Ротомокс (400 мг)

МНН: Моксифлоксацин
Производитель: Скан Биотек Лимитед
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Moxifloxacin
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№022298
Период регистрации: 27.07.2016 - 27.07.2021

Инструкция

Саудалық атауы

Ротомокс

Халықаралық патенттелмеген атауы

Моксифлоксацин

Дәрілік түрі

Инфузияға арналған ерітінді, 400 мг/250 мл

Құрамы

250 мл ерітіндінің құрамында

белсенді зат - 400.00 мг моксифлоксацинге баламалы моксифлоксацин гидрохлориді бар,

қосымша заттар: маннитол, динатрий эдетаты, натрий гидроксиді, хлорсутек қышқылы, инъекцияға арналған су.

Сипаттамасы

Ақшыл-сарыдан сары түске дейінгі мөлдір ерітінді.

Фармакотерапиялық тобы

Жүйелі пайдалануға арналған бактерияға қарсы препараттар. Микробқа қарсы препараттар – хинолон туындылары. Фторхинолондар. Моксифлоксацин.

АТХ коды J01MA14

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Сіңірілуі және биожетімділігі

Моксифлоксациннің 1 сағат бойғы 400 мг дозадағы бір реттік инфузиясынан кейін препарат жоғарғы концентрациясына (Сшах) инфузияның соңында жетеді және шамамен 4,1 мг/л құрайды, бұл препаратты ішке қабылдаған кездегі осы көрсеткіштің шамасымен салыстырғанда, оның 26%-ға артуына сәйкес келеді. Препараттың AUC (концентрация-уақыт арақатынасы қисығы астындағы ауданы) көрсеткіші бойынша анықталатын және 39 мг*сағ/л тең экспозициясы препаратты ішке қабылдағандағы осындайдан болар-болмас жоғары (35 мг*сағ/л). Абсолюттік биожетімділігі 91%-ға жуықты құрайды.

Жас шамасы мен нәсілдік ерекшеліктерге байланысты моксифлоксациннің вена ішіне жасалатын инфузияларының дозасын түзету қажет емес. 50-1200 мг дозалары ауқымында бір рет қабылдағанда және 10 тәулік бойы тәулігіне 600 мг дозаларда бір рет қабылдағанда фармакокинетикасы дозаға тәуелді болып табылады.

Таралуы

Моксифлоксацин тамырдан тыс кеңістікте жылдам таралады, Тепе-тең таралу көлемі (Vss) 2 л/кг жуықты құрайды. Моксифлоксациннің шыңдық концентрациясы плазмадағыға қарағанда сілекейде жоғары. In-vitro және in ex-vivo зерттеулерде моксифлоксациннің плазма ақуыздарымен байланысуы, препараттың концентрациясына байланыссыз 40-42%-ды құрады. Моксифлоксацин, негізінен, сарысу альбуминімен байланысады.

Ең жоғарғы концентрациялары ішу арқылы қабылдағаннан кейін 2,2 сағат өткен соң бронхтардың шырышты қабығы мен бронхтардың эпителийін жауып тұратын сұйықтықта сәйкесінше 5,4 мг/кг және 20,7 мг/л шамасында байқалды. Альвеолярлық макрофагтардағы ең жоғарғы концентрациясы 56,7 мг/кг жетеді. Терідегі сулыбөртпе сұйықтығында 1,75 мг/л концентрациясына вена ішіне енгізгеннен кейін 10 сағат өткен соң жетеді. Интерстициальді сұйықтықтағы концентрация-уақыт бейіндері плазмадағы осындайларға ұқсас, ең жоғарғы 1,0 мг/л концентрациясына вена ішіне енгізгеннен кейін шамамен 1,8 сағаттан соң жетеді.

Метаболизмі

Моксифлоксацин биоөзгерістің 2-ші фазасынан өткеннен кейін организмнен бүйрек (40%-ға жуығы) және асқазан-ішек жолы (60%-ға жуығы) арқылы өзгеріссіз күйде де, белсенді емес сульфоқосылыстар (M1) мен глюкуронид (M2) түрінде де шығарылады. Бұл метаболиттері тек адамдардың организміне ғана қатысты және микробқа қарсы белсенділігі жоқ.

Бірінші фазалы клиникалық сынақтар мен in vitro сынақтардан Р450 цитохромының микросомалық жүйесі арқылы биоөзгерістің бірінші фазасына ұшырайтын басқа дәрілік заттармен фармакокинетикалық өзара әрекеттесулері анықталған жоқ. Тотығу метаболизмінің белгілері анықталмаған.

Шығарылуы

Препараттың плазмадан жартылай шығарылу кезеңі шамамен 12 сағатты құрайды. 400 мг дозада қабылдағаннан кейінгі орташа жалпы клиренсі 179-дан 246 мл/минутқа дейінді құрайды. Моксифлоксацин инфузиясының бір реттік дозасының (400 мг) шамамен 22%-ы өзгеріссіз күйде несеппен және 26%-ы – нәжіспен шығарылады. Вена ішіне енгізгеннен кейін түрлі жолдармен моксифлоксациннің 98%-ға жуығы шығарылады. Бүйректік клиренсі шамамен 24-53 мл/минутты құрайды, бұл препараттың бүйректе өзекшелік жолмен ішінара кері сіңірілетіндігін білдіреді. Ранитидин мен пробенецидті үйлестіріп қолдану препараттың бүйректік клиренсіне әсер етпейді.

Бүйрек жеткіліксіздігі.

Бүйрек жеткіліксіздігі бар (креатинин клиренсі > 20 мл/мин/1.73 м2 пациенттерді қоса) пациенттерде моксифлоксацин фармакокинетикасының елеулі өзгерістері анықталған жоқ. Бүйрек функциясының төмендеуі кезінде, М2 метаболитінің (глюкуронидтің) концентрациясы 2,5 есе (<30 мл/мин/1.73 м2 креатинин клиренсімен) артады.

Бауыр функциясының бұзылуы. Бауыр функциясы бұзылған (Чайлд-Пью жіктеуі бойынша А, В кластары) пациенттердегі плазмадағы моксифлоксацин концентрациясын зерттеуден сәйкесінше дені сау еріктілермен немесе бауыр функциясы қалыпты пациенттермен салыстырғанда клиникалық тұрғыдан маңызы бар айырмашылықтар анықталған жоқ. Бауыр функциясының бұзылуы қан плазмасындағы М1экспозициясының жоғарырақ болуымен байланысты болды, бұл кезде бастапқы препараттың экспозициясы бауыр функциясы бұзылған пациенттерде дені сау еріктілердегі экспозициясымен салыстырмалы болды. Қазіргі кезде моксифлоксациннің бауыр функциясы бұзылған пациенттерде қолданылу тәжірибесі бойынша клиникалық мәліметтер жеткіліксіз.

Фармакодинамикасы

Моксифлоксацин in vitro грамоң және грамтеріс патогендік микроорганизмдердің кең ауқымына қатысты белсенділігін көрсетті.

Моксифлоксациннің бактерицидтік әсеріне бактериялық ДНҚ репликациясы, транскрипциясы және репарациясы үшін қажетті топоизомераза II (ДНҚ-гираза) мен топоизомераза IV тежеуі түрткі болады. 8-ші қалыптағы метокси-топтың болуы грамоң микроорганизмдерге қарсы белсенділігінің артуына және C8-H-тобымен салыстырғанда, грамоң бактериялардың резистентті мутанттық штамдарының туындауының азаюына ықпал етеді. 7-ші қалыпта қосымша сақинаның қосылуы фторхинолондардың белгілі бір грамоң бактерияларда байқалатын NorA немесе pmrA гендерімен байланысқан жасушадан белсенді лықсып шығуының (эффлюксінің) алдын алады.

Моксифлоксациннің бактерицидтік әсері оның концентрациясына тәуелді.

Препараттың ең төменгі бактерицидті концентрациялары тұтас алғанда ең төменгі тежегіштік концентрацияларына жуықтайды.

Резистенттілік

Пенициллиндерге, цефалоспориндерге, аминогликозидтерге, макролидтер мен тетрациклиндерге төзімділіктің дамуына алып келетін механизмдер препараттың бактерияға қарсы белсенділігін бұзбайды. Бактерияға қарсы препараттардың бұл топтары мен моксифлоксацин арасында айқаспалы төзімділік байқалмайды.

Моксифлоксацинге резистенттілік көптеген мутациялар жолымен баяу дамиды. Хинолондарға айқаспалы төзімділік жағдайлары байқалады. Дегенмен, басқа хинолондарға төзімді кейбір грамоң және анаэробты микроорганизмдер моксифлоксацинге сезімталдығын сақтап қалады.

Адамның ішек флорасына әсері

Дені сау еріктілерде моксифлоксацинді ішу арқылы қабылдағаннан кейін ішек флорасындағы мынадай өзгерістер байқалды: Escherichia coli, Bacillus spp., Enterococcus spp. және Klebsiella spp мөлшерінің, сондай-ақ Bacteroides vulgatus, Bifidobacterium spp., Eubacterium spp., Peptostreptococcus spp анаэробтарының азаюы. Bacteroides fragilis мөлшерінің артқаны білінді. Препаратты қабылдау аяқталғаннан кейін екі апта ішінде микрофлора құрамы қалыпқа түседі.

Препаратқа әдетте мыналар сезімтал:

Аэробты грамоң микроорганизмдер

Gardnerella vaginalis

Staphylococcus aureus* (метициллинге сезімтал)

Streptococcus agalactiae (B тобы)

Streptococcus milleri тобы * (S. anginosus, S. constellatus және S. intermedius)

Streptococcus pneumoniae*

Streptococcus pyogenes* (A тобы)

Аэробты грамтеріс микроорганизмдер

Haemophilus influenzae*

Haemophilus parainfluenzae*

Klebsiella pneumoniae*#

Moraxella (Branhamella) catarrhalis*

Анаэробты микроорганизмдер

Fusobacterium spp.

Prevotella spp.

Басқамикроорганизмдер

Chlamydophila (Chlamydia) pneumoniae*

Chlamydia trachomatis*

Coxiella burnetii

Mycoplasma genitalium

Mycoplasma hominis

Mycoplasma pneumoniae*

Жүре пайда болған резистенттілік қиындық тудыруы мүмкін штамдар:

Аэробты грамоң микроорганизмдер

Enterococcus faecalis*

Enterococcus faecium*

Staphylococcus aureus (метициллинге резистентті)+

Аэробты грамтеріс микроорганизмдер

Enterobacter cloacae*

Escherichia coli*

Klebsiella oxytoca

Neisseria gonorrhoeae*+

Proteus mirabilis*

Анаэробты микроорганизмдер

Bacteroides fragilis*

Peptostreptococcus spp.*

Тұқым қуалайтын резистентті микроорганизмдер:

Аэробты грамтеріс микроорганизмдер

Pseudomonas aeruginosa

* Белсенділігі бекітілген клиникалық көрсетілімдер бойынша, клиникалық зерттеулердегі сезімтал штамдарда қанағаттанарлық дәрежеде көрінді.

# Ауқымы кең бета-лактамазаны өндіретін штамдар, әдетте, фторхинолондарға төзімді

+ Резистенттілік көрсеткіші бір немесе одан да көп елде > 50%.

Қолданылуы

Инфузияға арналған Ротомокс ерітіндісін мыналарды емдеу үшін қолданады:

  • ауруханадан тыс пневмонияда

  • тері мен жұмсақ тіндердің асқынған инфекцияларында.

Моксифлоксацинді тек, әдетте аталған инфекциялардың бастапқы емі үшін ұсынылатын бактерияға қарсы препараттарды пайдалану талапқа сай деп саналмаған жағдайда ғана пайдалану керек. Бактерияға қарсы препараттарды тиісінше пайдалану жөніндегі ресми ұсынымдарды ескеру керек.

Қолдану тәсілі және дозалары

Ересектер

Ұсынылатын дозалау режимі күніне 1 рет 400 мг (250 мл инфузияға арналған ерітінді) құрайды. Ұсынылған дозасын арттырмау керек.

Емдеудің бастапқы сатыларында инфузияға арналған ерітіндіні қолдануға болады, содан соң емдеуді жалғастыру үшін, клиникалық көрсетілімдер болған жағдайда, препаратты таблеткалар түрінде ішке тағайындауға болады.

Ауруханадан тыс пневмонияда - сатылай емдеудің (вена ішіне, кейіннен пероральді еммен жүргізілетін) ұсынылған жалпы ұзақтығы - 7-14 күн.

Тері мен жұмсақ тіндердің асқынған инфекцияларында - сатылай емдеудің (вена ішіне, кейіннен пероральді еммен жүргізілетін) ұсынылған жалпы ұзақтығы - 7-21 күн.

Ұсынылған емдеу ұзақтығын арттырмау керек.

Балалар мен жасөспірімдер

Балалар мен жасөспірімдер үшін моксифлоксацин қарсы көрсетілімді.

Моксифлоксациннің балалар мен 18 жасқа толмаған жасөспірімдердегі тиімділігі мен қауіпсіздігі анықталған жоқ.

Егде жастағы пациенттер

Егде жастағы пациенттерде дозалау режимін түзету қажет емес.

Этникалық ерекшеліктер

Этникалық топтарда дозалау режимін өзгерту қажет емес.

Бауыр функциясының бұзылулары бар пациенттер

Бауыр функциясының бұзылуы бар пациенттерде қолданылуы жөніндегі мәліметтер жеткіліксіз.

Бүйрек функциясының бұзылуы бар пациенттер

Бүйрек жеткіліксіздігі (< 30 мл/мин/1,73 кв.м креатинин клиренсін қоса) бар пациенттерге немесе созылмалы диализ жүргізілетін, яғни гемодиализдегі және тұрақты амбулаториялық перитонеальді диализдегі пациенттерге дозасын түзету қажет емес.

Енгізу тәсілі

Препарат вена ішіне ұзақтығы кемінде 60 минут инфузия түрінде енгізіледі. Моксифлоксациннің ерітіндісін тікелей немесе Т- тәрізді катетер арқылы инфузияға арналған үйлесімді ерітінділермен енгізуге болады.

Моксифлоксацинмен үйлесімді инфузияға арналған ерітінділер: инъекцияға арналған су, натрий хлориді 0,9%, глюкоза 5%, глюкоза 10%, Рингер ерітіндісі, Рингер лактат ерітіндісі.

Егер моксифлоксацин ерітіндісі басқа препаратпен бірге қолданылса, әр препаратты бөлек-бөлек енгізу керек. Ерітіндіні мұздатып қатыруға немесе салқындатуға болмайтындықтан, оны тоңазытқышта сақтауға болмайды. Салқындаған кезде бөлме температурасында еритін шөгінді түзілуі орын алуы мүмкін.

Тек мөлдір ерітіндіні ғана енгізу керек.

Препарат тек бір рет пайдалануға арналған.

Егер ерітінді бұлыңғырланса немесе ішінде қатты бөлшектер бары анықталса, пайдаланбау керек.

Жағымсыз әсерлері

«Жиі» санатына жатқызылатын жағымсыз құбылыстардың жүрек айнуы мен диареядан басқасы пациенттердің 3 %-дан азында байқалды.

Ағзалар жүйесінің класы

Жиі

1/100 - < 1/10 дейін

Жиі емес

1/1,000 -

<1/100 дейін

Сирек

1/10,000 -

< 1/1,000 дейін

Өте сирек

< 1/10,000

Инфекциялар мен инвазиялар

Бактериялардың немесе зеңдердің резистенттілігіне байланысты асқын инфекциялар

мысалы

оральді және

қынаптық

кандидоз

     

Қан және лимфа жүйесі тарапынан болатын бұзылулар

 

Анемия Лейкопения (және)

Нейтропения Тромбоцитопе-ния Тромбоцитемия Эозинофилия

Протромбиндік уақыттың ұзаруы / ХҚҚ жоғарылауы

 

Протромбин деңгейінің жоғарылауы / ХҚҚ төмендеуі

Агранулоцитоз

Иммундық жүйе тарапынан болатын бұзылулар

 

Аллергиялық реакциялар

Қышыну

Бөрпе

Есекжем

Анафилаксиялар, өте сирек жағдайларда өмірге қауіп төндіретін шокты қоса

Аллергиялық ісіну / Квинке ісінуі (өмірге қауіп төндіруі ықтимал көмейдің ісінуін қоса)

 

Зат алмасу және тамақтану тарапынан болатын бұзылулар

 

Гиперлипидемия

Гипергликемия Гиперурикемия

Гипогликемия

Психикалық бұзылыстар

 

Үрейлену сезімі Психомоторлық белсенділіктің артуы / қозу

Көңіл-күйдің құбылмалылығы

Депрессия (өте сирек жағдайларда, суицидтік көңіл-күй / ойлар немесе өзін-өз өлтіруге әрекеттену сияқты өзіне зиян келтіру үрдісіне бейімділікпен көрініс беруі ықтимал) Елестеулер

Өзін өзі танымау

Психоздық реакциялар (суицидтік көңіл-күй / ойлар немесе өзін-өз өлтіруге әрекеттену сияқты өзіне зиян келтіру үрдісіне бейімділікпен көрініс беруі ықтимал)

Жүйке жүйесі тарапынан болатын бұзылулар

Бас ауыруы

Бас айналуы

Парестезия және

дизестезия.

Дәм сезу бұзылыстары (өте сирек жағдайлардағы дәм сезбей қалуды қоса) Сананың шатасуы және бағдардан жаңылу

Ұйқы бұзылулары (көбінесе ұйқысыздық) Ұйқышылдық Вертиго

Тремор

Гипестезия

Иіс сезу бұзылыстары (иісті сезбей қалуды қоса) Әдеттен тыс түстер көру Қимыл-қозғалыс үйлесімінің бұзылуы (әсіресе бас айналуымен байланысты жүріс-тұрыстың бұзылуларын қоса, немесе құлап қалудың нәтижесінде жарақаттануға алып келетін вертиго, әсіресе егде жастағы пациенттерде) Құрысулар, ауқымды эпилепсия ұстамасын қоса Зейін қоюдың бұзылулары

Сөйлеудің бұзылулары Амнезия

Шеткері нейропатия және полинейропатия

Гиперестезия

Көру мүшелері тарапынан болатын бұзылулар

 

Диплопия мен анық көрмеуді қоса, көзбен шолу бұзылыстары

(әсіресе ОЖЖ тарапынан болатын реакциялармен қатар жүретін)

 

Уақытша көрмей қалу

(әсіресе ОЖЖ тарапынан болатын реакциялармен қатар жүретін)

Есту мүшелері мен тепе-теңдік тарапынан болатын бұзылулар

   

Құлақтағы шуыл

Естудің бұзылуы, соның ішінде кереңдік

(әдетте,

қайтымды)

 

Жүрек тарапынан болатын бұзылулар

Гипокалиемиясы бар пациенттерде QT аралығының ұзаруы

QT аралығының ұзаруы

Жүрек қағуын сезіну

Тахикардия жүрекшелердің фибрилляциясы

Стенокардия

Қарыншалық

тахиаритмиялар

Естен тану (кенеттен және қысқа мерзімге естен тану)

Спецификалық емес аритмиялар

Полиморфты «пируэт» типті қарыншалық тахикардия

Жүректің тоқтап қалуы (көбінесе аритмияларға бейім, клиникалық тұрғыдан елеулі брадикардия, жедел миокард ишемиясы сияқты жағдайлары бар адамдарда)

Қантамыр жүйесі тарапынан болатын бұзылу

 

Қантамырлардың кеңеюі

Гипертензия Гипотензия

 

Тыныс алу, кеуде қуысы мен көкірекорта ағзалары тарапынан болатын бұзылулар

 

Ентігу (соның ішінде демікпе жағдайлары)

   

Асқазан-ішек бұзылыстары

Жүрек айнуы

Құсу

Іштің ауыруы

Диарея

Тәбеттің төмендеуі және қабылданатын тағам көлемінің азаюы

Іш қатуы

Диспепсия

Метеоризм

Гастрит

Амилаза деңгейінің жоғарылауы

Дисфагия

Стоматит

Антибиотикпен астасқан колит (соның ішінде, жалған жарғақшалы колит, өте сирек жағдайларда, өмірге қауіп төндіретін асқынулармен астасады)

 

Гепатобилиарлық жүйе тарапынан болатын бұзылулар

Трансаминазалар деңгейінің жоғарылауы

Бауыр жеткіліксіздігі (соның ішінде ЛДГ жоғарылауы)

Билирубин жоғарылауы Гамма-глутамил-трансферазаның жоғарылауы Қандағы сілтілік фосфатазаның жоғарылауы

Сарғаю

Гепатит, көбінесе холестаздық

Өмірге қауіп төндіретін бауыр жеткіліксіздігіне алып келуі мүмкін (соның ішінде өлімге әкеп соқтыратын) шұғыл дамитын гепатит

Тері мен теріасты шелі аурулары

 

Қышыну

Бөртпе

Есекжем

Терінің құрғауы

 

Стивенс-Джонсон синдромы немесе уытты эпидермальді некролиз сияқты буллездік тері реакциялары (өмірге қауіп төндіруі ықтимал)

Сүйек-бұлшықет бұзылулары, дәнекер тіндер мен сүйек тіні тарапынан болатын бұзылулар

 

Артралгия

Бұлшықеттердің ауыруы

Тендинит

Бұлшықет құрысулары

Бұлшықеттің тартылулары

Бұлшықеттердің әлсіздігі

Сіңірлердің үзілуі Артрит Бұлшықеттің сіресуі

Жүріс-тұрыс бұзылулары (бұлшықет, сіңір немесе буын симптомдарынан туындаған)

Гравис миастениясы симптомдарының өршуі

Бүйрек функциясы мен несеп шығару жүйесінің бұзылулары

 

Сусыздану

(диареядан немесе сұйықтық ішудің азаюынан туындаған)

Бүйрек функциясының бұзылулары (соның ішінде мочевина азоты мен креатинин жоғарылауы) Бүйрек жеткіліксіздігі (дегидратация салдарынан, әсіресе, бүйрек функциясының бұзылуы бұрыннан бар егде жастағы пациенттерде)

 

Жалпы бұзылулар және препаратты енгізген жердегі жергілікті асқынулар

 

Өзін нашар сезіну (көбінесе астения немесе шаршау) Ауырсыну жағдайы (соның шінде, арқаның, кеуденің, жамбас аймағының және аяқ-қолдардың ауыруы)

Тершеңдік

Ісінулер

 

Келесі жағымсыз құбылыстар науқастардың моксифлоксацин ерітіндісімен/моксифлоксацин таблеткаларымен сатылай емдеу жүргізіліп жатқан қосалқы тобында байқалды:

Жиі

- гамма-глутамилтрансфераза деңгейінің жоғарылауы

Жиі емес

- қарыншалық тахиаритмиялар, артериялық гипотензия, ісінулер, антибиотиктерден туындаған жалған жарғақшалы колит (өте сирек жағдайларда өмірге қауіп төндіретін асқынулармен астасады), түрлі клиникалық көріністермен жүретін құрысу ұстамалары (соның ішінде жайылған), елестеулер, бүйрек функциясының бұзылуы және бүйрек жеткіліксіздігі (дегидратация салдарынан, әсіресе, бүйрек функциясының қатарлас бұзылулары бар егде жастағы пациенттерде)

Басқа фторхинолондармен емдеуден кейін тіркелген келесі жағымсыз әсерлердің өте сирек жағдайлары болды, сонымен қатар олар моксифлоксацинмен емдеу кезінде де пайда болуы мүмкін: гипернатриемия, гиперкальциемия, гемолиздік анемия, рабдомиолиз, фотосенсибилизация.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- моксифлоксацинге немесе басқа хинолондарға, сондай-ақ, препараттың қосымша компоненттерінің кез келгеніне аса жоғары сезімталдық

- балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерге

- жүктілік және лактация кезеңі

- эпилепсия

  • хинолондармен емдеумен байланысты сіңірлердің аурулары/зақымданулары бар пациенттер (анамнезінде)

клиникаға дейінгі зерттеулер мен адамдарға жүргізілген зерттеулерде моксифлоксацинді пайдаланған кезде QT аралығының ұзаруымен жүретін жүрек электрофизиологиясындағы өзгерістер анықталды. Сондықтан, қауіпсіздік мақсаттарында, моксифлоксацин төмендегілер кезінде қарсы көрсетілімді:

  • туа біткен немесе жүре пайда болған (құжат жүзінде расталған) QT аралығының ұзаруы

  • электролиттік теңгерімнің бұзылуы, атап айтқанда, түзетілмеген гипокалиемия

  • клиникалық тұрғыдан елеулі брадикардия

  • сол жақ қарыншаның лықсыту фракциясының төмендеуімен жүретін клиникалық тұрғыдан елеулі жүрек жеткіліксіздігі

  • анамнездегі симптоматикалық аритмия

Моксифлоксацин QT аралығын ұзартатын басқа препараттармен бір мезгілде қолданылмауы тиіс. Клиникалық мәліметтердің шектеулілігіне байланысты, моксифлоксацин бауыр функциясы бұзылған (Child Pugh жіктеуі бойынша С класы) пациенттерге де және трансаминазалар деңгейі жоғарғы қалып шегінен > 5 есе жоғарылаған пациенттерге де қарсы көрсетілімді.

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі

Моксифлоксацин мен QTc аралығын ұзартуы мүмкін басқа дәрілік препараттарды қабылдағанда QT аралығы ұзаруына болуы мүмкін аддитивтік әсерін ескеру керек. Моксифлоксацин мен QT аралығына әсер ететін препараттарды бірге қолданудың салдарынан, полиморфты қарыншалық тахикардияны (torsade de pointes) қоса, қарыншалық аритмияның даму қаупі артады.

Моксифлоксацинді келесі препараттардың кез келгенімен бір мезгілде қабылдау қарсы көрсетілімді:

- аритмияға қарсы IА класты препараттар (мысалы, хинидин, гидрохинидин, дизопирамид)

- аритмияға қарсы III класты препараттар (мысалы, амиодарон, соталол, дофетилид, ибутилид)

- нейролептиктер (мысалы, фенотиазиндер, пимозид, сертиндол, галоперидол, султоприд)

- үшциклдық антидепрессанттар

- микробқа қарсы кейбір дәрілер (саквинавир, спарфлоксацин, эритромицин в/і, пентамидин, безгекке қарсы дәрілер, атап айтқанда галофантрин)

- кейбір антигистаминдік дәрілер (терфенадин, астемизол, мизоластин)

- басқа (цизаприд, винкамин в/і, бепридил, дифеманил).

Моксифлоксацинді калий деңгейін төмендететін препараттарды (мысалы, ілмектік және тиазидтік диуретиктер, іш жүргізгіштер, клизмалар (жоғары дозалардағы), кортикостероидтар, амфотерицин В) немесе клиникалық тұрғыдан елеулі брадикардиямен астасатын препараттарды қабылдап жүрген пациенттерге сақтықпен қолдану керек. Құрамында еківалентті немесе үшвалентті катиондар бар препараттар (мысалы, құрамында магний немесе алюминий бар антацидтер, диданозин таблеткалары, сукральфат және құрамында темір мен мырыш бар препараттар) мен моксифлоксацинді қабылдаудың аралығы 6 сағатқа жуық болуы тиіс.

Белсендірілген көмір

Моксифлоксацинді 400 мг дозада ішу арқылы қабылдау кезінде бір мезгілде белсендірілген көмірді қолдану препараттың сіңірілуінің айқын түрде азаюына және жүйелі биожетімділігінің 80%-ға төмендеуіне алып келді. Бұл екі препаратты бір мезгілде қабылдау ұсынылмайды (артық дозалану жағдайларынан басқа кезде).

Дигоксин

Моксифлоксациннің қайталанған дозаларын дені сау еріктілерге тағайындағанда, дигоксиннің ең жоғарғы концентрациясы (Cmax) шамамен 30%-ға артты, дигоксиннің «концентрация–уақыт» қисығы астындағы ауданы (AUC) мен ең төменгі концентрациясы (Cmin) өзгерген жоқ.

Қант диабеті бар еріктілерге жүргізілген зерттеулердің нәтижелері, моксифлоксацин мен глибенкламидті бір мезгілде ішу арқылы қолданғанда, қан плазмасындағы глибенкламид концентрациясы шамамен 21%-ға азайғанын, бұл теориялық тұрғыдан транзиторлық гипергликемияның жеңіл түрінің дамуына алып келуі мүмкін екендігін көрсетті. Дегенмен, байқалған фармакокинетикалық өзгерістер фармакодинамикалық параметрлердің (қандағы глюкоза, инсулин) өзгерістеріне алып келген жоқ.

ХҚҚ (халықаралық қалыптастырылған қатынас) мәнінің өзгеруі

Антикоагулянттарды бактерияға қарсы дәрілермен (әсіресе фторхинолондар, макролидтер, тетрациклиндер, котримоксазол және кейбір цефалоспориндер) бірге қабылдаған пациенттерде ұюға қарсы препараттардың антикоагуляциялық белсенділігінің артқан жағдайлары байқалады. Қауіп факторлары инфекциялық аурудың (және қатарлас қабыну үдерісі) болуы, жас шамасы және пациенттің жалпы жағдайы болып табылады. Осыған байланысты, инфекцияның немесе емнің ХҚҚ бұзылуын тудыратын-тудырмайтындығын бағалау қиын. ХҚҚ жиі мониторинг жүргізу және қажет болған жағдайда, ұюға қарсы пероральді препараттардың дозасын түзету қажет.

Клиникалық зерттеулер моксифлоксацин мен келесі препараттарды: ранитидинді, пробеницидті, пероральді контрацептивтік дәрілерді, құрамында кальций бар қоспаларды, парентеральді қолдануға арналған морфинді, теофиллинді, циклоспоринді немесе итраконазолды бір мезгілде қолданғанда өзара әрекеттесулердің болмайтындығын көрсетті.

Адамдағы Р450 цитохромы ферменттерімен жүргізілген in vitro зерттеулер бұл тұжырымдарды растап отыр. Осы нәтижелерді ескере отырып, Р450 цитохромы ферменттерінің қатысуымен өзара метаболизмдік әрекеттесуінің ықтималдығы аз деген тұжырым жасауға болады.

Тамақпен өзара әрекеттесуі

Моксифлоксациннің сүт өнімдерін қоса, тамақпен клиникалық тұрғыдан маңызды өзара әрекеттесуі болмайды.

Үйлесімсіздігі

Моксифлоксацин ерітіндісімен келесі ерітінділер үйлесімсіз: натрий хлоридінің 10% және 20% ерітіндісі, натрий гидрокарбонатының 4,2% және 8,4% ерітіндісі.

Айрықша нұсқаулар

Көбінесе моксифлоксацинмен емдеу, әсіресе ауырлық дәрежесі жеңіл және орташа инфекцияларды емдеу, осы бөлімдегі ақпарттармен сәйкестендірілуі тиіс.

QTс аралығының ұзаруы және QTс аралығының ұзаруымен байланысты болуы ықтимал клиникалық жағдайлар

Моксифлоксациннің кейбір пациенттерде электрокардиограммадағы QTc аралығын ұзартатыны анықталды. QT ұзару дәрежесі вена ішіне құюдың жылдам жүргізілуіне байланысты, препараттың қан плазмасындағы концентрациясы артқан сайын ұлғая түседі. Соның салдары ретінде, инфузияның ұзақтығы препараттың вена ішіне енгізілетін күніне бір рет 400 мг дозасын арттырусыз, ұсынылған 60 минуттан аз болмауы тиіс.

Әйелдер, әдетте, ерлермен салыстырғанда QTc аралығының ұзаруына бейім келетіндіктен, олар QTc аралығын ұзартатын препараттарға сезімталырақ болуы мүмкін. Егде жастағы пациенттер де QTc аралығын ұзартатын препараттардың әсеріне анағұрлым сезімтал болуы мүмкін.

Калий деңгейін азайтуы мүмкін дәрілік препараттарды моксифлоксацинді қабылдап жүрген пациенттерде сақтықпен қолдану керек.

Моксифлоксацинді жедел миокард ишемиясы немесе QT аралығының ұзаруы сияқты тұрақты проаритмогендік жағдайлары бар пациенттерге (әсіресе әйелдер мен егде жастағы пациенттерге) сақтықпен қабылдау керек, өйткені бұл қарыншалық аритмияның (пируэттік тахикардияны қоса) туындау қаупінің артуына және жүректің тоқтап қалуына алып келуі мүмкін. QT аралығының ұзару дәрежесі препараттың концентрациясы жоғарылаған кезде арта түсуі мүмкін. Сондықтан, ұсынылған дозасын арттыруға болмайды.

Емдеу кезінде жүрек аритмиясының белгілері пайда болса, препаратты қабылдауды тоқтату және ЭКГ жасау қажет.

Аса жоғары сезімталдық пен аллергиялық реакциялар моксифлоксацинді қоса, фторхинолондарды алғаш қабылдаудан кейін-ақ тіркелген.

Өте сирек жағдайларда анафилаксиялық реакциялар өмірге қауіп төндіретін анафилаксиялық шокқа дейін, кей жағдайларда препаратты алғаш қолданғаннан кейін үдеуі мүмкін. Бұл жағдайларда моксифлоксацинді қабылдауды тоқтату және қажетті емдеу шараларын (соның ішінде шокқа қарсы) жүргізу керек.

Хинолондық қатардың препараттарын қолдану құрысу ұстамасының даму қаупінің мүмкіндігімен астасады. Препаратты ОЖЖ бұзылулары бар пациенттерге, немесе ұстамаларға бейімділікті туғызуы немесе құрысу шегін төмендетуі мүмкін басқа қауіп факторлары бар кезде сақтықпен қолдану керек. Құрысулар дамыған жағдайда, моксифлоксацинді қабылдауды тоқтату және тиісінше емдеу шараларын тағайындау керек.

Хинолондарды, соның ішінде моксифлоксацинді қабылдаған пациенттерде парестезия, гипестезия, дизестезия немесе әлсіздікке алып келген сенсорлық немесе сенсомоторлық полинейропатия жағдайлары туралы хабарланды. Ауыру, күйдіріп ашыту, шаншу, ұю немесе әлсіздік сияқты нейропатия симптомдары пайда болған жағдайда, моксифлоксацинді қабылдап жүрген пациенттерге емдеуді жалғастырмас бұрын дәрігерге қаралу керек.

Психикалық реакциялар тіпті хинолондарды, соның ішінде моксифлоксацинді алғаш қолданғаннан кейін де туындауы мүмкін. Өте сирек жағдайларда, депрессиялар немесе психоздық реакциялар өзін-өзі өлтіруге әрекеттену сияқты өзіне зиян келтру үрдісіне бейімділікпен жүретін суицидтік ойлар мен мінез-құлыққа дейін үдеген. Егер пациентте мұндай реакциялар дамыса, моксифлоксацинді тоқтату және тиісінше шараларды қолдану керек. Моксифлоксацинді психоздық жағдайлары бар пациенттерге немесе анамнезінде психикалық аурулары бар пациенттерге тағайындаған кезде ерекше сақтық таныту ұсынылады.

Моксифлоксацинді қолданғанда өмірге қауіп төндіретін, соның ішінде өлімге соқтыратын бауыр жеткіліксіздігіне алып келуі ықтимал шұғыл дамыған гепатит жағдайлар туралы хабарланды. Егер сарғаюмен астасқан жылдам дамитын астения, несептің қараюы, қан кету үрдісі немесе бауыр энцефалопатиясы сияқты шұғыл дамыған гепатит белгілері мен симптомдары бар болса, пациенттер емделуді жалғастырмас бұрын тез арада дәрігерге қаралуы керек. Бауыр дисфункциясының белгілері пайда болған жағдайда, бауыр функциясына тексеру жүргізу қажет.

Буллездік тері реакциялары, мысалы, Стивенс-Джонсон синдромы немесе уытты эпидермальді некролиз (өмірге қауіп төндіруі ықтимал) дамыған жағдайлар туралы хабарланды. Тері және/немесе шырышты қабықтар тарапынан реакциялар пайда болған жағдайда, емделуді жалғастырмас бұрын тез арада дәрігерге қаралу керек.

Антибиотикпен астасқан диарея (ААД) және жалған жарғақшалы колит пен Clostridium difficile-мен астасқан диареяны қоса, антибиотикпен астасқан колит (AAК), моксифлоксацинді қоса, бактерияға қарсы әсер ету ауқымы кең препараттарды пайдаланумен байланысты тіркелді, және ауырлығы жағынан жеңіл диареядан өлімге соқтыратын колитке дейін ауытқып отыруы мүмкін. Сондықтан, моксифлоксацинді қабылдау кезінде немесе қабылдағаннан кейін күрделі диарея пайда болған пациенттердегі бұл диагнозды ескеру маңызды. Егер AAД немесе AAК күмәнді немесе расталған болып табылса, бактерияға қарсы препаратты, соның ішінде моксифлоксацинді қабылдауды тоқтату, және тиісінше емдеу шараларын тағайындау қажет. Бұдан өзге, инфекцияны бақылаудың тиісінше шаралары инфекцияның берілу қаупін азайту үшін қолданылуы тиіс. Ауыр диарея дамып келе жатқан пациенттерге ішек перистальтикасын тежейтін дәрілік препараттар қарсы көрсетілімі.

Моксифлоксацинді гравис миастениясы бар науқастарда сақтықпен пайдалану керек, өйткені препарат аталған аурудың симптомдарын өршітуі мүмкін.

Сіңірлердің (әсіресе ахилл сіңірінің), кейде екіжақты қабынуы мен үзілуі, моксифлоксацинді қоса, хинолондармен емдеу кезінде тіпті емдеу басталғаннан кейінгі 48 сағат ішінде де орын алуы мүмкін, сондай-ақ емдеуді тоқтатқаннан кейінгі бірнеше ай ішіндегі жағдайлары да тіркелген. Тендинит пен сіңірдің үзілуінің қаупі егде жастағы пациенттер мен кортикостероидтарды бір мезгілде қабылдаған пациенттерде арта түеді. Ауыру мен қабынудың алғашқы белгілері кезінде, пациенттер моксифлоксацинді қабылдауды тоқтатып, күш түскен аяқ-қолдарын жеңілдетуі және тиісінше ем қабылдау үшін (мысалы, иммобилизациялау), дереу дәрігермен кеңесуі тиіс.

Хинолондарды қолданғанда фотосезімталдық реакциялары байқалған. Алайда, зерттеулер моксифлоксацинде фотосезімталдықтың даму қаупінің төмендеу екендігін көрсетті. Дегенмен, пациенттерге моксифлоксацинмен емделу кезінде УК сәуленің немесе тікелей түсетін күн сәулесінің әсеріне ұшырамау керек.

Кіші жамбас ағзаларының асқынған қабыну аурулары (мысалы, тубоовариальді немесе жамбас абсцестерімен байланысты) бар, вена ішіне енгізу арқылы емдеу көрсетілген пациент әйелдер үшін, моксифлоксацинді 400 мг таблеткалар түрінде қабылдау ұсынылмайды.

Кіші жамбас ағзаларының қабыну аурулары фторхинолондарға төзімді Neisseria gonorrhoeae-ден туындауы мүмкін. Сондықтан, мұндай жағдайларда, моксифлоксацинге төзімді Neisseria gonorrhoeae штамдарының болуы жоққа шығарылуы мүмкін жағдайлардан басқа кезде, моксифлоксацинмен эмпирикалық емді басқа сәйкесінше антибиотиктермен (мысалы, цефалоспоринмен) бірге тағайындау керек. Егер 3 күн емдеуден соң клиникалық жақсаруға қол жеткізілмесе, емдеуді қайта қарастыру қажет.

Моксифлоксацин метициллинге резистентті Staphylococcus aureus (MRSA) штамдарынан туындаған инфекцияларды емдеу үшін ұсынылмайды. Метициллин-резистентті стафилококтан туындаған, күмәнді немесе расталған инфекция пайда болған жағдайда, бактерияға қарсы тиісінше препаратпен ем тағайындау қажет.

Моксифлоксациннің микобактериялардың көбеюін бәсеңдетуге қабілеттілігі Mycobacterium spp-ға жүргізілген тест нәтижелеріне әсер етуі мүмкін, ол осы кезеңде моксифлоксацинмен ем жүргізіліп жатқан пациенттің үлгілерін талдау кезінде жалған-теріс нәтижелерге алып келуі мүмкін.

Басқа фторхинолондармен жағдайдағы сияқты, моксифлоксацинді қолданғанда гипо- және гипергликемияны қоса, қандағы глюкоза концентрациясының өзгергені байқалды. Моксифлоксацинмен емдеу аясында дисгликемия көбінесе қант диабеті бар, пероральді гипогликемиялық препараттармен (мысалы, сульфонилмочевина препараттарымен) немесе инсулинмен қатарлас ем қабылдап жүрген егде жастағы пациенттерде туындаған. Қант диабеті бар пациенттерде ем жүргізу кезінде қандағы глюкоза концентрациясының мұқият мониторингі ұсынылады.

Моксифлоксацинді бүйрек аурулары бар егде жастағы пациенттерге, егер олар сұйықтықты талапқа сай тұтынуды ұстануға қабілетсіз болса, сақтықпен тағайындау керек, өйткені сусыздану бүйрек жеткіліксіздігінің даму қаупін арттыруы мүмкін.

Көру бұзылулары немесе көз тарапынан басқа симптомдар дамыған жағдайда, дереу окулиске қаралу керек.

Отбасылық анамнезінде немесе глюкозо-6-фосфат-дегидрогеназаның нақты тапшылығы бар пациенттер хинолондармен емдеу кезінде гемолиздік реакцияларға бейім келеді. Моксифлоксацинді бұл пациенттерге сақтықпен тағайындау керек.

Моксифлоксациннің инфузиялық ерітіндісі тек вена ішіне енгізуге ғана арналған. Клиникаға дейінгі зерттеулер моксифлоксацинді артерия ішіне енгізгеннен кейін тіндердің периартериальді қабынуының туындағанын көрсетті, сәйкесінше, мұндай енгізу тәсілін қолданбау керек.

Жүктілік және лактация кезеңі

Жүктілік

Моксифлоксациннің әйелдерде жүктілік кезінде қабылдануының қауіпсіздігіне баға берілген жоқ. Жануарларға жүргізілген зерттеулер тұқым өрбітуге уыттылығын көрсетті. Адам үшін ықтимал қаупі белгісіз. Шала туылған жануарларда ірі буындардың шеміршектерінің фторхинолондармен зақымдануы және кейбір фторхинолондарды қабылдаған балаларда сипатталған буындардың қайтымды жарақаттары жөніндегі клиникаға дейінгі мәліметтерге байланысты, моксифлоксацин жүкті әйелдерге тағайындалмауы тиіс.

Бала емізу

Препараттың әйелдерде бала емізу кезеңінде қолданылуы жөніндегі мәліметтер жоқ. Клиникаға дейінгі зерттеулерден, моксифлоксациннің аздаған мөлшері емшек сүтіне бөлінетіндігі анықталды. Моксифлоксацинді бала емізу кезінде тағайындау қарсы көрсетілімді.

Дәрілік заттың автокөлік және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері.

ОЖЖ-ға әсері мен көрудің бұзылуы салдарынан, препарат пациенттердің көлік құралын басқару және жоғары зейін қою мен жылдам психомоторлық реакцияны қажет ететін қауіптілігі зор басқа қызмет түрлерімен шұғылдануға қабілеттілігін бұзуы мүмкін.

Артық дозалануы

Артық дозалануы жөніндегі деректер шектеулі.

Артық дозаланған жағдайда клиникалық көріністі бағдарға алу және ЭКГ-мониторингілеумен симптоматикалық демеуші ем жүргізу керек. 400 мг моксифлоксацинді ішу арқылы немесе инфузиялық жолмен қолданған кездегі артық дозалануын емдеу үшін, моксифлоксациннің жүйелі әсерінің сәйкесінше 80% немесе 20%-дан астамға шамадан тыс артуын болдырмау үшін, белсендірілген көмірді пайдалану талапқа сай болуы мүмкін.

Шығарылу түрі және қаптамасы

250 мл препараттан тығыздығы төмен полиэтиленнен жасалған құтыға құйылады.

1 құтыдан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапқа салынады.

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек.

Сақтау мерзімі

2 жыл

Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

Скан Биотек Лимитед, Үндістан

Тіркеу куәлігі ұстаушысының атауы және елі

Роутек Лимитед, Ұлыбритания

Тұтынушылардан өнім (тауар) сапасы жөніндегі шағымдарды Қазақстан Республикасы аумағында қабылдайтын және тіркеуден кейін дәрілік заттың қауіпсіздігін бақылауға жауапты ұйымның мекенжайы

Досмухаметов к-сі, 89 үй, «Каспий» бизнес орталығы, 238 кеңсе, Алматы қ., Қазақстан Республикасы.

Тел./факс: 7 (727) 2921960, amitshri75@gmail.com

 

Прикрепленные файлы

650396511477976196_ru.doc 144.5 кб
708110021477977444_kz.doc 179 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники