Салициловая кислота (40 мл)

МНН: Салициловая кислота
Производитель: Фармация 2010 ТОО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Прочие антисептики и дезинфицирующие препараты
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№003166
Период регистрации: 24.12.2015 - 24.12.2020

Инструкция

Саудалық атауы

Салицил қышқылы

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

1% сыртқа қолдануға арналған спиртті ерітінді

Құрамы

100 мл ерітіндінің құрамында

белсенді зат – салицил қышқылы 1.0 г

қосымша заттар: 95% этил спирті, тазартылған су.

Сипаттамасы

Спирт иісі бар мөлдір, түссіз сұйықтық.

Фармакотерапиялық тобы

Антисептиктер және дезинфекциялайтын басқа да препараттар.

АТХ коды D08AХ

Фармакологиялық қасиеттері

Кератопластикалық, антисептикалық, жергілікті тітіркендіргіш және қабынуға қарсы әсер етеді. Мүйізгектенген қабаттың жұмсаруына және ажырауына ықпал етеді. Сыртқа қолданғанда жүйелік сіңуі мүмкін.

 

Қолданылуы

  • майлы себорея

  • қарапайым безеулер

  • созылмалы экзема

  • кебек тәріздес (түрлі түсті) теміреткі

Қолдану тәсілі және дозалары

Сыртқа. Препаратпен терінің зақымданған беткейін, ысқыламай, мақта тампонмен алақан көлеміндегідей жерге 5 мл есебімен, тәулігіне 2-3 рет өңдейді. Ересектер үшін ең жоғарғы тәуліктік дозасы - 0,2 г салицил қышқылы (10 мл), балалар үшін - 0,02 г салицил қышқылы (1 мл).

Емдеу курсы - 1 аптадан асырмай.

Жағымсыз әсерлері

Жекелеген көтере алмаушылық болуы мүмкін

Сирек

  • қышыну, күйдіру, терінің бөртуі, терінің қызаруы түрінде жергілікті реакциялар

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • салицил қышқылына жоғары сезімталдық

  • 12 жасқа дейінгі балалар

  • салицил қышқылының туындыларына жоғары сезімталдықпен бронх демікпесінің атопиялық түрі

  • бүйрек жеткіліксіздігі

  • жүктілік, лактация кезеңі

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Салицил қышқылы жергілікті қолданылатын басқа дәрілік заттар үшін терінің өткізгіштігін жақсарту мүмкіндігіне байланысты, олардың сіңірілуін күшейтеді. Сіңірілген салицил қышқылы метотрексаттың және ауыз арқылы қабылданатын гипогликемиялық ДЗ, сульфонилмочевина туындыларының жағымсыз әсерлерін күшейтуі мүмкін.

Ерітінді резорцинмен (ерітетін қоспалар түзеді) және мырыш оксидімен (ерімейтін мырыш салицилаты) фармацевтикалық тұрғыдан сыйымсыз.

Айрықша нұсқаулар

Балаларды емдеген кезде терінің біраз аумағын біруақытта өңдеуге болмайды.

Препараттың автокөлікті немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері

Әсер етпейді.

Артық дозалануы

Жергілікті қолданған кезде артық дозаланудың ықтималдығы аз.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Дәрілік затқа арналған бұрандалы қақпағы бар полиэтилен құтыда немесе тығыздағыш элементі бар полиэтилен қақпақты немесе бұрандалы қақпағы және полиэтилен тығынмен тығындалған бұрандалы мойны бар шыны массадан жасалған құтыда 40 мл-ден.

Құтылар саны сәйкесінше медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге орама қағаздан жасалған бумаларға немесе қораптық картоннан жасалған қорапқа немесе жылу ұстайтын полиэтилен үлбірге немесе гофрланған картоннан жасалған жәшіктерге салынады.

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, жақсы тұмшаланған ыдыста, 30о С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардан қорғау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды

Босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

“ФАРМАЦИЯ 2010” ЖШС, Қазақстан Республикасы, Қарағанды қ., Чкалов к-сі 7, тел.фак (7212) 42-67-34

Тіркеу куәлігінің иесі

“ФАРМАЦИЯ 2010” ЖШС, Қазақстан Республикасы, Қарағанды қ., Чкалов к-сі 7, тел.фак 8 (7212) 42-67-34

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауыр) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

“Фармация 2010” ЖШС, Қазақстан Республикасы, 100019, Қарағанды қ., Чкалов к-сі 7, тел.фак (7212) 42-67-34, E-mail – farmaciyakrg@mail.ru

Прикрепленные файлы

224607011477976329_ru.doc 43 кб
190557861477977577_kz.doc 50 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники