Салициловой кислоты раствор спиртовой 2%

МНН: Салициловая кислота
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Фенол и его производные
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№009524
Период регистрации: 14.09.2016 - 14.09.2021
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)
Предельная цена закупа в РК: 76.68 KZT

Инструкция

Саудалық атауы

1 % және 2 % салицил қышқылының спиртті ерітіндісі

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

2 % сыртқа қолдануға арналған спиртті ерітінді

Құрамы

100 мл препарат құрамында белсенді зат: 2 г салицил қышқылы

қосымша зат: 100 мл-ге дейінгі 70 % этил спирті

Сипаттамасы

Спирт иісі бар мөлдір түссіз сұйықтық.

Фармакотерапиялық тобы

Антисептиктер және дезинфекциялайтын препараттар. Фенол және оның туындылары.

АТХ коды D08AЕ

Фармакологиялық қасиеттері

Антисептикалық, жергілікті тітіркендіргіш және қабынуға қарсы әсер етеді. Майбездерінің және тер бездерінің сөлінісін бәсеңдетеді. Төмен концентрацияларда кератопластикалық, ал жоғарыда - кератолитикалық әсері бар. Микробтарға қарсы белсенділігі төмен.

Қолданылуы

- терінің жұқпалы зақымдануы

Қолдану тәсілі және дозалары

Терінің зақымданған жерлерін салицил қышқылы ерітіндісіне малынған тампонмен тәулігіне 2-3 рет өңдейді. Қажет болғанда емді қайталайды. Емдеу курсы - 1 аптадан көп емес.

Жағымсыз әселері

  • терінің тітіркенуі

  • қышыну, ашыту, терінің бөртпесі түріндегі жергілікті реакциялар.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препаратқа аса жоғары сезімталдық

- 15 жасқа дейінгі балалар

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Салицил қышқылы жергілікті қолданылатын басқа ДЗ үшін терінің өткізгіштігін жоғарылату мүмкіндігіне байланысты олардың сіңірілуін күшейтеді. Сілтілі препараттармен бірге қолданбаған дұрыс. Ерітінді резорцинмен (ерітетін қоспалар түзеді) және мырыш тотығымен (ерімейтін мырыш салицилаты) фармацевтикалық тұрғыдан сыйымсыз.

Айрықша нұсқаулар

Препаратты туа біткен қалға, қылды сүйелдерге, жыныс мүшелері аймағындағы немесе беттегі сүйелдерге жағуға болмайды.

Балаларды емдеген кезде терінің бірнеше аумағын біруақытта өңдеуге болмайды.

Жүктілік, лактация кезеңі

Жүктілік және лактация кезеңінде препаратты мүйізгекті және көптеген мүйізгектерді емдеуде қолдану шектеулі беткейліктерде ғана мүмкін (5 мл асырмай).

Шырышты қабаттарға тиіп кеткен жағдайда сәйкес аймақты көп мөлшердегі сумен шаю қажет. Гиперемия және қабынумен (оның ішінде псориаздық эритродермияда) қатар жүретін тері ауруларында немесе беткейлік ылғал зақымдануда салицил қышқылының сіңірілуі артуы мүмкіндігін ескеру қажет.

Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Әсер етпейді

Артық дозалануы

Жергілікті қолданғанда артық дозалану мүмкіндігі аз.

Шығарылу түрі және қаптамасы

25 мл, 50 мл, 60 мл-ден бұрандалы қақпағы бар полиэтилен тығынмен тығындалған бұрандалы мойны бар шыныдан жасалған құтыларда. Құтыларды қораптық картоннан жасалған қорапқа немесе орама қағазбен қапталған бумаларға мемлекеттік және орыс тілдеріндегі медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулықпен бірге салынған.

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 25оС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды

Босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

“Шаншаров-Фарм” ЖШС, Қазақстан Республикасы, Алматы қ. Б.Бұлқышев к-сі, 4е

Тіркеу куәлігінің иесі

“Шаншаров-Фарм” ЖШС, Қазақстан Республикасы

ҚР аумағында тұтынушылардан өнім сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

“Шаншаров-Фарм” ЖШС, Қазақстан Республикасы, Алматы қ. Б.Бұлқышев к-сі, 4е

Тел./факс +7 727 233-27-58

Электронды пошта: farm-4@mail.ru

Қазақстан Республикасы аумағында дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері

“Шаншаров-Фарм” ЖШС, Қазақстан Республикасы, Алматы қ. Б.Бұлқышев к-сі, 4е

Тел./факс +7 727 233-27-58

Электронды пошта: farm-4@mail.ru

 

Прикрепленные файлы

344211391477976126_ru.doc 44 кб
655556491477977456_kz.doc 49.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники