Роулин

МНН: Линезолид
Производитель: Скан Биотек Лимитед
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Linezolid
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№022311
Период регистрации: 29.07.2016 - 29.07.2021
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)
Предельная цена закупа в РК: 4 901.96 KZT

Инструкция

Саудалық атауы

Роулин

Халықаралық патенттелмеген атауы

Линезолид

Дәрілік түрі

Инфузияға арналған 2 мг/мл ерітінді

Құрамы

1 мл препараттың құрамында

белсенді зат - 2,00 мг линезолид,

қосымша заттар: сусыз декстроза, натрий цитраты, лимон қышқылы, натрий гидроксиді, хлорсутек қышқылы, инъекцияға арналған су.

Сипаттамасы

Түссізден сары-қоңыр түске дейінгі мөлдір ерітінді.

Фармакотерапиялық тобы

Бактерияларға қарсы жүйелік қолдануға арналған препараттар. Бактерияларға қарсы басқа препараттар. Бактерияларға қарсы тағы басқа препараттар. Линезолид.

АТХ коды J01XX08

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Линезолид биологиялық тұрғыдан белсенді және организмде метаболизденіп, белсенді емес туындылар түзеді. Дені сау еріктілерде вена ішіне бір реттік және көп реттік енгізуден кейін (қанда линезолидті стационарлық концентрациясына жеткізгенге дейін) линезолидтің фармакокинетикалық параметрлерінің орташа мәні (стандартты ауытқу) мына кестеде берілген:

Линезолидтің дозалану режимі

Cmax

мкг/мл (SD)

Cmin

мкг/мл (SD)

Tmax

сағат(SD)

AUC*

мкг/мл

(SD)

Tl|2

сағат (SD)

Сl

мл/мин

(SD)

600мг, инфузияға арналған ерітінді

• Бір реттік

 

• Тәулігіне екі рет

 

12,90

(1,60)

15,10

(2,52)

 

--------

 

3,68

(2,36)

 

0,50

(0,10)

0,51

(0,03)

 

80,20

(33,30)

89,70

(31,00)

 

4,40

(2,40)

4,80

(1,70)

 

138

(39)

123

(40)

* Бір реттік енгізуге арналған AUC = AUC0-∞

* Көп реттік енгізуге арналған AUC = AUC0-t

Сmах= плазмадағы ең жоғары концентрация

 

SD = стандартты ауытқу

Cmin = плазмадағы ең төмен концентрация

Тmax = Cmax жеткенге дейінгі уақыт

AUC = «концентрация -уақыт» қисығы астындағы аудан

T½ = жартылай шығарылу кезеңі

Cl = жүйелік клиренсі

Ішке қабылдағаннан кейін линезолид асқазан-ішек жолынан тез және қарқынды түрде сіңеді. Қан плазмасында препарат ең жоғары концентрациясына 2 сағаттан соң жетеді, ал абсолютті биожетімділігі 100%-ға жуықты құрайды. Қан плазмасындағы линезолидтің Cmax - 21.2 мг/л, қан плазмасында линезолидтің Cmax жетуге дейінгі уақыт кезеңі - 2 сағ. Препаратты тәулігіне 2 рет 600 мг дозада енгізгеннен кейін қан плазмасындағы линезолидтің орташа ең жоғары концентрациясы және орташа ең төмен концентрациясы тепе-тең жағдайда, сәйкесінше, 15,1 мг/л және 3,68 мг/л құрайды. Тепе-тең концентрацияға жету препаратты қабылдаудың екінші күні байқалады. Тамақ ішу линезолидтің сіңуіне ықпалын тигізбейді. Қабылдаудың 2-ші күні қанда линезолид тепе-тең концентрациясына жетеді.

Таралуы

Тіндерге жақсы перфузиямен тез таралады. Дені сау ересек адамда тепе-тең концентрацияға жеткен кездегі таралу көлемі орта есеппен 40-50 л құрайды, ол организмдегі судың жалпы мөлшеріне шамамен тең. Қан ақуыздарымен байланысуы – 31% және ол қандағы линезолидтің концентрациясына байланысты емес.

Метаболизмі

Линезолид көбіне морфолин сақинасының тотығу жолымен метаболизденіп, тұйық сақиналы емес карбон қышқылының белсенді емес екі туындысын түзеді: аминоэтоксисірке қышқылы (PNU-142300) метаболиті және гидроксиэтилглицин (PNU-142586) метаболиті. Гидроксиэтилглицин (PNU-142586) метаболиті адамда, болжам бойынша, ферменттік үдеріс емес жолымен түзілетін негізгі метаболит болып табылады.

Шығарылуы

Бүйрек функциясы қалыпты немесе бүйрек функциясының аздаған немесе орташа айқын жеткіліксіздігі бар пациенттерде линезолид тепе-тең жағдайда көбіне несеппен бірге PNU-142586 метаболиті түрінде (40%), өзгермеген күйінде (30%) және PNU-142300 метаболиті түрінде (10%) шығарылады. Препарат іс жүзінде нәжістен өзгермеген күйінде табылмайды, ал негізгі метаболиттердің әрқайсысының үлесі ретінде PNU-142586 және PNU-142300, сәйкесінше, 6% және 3% құрайды. Линезолидтің жартылай шығарылу кезеңі орта есеппен 5-7 сағатты құрайды.

Бүйректен тыс клиренсі линезолидтің жалпы клиренсінің 65%-ға жуығын құрайды. Клиренсінің дозаға байланысты аздаған дәрежесі линезолид дозасын арттырған кезде білінеді. Бұл линезолидтің жоғары концентрацияларындағы бүйректің және бүйректен тыс клиренсінің өте төмендігінің салдары болып табылуы мүмкін. Алайда клиренсіндегі бұл айырмашылық мардымсыз және жартылай шығарылу кезеңіне ықпалын тигізбейді.

Науқастардың жекелеген топтарындағы фармакокинетикасы

Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер

Бүйрек функциясының ауыр жеткіліксіздігі бар (креатинин клиренсі <30 мл/мин) пациенттерде 600 мг линезолидті бір реттік қабылдаудан кейін оның негізгі метаболиттерінің концентрациясы 7-8 есе артты. Алайда бастапқы препараттың AUC мәнінің артуы байқалған жоқ. Гемодиализ кезінде негізгі метаболиттердің біршама мөлшері шығарылғанына қарамастан, 600 мг линезолидті қабылдағаннан және диализ ем-шарасын жүргізгеннен кейін қан плазмасындағы олардың концентрациясы бүйрек функциясы қалыпты, бүйрек функциясының ауырлығы жеңіл және орташа жеткіліксіздігі бар пациенттерде едәуір жоғары күйінде қалды.

Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер

Бауырдың ауырлығы жеңіл және орташа дәрежедегі жеткіліксіздігі бар (Чайлд-Пью жіктеуі бойынша А және В класы) пациенттерде линезолидтің және оның негізгі екі метаболитінің фармакокинетикасы өзгермейтініне шектеулі деректер бар. Бауырдың ауыр дәрежедегі жеткіліксіздігі бар (Чайлд-Пью жіктеуі бойынша С класы) пациенттерде линезолидтің фармакокинетикасы зерттелген жоқ. Алайда, линезолид ферменттік емес жолмен метаболизденетін болғандықтан, бауыр жеткіліксіздігінде оның метаболизмінің едәуір бұзылулары болады деп күтілмейді.

Балалар және жасөспірімдер (<18 жас)

Балалар мен жасөспірімдерде (<18 жас) линезолидтің қауіпсіздігі және тиімділігі жөнінде жеткілікті деректердің жоқ болуына байланысты, линезолидті осы жас тобына қолдану ұсынылмайды. Фармакокинетикалық зерттеулер балаларда (1 аптадан бастап 12 жасқа дейінгі) линезолидтің бір- және көп реттік дозаларын қолданғаннан кейін линезолидтің клиренсі (дене салмағының әр кг шаққанда) педиатриялық пациенттерде, ересектерге қарағанда, көбірек болғанын, бірақ жастың өсуімен оның төмендейтінін көрсетеді.

600 мг дозада қабылданған линезолидтің жасөспірімдердегі (12-17 жас) фармакокинетикасының ересектердегі кинетикадан айырмашылығы болған жоқ. Осылайша, жасөспірімдерге 600 мг линезолидті әрбір 12 сағат сайын тағайындағанда оның концентрациясы осындай дозада тағайындаған ересектердегідей болады.

Егде жастағылар

65 жастағы және одан үлкен егде жастағы пациенттерде линезолидтің фармакокинетикасы айтарлықтай өзгермейді.

Әйелдер

Әйелдерде таралу көлемінің азын-аулақ төменірек болуымен, клиренсінің дене салмағына шаққанда шамамен 20%-ға төмендеуімен білінетін біршама фармакокинетикалық айырмашылықтар байқалды. Еркектерге қарағанда әйелдерде қан плазмасындағы линезолидтің концентрациясы жоғары болды, бұл ішінара дене салмағының айырмашылықтарымен түсіндірілуі мүмкін. Алайда, еркектер мен әйелдерде линезолидтің Т1/2 елеулі айырмашылығы жоқ болғандықтан, әйелдерде қандағы линезолид концентрациясының бұрын болған деңгейінен астамға жоғарылауын күтуге себеп жоқ, сондықтан дозаны түзету қажет емес.

Фармакодинамикасы

Линезолид – бактерияларға қарсы синтетикалық препарат, аэробты грамоң бактерияларға және анаэробты микроорганизмдерге қатысты in vitro белсенді оксазолидинондарға жатады. Линезолид бактерияларда ақуыз синтезін селективтік түрде тежейді. Бактериялық рибосомалармен байланысуы есебінен ол ақуыз синтезінде трансляция үдерісінің маңызды компоненті болып табылатын функциялық бастапқы 70S кешенінің түзілуіне жол бермейді.

Линезолидке келесі микроорганизмдер сезімтал: грамоң аэробтар Enterococcus faecalis, Enterococcus faecium*, Staphylococcus aureus; коагулазотеріс стафилококктер, Streptococcus agalactiae, Streptococcus pneumoniae*, Streptococcus pyogenes*, С тобының стрептококктері, G тобының стрептококктері; грамоң анаэробтар: Clostridium perfringens, Peptostreptococcus anaerobius, Peptostreptococcus spp.

Резистентті микроорганизмдер: Haemophilus influenzae, Moraxella catarrhalis, Neisseria species, Enterobacteriaceae, Pseudomonas spp.

* Бекітілген клиникалық көрсетілімдерде сезімтал изоляттар үшін клиникалық тиімділігі көрсетілді.

Сол уақытта линезолид Legionella, Chlamidia pneumonia, Mycoplasma pneumonia-ге қатысты біршама in vitro белсенділік көрсетеді, клиникалық тиімділігін дәлелдейтін саны жеткілікті деректер жоқ.

Резистенттілігі

Линезолидтің әсер ету механизмінің микробтарға қарсы басқа класқа жататын препараттардың (мысалы, аминогликозидтердің, бета-лактамдардың, фолий қышқылының антагонистерінің, гликопептидтердің, линкозамидтердің, хинолондардың, рифампициндердің, стрептограминдердің, тетрациклиндердің және хлорамфениколдың) әсер ету механизмдерінен айырмашылығы бар, сондықтан линезолид пен осы препараттар арасында айқаспалы резистенттілік болмайды. Линезолид осы препараттарға сезімтал да, сонымен қатар резистентті де патогенді микроорганизмдерге қатысты белсенді. Линезолидке қатысты резистенттілік 23S рибосомальді рибонуклеин қышқылының (РНҚ) көп сатылы мутациясы жолымен баяу дамиды және 1х10-9 - 1х10-11 азырақ жиілікпен жүреді.

Қолданылуы

- ауруханалық пневмонияда

- ауруханадан тыс пневмонияда

Линезолид, егер қоздырғышы белгілі болса немесе оған күдік бар болса, ересектерде грамоң бактериялардан туындаған ауруханадан тыс және ауруханаішілік пневмонияны емдеу үшін қолданылады. Линезолидті тағайындаған кезде микробиологиялық зерттеу нәтижелеріне және грамоң бактериялардың тұрақтылығы жөніндегі ақпаратқа көңіл бөлінуі тиіс. Линезолид грамтеріс микроорганизмдерден туындаған инфекцияларға қатысты белсенді емес. Егер грамтеріс патоген белгілі болса немесе оған күдік бар болса, грамтеріс организмдерге қарсы спецификалық ем бір мезгілде басталуы тиіс.

- тері мен жұмсақ тіндердің асқынған инфекцияларында

Линезолидті, егер инфекцияның сезімтал грамоң бактериялардан туындағаны микробиологиялық зерттеулермен анықталған жағдайларда ғана, ересектердегі тері мен жұмсақ тіндердің асқынған инфекцияларын емдеуге қолданады.

Линезолид грамтеріс микроорганизмдерден туындаған инфекцияларға қатысты белсенді емес. Линезолидті инфекция қоздырғышы белгілі тері мен жұмсақ тіннің асқынған инфекциялары бар пациенттерге немесе грамтеріс микроорганизмдердің біріккен инфекцияларында, емдеудің баламалы нұсқалары жоқ болған жағдайда, тағайындаған жөн. Осындай жағдайда грамтеріс микроорганизмдерге қарсы ем бір мезгілде басталуы тиіс.

Линезолидпен емдеу стационар жағдайында және микробиологтан немесе инфекционист дәрігерден кеңес алғаннан кейін жүргізілуі тиіс.

Қолдану тәсілі және дозалары

Препарат вена ішіне жасалатын ұзақтығы 30-120 мин. инфузия түрінде қолданылады. Инфузиялық пакеттерді бірізді жалғауға және инфузияға арналған ерітіндіге басқа препараттарды қосуға тыйым салынады. Егер линезолидті басқа препараттармен бірге енгізу қажет болса, онда барлық дәрілік препараттарды ұсынылатын дозаға және енгізу жолдарына сәйкес жеке-жеке қолданған жөн.

Инфузияға арналған линезолид келесі препараттармен фармацевтикалық тұрғыдан үйлеспейді: амфотерицин В, хлорпромазин гидрохлориді, диазепам, пентамидин изотионаты, натрий фенитоины, эритромицин лактобионаты, ко-тримоксазол (триметоприм + сульфаметоксазол), цефтриаксон.

Инфузияға арналған үйлесімді ерітінділер:

5% декстроза ерітіндісі; 0,9% натрий хлоридінің ерітіндісі; Рингер лактаты ерітіндісі.

Бір реттік пайдалануға ғана арналған. Препаратты тура қолданар алдында фольгадан қорғаныш қабығын алып тастау керек. Пакетті, оның тұтастығының бүлінбегеніне көз жеткізу үшін, шамамен 1 мин қысқан жөн. Егер пакеттен ақса — препарат стерильді емес және ол пайдалануға жарамайды! Ерітіндінің қалғанын қалдықтарға төгіп тастаған жөн. Жартылай толтырылған қаптамаларды пайдалануға болмайды!  

Емдеудің басында препарат вена ішіне тағайындалған пациенттерді әрі қарай ішке қабылдауға арналған кез келген дәрілік түрге ауыстыруға болады, мұндайда дозаны таңдау қажет емес, өйткені ішке қабылдаған кезде линезолидтің биожетімділігі 100% дерлікті құрайды.

Емдеу ұзақтығы инфекцияның қоздырғышына, орналасуына және ауырлығына, сондай-ақ клиникалық әсерін байланысты.

Төменде берілген емдеу ұзақтығы бойынша нұсқаулар клиникалық сынақтарда пайдаланылғандар. Емдеудің өте қысқа режимдері инфекциялардың кейбір типтеріне жарамды болуы мүмкін, бірақ клиникалық сынақтарда баға берілмеген. Ұсынылатын дозалар:

Ересектер

Қолданылуы

Балалар

Линезолидті балалар мен жасөспірімдерде (<18 жас) қолданудың қауіпсіздігі мен тиімділігі жөнінде деректер жеткіліксіз. Сондықтан линезолидті осы жас тобында пайдалану ұсынылмайды.

Егде жастағы пациенттер

Дозаны түзетуді қажет етпейді.

Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер

Дозаны түзетуді қажет етпейді.

Бүйректің ауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер

(CLCR <30 мл/мин):

Дозаны түзетуді қажет етпейді. Бүйрек функциясының ауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерде линезолидтің екі метаболитінің жоғары экспозициясының (10 есеге дейін) клиникалық маңыздылығының белгісінің болуына байланысты, мұндай науқастарда линезолидті сақтықпен қолдану және емдеуден күтілетін пайда потенциалды қаупінен басым болған жағдайда ғана қолдану қажет.

Линезолидтің қабылданған дозасының 30%-ы гемодиализ кезінде 3 сағат ішінде жоғалатын болғандықтан, линезолидті гемодиализ ем-шарасынан кейін қолдану қажет. Линезолидтің алғашқы метаболиттерінің белгілі бір бөлігі гемодиализ кезінде шығарылады, бірақ бүйрек функциясы қалыпты немесе бүйрек функциясының жеңіл және орташа жеткіліксіздігі бар пациенттерге қарағанда, осы метаболиттердің концентрациясы диализден кейін едәуір жоғары күйінде қалады.

Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер

Дозаны түзетуді қажет етпейді.

Дегенмен, шектеулі клиникалық деректер бар және линезолидті мұндай науқастарға күтілетін пайдасы теориялық қаупінен басым болған кезде ғана пайдалану ұсынылады.

Жағымсыз әсерлері

  • Өте жиі (> 10%)
  • Жиі (> 1%, < 10%)
  • Жиі емес (> 0.1% және < 1%)
  • Сирек (> 0.01% және < 0.1%)
  • Өте сирек (< 0.01%)

Жиі

- жүректің айнуы, құсу, диарея

- іштің ауыруы (жергілікті немесе жайылған); іш қату, диспепсия

- бас ауыру, бас айналу

- ұйқысыздық

- кандидоз, ауыздың шырышты қабығының кандидозы, қынаптық кандидоз, зеңдік инфекциялар

- анемия

- артериялық гипертензия

- бауыр ферменттері (аланинаминотрансфераза (АЛТ), аспартатаминотрансфераза (АСТ), сілтілік фосфотаза (СФ) белсенділігінің жоғарылауы

- қалдық азоттың, ЛДГ, креатинкиназаның, липазаның, амилазаның, глюкозаның ашқарында көбеюі

- жалпы ақуыздың, альбуминнің, натрийдің, кальцийдің азаюы; калийдің, бикарбонаттың көбеюі немесе азаюы

- қызба, оқшауланған ауыру

- нейтрофилия, эозинофилия, гемоглобиннің, гематокриттің және эритроциттердің азаюы

- тромбоцитопения, лейкопения немесе тромбоцитоз және лейкоцитоз

- дәмнің өзгеруі (дәмнің темір татуы)

- тері бөртпесі, қышыну

Жиі емес

- нейтропения

- вагинит

- гипонатриемия

- құрысулар, гипестезиялар, парестезиялар

- көрудің тұмандануы

- құлақтың шуылдауы

- аритмия, тахикардия

- флебит, тромбофлебит, транзиторлы ишемиялық шабуыл

- панкреатит, гастрит, ауыз ішінің кеберсуі, глоссит, стоматит, тілдің түссізденуі, іштің кебуі, сұйық нәжіс

- жалпы билирубиннің көбеюі

- есекжем, дерматит, қатты тершеңдік

- полиурия, бүйрек жеткіліксіздігі

- вульво-вагинальді бұзылулар

- қалтырау, шаршау, инъекция жасалған жердің ауыруы, шөлдеу

- ашқарында глюкозаның азаюы, хлоридтердің көбеюі немесе артуы, натрийдің немесе кальцийдің көбеюі

- ретикулоциттердің көбеюі, нейтрофилдердің азаюы

Сирек

- антибиотикпен астасқан колит (жалған жарғақшалы колитті қоса)

- панцитопения

- көру өрісінің өзгеруі

- тіс түсінің өзгеруі

Жиілігі белгісіз

- миелосупрессия, сидеробластты анемия

- анафилаксия, анафилаксиялық шок

- лактоацидоз

- серотонинді синдром, шеткері нейропатия, көру жүйкесінің нейропатиясы, түрлі түсті көрудің өзгеруі, көру жүйкесінің невриті, көздің көрмей қалуы, көру жітілігінің өзгеруі

- Стивенс-Джонсон синдромы, уытты эпидермальді некролиз, ангионевроздық ісіну сияқты буллезді бұзылулар; алопеция

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық

- линезолидті МАО А және МАО В тежегіштерімен (мысалы, фенелзин, изокарбоксазид, селегилин, моклобемид) бір мезгілде қабылдау және аталған дәрілік заттарды қабылдауды тоқтатқаннан кейін 2 апта ішінде

- бақыланбайтын артериялық гипертензия

- феохромоцитома, карциноидты синдром

- тиреотоксикоз

- биполярлы депрессия, шизоаффективті бұзылыстар, сананың шатасуының жедел көріністері

- серотонинді кері қармап қалатын тежегіштермен, үшциклді антидепрессанттармен, 5-НТ1 рецепторлар агонистерімен (триптандар) бір мезгілде қабылдау

- адреномиметиктермен (адренергиялық бронходилататорларды, псевдоэфедринді, фенилпропаноламинді қоса), қантамырларды тарылтатын препараттармен (эпинефрин, норэпинефрин), дофаминомиметиктермен (мысалы, дофамин, добутамин), петидинмен немесе буспиронмен бір мезгілде қабылдау.

- жүктілік, лактация кезеңі

- 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Моноаминооксидаза тежегіштері

Линезолид моноаминооксидазаның селективтік емес қайтымды тежегіші болып табылады. Линезолидпен өзара әрекеттесуіне қатысты клиникалық зерттеулердің деректері шектеулі. Сондықтан линезолидті моноаминооксидаза тежегіштерімен бір мезгілде қабылдау ұсынылмайды.

Артериялық қысымның жоғарылауына әкелетін препараттармен өзара әрекеттесуі

Линезолидті псевдоэфедринмен немесе фенилпропаноламинмен бірге қабылдау систолалық артериялық қысымның, тек линезолидті ғана қабылдаған кездегі 11-15 мм с.б. және тек псевдоэфедринді немесе фенилпропаноламинді ғана қабылдаған кездегі 14-18 мм с.б. және плацебо қабылдаған кездегі псевдоэфедринді немесе фенилпропаноламинді 8-11 мм с.б.-ға жоғарылауымен салыстырғанда, 30-40 мм с.б.-ға жоғарылауына әкеледі. Вазопрессорлы әсері бар дәрілік препараттардың, соның ішінде дофаминергиялық препараттардың дозаларын титрлеу ұсынылады.

Серотонинергиялық заттар

Линезолидтің декстрометорфанмен дәрілік өзара әрекеттесуі дені сау еріктілерде зерттелді. Субъектілер декстрометорфанды (4 сағаттан кейін 20 мг-ден 2 доза) линезолидпен бірге және линезолидсіз қабылдады. Серотонинді синдром (сананың шатасуы, сандырақтау, мазасыздық, тремор, қызару, терлеу, гиперпирексия) линезолид және декстрометорфан қабылдаған еріктілерде байқалған жоқ.

Постмаркетингтік қолдану тәжірибесі: линезолидті және декстрометорфанды қабылдаған кезде серотонинді синдромы бар науқас жөнінде бір мәлімдеме болды, ол синдром екі препаратты қабылдауды тоқтатқаннан кейін қайтқан.

Линезолидді серотонинергиялық препараттармен, соның ішінде серотонинді кері қармап қалатын селективтік тежегіштері (СКҚСТ) сияқты антидепрессанттармен бірге қолдану кезінде серотонинді синдром жағдайлары тіркелді.

Құрамы тираминге бай өнімдерді қабылдау

Линезолид пен тираминді кем дегенде 100 мг мөлшерде қабылдаған науқастарда айтарлықтай прессорлы жауап байқалған жоқ. Құрамында тирамин мөлшері жоғары тағамдарды және сусындарды (мысалы, сыр, ашытқы сығындылары, дистилденбеген алкоголь ішімдіктері, соя соусы) пайдалануға жол бермеу қажет.

Р450 цитохромымен метаболизденетін препараттар

Линезолидтің in vitro метаболизміне Р450 цитохромы изоферменттерінің қатыспайтыны анықталды. Линезолид Р450 цитохромының клиникалық тұрғыдан маңызды (1A2, 2C9, 2C19, 2D6, 2E1, 3A4) изоферменттерінің белсенділігін тежемейді және потенцияламайды.

Рифампицин

Рифампициннің линезолидтің фармакокинетикасына әсері линезолидті 2,5 күн бойы күніне 2 рет 600 мг-ден және рифампицинді 8 күн бойы күніне 1 рет 600 мг-ден қабылдаған дені сау ересек ерікті 16 еркекте зерттелді. Рифампицин линезолидтің Cmaх және AUC мәндерін орта есеппен, сәйкесінше, 21%-ға [90% CI, 15, 29] және 32%-ға [90% CI, 27, 37] азайтты. Осы өзара әрекеттесудің механизмі және оның клиникалық маңызы белгісіз.

Варфарин

Варфарин мен линезолидті стационарлы жағдайларда бірге қолданғанда линезолидтің AUC мәнінің 5%-ға төмендегені байқалды. Осы нәтижелердің клиникалық маңыздылығына баға беру үшін деректер саны жеткіліксіз.

Келесі препараттармен фармацевтикалық тұрғыдан үйлеспейді: амфотерицин В, хлорпромазин гидрохлориді, диазепам, пентамидин изотионаты, натрий фенитоины, эритромицин лактобионаты, ко-тримоксазол (триметоприм+сульфаметоксазол), цефтриаксон.

Айрықша нұсқаулар

Миелосупрессия

Миелосупрессия (соның ішінде анемия, лейкопения, панцитопения және тромбоцитопения) линезолид қабылдаған пациенттерде байқалды. Линезолидпен емдеуді тоқтатқаннан кейін гематологиялық параметрлер емдеуді бастағанға дейін болған деңгейіне оралды. Осы әсерлердің даму қаупі емдеу ұзақтығымен байланысты болуы мүмкін. Линезолид қабылдаған егде жастағы пациенттерде қанда патологиялық өзгерулердің пайда болу қаупі жас пациенттерге қарағанда үлкен дәрежеде болуы мүмкін. Тромбоцитопения пациенттің гемодиализде жүрген-жүрмегеніне қарамай-ақ, көбіне бүйрек функциясының ауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерде байқалуы мүмкін. Бұрыннан анемиясы, гранулоцитопениясы немесе тромбоцитопениясы бар пациенттерде; сондай-ақ шеткері қанда гемоглобин деңгейін немесе тромбоциттер санын азайтуға, немесе олардың функциясын бәсеңдетуге қабілетті препараттарды бір мезгілде қабылдап жүрген; бүйрек функциясының ауыр жеткіліксіздігі бар; линезолидті 10-14 күннен астам қабылдап жүрген пациенттерде қанды толық талдауға мұқият бақылауды жүзеге асыру ұсынылады. Линезолидті мұндай пациенттерге тағайындау гемоглобин деңгейіне және тромбоциттер санына мұқият мониторинг жүргізген жағдайда ғана мүмкін болады.

Егер линезолидпен емдеу кезінде айтарлықтай миелосупрессия байқалса, емдеуді жалғастыру өте қажет деп танылған жағдайларды қоспағанда, емдеу тоқтатылуы тиіс. Мұндай жағдайларда қанды толық талдау көрсеткіштеріне қарқынды мониторинг қолданған және пациентке емдеудің тиісті стратегиясын жүргізген жөн.

Қанды талдаудың бастапқы көрсеткіштеріне байланыссыз, линезолидті аптасына 1 рет қабылдайтын науқастарда қанды толық талдауға (соның ішінде гемоглобин, тромбоциттер деңгейі, лейкоциттердің жалпы және дифференциальді саны) қосымша мониторинг жүргізу ұсынылады.

Линезолидті ұсынылған барынша ең ұзақ кезеңнен ұзағырақ - 28 күн қпбылдаған пациенттерде күрделі анемияның даму жиілігінің өте жоғары болғаны жөнінде деректер бар. Мұндай пациенттер көбіне қан құюды керек етеді.

Сидеробластты анемия жағдайлары постмаркетингтік кезеңде тіркелді. Сидеробластты анемия линезолидті 28 күннен астам қабылдаған пациенттердің көбісінде байқалды. Көптеген пациенттер линезолидті қабылдауды тоқтатқаннан кейін толық немесе ішінара қалпына келді.

Қанның катетермен астасқан грамоң инфекциялары бар пациенттердің клиникалық сынағындағы өлім көрсеткіштерінің теңгерімсіздігі

Ванкомицин/диклоксациллин/оксациллин біріктірілімімен салыстырғанда, линезолидпен емделген, грамоң қоздырғыштардан туындаған катетерлік сепситік инфекциялары бар ауыр науқастарда өлім деңгейінің жоғарылағаны жөнінде деректер бар. Линезолидті және салыстыру препараттарын қолданғанда, өлім жағдайларының жиілігі, сәйкесінше, 78/363 (21,5%) және 58/363 (16,0%) құрады. Өлімнің деңгейіне ықпалын тигізетін негізгі фактор емдеуді бастағанға дейін грамоң инфекциялардың бар болуы. Өлім деңгейі тек грамоң микроорганизмдерден туындаған инфекциялары бар пациенттердегі өлім деңгейіне ұқсас (0,96; 95% сенім аралығы арақатынасы: 0.58-1.59), бірақ линезолидте, емдеуді бастағанға дейін кез келген патогендерден немесе патоген еместерден туындаған инфекциясы бар пациенттерде едәуір жоғары (р = 0,0162) болды (2,48, 95% сенім аралығы арақатынасы: 1.38-4.46). Өте үлкен теңгерімсіздігі линезолидпен емдеу кезінде және оны қабылдауды тоқтатқаннан кейін 7 күн ішінде байқалды. Линезолидті қабылдап жүрген пациенттердің көпшілігінде зерттеу барысында грамтеріс микроорганизмдердің әсерінен туындаған инфекциялар қосылды және грамтеріс патогендерден және полимикробтық инфекциялардан туындаған өлім байқалды. Осылайша, терінің және жұмсақ тіндердің асқынған инфекцияларында линезолидті, егер емдеудің баламалы нұсқалары жоқ болса, грамтеріс микроорганизмдерден туындаған белгілі немесе ықтимал біріккен инфекциялары бар пациенттерге ғана пайдаланған жөн. Мұндай жағдайларда грамтеріс микроорганизмдерге қарсы ем бір мезгілде басталуы тиіс.

Антибиотикпен астасқан диарея және колит

Бактерияларға қарсы препараттардың барлығын, соның ішінде линезолидті қабылдаған кезде жалған жарғақшалы колит байқалады; оның ауырлық дәрежесі мардымсыздан өмірге қауіп төндіруге дейін ауытқуы мүмкін. Сондықтан бактерияларға қарсы кез келген препаратты қабылдағаннан кейін диареямен қаралатын пациенттерде осы диагноздың болуы мүмкін екендігін ескерген маңызды. Линезолидті қоса, бактерияларға қарсы барлық дерлік препараттарды пайдалануымен байланысты, жалған жарғақшалы колитті қоса, антибиотиктермен астасқан және Clostridium difficile-астасқан диарея жағдайлары жөнінде мәлімделді, олардың ауырлық дәрежесі аздаған диареядан өліммен аяқталатын колитке дейін ауытқуы мүмкін. Сондықтан линезолидті қолдану кезінде немесе қолданудан кейін ауыр диарея байқалатын науқастарда осы диагнозды қарастыру маңызды. Антибиотикпен астасқан диареялар немесе антибиотикпен астасқан колитке күдіктенген немесе айғақталған жағдайда линезолидпен емдеу тоқтатылуы және дереу тиісті емдік шаралар қабылдануы тиіс. Ішектің перистальтикасын тежейтін препараттарды осы жағдайда қолдануға болмайды.

Лактоацидоз

Линезолидті қолданған кезде лактоацидоздың даму жағдайлары жөнінде мәлімделді. Линезолидті қолданған кезде қайталанатын жүректің айнуын немесе құсуды, іштің ауыруын, қандағы бикорбанаттың төмен деңгейін қоса, метаболизмдік ацидоздың белгілері мен симптомдары бар пациенттер шұғыл медициналық жәрдем алуы тиіс. Сүт-қышқылды ацидоз туындаған кезде потенциалды қаупін таразылай отырып, линезолидті әрі қарай қолдану жөнінде шешім қабылдауы қажет.

Митохондриялық дисфункция

Линезолид ақуыздардың митохондриялық синтезін тежейді. Лактоацидоз, анемия және нейропатия (көру және шеткері) сияқты жағымсыз әсерлер ақуыз синтезін тежеу нәтижесінде туындауы мүмкін; бұл әсерлер препаратты 28 күннен көбірек қолданған кезде байқалады.

Серотониндік синдром

Линезолидті және антидепрессантты қоса серотонинергиялық препараттарды, атап айтқанда серотонинді кері қармап қалатын селективтікк тежегіштерді (СКҚСТ) бір мезгілде қолданумен байланысты серотониндік синдромның туындау жағдайлары жөнінде деректер алынды. Линезолидті және серотонинергиялық препараттарды қабылдау клиникалық тұрғыдан қажетті болып табылатын жағдайларды қоспағанда, линезолид пен серотонинергиялық препараттарды, бірге қабылдауға болмайды. Мұндай жағдайда когнитивтік дисфункция, гиперпирексия, гиперрефлексия және үйлесімнің бұзылуы сияқты серотониндік синдромның белгілерін және симптомдарын дер кезінде анықтау үшін пациент мұқият бақылауда болуы тиіс. Аталған белгілер мен симптомдар пайда болған жағдайда дәрігер осы препараттардың біреуін немесе екеуін қолдануды тоқтату қажеттілігі жөніндегі мәселені қарастыруы тиіс. Серотонинергиялық препаратты тоқтатқан кезде тоқтаты симптомдары дамуы мүмкін.

Шеткері және көру нейропатиясы

Линезолидті қабылдап жүрген пациенттерде, көбіне препаратты ұсынылған ең жоғары мерзімінен ұзағырақ - 28 күн қолданғанда шеткері нейропатия, көру нейропатиясы, көздің көрмей қалуы дамуы мүмкін.

Көру өткірлігінің төмендеуі, түрлі түстерді айыра білудің өзгеруі, көздің жіті көрмеуі, көру өрісінің кемістіктері сияқты симптомдар пайда болған жағдайда жедел офтальмологиялық тексеру жүргізу ұсынылады. Линезолидті 28 күннен көбірек қабылдағанда көру функциясын үнемі бақылап отырған жөн.

Шеткері немесе көру нейропатиясы дамыған жағдайда линезолидті қолданудың мақсатқа лайықтылығын және осыған байланысты потенциалды қаупін таразылаған жөн.

Нейропатияның пайда болуының жоғары қаупі туберкулезді емдеуге арналған микобактерияларға қарсы дәрілерді қабылдап жүрген немесе қабылдағандарына көп бола қоймаған науқастарда байқалады.

Құрысулар

Линезолид қабылдаған науқастарда құрысулардың пайда болу жөнінде деректер бар. Осы жағдайлардың көбісінде пациенттердің анамнезінде құрысу ұстамаларының немесе құрысулардың пайда болуының қауіп факторларының бар екендігі жөнінде мәлімделді. Пациенттер анамнезінде құрысулар және құрысу симптомдарының бар екенінен дәрігерді хабардар етуі тиіс.

Моноаминооксидаза тежегіштері

Линезолид моноаминооксидазаның селективтік емес қайтымды тежегіші болып табылады. Клиникалық деректердің шектеулі болуына байланысты, линезолидті моноаминооксидаза тежегіштерімен бір мезгілде қабылдау ұсынылмайды.

Құрамы тираминге бай өнімдерді пайдалану

Пациенттердің құрамы тираминге бай тағамды пайдалануына жол бермеген жөн.

Асқын инфекция

Ішектің қалыпты микрофлорасына линезолидтің ықпал етуіне клиникалық зерттеулер жүргізілген жоқ.

Антибиотиктерді қолдану, мысалы, линезолидтің ұсынылатын дозаларын қабылдаған пациенттердің шамамен 3%-да сезімтал емес микроорганизмдердің өсуін туындатуы мүмкін, клиникалық зерттеулер кезінде кандидоз байқалды. Линезолидпен емдеу кезінде асқын инфекция дамыған кезде тиісті шараларды қабылдау қажет.

Бауыр және бүйрек жеткіліксіздігінде қолданылуы

Бүйректің ауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерде аса сақ болу және линезолидті болжамды пайдасы потенциалды қаупінен басым болған жағдайда ғана қолдану ұсынылады.

Бауырдың ауыр бұзылулары бар пациенттерде линезолидті болжамды пайдасы потенциалды қаупінен басым болған жағдайларда ғана қолдану ұсынылады.

Фертильділігіне ықпалы

Ересек еркек егеуқұйрықтарда линезолид, адамдардағы осындайларға шамамен тең әсер ету жағдайында, фертильділікті қайтымды төмендетеді және сперманың қалыпты емес морфологиясын индукциялайды. Еркек адамның ұрпақ өрбіту жүйесіне линезолидтің ықтимал әсерлері белгісіз.

Клиникалық сынақтар

Табанның диабеттік зақымданулары, ойылулары, ишемиялық зақымданулары, ауыр күйіктері немесе гангренасы бар пациенттерде линезолидті қолдану тәжірибесі шектеулі.

Педиатрияда қолданылуы

18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерге қолдану ұсынылмайды.

Көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне дәрілік заттың ықпал ету ерекшеліктері

Орталық жүйке жүйесі тарапынан жағымсыз реакциялардың болуына байланысты емдеу кезеңінде көлікті немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқаруға болмайды.

Ерітіндінің әрбір миллилитрінде 50.0 мг (яғни 15.0 г/300 мл) глюкоза бар. Қант диабеті бар немесе глюкозаның жақпаушылығына байланысты басқа да жағдайлары бар пациенттерде бұған көңіл бөлінуі тиіс. Ерітіндінің әрбір миллилитрінде сондай-ақ 0.38 мг (114 мг/300 мл) натрий бар. Бақыланатын натрий диетасында жүрген пациенттерде натрийдің болуына көңіл бөлінуі тиіс.

Артық дозалануы

Артық дозалану жағдайлары жөнінде мәлімделген жоқ. Симптоматикалық ем ұсынылады (соның ішінде шумақтық сүзіліс жылдамдығын демеу қажет). Гемодиализ кезінде 3 сағат ішінде линезолидтің шамамен 30%-ы шығарылады.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Мөлдір полиэтилен құтыда препарат 300 мл-ден. Құты фольгадан жасалған пакетке салынған.

1 құты медициналық қолдану жөнінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Мұздатып қатыруға болмайды.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек.

Сақтау мерзімі

2 жыл

Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

Скан Биотек Лтд, Үндістан

Тіркеу куәлігі иесінің атауы және елі

Роутек Лимитед, Ұлыбритания

Тұтынушылардан өнім (тауар) сапасы жөніндегі шағымдарды Қазақстан Республикасы аумағында қабылдайтын және тіркеуден кейін дәрілік заттың қауіпсіздігін бақылауға жауапты ұйымның мекенжайы

Досмухаметов к-сі, 89 үй, «Каспий» бизнес орталығы, 238 кеңсе, Алматы қ., Қазақстан Республикасы.

Тел./факс: 7 (727) 2921960, amitshri75@gmail.com

Прикрепленные файлы

277936961477976194_ru.doc 134.5 кб
159639691477977442_kz.doc 178.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники