қабылдауға) құрайды.
Бүйрек функциясы бұзылған науқастарда бастапқы доза тәулігіне 2,5 мг/кг-ден аспауы тиіс.
Егер бір ғана Сандиммун® Неорал® препараты қолданылса, әсіресе, стероидқа төзімді науқастарда қанағаттанарлық әсерге жетпесе, онда ішуге арналған глюкокортикоидтардың төмен дозаларымен біріктіру ұсынылады.
Егер 3 ай ішінде жақсаруға қол жеткізілмесе, Сандиммун® Неорал® препаратын тоқтату керек.
Тиімділік (протеинурия) және қауіпсіздік көрсеткіштерінің ескерілуімен, дозалары жекеше таңдалуы тиіс, бірақ ересектерге тәулігіне 5 мг/кг дозадан асыруға болмайды.
Демеуші ем кезінде дозаны ең төмен тиімдісіне дейін біртіндеп азайту керек.
Ревматоидты артрит
Емдеудің алғашқы алты аптасында ұсынылатын дозасы екі қабылдауға 3 мг/кг/тәулік құрайды. Әсері жеткіліксіз жағдайда, егер көтерімділігі мүмкіндік берсе, тәуліктік дозасын біртіндеп арттыруға болады, бірақ 5 мг/кг-ден асыруға болмайды. Толық тиімділігіне жету үшін Сандиммун® Неорал® препаратымен 12 аптаға дейін емделу қажет болуы мүмкін.
Демеуші емге арналған дозаны препараттың көтерімділігіне қарай жекеше таңдау қажет.
Сандиммун® Неоралды® глюкокортикоидтардың төмен дозаларымен және/немесе қабынуға қарсы стероидты емес препараттармен біріктіріп тағайындауға болады. Сандиммун® Неоралды® метотрексатпен монотерапияға қанағаттанғысыз жауап берген науқастарда төмен дозалардағы метотрексаттың бір апталық курсымен де біріктіруге болады. Сандиммун® Неорал® препаратының бастапқы дозасы 2,5 мг/кг/тәулік (2 қабылдауға) құрайды, бұл орайда дозаны көтерімділігі шектелетін деңгейге дейін арттыруға болады.
Псориаз
Осы аурудың құбылғыштығы себебіне байланысты, ем әр адамға жеке таңдап алынуы тиіс. Ремиссияны индукциялауға ұсынылатын бастапқы доза дене салмағының әр кг шаққанда тәулігіне екі рет қабылданатын 2,5 мг құрауы тиіс. 1 ай емдегеннен кейін жақсару байқалмаған жағдайда тәуліктік доза біртіндеп арттырылуы мүмкін, бірақ дене салмағының әр кг шаққанда 5 мг аспауы тиіс. Егер дене салмағының әр кг шаққанда тәулігіне 5 мг дозамен 6 апта емдегеннен кейін псориаздың біліністері тарапынан қанағаттанарлық нәтиже алынбаса, немесе тиімді доза қауіпсіздіктің белгіленген параметрлеріне жауап бермесе, ем тоқтатылуы тиіс.
Дене салмағының әр кг шаққанда тәулігіне 5 мг бастапқы дозаны қолдану жағдайы тезірек жақсаруды қажет ететін науқастарда дәлелденеді. Егер қанағаттанарлық нәтижеге қол жетсе, онда Сандиммун® Неорал® препаратын тоқтатуға болады, ал кейінгі қайталануын Сандиммун® Неорал® препаратын бұған дейінгі демеуші дозасын қайтадан тағайындай отырып, емдеуге болады. Кейбір науқастарға ұзақ демеуші ем қажет болуы мүмкін.
Демеуші ем үшін доза әр адамға жекелей, тиімді, өте аз деңгейде іріктелуі тиіс, бірақ дене салмағының әр кг-на шаққанда тәулігіне 5 мг-ден аспауы тиіс.
Атопиялық дерматит
Осы аурудың құбылғыштығы себебіне байланысты, ем әр адамға жеке іріктелуі тиіс. Ұсынылатын бастапқы доза дене салмағының әр кг шаққанда тәулігіне екі қабылданатын 2,5-5 мг құрайды. Егер дене салмағының әр кг шаққанда тәулігіне 2,5 мг бастапқы доза екі апта ішінде қанағаттанарлық нәтиже алуға мүмкіндік бермесе, онда тәуліктік дозаны ең жоғары - 5 мг/кг дозаға дейін арттыруға болады. Өте ауыр жағдайларда ауруды тез және талапқа сай бақылауға дене салмағының әр кг шаққанда тәулігіне 5 мг бастапқы дозаны қолдана отырып, қол жеткізуге болады. Қанағаттанарлық нәтижеге қол жеткізген жағдайда доза біртіндеп төмендетілуі тиіс, егер мүмкіндік болса, Сандиммун® Неорал® қабылдауды тоқтатқан жөн. Ауру қайталанған жағдайда Сандиммун® Неорал® препаратымен емдеу курсы қайталануы мүмкін.
Ұзақтығы 8 апталық емдеу курсы тері жабындарын тазарту үшін жеткілікті болуы мүмкін екендігіне қарамастан, ұзақтығы 1 жылға дейінгі ем тиімді және барлық қажетті көрсеткіштерді міндетті түрде мониторланған жағдайда жағымдылығы жақсы екендігі білінді.
Егде жастағы пациенттерге қолданылуы
Сандиммун® Неорал® препаратын егде жастағы адамдарға қолдану тәжірибесі шектеулі, сонда да, препаратты тиісті дозада қабылдаған науқастар жағдайында ешқандай ауытқулар тіркелмеген.
Пациенттердің жекелеген топтары
Барлық көрсетілімдер
Бүйрек жеткіліксіздігі. Бүйрек жеткіліксіздігінің болуы фармакокинетикаға клиникалық тұрғыда маңызды ықпал етпейді. Алайда, циклоспориннің нефроуыттылық қуатына орай, бүйрек функциясына мұқият мониторинг жасау ұсынылады. Нефроздық синдромы бар пациенттерді қоспағанда, трансплантациямен байланыссыз көрсетілімдер бойынша бүйрек функциясының бұзылулары бар пациенттер циклоспорин қабылдамауы тиіс. Бүйрек функциясының бұзылуларымен нефроздық синдромы бар пациенттерде бастапқы дозасы тәулігіне 2,5 мг/кг-ден аспауы тиіс.
Бауыр жеткіліксіздігі. Циклоспорин бауырда метоболизденеді. Бауыр функциясының бұзылулары бар пациенттерде циклоспорин экспозициясының шамамен 2-3 есе артуы байқалуы мүмкін. Бауыр функциясының бұзылулары ауыр пациенттерде қандағы циклоспорин деңгейін ұсынылатын диапазон шегінде сақтап тұру үшін дозаны азайту қажет болуы мүмкін.
Егде жастағы пациенттерде қолдану
Егде жастағы адамдарда Сандиммун® Неорал® препаратын қолдану тәжірибесі шектеулі. Циклоспорин ішке қолданылған ревматоидты артритті емдеуге клиникалық зерттеулер жүргізілгенде пациенттердің 17,5% бөлігі 65 жаста және одан үлкен болды. Осы пациенттерде ем жүргізуге жауап ретінде систолалық қысым көрсеткіштерінің жоғарылауына бейімділік, сондай-ақ 3-тен 4 айға дейін созылған емдеу курсынан кейін қалыпты көрсеткіштермен салыстырғанда, сарысудағы креатинин концентрациясының ≥ 50% жоғарылауы жиірек байқалды.
Трансплантат реципиенттері мен псориазы бар пациенттер арасында Сандиммун® Неорал® препаратымен жүргізілген клиникалық зерттеулерге 65 жас шамасындағы қатысушылар немесе одан үлкендердің, олардың емге жауабы жастау қатысушылардың жауабынан өзгешеленетін-өзгешеленбейтіндігіне қатысты тұжырымдар жасау үшін жеткілікті саны кірістірілген жоқ.
Жалпы, егде жастағы пациенттерде, бауыр, бүйрек немесе жүрек функциясының жиірек төмендеуі, қатарлас аурудың немесе қатар жүргізілетін емнің болуы ескеріліп, дозаны таңдау абайлап атқарылу керек. Емді әдетте, дозалар диапазонының төменгі шегіндегі дозаны қолданумен бастау қажет.
Сандиммун® дәрілік түрінен Сандиммун® Неоралға® ауысу
Қолда бар деректер Сандиммун® препаратын қабылдаудан Сандиммун® Неорал® препаратын қабылдауға ауысу кезінде 1:1 дозалар арақатынасы сақталғанда жаңа алынған қанда анықталған циклоспориннің базальді концентрация мәндерінің салыстырмалы болатынын көрсетеді. Алайда көптеген пациенттерден ең жоғары концентрациясының (Cmax) аса жоғары мәндерін және препараттың әсер ету ұзақтығының (AUC – «концентрация-уақыт» қисығы астындағы аудан) артуын байқауға болады. Пациенттердің шағын пайызында осы өзгерістер аса айқын және клиникалық мәнді болуы мүмкін. Олардың шамасы, бұрын қолданылған биожетімділік ауытқуы жоғары Сандиммун® препаратымен салыстырғанда, циклоспориннің сіңірілу көрсеткішінің жекеше айырмашылықтарына едәуір шамада тәуелді болады.
Сандиммун® препаратынан Сандиммун® Неоралға® ауысу препарат экспозициясының ұлғаюына әкелуі мүмкін екендіктен келесі ережелерді ұстану керек.
Трансплантациядан кейінгі пациенттерде: препаратпен емдеуді Сандиммун® препаратын алдыңғы қолдану кезіндегі тәуліктік дозасынан бастау керек. Сандиммун® Неоралға® ауысқан соң 4-7 күн ішінде қандағы циклоспориннің базальді концентрациясына бастапқы бақылау жүргізген жөн. Бұдан басқа, бүйрек функциясының және артериялық қысым көрсеткіштері сияқты клиникалық қауіпсіздік параметрлерін ауысудан соң алғашқы 2 ай бойы бақылап отыру керек. Егер қандағы циклоспориннің базальді концентрациясы емдік диапазоннан тыс болса және/немесе клиникалық жағдайдың қауіпсіздік параметрлерінің нашарлауы байқалса, дозаны тиісінше түзету қажет.
Қолдануға трансплантациялық емес көрсетілімдері бар пациенттерде Сандиммун® Неорал® препаратымен емдеуді Сандиммунды® қолданған дозадан бастау қажет. Ауысудан соң 2, 4 және 8 апта өткенде бүйрек функциясын және артериялық қысым көрсеткіштерін бақылау қажет. Егер артериялық қысым ауысуға дейінгі көрсеткіштерден байқалатындай асып кетсе немесе Сандиммун® препаратымен емнің басталуына дейінгі көрсеткіштермен салыстырғанда сарысудағы креатинин концентрациясы бір өлшенуінен 25% аса ұлғайса, дозаны азайту керек. Препарат тиімсіз болғанда немесе уытты әсері дамығанда қандағы циклоспориннің базальді концентрациясын да бақылау қажет.
Циклоспориннің ішуге арналған бір дәрілік түрінен екіншісіне ауысу сақтанумен және дәрігердің бақылауымен атқарылу қажет. Жаңа дәрілік түр енгізілгенде циклоспориннің ауысуға дейін жеткен деңгейін қамтамасыз ету үшін қандағы циклоспорин деңгейін бақылау қажет.
Жағымсыз әсерлері
Клиникалық сынақтар кезінде байқалған және Сандиммун® Неорал® препаратын қолдануға байланысты негізгі жағымсыз реакцияларға бүйрек функциясының бұзылуы, тремор, гирсутизм, артериялық гипертензия, диарея, анорексия, жүрек айну және құсу кіреді.
Препаратты қолдануға қатысты көптеген жағымсыз реакциялар дозалау тәртібіне байланысты болады және дозаны төмендеткен кезде қайтымды сипатқа ие. Жағымсыз реакциялар диапазоны жиілігі мен ауырлығында айырмашылық болғанымен әр түрлі көрсетілімдер кезінде жалпы бірдей. Трансплантацияны өткерген науқастарда жоғары бастапқы дозаны қолдану қажеттілігі мен демеуші емнің көпке созылуы салдарынан жағымсыз әсерлер жиі кездеседі, әрі әдетте қолдануға басқа көрсетілімдері бар науқастарға қарағанда анағұрлым айқын.
Сандиммун® Неорал® қоса, иммуносупрессивті ем алатын немесе емдеудің циклоспорин енгізілген сызбасы тағайындалған пациенттерде вирустық, бактериялық, зеңдік және паразиттік инфекциялардың даму қаупі артады. Жайылған және жергілікті инфекциялардың дамуы, сондай-ақ емдеу басталғанға дейін орын алған инфекциялы аурулардың өршуі мүмкін. Полиомавирусты инфекциялар реактивациясы нефропатиямен астасқан-полиомавирустың (PVAN) дамуына немесе JC-вируспен (PML) астасқан үдемелі мультифокальді лейкоэнцефалопатияға әкелуі мүмкін. Күрделі және/немесе өліммен аяқталған жағдайлар туралы хабарланған.
Иммуносупрессивті препараттар, оның ішінде Сандиммун® Неорал® алатын немесе емдеудің циклоспорин енгізілген сызбасы тағайындалған пациенттерде лимфомалар дамуы немесе лимфопролиферативтік бұзылыстар мен басқа да қатерлі, әсіресе терідегі жаңа түзілістер дамуының қаупі артады. Қатерлі жаңа түзілістердің даму жиілігі емдеу қарқындылығы мен ұзақтығының артуымен жоғарылайды. Кейбір қатерлі ісіктер өлімге апаруы мүмкін.
Жағымсыз әсерлер олардың туындау жиілігіне сәйкес келтірілген.
Өте жиі (≥ 1/10):
-
гиперлипидемия
-
тремор, бас ауыруы
-
артериялық гипертензия
-
гирсутизм
-
бүйрек функциясының бұзылуы
Жиі ( ≥ 1/100 ден <1/10 дейін):
-
лейкопения
-
гипергликемия, анорексия, гиперурикемия, гиперкалиемия, гипомагниемия
-
құрысулар, парестезия
-
қан кернеулер
-
жүрек айнуы, құсу, жайсыздық/іш аумағындағы ауыру, диарея, қызыл иектің гиперплазиясы, пептикалық ойық жара
-
бауыр функциясы көрсеткіштерінің бұзылуы
-
акне, гипертрихоз
-
миалгия, бұлшықеттердің түйілуі
-
қызба, шаршағыштық
Жиі емес ( ≥ 1/1000-нан <1/100 дейін)
- тромбоцитопения, анемия
- энцефалопатия, қайтымды артқы энцефалопатия синдромын (PRES) қоса, құрысулар, сананың шатасуы, бағдардан жаңылу, сезімталдықтың (қабылдағыштықтың) төмендеуі, қозу, ұйқысыздық, көрудің бұзылуы, қыртысты соқырлық, кома, парездер, мишық атаксиясы сияқты белгілер мен симптомдар
- аллергиялық бөртпе
- ісінулер, дене салмағының артуы
Сирек (≥ 1/10000-нан <1/1000 дейін)
-
гемолиздік-уремиялық синдром, микроангиопатиялық гемолиздік анемия
-
панкреатит
-
бұлшықет әлсіздігі, миопатия
-
моторлық полинейропатия
-
етеккір оралымының бұзылуы, гинекомастия
Өте сирек ( ≥ 1/10000-нан <1/1000 дейін)
- көру жүйкесі дискісінің ісінуі, қатерсіз бассүйекішілік гипертензияға қатысты салдарлы көру қабілетінің нашарлау мүмкіндігімен көру жүйкесі бүртігінің ісінуінт қоса
Постмаркетингтік зерттеулер бойынша жағымсыз реакциялар
(жиілігі белгісіз)
-
тромбоздық микроангиопатия, тромбоздық тромбоцитопениялық пурпура
-
шеткергі нейропатия
-
бас сақинасы
-
гепатоуыттылық және бауырдың зақымдануы, холестаз, сарғаю, гепатит пен кейбір жағдайларда өліммен аяқталатын бауыр жеткіліксіздігін қоса
-
аяқтардың ауыруы
Препаратқа іріктелген жағымсыз реакциялар сипаттамасы
Гепатоуыттылық және бауырдың зақымдануы
Циклоспорин алған пациенттерде холестаз, сарғаю, гепатит және бауыр жеткіліксіздігін қоса, гепатоуыттылық және бауыр зақымдануы хабарланды. Хабарламалардың көпшілігі күрделі қатарлас аурулары, әртүрлі бастапқы жағдайлары және инфекциялық асқынулар мен гепатоуыттылығы зор препараттарды қатарлас пайдалануды қоса, басқа да ауырлық түсіретін факторлары бар пациенттерге қатысты болды. Кейбір жағдайларда, негізінен, трансплантациядан кейінгі пациенттерде өліммен аяқталулар тіркелген.
Жедел және созылмалы нефроуыттылық
Кальцийнейрин тежегіштерімен (CNIs), соның ішінде циклоспоринмен және циклоспорин қамтылған сызбалармен ем алған пациенттерде жедел немесе созылмалы нефроуыттылықтың туындау қаупі артады. Сандиммун® Неорал® препаратын пайдаланумен байланысты жағдайлар хабарланды. Жедел нефроуыттылық жағдайлары көпшілік жағдайларда емделудің алғашқы айында дамыған иондық гемостаз бұзылуларымен (гиперкалиемия, гипомагниемия, гиперурикемия) астасты. Созылмалы морфологиялық өзгерістер жағдайлары (артериолалар гиалинозы, түтікшелі атрофия және интерстициальді фиброз) хабарланды.
Аяқтардың ауыруы
Циклоспорин қолданумен байланысты аяқтар ауыруының бірлі-жарым жағдайлары тіркелген. Әдебиетте баяндалғандай, аяқтардың ауыруы кальцийнейрин тежегішімен индукцияланған ауыру синдромының бір бөлігі екені атап өтілген.
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- циклоспоринге немесе препараттың кез келген қосымша заттарына жоғары сезімталдық
–құрамында шілтерленген шайқурай (Hypericum Perforatum) бар препараттармен біріктіру
-
Р-гликопротеиннің эффлюксті тасымалдағыштары болып табылатын препараттармен және плазмада концентрацияларының жоғарылауы күрделі және/немесе өмірге қатерлі жай-күйлерге алып келетін органикалық аниондардың тасымалдағыш ақуыздарымен, мысалы, бозентан, дабигатран этексилат және алискиренмен біріктіру.
- 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Тағамдық өзара әрекеттесулер
Май мөлшері жоғары тамақты немесе грейпфрут шырынын бір мезгілде қолданғанда циклоспорин биожетімділігі артады.
Қатарлас қолдану кезінде ұсынылмайтын дәрілік өзара әрекеттесу
Циклоспоринмен емделу кезінде вакцинацияның тиімділігі аз болуы мүмкін, ал тірі әлсіретілген вакциналарды пайдаланбау керек.
Дәрілік өзара әрекеттесулер
Циклоспорин мен калий жинақтаушы препараттарды (мысалы, калий жинақтаушы диуретиктер, АӨФ тежегіштері, ангиотензин II рецепторларының антагонистері) немесе құрамында калий бар препараттарды сақтықпен тағайындау керек, өйткені бұл қан сарысуында калий деңгейінің едәуір артуына әкелуі мүмкін.
Бір мезгілде циклоспорин мен лерканидипин қолданудан кейін лерканидипин AUC үш есе артады, ал циклоспорин AUC 21% ұлғаяды. Сондықтан циклоспорин мен лерканидипинді бір мезгілде қолдануды абайлап тағайындау ұсынылады.
Циклоспорин күшті әсер ететін гликопротеин тежегіші (Pgp) болып табылады және, алискирен сияқты Pgp субстраттары саналатын қатарлас препараттардың қандағы деңгейлерін арттыруы мүмкін. Бір мезгілде циклоспорин мен алискирен қолдану ұсынылмайды.
Циклоспоринді дабигатранмен немесе бозентанмен бір мезгілде қолданбау керек.
Нефроуытты синергияның даму қаупіне орай, ревматоидты артритпен науқастарда циклоспорин мен метотрексат бір мезгілде қолданылғанда сақ болу керек.
Бірқатар препараттар, бауыр ферменттерін, әсіресе, циклоспорин метаболизміне және шығарылуына қатысатын CYP3A4-ті бәсекелес тежеу немесе индукциялау арқылы плазмадағы немесе жаңа алынған қандағы циклоспорин концентрациясын арттырады немесе азайтады.
Егер циклоспоринмен өзара әрекеттесетін препараттарды қатарлас қолданбауға болмаса, мына негізгі нұсқауларды ескеру керек:
-
Трансплантат бар пациенттерде: қандағы циклоспорин деңгейін жиі өлшеу және, қажет болса, әсіресе, қатарлас препаратты тағайындау немесе тоқтату кезінде оның дозасын түзету талап етіледі.
-
Трансплантатсыз пациенттерде: қандағы циклоспорин деңгейіне мониторинг жасау қажеттілігі күдік тудырады, өйткені қандағы деңгейі мен клиникалық әсерлері арасындағы өзара байланыс анық емес. Егер пациент циклоспорин деңгейін арттыратын препараттарды бір мезгілде қабылдаса, бүйрек функциясын жиі бағалау және қандағы циклоспорин деңгейін өлшеуге қарағанда, циклоспориннің жағымсыз әсерлерін мұқият бақылау аса қажетті.
Циклоспорин концентрациясын төмендететін препараттар
Барбитураттар, карбамазепин, окскарбазепин, фенитоин, нафциллин, көктамырішілік сульфадимидин; рифампицин, октреотид, пробукол, орлистат, құрамында шайқурай бар препараттар, тиклопидин, сульфинпиразон, тербинафин, бозентан.
Құрамында шайқурай бар препараттар, қандағы циклоспорин деңгейінің төмендеу, соған сәйкес, тиімділігінің төмендеу қаупіне орай, Сандиммун® Неорал® препаратымен қолданылмауы тиіс.
Рифампицин ішек пен бауырдағы циклоспорин метаболизмін индукциялайды. Рифампицинмен бір мезгілде қолданғанда циклоспорин дозасын 3-5 есе арттыру қажет болуы мүмкін.
Октреотид ішке қабылданғанда циклоспориннің сіңірілуін азайтады және циклоспорин дозасын 50% арттыру немесе көктамырішілік қолдануға көшу қажет болуы мүмкін.
Циклоспорин концентрациясын арттыратын препараттар
Антибиотиктер-макролидтер (мысалы, эритромицин, азитромицин және кларитромицин); кетоконазол, флуконазол және итраконазол, вориконазол, дилтиазем, никардипин, верапамил, метоклопрамид, ішуге арналған контрацептивтер, даназол, метилпреднизолон (жоғары дозаларда), аллопуринол, амиодарон, холий қышқылы және оның туындылары, протеаза тежегіштері, иматиниб, колхицин, нефазодон.
Аса жоғары нефроуыттылыққа алып келетін өзара әрекеттесулер
Өзінің синергиялық әсерімен нефроуыттылық тудыруы мүмкін препараттарды бір мезгілде қабылдайтын пациенттерде бүйрек функциясына (атап айтқанда, сарысудағы креатинин деңгейі) мұқият мониторинг жасау қажет. Бүйректің елеулі бұзылуы жағдайында басқа препараттың дозалануын азайту немесе баламалы емді қарастыру қажет.
Нефроуытты синергияны тудыруы мүмкін препараттар: аминогликозидтер (гентамицин мен тобрамицинді қоса), В амфотерицині, ципрофлоксацин, ванкомицин, триметоприм (+ сульфаметоксазол), ҚҚСП (диклофенак, напроксен, сулиндакты қоса), мелфалан, гистаминді Н2-рецепторлар антагонистері (мысалы, циметидин, ранитидин), метотрексат.
Нефроуыттылықтың даму қаупі артатындықтан такролимусты бірге қолданбау керек.
Диклофенак пен циклоспоринді бір мезгілде қолдану қайтымды сипатта болатын бүйрек жеткіліксіздігінің даму мүмкіндігімен диклофенак биожетімділігінің едәуір жоғарлауына алып келеді. Диклофенак биожетімділігінің артуын оның бауыр арқылы «алғаш өтуінде» метаболизмінің төмендеуінен болатыны жорамалданады. «Алғаш өту» әсері төмен ҚҚСП (мысалы, ацетилсалицил қышқылы) мен циклоспоринді бір мезгілде қолдану, әдетте, олардың биожетімділігінің артуына әкелмейді. Қабынуға қарсы стероидты емес дәрілік препараттар «алғаш өту» әсері айқын дәрілер (мысалы, диклофенак) болып табылады және, Сандиммун® Неорал® алмайтын пациенттердегіден аз дозаларда қабылдау керек.
Трансплантат реципиенттерінде (қан сарысуында креатининнің тиісінше көтерілуімен) фиброй қышқылының туындыларын (мысалы, безафибрат, фенофибрат) бір мезгілде қолданудан кейін бүйрек функциясының елеулі, бірақ қайтымды бұзылуының жекелеген жағдайлары хабарланды. Сондықтан осы пациенттерде бүйрек функциясын мұқият қадағалау қажет. Бүйрек функциясы едәуір нашарлаған жағдайда препараттарды бірге қолдану жоққа шығарылуы тиіс.
Басқа да дәрілік заттармен өзара мәнді әрекеттесулер
Бір мезгілде нифедипин мен циклоспорин қолдану, бір ғана циклоспорин қолданумен салыстырғанда, қызылиектер гиперплазиясы жағдайларының саны жағынан көбеюіне әкелуі мүмкін.
Циклоспорин дигоксин, колхицин, преднизолон, ГМГ-КоА редуктаза тежегіштерінің (статиндер), этопозид, алискирен, бозентан немесе дабигатранның клиренсін төмендетуі де мүмкін.
Дигоксин алған пациенттерде циклоспоринмен емдеу басталған уақытта бірнеше күн бойы дигиталиспен күрделі уыттану байқалды. Циклоспорин колхициннің миопатия және нейропатия сияқты уытты әсерлерін, әсіресе, бүйрек функциясы бұзылған пациенттерде қатты күшейтуі мүмкін. Егер дигоксин немесе колхицин циклоспоринмен бір мезгілде тағайындалса, препараттың дозасын азайтумен немесе тоқтатумен дигоксин немесе колхицин уыттылығын ерте диагностикалау үшін мұқият клиникалық мониторинг қажет.
Ловастатин, симвастатин, аторвастатин, правастатин, розувастатин, питавастатин және, сирек түрде, флувастатинді бір мезгілде қабылдаған пациенттерде циклоспорин қолданылғанда, бұлшықеттердің ауыруын және әлсіздікті, миозит пен рабдомиолизді қоса, миоуыттану дамыған жағдайлар байқалды. Циклоспоринмен бір мезгілде қолданғанда осы статиндер дозасын қолдану жөніндегі тиісті нұсқаулықта берілген ұсынымдарға сәйкес азайту керек. Миопатия симптомдары бар пациенттерде немесе рабдомиолиз нәтижесінде дамыған салдарлы бүйрек жеткіліксіздігін қоса, бүйрек функциясының ауыр бұзылуларын дамытатын қауіп факторлары бар пациенттерде статиндермен емдеуді уақытша тоқтатуға немесе тоқтата тұруға болады.
Бір мезгілде эверолимус немесе сиролимус және микроэмульсия түріндегі циклоспориннің толық дозаларын қолданғанда сарысулық креатинин артады. Бұл әсері циклоспорин дозаларын азайтқанда жиі қайтымды. Эверолимус және сиролимус циклоспорин фармакокинетикасына мардымсыз ықпал етеді. Бір мезгілде циклоспорин қолдану қандағы эверолимус және сиролимус концентрациясын елеулі арттырады.
Циклоспорин гипогликемияның туындау қаупін арттыра отырып, репаглинидтің плазмалық деңгейлерін жоғарылатуы мүмкін.
Бозентанмен бір мезгілде қолданылғанда циклоспорин қан плазмасындағы бозентан деңгейлерін арттырады.
Циклоспоринді алискиренмен бір мезгілде қолданылғанда, алискирен Cmax шамамен 2,5 есе және AUC шамамен 5 есе ұлғаяды. Дегенмен де, циклоспориннің фармакокинетикалық бейіні елеулі өзгермейді.
Бір мезгілде дабигатран мен циклоспорин қолдану циклоспориннің P-gp тежегіш белсенділігіне байланысты қан плазмасында дабигатран деңгейінің арттырылуына алып келеді. Дабигатранның емдік индексі тар және плазмадағы деңгейінің артуы жоғары қан кету қаупімен астасуы мүмкін.
Амбрисентан мен циклоспориннің бірнеше реттік дозаларын енгізу амбрисентан экспозициясының шамамен 2 есе ұлғаюына алып келді, ал циклоспорин экспозициясы болымсыз (шамамен 10%) ұлғайды.
Онкологиялық науқастарда антрациклин тобының антибиотиктерін және циклоспориннің өте жоғары дозаларын көктамыр ішіне бір мезгілде қолданғанда антрациклин тобына жататын антибиотиктер (мысалы, доксорубицин, митоксантрон, даунорубицин) экспозициясы едәуір ұлғаяды.
Айрықша нұсқаулар
Сандиммун® Неорал® препаратын иммуносупрессиялық ем жүргізу тәжірибесі бар және науқасты, физикалық тұрғыдан жүйелі толық зерттеулерді, артериялық қысымын өлшеуді және қауіпсіздігінің зертханалық көрсеткіштерін бақылауды қоса есептегенде, талапқа сай бақылауды қамтамасыз ету мүмкіндігі бар дәрігерлер ғана қолдануы тиіс. Трансплантация жасалған және препарат қабылдап жүрген науқастарды бақылауды білікті медициналық қызметкері, талапқа сай зертханалық және басқа да ресурстары бар мекемелерде ғана жүргізген жөн. Демеуші емге жауапты дәрігер науқасты жүргізу жөнінде толық ақпарат алуы тиіс.
Лимфомалар және басқа жаңа түзілімдер
Басқа да иммуносупрессорлар сияқты, циклоспорин лимфомалардың және әсіресе тері тарапынан басқа жаңа түзілімдердің даму қаупін арттырады. Жоғары қауіп нақты агенттер пайдаланумен емес, иммуносупрессияның дәрежесімен және ұзақтығымен байланысты екендігі сөзсіз. Иммуносупрессанттарды кешенді түрде қолдану (циклоспоринді қоса), лимфопролиферациялық бұзылулардың және кейде өліммен аяқталуға соқтыратын ауқымды ағзалар ісіктерінің даму ықтималдығын ұмытпай, сақ болуды талап етеді.
Сандиммун® Неорал® препаратын қабылдайтын, соның ішінде псориаз немесе атопиялық дерматиттен емделетін пациенттер тері обырының жоғары даму қаупіне орай, тіке түсетін күн сәулесінің астында шектен тыс көп болмау және ультракүлгінді немесе ПУВА фото-химиотерапиясын қабылдамау керек.
Инфекциялар
Басқа да иммуносупрессорлар қолдану кезіндегідей, циклоспорин қолдану, көбіне оппортунистік патогендердің қатысуымен, әртүрлі бактериялық, зеңдік, паразиттік және вирустық инфекциялардың дамуына әкелуі мүмкін. Циклоспорин алатын пациенттерде полиомавируспен байланысты нефропатияның (PVAN) туындауына, атап айтқанда, КБ-мен (Кох бацилласымен) вирустық нефропатияға (BKVN) немесе JC-вируспен (PML) байланысты үдемелі мультифокальді лейкоэнцефалопатияға әкелуі мүмкін жасырын полиомавирустық инфекция белсенділенді. Бұл жағдайлар иммунодепрессиялық препараттармен жоғары жалпы жүктемеленуден болады. Осындай жай-күйлердің дамуына иммуносупрессиялық ем алатын пациенттердің бүйрек функциясы мен жүйке жүйесінің бұзылу себептерін дифференциациялық диагностикалау кезінде көңіл бөлу керек. Күрделі және/немесе өлімді зардаптар туралы хабарланған. BKVN трансплантаттың ажырауын туындатуы мүмкін. Науқас өміріне бұл инфекциялардың әлеуетті қауіптілігін ескеріп, әсіресе, біріктірілген ұзақ мерзімді иммуносупрессиялық ем жағдайында, тиімді профилактикалық және емдік шараларды қолдану керек.
Жедел және созылмалы нефроуыттылық
Сандиммун® Неорал® препаратымен емдеудің алғашқы бірнеше аптасында жиі және аса күрделі асқынулар сарысулық креатинин және мочевина деңгейінің жоғарылауы болып табылады. Бұл функционалдық өзгерістер дозаға байланысты және қайтымды сипатта болады; әдетте, көрсеткіштер дозаны азайту кезінде қалып шегіне оралады. Кейбір пациенттерде препаратты ұзақ уақыт қолдану бүйректегі құрылымдық өзгерістердің туындауына (мысалы, артериолалар гиалинозы, түтікшелі атрофия және интерстициальді фиброз) әкелуі мүмкін, оларды бүйрегі трансплантацияланған пациенттердегі созылмалы қабылданбай ажырау белгілерінен айыра білу керек.
Гепатоуыттылық
Сандиммун® Неорал® препараты қайтымды сипатта болатын сарысудағы билирубин және бауыр ферменттері деңгейлерінің дозаға тәуелді артуын да туындатуы мүмкін. Холестаз, сарғаю, гепатит және бауыр жеткіліксіздігін қоса, гепатоуыттылық және бауыр функциясының бұзылуы хабарланды. Көпшілік жағдайларда елеулі қатарлас аурулары, негізгі патологиялық жағдайлары және инфекциялық асқынулар мен гепатоуыттылығы зор препараттармен бір мезгілде емделуді қамтитын басқа да қауіп факторлары болған пациенттер туралы сөз болды. Кейбір жағдайларда, көбінесе трансплантаттары бар пациенттерде өліммен аяқталулар хабарланды.
Бауыр функциясының сәйкесті көрсеткіштерін жүйелі түрде мұқият бақылап отыру қажет; осы көрсеткіштер қалып шегінен ауытқыған жағдайда, қажет болса, дозаны азайту керек.
Егде жастағы пациенттер (65 жастағы және одан асқан)
Егде жастағы пациенттерде бүйрек функциясын ерекше мұқият бақылау қажет.
Қандағы циклоспориннің деңгейін анықтау
Қандағы циклоспорин деңгейлерін спецификалық моноклональді антиденелерді (өзгермеген препарат мөлшерін анықтау) пайдаланумен анықтаған немесе тиімділігі жоғары сұйықтық хроматографиясын (ТЖСХ) пайдаланған дұрыс. Плазмадағы немесе сарысудағы сандық анықтау кезінде стандартты бөлу әдісін (уақыт және температура) қолдану керек.
Бауыры трансплантацияланған реципиенттерде емдеудің басында тиісті иммуносупрессия дәрежесін қамтамасыз ету үшін тек спецификалық моноклональді антиденелердің көмегімен немесе спецификалық және спецификалық емес моноклональді антиденелер пайдаланылатын қатарлас анықтамалар арқылы қандағы циклоспорин деңгейлерін бақылап отыру керек.
Қандағы, плазмадағы немесе сарысудағы циклоспорин деңгейінің пациенттің клиникалық жай-күйіне ықпал ететін көп фактордың біреуі ғана екенін есте сақтау керек. Сондықтан нәтижелерді басқа да біртұтас клиникалық және зертханалық көрсеткіштер қатарындағы емдеуге қатысты ұсыныстардың контекстінде қарастыру керек.
Трансплантацияланбаған пациенттерде, мысалы, Сандиммун® Неорал® препараты циклоспорин фармакокинетикасына араласуы мүмкін заттармен бірге қолданылатын немесе әдеттен тыс клиникалық реакция (мысалы, препараттың жеткіліксіз тиімділігі немесе жоғары көтере алмаушылық, бүйрек дисфункциясы сияқты) жағдайларында циклоспорин концентрациясына мезгіл-мезгіл мониторинг жасау ұсынылады.
Артериялық қысымды бақылау
Сандиммун® Неорал® препаратымен емделу барысында артериялық қысымды жүйелі бақылап отыру керек. Егер артериялық гипертензия анықталса, артериялық қысымды түсіру үшін тиісті ем жүргізген жөн. Циклоспорин фармакокинетикасына ықпал етпейтін гипертензияға қарсы дәріге, мысалы, исрадипинге екпін беру керек.
Зертханалық көрсеткіштердегі өзгерістер
Қандағы липидтердің болымсыз қайтымды жоғарылауы жөнінде жекелеген хабарламалар бар. Емдеудің басталуына дейін және одан кейін бір айдан соң липидтер деңгейін өлшеу қажет. Липидтердің жоғары деңгейі анықталғанда рациондағы май үлесін азайтып, егер керек болса, циклоспорин дозасын төмендету мүмкіндігін қарастыру қажет.
Циклоспорин қабылдағанда, әсіресе, бүйрек дисфункциясы бар пациенттерде гиперкалиемияның даму қаупі артады. Циклоспорин калий жинақтаушы препараттармен (мысалы, калий жинақтаушы диуретиктермен, ангиотензин өзгертуші фермент тежегіштерімен, ангиотензин II рецепторларының антагонистерімен) немесе құрамында калий бар препараттармен немесе егер пациенттер калийі мол емдәмде жүргенде сақтанумен тағайындалады. Ондай жағдайларда калий деңгейін бақылау ұсынылады.
Циклоспорин қабылдау организмдегі магний клиресін арттырады, бұл бәрінен бұрын перитрансплантациялық кезеңде симптоматикалық гипомагниемияның дамуына әкелуі мүмкін. Перитрансплантациялық кезең ішінде, бәрінен бұрын, егер неврологиялық симптомдары болса, қан сарысуындағы магний деңгейін бақылау ұсынылады. Егер қажет болса, магний препараттарын қосымша тағайындау керек.
Гиперурикемиясы бар пациенттерді емдегенде сақтық танытқан жөн.
Сандиммун® Неорал® препаратымен емделу кезінде вакцинация тиімділігі аз болуы мүмкін. Тірі аттенуирленген вакциналарды қолданбау керек.
Басқа дәрілік заттарды қатарлас қолдану кезіндегі өзара әрекеттесулер
Дәрілік өзара әрекеттесулер
CYP3A4 және/немесе P-гликопротеинді бәсеңдету немесе белсенділендіру арқылы қан плазмасында циклоспорин концентрациясының елеулі жоғарылауына немесе төмендеуіне әкелетін препараттармен циклоспоринді бірге қолданғанда сақтық таныту керек.
Циклоспориннің деңгейін арттыратын немесе синергиялық нефроуытты әсерді көріністейтін белсенді заттармен циклоспорин бірге тағайындалғанда нефроуыттылыққа мұқият мониторинг жасаған жөн.
Циклоспорин мен такролимусты бір мезгілде пайдаланбау керек.
Циклоспорин CYP3A4, мультидәрілік эффлюксті тасымалдық P-гликопротеиннің және органикалық аниондар тасымалдаушы протеиндерінің тежегіші болып табылады және осы ферменттің және/немесе тасымалдағыштардың субстраттары болып табылатын қатарлас препараттардың қан плазмасындағы концентрациясын арттыруы мүмкін. Циклоспорин осындай препараттармен бірге абайлап тағайындалады немесе оларды бір мезгілде қабылдамау керек. Циклоспорин HMG-CoA редуктазасы тежегіштері (статиндер) әсерінің жоғарылауына әкеледі. Циклоспоринмен бір мезгілде қабылдағанда статиндердің дозалануын азайту қажет; қолдану жөніндегі нұсқаулығына сәйкес, статиндердің белгілі бір түрлерін пайдаланбау керек. Миопатия белгілері немесе симптомдары бар немесе рабдомиолизге қатысты салдарды бүйрек жеткіліксіздігін қоса, бүйректің ауыр зақымдануына бейімдейтін қауіп факторлары бар пациенттерде статиндермен емдеуді тоқтата тұру немесе тоқтату керек.
Циклоспорин мен лерканидипинді бірге қабылдаудан кейін лерканидипиннің қисық астындағы ауданы (AUC) үш есе ұлғайды, ал циклоспорин AUC 21% ұлғайған. Осылайша, циклоспорин мен лерканидипинді бір мезгілде қабылдамау керек. Лерканидипиннен кейін 3 сағаттан соң циклоспорин қабылдау лерканидипин AUC өзгерістеріне әкелмеген, осы орайда циклоспорин AUC 27% ұлғайған. Осылайша, 3 сағаттан кем емес аралықпен аталған препараттар бірге абайлап пайдаланылуы тиіс.
Арнайы қосымша заттар: этанол
Сандиммун® Неорал® препаратының құрамында шамамен 12 % этанол бар.
Жүкті немесе емізулі әйелдерге, бауыр аурулары немесе эпилепсиясы бар пациенттерге, маскүнемдікпен ауыратын пациенттерге препаратты қолданғанда Сандиммун® Неорал® препараты құрамында этанол бар екендігін ескергендері жөн.
Сандиммун® Неорал® препаратының құрамында асқазан бұзылысы мен
диареяны тудыруы мүмкін гидрогенделген майсана майы бар.
УК-сәулеленудің әсері
Терінің қатерлі өзгерістерінің пайда болуының ықтимал қаупіне байланысты, Сандиммун® Неорал® препаратын алатын пациенттер, соның ішінде псориаз немесе атопиялық дерматиттен емделіп жүргендер тиісінше қорғанышсыз күн астында шамадан тыс болудың зиян екендігі туралы ескертілуі тиіс және бір мезгілде ультракүлгін В типті сәулелену немесе ПУВА (псораленоультракүлгін сәулелену) емін алуға болмайды.
Транстплантациямен байланыссыз көрсетілімдер кезінде қосымша алдын ала сақтану шаралары
Бүйрек функциясының бұзылуында (нефроздық синдромы бар, сондай-ақ бүйрек функциясы бұзылуының рұқсатты дәрежесіндегі науқастарды қоспағанда), бақыланбайтын артериялық гипертонияға, бақыланбайтын инфекцияларға және қатерлі ісіктердің кез келген түрлеріне шалдыққан науқастар Сандиммун® Неорал® препаратын қолданбауы тиіс.
Емдеуді бастар алдында, кем дегенде, екі өлшемдегі ШСЖ базалық бағасы белгіленуі тиіс. Бүйрек функциясы дозаны түзету үшін емдеу кезінде ұдайы бағалануы керек.
Эндогенді увеит кезіндегі алдын ала сақтану шаралары
Сандиммун® Неорал® препараты бүйрек функциясының бұзылуын туғызуы мүмкін екендіктен, емдеуді бастапқы қалыпты бүйрек функциясы жағдайында ғана тағайындауға болады. Бүйрек функциясын жиі бағалау қажет. Егер сарысу креатинині бір өлшенуінен көбірек бастапқы мәндерінен 30%-дан аса жоғары күйде қалса (Сандиммун® Неорал® препаратымен емдеу басталғанша), дозаны 25-50% азайту талап етіледі. Бұл нұсқаулар, егер тіпті креатинин концентрациясының мәндері зертханалық қалып шегінде қалуы жалғаса берсе де, орындалу керек.
Бехчет неврологиялық синдромы бар пациенттерге Сандиммун® Неорал® сақтықпен тағайындалу керек. Бехчет неврологиялық синдромы бар пациенттердің неврологиялық статусын мұқият бақылау керек.
Нефроздық синдром кезіндегі алдын ала сақтану шаралары
Сандиммун® Неорал® бүйрек функциясының бұзылуын туғызуы мүмкін екендіктен, оны жиі бағалау қажет. Егер сарысу креатинині бір өлшенуінен көбірек бастапқы мәндерінен 30%-дан аса жоғары күйде қалса (Сандиммун® Неорал®препаратымен емдеу басталғанша), дозаны 25-50% азайту талап етіледі. Бүйрек функциясының бастапқы бұзылуы бар науқастар үшін бастапқы дозасы тәулігіне 2,5 мг/кг құрайды. Осы науқастардың жағдайын тиянақты бақылаумен қамтамасыз ету қажет.
Нефроздық синдромнан болатын бүйрек функциясының өзгерісіне орай, кейбір науқастарда Сандиммун® Неорал® препараты туындататын бүйрек функциясының бұзылуын анықтау қиын болады. Бұл Сандиммун® Неорал® препаратымен байланысты бірқатар жағдайларда сарысу креатининінің көтерілуінсіз бүйректе құрылымдық өзгерістердің байқалуымен түсіндіріледі. Сандиммун® Неорал® препаратымен бір жылдан астам демеуші ем алған аздаған өзгерістермен болатын стероидқа тәуелді нефропатиямен науқастарға бүйрекке биопсия жасау көрсетілген.
Сирек жағдайларда иммуносупрессорлармен (соның ішінде циклоспоринмен) емделген нефроздық синдромы бар науқастарда қатерлі ісіктердің пайда болуы (Ходжкин лимфомасын қоса) білінген.
Ревматоидты артрит кезінде алдын ала сақтану шаралары
Сандиммун® Неорал® препараты бүйрек функциясын бұзуы мүмкін болғандықтан, емдеудің алдында кем дегенде екі өлшемде болатын сарысу креатининінің сенімді бастапқы деңгейі белгіленуі тиіс. Креатинин деңгейін емнің алғашқы үш айы бойына 2-апталық аралықтармен, ал әріқарай айына 1 рет бақылап отыру керек. Сарысу креатининін 6 ай емделген соң негізгі аурудың тұрақтылығына, қатарлас жүргізілетін емнің және қатар жүретін аурулардың болуына қарай әр 4-8 апта сайын анықтау керек. Сандиммун® Неорал® препаратының дозасын арттыру кезінде, қабынуға қарсы стероидты емес препараттармен қатарлас ем тағайындалғанда немесе олардың дозаларын арттырғанда жиірек бақылау қажет. Егер сарысу креатинині бір өлшенуден көбірек бастапқы мәндерден 30%-дан аса жоғары күйде қалса (емдеу басталғанша), дозаны азайту қажет. Егер сарысу креатинині 50%-дан көп асып кетсе, дозаны 50% азайту қажет. Егер тіпті креатинин концентрациясы мәндерінің зертханалық қалып шегінде қалуы жалғасса да, бұл нұсқаулар орындалу керек. Егер дозаны қысқарту бір ай бойы креатинин деңгейінің төмендеуіне әкелмесе, Сандиммун® Неорал® препаратымен емдеу тоқтатылуы тиіс.
Егер Сандиммун® Неорал® препаратымен емделу кезінде бақыланбайтын артериялық гипертония туындаған кезде емдеуді тоқтату қажет.
Басқа ұзаққа созылатын иммуносупрессиялық ем кезіндегідей, лимфопролиферациялық бұзылулардың пайда болу қаупінің артатынын есте ұстау керек. Сандиммун® Неорал® препаратын метотрексатпен біріктіріп пайдаланғанда ерекше сақтану керек.
Псориаз кезінде алдын ала сақтану шаралары
Сандиммун® Неорал® бүйрек функциясын бұзуы мүмкін, сондықтан емдеудің алдындағы кем дегенде екі өлшемде сарысу креатининінің сенімді бастапқы деңгейі белгіленуі тиіс. Креатинин деңгейін емнің алғашқы үш айы бойына 2-апталық аралықтармен бақылау керек. Егер әріқарай креатинин деңгейі тұрақты күйде қалса, онда өлшеуді 1 ай аралықпен жүргізген жөн. Егер сарысу креатинині бір өлшенуінен көп бастапқы мәндерінен 30%-дан аса жоғары күйде қалса (емдеу басталғанша), дозаны 25-50% азайту қажет. Егер тіпті креатинин концентрациясы мәндерінің зертханалық қалып шегінде қалуы жалғасса да, осы нұсқаулар орындалу керек. Егер дозаны қысқарту бір ай бойы креатинин деңгейінің төмендеуіне әкелмесе, Сандиммун® Неорал® препаратымен емдеу тоқтатылуы тиіс.
Сандиммун® Неорал® препаратымен емделу кезінде бақыланбайтын артериялық гипертензия туындаған жағдайда да емдеуді тоқтату қажет.
Сандиммун® препаратын егде жастағы науқастарға мүгедектікке ұшырататын псориаз жағдайларында ғана тағайындауға болады, бұл орайда бүйрек функциясын мұқият бақылау қажет.
Сандиммун® Неорал® препаратымен ем алатын псориазы бар науқастарда, басқа да ұзаққа созылатын иммуносупрессиялық ем кезіндегідей, әсіресе, терінің қатерлі жаңа түзілімдерінің туындауы хабарланды. Псориазға тән емес терінің зақымданулары болса және олардың қатерлілігіне немесе обыр алдындағы жағдайға күдік туындаса, Сандиммун® Неорал® препаратымен емделу басталғанша биопсия жасаған жөн. Қатерлі немесе обыр алдындағы зақымданулары бар науқастарды, осы зақымдарды тиісінше емдеуден кейін және тиімді баламалы ем болмаса ғана Сандиммун® Неорал® препаратымен емдеуге болады.
Сандиммун® Неорал® препаратымен ем алған псориазы бар бірнеше науқаста лимфопролиферациялық аурулар білінді. Бұл жағдайларда препаратты дереу тоқтату талап етілді.
Атопиялық дерматит кезінде алдын ала сақтану шаралары
Сандиммун® Неорал® препараты бүйрек функциясын бұзуы мүмкін, сондықтан емдеудің алдындағы кем дегенде екі өлшемде сарысу креатининінің сенімді бастапқы деңгейі белгіленуі тиіс. Креатинин деңгейін емнің алғашқы үш айы бойына 2-апталық аралықтармен бақылау керек. Егер әріқарай креатинин деңгейі тұрақты күйде қалса, онда өлшеуді 1 ай аралықпен жүргізген жөн. Егер сарысу креатинині бір өлшенуінен көп бастапқы мәндерінен 30%-дан аса жоғары күйде қалса (емдеу басталғанша), дозаны 25-50% азайту қажет. Егер тіпті креатинин концентрациясы мәндерінің зертханалық қалып шегінде қалуы жалғасса да, осы нұсқаулар орындалу керек. Егер дозаны қысқарту бір ай бойы креатинин деңгейінің төмендеуіне әкелмесе, Сандиммун® Неорал® препаратымен емдеу тоқтатылуы тиіс.
Сандиммун® Неорал® препаратымен емделу кезінде бақыланбайтын артериялық гипертензия туындаған жағдайда да емдеуді тоқтату қажет.
Сандиммун® Неорал® препаратын егде жастағы науқастарға атопиялық дерматиттің ауыр түріне шалдыққан жағдайларда ғана тағайындауға болады, бұл орайда бүйрек функциясын мұқият бақылау қажет.
Қатерсіз лимфоаденопатия, әдетте, кезіндегі қан кернеулермен байланысты және үнемі өздігінен немесе ауру ағымының жалпы жақсаруында басылады. Циклоспоринмен емделу аясында білінген лимфоаденопатияны жүйелі бақылау керек. Ауру белсенділігінің азаюына қарамастан сақталатын лимфоаденопатия лимфоманың бар-жоғын анықтау үшін биопсия жасалуы тиіс.
Қарапайым герпестің белсенді ағымын Сандиммун® Неорал® препаратымен ем басталмас бұрын емдеп-жазу керек. Ауыр жағдайларын қоспағанда, егер емдеу басталып кетсе, қарапайым герпестің пайда болуы препаратты тоқтатуға себеп бола алмайды.
Алтын түстес стафилококк (Staphylococcus aureus) тудырған терінің инфекциялық аурулары Сандиммун® Неорал® препаратымен емдеуге абсолютті қарсы көрсетілім болып табылмайды, бірақ бактерияға қарсы тиісті препараттармен бақылануы тиіс. Эритромицинді ішке тағайындамау керек, өйткені ол қанда циклоспорин концентрациясын арттырады, бірақ баламалы ем болмаған уақытта қандағы циклоспорин концентрациясын, бүйрек функциясын және циклоспориннің жағымсыз әсерлерінің бар-жоғын мұқият бақылау ұсынылады.
Жүктілік және лактация кезеңі
Бала туу жасындағы әйелдерге арналған арнаулы нұсқаулар жоқ.
Жануарларға жүргізілген зерттеулер препараттың егеуқұйрықтар мен үй қояндарының тұқым өрбіту функциясына уытты әсерінің бар екенін көрсетті.
Жүкті әйелдерде Сандиммун® Неорал® препаратын қолдану тәжірибесі шектеулі. Трансплантациядан кейін циклоспоринмен немесе циклоспорин қамтылған сызбалармен иммуносупрессиялық ем алатын жүкті әйелдерде мерзімінен бұрын (<37 апта) босанудың жоғары қаупі бар. Жатырішілік даму кезеңінде циклоспорин әсеріне ұшыраған балаларда (олар 7-ге дейінгі жасқа жеткенше) бақылаулардың шектеулі саны бар. Осы балаларда бүйрек функциясы және АҚ қалып шегінде болды.
Алайда, жүкті әйелдерде талапқа сай және жақсы бақыланатын зерттеулер жүргізілмеген, сондықтан, ана үшін күтілетін пайдасы ұрыққа төнетін әлеуетті қауіптен асып түсетін жағдайларды қоспағанда, жүктілік кезеңінде Сандиммун® Неорал® препаратын қолдануға болмайды. Сандиммун® Неорал® препаратының құрамында этанолдың бар екені ескерілуі тиіс.
Циклоспорин емшек сүтіне өтеді. Сандиммун® Неорал® препаратын алатын әйелдер бала емізбеуі тиіс.
Сандиммун® Неорал® препараты жаңа туған нәрестелерде дәрілік зат қабылдаумен байланысты ауыр жағымсыз құбылыстардың туындауын күшейтуі мүмкін, бала емізу кезеңінде дәрілік зат қабылдаудан бас тартуға қатысты немесе, керісінше, препараттың ана үшін маңыздылығын ескеретін шешім қабылдану керек.
Сандиммун® Неорал® препаратының адам фертильділігіне ықпалы туралы қолда бар деректер шектеулі. Еркек және ұрғашы егеуқұйрықтарға жүргізілген зерттеулерде фертильділіктің бұзылуы байқалмаған.
Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Емделу кезеңінде зейін жұмылдыруды және психомоторлы реакциялардың шапшаңдығын қажет ететін қауіптілігі зор қызмет түрлерімен айналысуды тоқтата тұру қажет.
Артық дозалануы
Жедел артық дозалануы жөніндегі деректер шектеулі.
Симптомдары: 10 г (шамамен 150 мг/кг) артық дозада ішу арқылы қабылдау салыстырмалы түрде елеусіз клиникалық салдарына (құсу, ұйқышылдық, бас ауыру, тахикардия) және кейбір пациенттерде – салыстырмалы түрде бүйрек функциясының елеулі қайтымды бұзылуларына әкелген. Препараттың шала туған нәрестелерде кездейсоқ парентеральді артық дозалануы ауыр уыттануға әкеп соққан.
Емі: артық дозаланудың барлық жағдайларында симптоматикалық емдеу мен жалпы демеу шараларын жүргізген жөн. Артық дозаланудың алғашқы сағаттарында құстыртып, асқазанды шаю керек. Препарат іс жүзінде гемодиализ кезінде және белсендірілген көмір қолданылған гемоперфузия кезінде шығарылмайды.
Шығарылу түрі және қаптамасы
5 капсуладан полиамид/алюминий/поливинилхлоридті үлбірден және баспалы лакталған алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салынған.
10 пішінді ұяшықты қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.
Сақтау шарттары
Ылғалдан қорғау үшін түпнұсқалық қаптамасында, 25С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
2 жыл
Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецепт арқылы
Өндіруші
Каталент Германия Эбербах ГмбХ
Гаммельсбахер штрассе 2
69412 Эбербах, Германия
Қаптаушы
Новартис Фарма Штейн АГ
Шаффхаузерштрассе
4332 Штейн, Швейцария
Тіркеу куәлігінің иесі
Новартис Фарма АГ
Лихтштрассе 35
4056 Базель, Швейцария
Қазақстан Республикасы аумағында дәрілік зат қауіпсіздігін тіркеуден кейін бақылауға жауапты және тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдар қабылдайтын ұйымның мекенжайы
Қазақстандағы Новартис Фарма Сервисэз АГ филиалы
050051 Алматы қ., Луганский к-сі, 96
тел.: (727) 258-24-47
факс: (727) 244-26-51
e-mail: drugsafety.cis@novartis.com