Сангисепт

МНН: Аскорбиновая кислота, Прополис
Производитель: Эйкос-Фарм ТОО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Прочие препараты
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№001294

Инструкция

Саудалық атауы

Сангисепт

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Таблеткалар

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді заттар: прополис тұндырмасы – 60.0 мг, аскорбин қышқылы – 5.0 мг

қосымша заттар: лимон қышқылы, қант, кальций стеараты, жеміс-жидек эссенциясы.

Сипаттамасы

Беткейі тегіс, сызығы мен ойығы бар, ашық-сарыдан сары түске дейінгі таблеткалар. Таблетканың беткейінде теңбілдердің болуына жол беріледі.

Фармакотерапиялық тобы

Тамақ ауруларын емдеуге арналған препараттар. Антисептиктер. Басқа да препараттар.

АТХ коды R02AA20.

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Прополистің әсері оның компоненттерінің жиынтық әсері болып табылады, сондықтан кинетикалық зерттеулер жүргізу мүмкін емес.

Аскорбин қышқылын пероральді түрде қабылдағаннан кейін жақсы сіңеді. Шамамен 25 % плазма протеиндерімен байланысады, плазмада және жасушаларда жинақталады, ең жоғары концентрацияға без тіндерінде (көбіне бүйрекүсті қыртысын және гипофизге) жетеді. Бауырда метаболизденеді, оксалат түрінде және өзгермеген түрде несеппен шығарылады.

Фармакодинамикасы

Прополис – балауыздың, бальзамдық заттардың, прополис шайырларының, эфир майларының, балауыздың, иіткіш заттардың, құрамында биологиялық белсенділікке ие фенольді қосылыстардың күрделі кешені – фенолкарбон (кофе, п-кумар, ферул) қышқылдары бар тозаңдардың және флавоноидтардың табиғи қоспасы болып табылатын шығу тегі бал аралар тіршілігінің өнімі негізіндегі табиғи препарат.

Прополистің шайырлық және бальзамдық заттарының құрамында даршын спирті, даршын қышқылы, қаныққан - пальмитин, стеарин қышқылдары, қанықпағандардан – олеин, сондай-ақ басқа заттармен бірге прополистің микробтарға қарсы әсеріне ықпал ететін бензой қышқылы бар. Прополис құрамында ферменттер, А, B1, В2, Е, С, РР витаминдері және микроэлементтер (алюминий, ванадий, темір, кальций, кремний, марганец, стронций) бар.

Прополис қабынуға қарсы, микробтарға қарсы (грамоң бактерияларға қатысты), қышынуға қарсы және ауыруды басатын қасиеттері бар (шырышты қабықтардың және терінің анальгезиясын туындатады, зақымданған тіндердің ауырғанын төмендетеді), грануляциялардың өсуіне ықпал етеді, регенерация үдерісін және жара беткейлерінің эпителизациясын жылдамдатады; метаболизмдік үдерісті көтермелейді. Прополистің фенольдік бірігулердің ықпал етуімен фагоцитоз күшейеді, әртүрлі микроорганизмдерге және олардың уыттылығынға қарсы спецификалық антиденені өндіруі қарқынды болады. Табиғи антибиотик болғандықтан прополис асқазан-ішек жолындағы жағымды микрофлораны бәсеңдетпейді, оны қолдану дисбактериозға және микроорганизмдердің прополиске төзімді штаммдардың пайда болуына әкелмейді.

Аскорбин қышқылы организмде С витамині тапшылығының орнын толтырады, айқын антиоксидантты қасиеттерге ие, тотығу-тотықсыздану үдерісін реттейді, инфекцияға организмнің қарсы тұруын жоғарылатады.

Қолданылуы

Ауыз қуысы мен жұтқыншақтың қабыну ауруларында:

- фарингитте

- тонзиллитте

- катаральді гингивитте

- афтозды стоматитте

- пародонтитте

Қолдану тәсілі және дозалары

Таблетканы ауызда толық ерігенше ұстау керек. Ересектерге арналған ең жоғарғы бір реттік доза 4 таблетка, тәуліктік доза 12 таблетка. 6 жастан асқан балаларға ең жоғарғы бір реттік доза 2 таблетка, тәуліктік доза 6 таблетка. Емдеу курсы – қабыну белгілері қайтқанға дейін - 5-8 күн.

Жағымсыз әсерлері

- аллергиялық реакциялар (қышыну, терінің қызаруы, бөртпе) болуы мүмкін

Өте сирек

- ауыздың құрғауы, асқазан аймағында жағымсыздықты сезіну, тәбеттің болмауы

- бас айналуы, ұйқышылдық, жүрек қағуы.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препарат компонентттеріне жоғары сезімталдық

- жекелей көтере алмаушылық (ара шаққанда, ара шаруашылығының басқадай өнімдеріне сезімталдық жоғары болғанда)

- бронх демікпесінде

- экземада

- диатезде

- 6 жасқа дейінгі балаларға

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Прополис пенициллин, стрептомицин, тетрациклин, неомицин, мономицин, полимиксин сияқты антибиотиктердің белсенділігін жоғарылатады.

Аскорбин қышқылының дәрілерімен өзара байланысуы оны ұзақ уақыт бойы көп дозада қолданғанда жиі пайда болады.

Аскорбин қышқылы қандағы салицилаттардың (кристаллурия қаупін арттырады), этинилэстрадиолдың, бензилпенициллиннің және тетрациклиндердің концентрациясын жоғарылатады.

Эстрогендермен – қан сарысуындағы гормондардың деңгейін арттырады.

Құрамында эстроген бар оральді котрацептивтермен – контрацептивтердің әсері азаяды.

Кумарин туындыларының антикоагуляциялық әсерін азайтады.

Ішекте темір препараттарының сіңуін жақсартады.

Айрықша нұсқаулар

Аллергиялық реакциялардың дамуында емдеуді тоқтату керек.

Қант диабетіне шалдыққан науқастар немесе құрамында қанты төмен диетадағы науқастар әрбір таблеткада 582 мг қант бар екендігін ескерулері керек.

Жүктілік және лактация кезеңі

Дәрігердің келісімінен кейін қолданылуы мүмкін.

Препаратты көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері

Әсер етпейді.

Артық дозалануы

Симптомдары: жағымсыз әсерлердің күшеюі, қанда лейкоциттер санының артуы мүмкін.

Емі. Препаратты қабылдауды тоқтату керек.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Екі жағында да полимерлі жабыны бар қаптамалық қағаздан жасалған пішінді ұяшықсыз қаптамаға 10 таблеткадан салынған. 250 пішінді қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапқа (топтамалық қаптамаға) салынады.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

«Эйкос-Фарм» ЖШС, Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Боралдай кенті, 71 разъезд.

Тіркеу куәлігінің иесі

«Эйкос-Фарм» ЖШС, Қазақстан

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

Алматы қ., Нүсүпбекова к-сі, 32

тел: 397 64 29, факс: 250 71 78, e-mail: pharm@eikos.kz

Прикрепленные файлы

071515041477976283_ru.doc 50 кб
441893481477977532_kz.doc 60.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники